Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»




Скачать 18.82 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
Дата конвертации15.02.2013
Размер18.82 Kb.
ТипДокументы



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне

тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы

Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында және
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалпы алаңы 30044 гектар жер учаскелері Риддер және Зырян мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан алынып, әрі олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) берілсін.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына көшірілсін, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жердегі мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде осы аумақтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.

5. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:

«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 37-жолдың 3-бағанындағы «56078» деген сандар
«86122» сандармен ауыстырылсын.

6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Похожие:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconБекітілген қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» респбликалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм 2008 жылғы 9 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Уәлиханов көшесі, 17 үй, 3...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты»
Аумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесі және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетіне Қазақстан Республикасындағы ситес әкімшілік органының өкілеттілігін беру туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №472 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» icon«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы»
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconТабиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының м а
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық,...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница