ҚазтұтынуодағЫ




Скачать 469.36 Kb.
НазваниеҚазтұтынуодағЫ
страница1/3
Дата конвертации15.02.2013
Размер469.36 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ(СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ
Пән «Муниципалды менеджмент»
Мамандық: 050510-Мемлекеттік және жергілікті басқару
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


ҚАРАҒАНДЫ – 2010

СӨЖ (СӨЖО) 050510 «Мемлкеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу жоспары негізінде және КЭУК-МИ-85-04.01-2005 пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қатысты қойылатын талаптар негізінде экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының аға оқытушысы М.А. Есдәулетпен құрылған.
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


«10» маусым 2010ж. Хаттама № 10

Экономикалық теория және ХЭ

кафедрасының меңгерушісі,

э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.К.
Оқытушы туралы мәлімет: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының аға оқытушысы Есдәулет М.А. «Халықаралық экономика», «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Сыртқыэкономикалық іс-әрекетті мемлекеттік басқару» пәндерінен дәріс оқып, семинарлық сабақтарды жүргізеді.
Кеңсе: экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы, аудитория № 266
Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі

Тел: 44-16-24 (143)

СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан ОСӨЖ –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:

  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

  • студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

  • топ студенттерінің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;


Тақырып 5. Биліктің жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының ара-қатынасы

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Рольдік ойынға дайындалу

  5. Глоссарий құру

  6. Тестілік сұрақтарға жауап беру


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Маслихат нені білдіреді?

  2. Маслихаттың қызметтері мен өкілеттіктерін атаңдар.

  3. Жергілікті әкімшілікті кім басқарады?

  4. Түрлі деңгей әкімшіліктері басшыларының вертикаль бойынша өзара бағынуының қағидалары неден тұрады?

  5. Жергілікті әкімшілік құрылымына сипаттама беріңдер.

  6. Облысты, ауданды, қаланы басқару сызбасын көрсетіңдер.

  7. Территорияны кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдар қызметтестігінің қандай формаларын білесіңдер.


Тапсырмалар

  1. Жергілікті өзні-өзі басқару саласындағы ҚР мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін атаңдар. Аталмыш өкілеттіктерді кестедегі негіздемелер бойынша жіктеңдер:

    Өкілеттік түрлері

    Мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктері

    Нормативті-реттеуші




    Нақты-реттеуші




    Қамтамасыз етуші




    Бақылаушы




    Жүйелік орындалатын




    Құқықтық әрекеттер




  2. Келтірілген жіктемелер негізінде өздеріңнің муниципалдың құрылымдарындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымына талдау жасаңдар. Муниципалды құрылымды басқару органдарының құрылымы қаншалықты басқару объектісіне сәйкес келетінін анықтаңдар. Басқару құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар келтіріңдер.

  3. Жіктеме үшін басқа негіздеме келтіруге тырысыңдар және осы жіктемелер негізінде өз муниципалдық құрылымдарындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымына талдау жасаңдар.

  4. Салыстырмалы кестені толтырыңдар:

    Салыстыру белгілері

    Артықшылықтар

    Кемшіліктер

    Әкімшілік басшысы халықпен сайланады және бірауыздық қағидасы негізінде жергілікті әкімшілік іс-әрекетін басқарады







    Әкімшілік басшысы осы лауазымға жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органымен келісім бойынша сайланады







    Әкімшілік комиссия сияқты коллегиялық органмен басқарылады







  5. Өздеріңіз тұратын жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалдық құрылымының атқарушы органының құрылымымен танысыңдар. Жергілікті әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің түрлерінің тізімін жасап, олардың ерекшелеіктерін көрсетіңдер.


Тестілік сұрақтар

  1. Маслихаттар:

а) сайланатын органдар

б) жергілікті атқарушы органдар

в) ҚР Президентімен сайланатын органдар

г) әкіммен құрылады

д) конкурстық негізде құрылады

2. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңның кемшіліктері:

а) заң биліктің облыстық және аудандық деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіктерді бөліп қарастырмайды

б) заң орталық пен аудандар өкілеттіктері арасындағы нақты шекті орнатпады

в) заңда жергілікті өкілетті органдарға түсініктеме берілмеген

г) заңда жергілікті атқарушы органдарға түсініктеме берілмеген

д) заңда қалалық әкімшіліктерге шексіз құқықтар берілген

3. Жергілікті басқару органдары өкілеттігі мәселелеріне мыналар жатпайды:

а) өкілеттікті анықтау тәсілі

б) меншік және делегирленген, міндетті және факультативті өкілеттіктің ара-қатынасы

в) өкілеттіктің кемшілігі немесе шамадан артық болуы

г) өкілеттікті жүзеге асыру тәсілдері

4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізу затына жатпайды:

а) өрт сөндіру және қоғамдық қауіпсіздік

б) қоғамдық және жеке ғимараттардың құрылысы

в) жерді көгалдандыру

г) мемлекеттік бюджетті құру

д) сумен жабдықтау

5. Маслихат:

а) заңды тұлға құқығына ие емес

б) заңды тұлға құқығына ие

6. Аудандық әкімдер:

а) маслихатпен сайланады

б) халықпен сайланады

в) ҚР Президентімен тағайындалады

г) конкурстық негізде тағайындалады

7. Маслихаттар жүзеге асырады:

а) жоспарларды, территорияны дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджет пен олардың орындалуы туралы есепті бекіту

б) жергілікті әкімшілік-территориалдық құрылғы мәселелерін шешу

в) заңмен маслихат өкілеттігіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарастыру

г) тұрақты комиссияны және маслихаттың өзге де жұмыс органдарын құру, олардың іс-әрекеті жөнінде есептерді тыңдау, маслихат жұмысын ұйымдастырумен байланысты өзге мәселелерді шешу

д) Республика заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өкілеттікті жүзеге асыру

е) жауаптардың барлығы дұрыс

8. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымын құру қағидалары:

а) муниципалдық құрылымды мақсатты бағдарлау қағидасы

б) қызметтерді горизонталды бөлу қағидасы

в) қызметтерді вертикалды бөлу қағидасы

г) бюджеттің бір деңгейлік қағидасы

д) жауаптардың барлығы дұрыс

9. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағдарламалық қызметі:

а) халық мүддесін қорғау

б) халық мүдделерін жүзеге асыру

10. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары төмендегі негіздемелер бойынша жіктеледі:

а) құрылу тәсілі бойынша

б) тағайындалуы бойынша

в) иелік ету заттары бойынша

г) шешім қабылдау тәсілі бойынша

д) атқаратын қызметтер типі бойынша

е) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Маслихаттың қызметтері мен өкілеттіктерін анықтаңдар. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың халықпен, сондай-ақ кәсіпкерлермен өзара байланыстары қалайша орнайтынын айқындаңдар. Құрылған глоссарий терминдерін жаттау.
Тақырып 6. Билік пен басқарудың өкілетті және атқарушы органдары іс-әрекетінің ұйымдық негіздері

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. Екінші семинарлық сабақ сұрақтары бойынша жекежобаларды дайындау


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Маслихаттың негізгі іс-әрекет формасы ретінде сессия нені білдіреді? Оның қызметтерін атаңдар

  2. Маслихат хатшысы мен депутаттарының құқықтарын атаңдар

  3. Маслихат хатшысы мен депутаттарының міндеттері неден тұрады?

  4. Маслихаттың тұрақты және уақытша комиссиясының жұмысы қалайша ұйымдастырылады?

  5. Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті неден құралады?

  6. Маслихаттың территория халқымен тікелей және кері байланысы қалайшы ұйымдастырылады?

  7. Коллегияның қызметтері мен өкілеттіктерін атаңдар

  8. Жергілікті әкімшілік актілерін атаңдар.


Тапсырмалар

  1. Мемлекеттік кәсіпорын қолданылмайтын қойманы сату шешімін қабылдап, сәйкес хабарландыру жасап, өзіне тиімді сатып алушыны тапты. Алайда Поселкелік әкімшілік басшысы оның муниципалды меншікке сатылуы керек деген пікірді білдірді, себебі поселок халық үшін сатып алынатын өнімді сақтауда айтарлықтай қиындықтарға ие. Кәсіпорын жетекшісі әкімшілік ойымен келіспейді. Аталмыш істі қалайша шешуге болады?

  2. Поселкелік әкімшілік ішкі істердің аудандық басшысына Әкімшілік басшысы бекіту үшін учаскелік инспектор лауазымына кандидатты бағыттау пікірін ұсынды. Бөлім басшысы поселкелік әкімшілік учаскелік инспектор жұмысын бақылай алады, бірақ оның лауазымына ішкі істер бөлімінің жетекшісі тағайындайды деді. Қалыптасқан жағдайда кімнің пікірі дұрыс?

  3. Қалалық маслихат шешімін орындамағаны үшін қала әкімі әкімшілік комиссияға жеке меншіктегі кірпіш зауытыынң директорын әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдарды жіберді. Ұсынылған материалды қарастыра отырып, әкімшілік комиссия зауыт директорын 50 минималды айлық жалақыға айыппұл салды. Комиссия шешімі мен әкім әрекеті заңға сәйкес жасалған ба?


Тестілік сұрақтар

  1. Маслихат сессиясының төрағасы:

а) маслихаттың лауазымды тұлғасы

б) маслихат депутаттарының ішінен сайланады

в) маслихат сессиясында ұйымдастыру-тағайындау қызметін жүзеге асырады

г) жауаптардың барлығы дұрыс

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес

2. Егер сессияда төмендегілер болса, маслихат сессиясы заңды болып табылады:

а) маслихат депуттарының жалпы санының жартысы болса

б) маслихат депуттарының жалпы санының үштен екі бөлігі болса

в) маслихаттың барлық депутаттары болса

г) маслихат депуттарының жалпы санынан тәуелсіз түрде маслихат хатшысы болса

д) маслихат депуттарының жалпы санының кем дегенде 10% болса

3. Маслихат хатшысының міндеттеріне кірмейді:

а) маслихат сессиясысының дайындығын және оның қарауына ұсынылатын сұрақтарды ұйымдастырып, дайындау

б) маслихат депуттарының өз өкілеттіктерін орындауына жәрдемдесу

в) депутат сұрауларын және депутат арыздарын қарастыруды бақылау

г) маслихат аппаратының іс-әрекетін басқару, оның қызметкерлерін лауазымға тағайындап, одан босату

д) маслихатқа сайлаушылар сұраулары және олар бойынша қабылданған шаралар жөніндегі ақпаратты ұсынбау

4. Маслихат депутатының өкілеттігі төмендегі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

а) депутат лауазымы заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен үйлесімділікте болмаса

б) депутатты әрекет қабілетсіз деген сот шешімі заң күшіне енсе

в) маслихат өкілеттігінң тоқтатылуы

г) себепсіз маслихат сессиясының пленарлық отырында үш реттен көп болмаса

д) жауаптардың барлығы дұрыс

5. Тұрақты комиссия саны төмендегіден аспауы керек:

а) 5

б)7

в) 3

г) 8

д) 9

6. Тұрақты комиссиялар төмендегіге құқылы емес:

а) Парламентке ұсыныс енгізуге

б) өздерінің өкілеттігіндегі мәселелер бойынша қорытынды жасау

в) маслихат сессияларында өз өкілеттігіндегі мәселелер бойынша баяндама жасау

г) өз өкілеттігі шеңберінде маслихатқа жергілікті атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін тыңдау туралы ұсыныс енгізуге

д) комиссия жұмысына маслихаттың өзге депуттатарын тарту, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдараның, ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды тарту

7. Ревизиялық комиссияны не үшін тағайындайды:

а) әкімшілік іс-әрекетін бақылау үшін

б) жергілікт бюджеттің орындалуын бақылау үшін

в) маслихат хатшысының іс-әрекетін бақылау үшін

г) азаматтар құқықтарының орындалуын бақылау үшін

д) парақорлық құқық бұзушылықтарды бақылау үшін

8. Ревизиялар өткізіледі:

а) жылына бір реттен кем емес

б) жылына бір реттеен жиі емес

в) айына бңр реттен кем емес

г) айына бір реттен жиі емес

д) 5 жылда бір рет

9. Маслихат сессиясының төрағасы:

а) маслихат сессиясын шақырту туралы шешім қабылдайды

б) маслихат сессиясын дайындауды басқарады, сессияның күн тәртібін құрайды

в) маслихат сессиясының отырысын жүзеге асырады, маслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді

г) маслихат шешімдерін, хаттамаларға, өзге құжаттарға қол қояды

д) жауаптардың барлығы дұрыс

10. Өз өкілеттігі шеңберіндегі мәселелер бойынша шығаратын маслихат актілері:

а) маслихат шешімдері

б) заң актілері

в) ішкі заң актілері

г) әкімшілк тағайындаулары

д) жауаптардың барлығы дұрыс

  1   2   3

Похожие:

ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Жаңа технологиялар және аралық оқыту бойынша проректор, п.ғ. д., профессор Ибышев Е. С
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
«Оқытушылар арасында оқу жүктемесін есепке алу және тарату» ақпараттық жүйесін құру
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Жоғары оқу орынында ақпараттық жүйе құру. «Студенттер үлгерімін есепке алу» ішкі жүйесі
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
В0508 (050508) Есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын құрастырушы э.ғ. к., ҚҚэу профессоры Мәдиева...
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница