Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»




Скачать 217.07 Kb.
НазваниеКодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации15.02.2013
Размер217.07 Kb.
ТипКодекс



Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 36-1 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №353 қаулысына (облыс әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 60 қаулысы, 2011 жылғы 18 шілдедегі №124 қаулысы, 2011 жылғы 30 қарашадағы №213 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, енгізілген өзгерістерді тиісті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Сүлейменге жүктелсін.

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов

Облыс әкімдігінің

2011 жылғы «___» ____

_ ____ қаулысына

1-ҚОСЫМША

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген

өзгерістер мен толықтырулар

1. «2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және әлеуметтік саланың даму үрдістері, 1.1-стратегиялық бағыт. Халықты өнімді жұмыспен қамтып, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тармағының 1.1) әлеуметтік саланың негізгі параметрлері тармақшасының 2,3,4,5,7,8 абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

Жұмыспен қамту деңгейі және жұмыссыздық

Облыстағы еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің тұрақты кемуімен және экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыспен қамтылғандары санының өсуімен сипатталады. Жалпы облыс бойынша 2010 жылы тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 0,6%-дан 0,5%-ға дейін кеміді. 2011 жылдың 1 қаңтарында облыста жұмыспен қамту уәкілетті органдарында 1616 жұмыссыз есепте тұрды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 427 адамға кем, немесе 79,1% төмен (01.01.10 ж. - 2043).

Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

2010 жылдың ішінде жұмыспен қамту органдарына жолыққан 22965 адамның ішінен 18493 адам жұмысқа орналасқан, соның ішінде Жол картасы бойынша 7493 адам. 2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың көмегімен 18493 жұмыссыз еңбекке орналастырылды (2010 жылы – 18516 адам), бағдарламаның орындалуы 118,2% құрады. Жұмыспен қамту саясаты шетел компанияларына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жұмыстарын ұйымдастыру жолымен де жүргізіледі. 2011 жылдың 1 қаңтарына 106 компанияда 14582 адам жұмыс істейді, олардың 1384 шетелдік мамандар, 13198 қазақстандық мамандар. Жергілікті мамандармен 2010 жылы 151 шетелдік маман (2009 жылы - 260) алмастырылды. Жергілікті жұмысшылар үшін 2010 жылы есепті кезеңге 1458 жаңа жұмыс орны ашылды (2009 жылы-1746). 2010 жылы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ауылдық жерлерден 258 адам, 2011 жылдың 1 қаңтарына 321 адам еңбекке орналастырылды.

Жаңа жұмыс орындарын құру

2010 жылы экономиканың әр түрлі саласында 13448 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде Жол картасы бойынша 5143 орын, оның ішінде ауылдық жерлерде 6963 орын ашылды немесе 52,0%. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының ішінде 6156 тұрақты болып есептеледі, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 24,6% кем. Шағын бизнес саласында 4262 жұмыс орны ашылды. 2010 жылы 3567 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, соның ішінде Жол картасы бойынша 2227 адам жолданды, оларға нысаналы топтардан жұмыссыздар жіберілді. Сол себепті Аймақтық бағдарламаның орындалуы 123,2%, Жол картасы бойынша 131,3% құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша еңбекақы төлеуге жергілікті бюджеттерден 283,1 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

7609 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілді, бұл ағымдағы жылға арналған Бағдарлама тапсырмаларының 111,3% және 2009 жылғы көрсеткіштің 88,8% құрайды. Аталған кезеңде орындалған жұмыстарға 326,1 млн. теңге есептелді, ол толық көлемінде қаржыландырылды.

Облыс бойынша дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасына сәйкес қаржы дағдарысының теріс әсеріне байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату жағдайы мен өндіріс динамикасы үнемі талданып келеді. 2011 жылдың 1 қаңтарына өндірістік процестерді тұрақтандыру және еңбек құқықтары мен кепілдіктерді қамту жөнінде 560 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында 1319 ұжымдық шарт қабылданды. Әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатында аумақтарды абаттандыру, аз қамтылғандарға көмек көрсету және әлеуметтік нысандарды тұрғызу мен жөндеу жұмыстары бойынша меморандум қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарына әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы 96,1 млн.теңгеге 278 меморандум қабылданды.

Білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау

2010 жылы кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан 1560 жұмыссыз, соның ішінде ауылдық жерлерде тұратын 884 адам өтті, Бағдарламаның орындалуы 121,7% құрайды. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жергілікті бюджеттен жұмсалған қаржы 43,3 млн. теңгені құрады. 1384 азамат оқуды аяқтады, олардың 659-ы немесе 48,0% еңбекке орналастырылды.

2. «2.2-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру тармағының 2.1 Әлеуметтік саланың негізгі даму параметрлері тармақшасының 2,3,4,5,6 абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету

2010 жылы 195,4 млн.теңгеге кедейлік шегінен төмен тұратын 13363 аз қамтылған адамға атаулы әлеуметтік көмек төленді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 18,5% және 25,0% кеміді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын төлеу

2010 жылы жан басына шаққанда орташа кірісі азық-түлік себеті құнынан төмен тұратын 17983 отбасыларындағы 40403 балаларға мемлекеттік жәрдемақы 520,9 млн.теңге көлемінде төленді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 10,1% және 1,6% төмендеді.

Тұрғын үй көмегін көрсету

2010 жылы тұрғын үй көмегі 9111 отбасына 156,3 млн.теңге көлемінде көрсетілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Оның себебі - көптеген аудандар мен Орал қаласындағы қолданыстағы тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне маңызды толықтырулар және өзгерістер енгізілді. Жұмыспен қамту бөліміне тіркелген I, II топтағы мүгедектер, ауған соғысына қатысқандар, көп балалы аналар, 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ер адамдар жеңілдетілген санаттағы тұрғын үй көмегін алушылар қатарына енгізілді. Кейбір аудандарда коммуналдық қызметтер үшін төлемдердің шекті шығын үлесі 30%-дан 15%, 10% және 5%-ға дейін азайтылды.

Бағаның қымбаттауына байланысты аз қамтылған азаматтарға қосымша материалдық қолдау көрсету


Негізгі азық-түлік тағам өнімдерінің қымбаттауына байланысты кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған адамдарға 2008 жылдың тамыз айынан бастап жергілікті бюджет есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді. 2010 жылы 4052 аз қамтылған азаматтарға 53,1 млн.теңге төленді.

Аз қамтылған адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарының нәтижесінде 2009 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 41,7% төмендеді, кедейлік деңгейі 0,9% төмендеді.

3. «3.3- стратегиялық бағыт. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту тарауының 4,5 абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2010 жылы мүгедектердің барлық санаттарының саны 22351 адамды немесе барлық халықтың 3,6% құрады. Соның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 2093 адам, жалпы аурулар бойынша I, II топтағы мүгедектер – 10730 адам, жалпы аурулар бойынша III топтағы мүгедектер – 8192 адам, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары – 618 адам, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер – 718 адам. 2009 жылмен салыстырғанда мүгедектер саны 567 адамға азайды.

Бөгде адамдардың күтімін ұдайы қажет ететін азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үнемі бақылауда. Осы мақсатта әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жүзеге асырылып келеді.

6 абзацтағы «8» саны «9» санымен ауыстырылсын.

4.Мақсат 1.1. «Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру» деген кестесіндегі «2010 жыл» бағанындағы нысаналы индикаторлар:

«Жұмыссыздық деңгейі» деген жолының «6,0» саны «5,5» санымен ауыстырылсын;

«Тіркелген жұмыссыздық деңгейі» деген жолының «1,0» саны «0,5» санымен ауыстырылсын;

«Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі» деген жолының «7,9» саны «6,5» санымен ауыстырылсын;

«Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі» деген жолының «7,6» саны «6,3» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.1.1 «Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтиже көрсеткіштері:

«Жұмысқа орналасу делдалдығымен жолыққандардың саны» деген жолының «12285» саны «22965» санымен ауыстырылсын;

«Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны, оның ішінде» деген жолының «7961» саны «18493» санымен ауыстырылсын;

«аз қамтылған азаматтар» деген жолының «920» саны «926» санымен ауыстырылсын;

«әйелдер» деген жолының «3200» саны «7071» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.1.2 «Жұмыс орындарын және әлеуметтік жұмыс орындарын құру» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтиже көрсеткіштері:

«Құрылған жұмыс орындарының саны» деген жолының «11198» саны «13448» санымен ауыстырылсын;

«Қоғамдық жұмысқа жіберілгендердің саны» деген жолының «6837» саны «7609» санымен ауыстырылсын;

«Құрылған әлеуметтік жұмыс орындарының саны» деген жолының «2784» саны «3567» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.1.3 «Жұмыс орындарын қысқартудың және соның салдарынан жұмыстан босатудың алдын алу шаралары (бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде)» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтиже көрсеткіштері:

«БҰҰ ғаламдық шартына қосылушы кәсіпорындардың санын көбейту арқылы еңбек қатынастары саласында кепілді конституциялық құқықты қамтамасыз ету» деген жолының «12» саны «14» санымен ауыстырылсын;

«Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған ірі және орташа кәсіпорындардың санын көбейту» деген жолының «69,4» саны «83,3» санымен ауыстырылсын;

«Жергілікті атқарушы органдар мен бизнес құрылымдары арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылатын әлеуметтік жобалар жөнінде жасалған меморандумдар» деген жолының «54» саны «278» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.1.4 «Шетелдік жұмыс күшін азайту, ішкі еңбек нарығын қорғау» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

«Шетелдік жұмыс күшін тартатын компанияларда қазақстандық қызметкерлердің үлес салмағын көбейту» деген жолының «89,0» саны «90,5» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.1.5 «Шетел жұмыс күшінің ішінде білікті шетел мамандарының үлес салмағы» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

«Білікті шетел мамандарының үлес салмағын көбейту» деген жолының «89,0» саны «88,2» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.2.1 «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және кәсіби бағдарлау құқығын беру арқылы еңбек ресурстарының сапасын қамтамасыз ету» деген кестесіндегі «2010 жыл» бағанындағы тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

«Жұмыссыздардан және халықтың басқа да нысаналы топтарынан кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген адамдар саны» деген жолының «1282» саны «1560» санымен ауыстырылсын;

«Мемлекеттік тапсырыс негізінде даярланған мамандар саны (мың адам), соның ішінде» деген жолының «8,0» саны «17,2» санымен ауыстырылсын;

«жоғары оқу орындары» деген жолының «4,0» саны «4,8» санымен ауыстырылсын;

«кәсіптік лицейлер» деген жолының «3,1» саны «6,9» санымен ауыстырылсын;

«колледждер» деген жолының «0,9» саны «5,5» санымен ауыстырылсын.

Міндет 1.2.2 «Шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қазақстандық мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру» деген кестесіндегі «2010 жыл» деген бағанындағы тікелей нәтижелердің көрсеткіштері;

«Жұмыс берушілер есебінен кәсіптік даярланған, қайта даярланған және біліктілігін арттырған азаматтардың саны» деген жолының «530» саны «710» санымен ауыстырылсын.

Мақсат 2.1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жүйесі» деген кестесіндегі «Нысаналы индикатор» деген жолының «2010 жыл» бағанындағы:

«Күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі» деген жолының «8,2» саны «6,7» санымен ауыстырылсын.

Міндет 2.1.1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын арттыру» деген кестесіндегі «2010 жыл» бағанындағы тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:

«АӘК алушы жұмыссыздардың, барлық АӘК алушылардан үлес салмағы» деген жолының «14,1» саны «13,2» санымен ауыстырылсын;

«Жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың аз қамтылған азаматтардан үлес салмағы» деген жолының «15,0» саны «53,5» санымен ауыстырылсын;

«Кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жолданғандардың барлық АӘК алушылардан үлес салмағы» деген жолының «0,8» саны «1,2» санымен ауыстырылсын.

5. «Бөлім 7. Бюджеттік бағдарламар, 7.1. Бюджеттік бағдарламалар тармағының 001 бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын: «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Басқарманың аппаратын ұстау » деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «33» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жұмыспен қамтуда, халықты әлеуметтік қорғауда және мүгедектерді оңалтуда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырыуын қамтамасыз ету» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Басқармаға жүктелген функциялар мен көрсеткіштерінің орындалуы» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014жыл» деген бағаны «73092,0» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарлама 003 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» 102 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету» деген кестесіндегі

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Санаторлық-курорттық емдеу» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «950» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014жыл» деген бағаны «69071,0» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012жыл» деген бағанындағы «64552,0» саны «61000,0» санымен ауыстырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 003 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» 103 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» деген кестесіндегі

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Арнаулы жүріп тұру құралдарымен қамту(кресло арба)» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «180» санымен толықтырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Сурдо-құралдармен қамтамасыз ету» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «340» санымен толықтырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Тифло-құралдармен қамтамасыз ету» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «640» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Техникалық және басқа орнын толтырушы құралдармен қамтуда жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014жыл» деген бағаны «33289,0» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «33133,0» саны «31745,0» санымен ауыстырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 003 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» 106 «Протездеу,үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» деген кестесіндегі «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Протездік құралдармен және басқа техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамту» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «570» саны «450» санымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012жыл» деген бағанындағы «37780» саны «35154,0» санымен ауыстырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Протездік құралдармен және басқа техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамту» деген жолының «2014жыл» деген бағаны «570» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Протездік құралдармен және басқа орнын толтырушы құралдармен қамтуда жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014жыл» деген бағаны «41340,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 002 «Жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен » деген кестесіндегі:

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жалпы үлгідегі медициналық -әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік көмек алушылардың саны» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «377» саны «407» санымен ауыстырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «310,05» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «46060,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 002 «Жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» деген кестесіндегі :

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік көмек алушылардың саны» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «657» саны «707» санымен ауыстырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «1935,34» саны «1988,08» санымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «508310,0» саны «513035,0» санымен ауыстырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік көмек алушылардың саны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «707» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының «Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасы мен толықтығына қанағаттану» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «1890,74» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік көмек алушылардың саны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «90» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «487912,0» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарлама 013 «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»» деген кестесіндегі «Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «1789,24» саны «1881,74» санымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «229882,0» саны «241766,0» санымен ауыстырылсын;

Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік көмек алушылардың саны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «352» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының «Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасы мен толықтығына қанағаттану» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «2011,66» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «258459,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 015 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүйкесі бұзылған мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» деген кестесіндегі «Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «1580,09» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «17776,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 015 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүйкесі бұзылған мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» деген кестесіндегі «Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «5815,84» саны «4905,74» санымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «280207,0» саны «236359,0» санымен ауыстырылсын;

Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Күндізгі бөлімдегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет алушылардың саны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «146» санымен толықтырылсын;

«Қорытынды нәтиже көрсеткіштері» деген жолының «Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасы мен толықтығына қанағаттану» деген жолының «2014 жыл» бағаны «100» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «6695,20» санымен толықтырылсын;

« Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «322575,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 017 «Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген кестесіндегі:

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың саны» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «3189» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «76971» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 018 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» деген кестесіндегі «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Мемлекеттік емес ұйымдардағы қызмет алушылардың саны» деген жолының «2012 жыл» бағаны «85» санымен толықтырылсын;

«Тиімділік көрсеткіштері» деген жолының, соның ішінде «Бір қамқорланушыға күндік қызмет құны» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «1003,45» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «14540,0» санымен толықтырылсын;

Бюджеттік бағдарлама 037 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттері» деген кестесіндегі «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолы «Жастар тәжірибесіне қатысушылар саны» деген жолымен және «2012 жыл» деген бағаны «1000» санымен толықтырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолы «Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдар саны» деген жолмен және «2012 жыл» деген бағаны «2010» санымен толықтырылсын;

«Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолы «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (Бөрлі ауданына көшіру)» деген жолымен және «2012 жыл» деген бағаны «60» санымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «695305,0» санымен толықтырылсын;

6. Бюджеттік бағдарламалар бөлімі келесі төмендегі бағдарламамен толықтырылсын:

Бюджеттік бағдарлама 041 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін тұрғын үй көмегін беруге арналған нысаналы трансферттері»


Бюджеттік бағдарлама

041 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін тұрғын үй көмегін беруге арналған нысаналы трансферттері

Сипаттама

Аз қамтылған отбасыларға берілетін тұрғын үй көмегі

Бюджеттік бағдарламаның түрі

мазмұнына қарай

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, өкілеттік және мемлекеттік қызмет көрсету

іске асыру тәсіліне қарай

жеке

ағымдағы/дамыту

ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

Жобаланатын жылдар

2009 жыл (есеп)

2010

жыл

(жоспар)

2011

жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015

жыл

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Тұрғын үй көмегін алушылар саны

отбасы










338










Бюджеттік шығыстардың көлемі

мың теңге










35187,0





































7. «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кестесіндегі 1) «Бюджет шығыстарының барлығы» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «1224667,0» саны «2075701,0» санымен ауыстырылсын;

«2014 жыл» бағаны «1285738,0» санымен толықтырылсын;

2) 256001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» деген жолының «2014 жыл» бағаны «73092,0» санымен толықтырылсын;

3) 256003000 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «135465,0» саны «127899,0» санымен ауыстырылсын;

256003000 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «143700,0» санымен толықтырылсын;

4) 256003102 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету» жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «64552,0» саны «61000,0» санымен ауыстырылсын;

256003102 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету» жолының «2014 жыл» деген бағаны «69071,0» санымен толықтырылсын;

5) 256003103 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «33133,0» саны «31745,0» санымен ауыстырылсын;

256003103 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «33289,0» санымен толықтырылсын;

6) 256003106 «Протездеу,үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» деген жолының «2012 жыл» бағанындағы «37780,0» саны «35154,0» санымен ауыстырылсын;

256003106 «Протездеу, үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету, протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» деген жолының «2014 жыл» бағаны «41340,0» санымен толықтырылсын;

7) 256002011 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «46060,0» санымен толықтырылсын;

8) 256002015 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2012 жыл» деген бағанындағы «508310,0» саны «513035,0» санымен ауыстырылсын;

256002015 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2014 жыл» деген бағаны «487912,0» санымен толықтырылсын;

9) 256013 «Психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2012 жыл» бағанындағы «229882,0» саны «241766,0» санымен ауыстырылсын;

256013 «Психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2014 жыл» бағаны «258459,0» санымен толықтырылсын;

10) 256015011 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүйкесі бұзылған мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2012 жыл» бағаны «17776,0» санымен толықтырылсын;

11) 256015015 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүйкесі бұзылған мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2012 жыл» бағанындағы «280207,0» саны «236359,0» санымен ауыстырылсын;

256015015« Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүйкесі бұзылған мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» деген жолының «2014 жыл» бағаны «322575,0» санымен толықтырылсын;

12) 256017 «Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «76971,0» санымен толықтырылсын;

13) 256018 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» деген жолының «2012 жыл» бағаны «14540,0» санымен толықтырылсын;

14) 256037 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттері» деген жолының «2012 жыл» деген бағаны «695305,0» санымен толықтырылсын;

15) «Бюджет шығыстары бөлімі 041 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін тұрғын үй көмегін беруге арналған нысаналы трансферттері» бюджеттік бағдарламамен және «2012 жыл» бағаны «35187,0» санымен толықтырылсын.

Похожие:

Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру Қағидасын бекiту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасы қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКодексінің 8 бабы 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджеттік Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБагратион ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСаратовка ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница