ҚазтұтынуодағЫ




Скачать 469.36 Kb.
НазваниеҚазтұтынуодағЫ
страница2/3
Дата конвертации15.02.2013
Размер469.36 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Жергілікті басқару органдарының қызметтерін, құқықтарын және міндеттерін нақты анықтаңдар. Әкімшілік пен маслихаттар арасындағы өкілеттікті бөліп қарастырыңдар. Маслихат іс-әрекетін жүзеег асырудың негізгі формаларын талдаңдар.
Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының жұмысындағы жоспарлау

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. Семинарлық сабақ сұрақтары бойынша презентация дайындау

  6. Шаруашылық оқиғаға дайындалу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Жоспарлауды жүзеге асыру формалары мен әдістерінің өзгеруіне не себеп болды?

  2. Қазақстанның 1992 жылғы экономикалық және әлеуметтік даму болжамының негізгі басымдылықтарын атаңдар.

  3. Облыстардың алғашқы қаржы-несиелік балнстары қандай болды?

  4. 1994 жылы болжамдарды құрудан индикативті жоспарларды өңдеуге көшу қалайша жүзеге асырылды?

  5. Республикалық индикативтік жоспар қандай бөлімдерден тұрады?

  6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеушілеріне не жатады?

  7. Облыстың индикативтік жоспары қандай тараулардан құралады?


Тапсырмалар:

  1. Соңғы 3-5 жылдағы Қарағанды облысының статистикалық мәліметтері бойынша келесі жылға болжам-жоспар құраңдар.

  2. Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларына талдау жасаңдар.


Тестілік сұрақтар:

  1. Индикативтік жоспар мынадай құжат болып табылады:

а) сыртқы және ішкі факторларға байланысты таяудағы үш жылға ел экономикасы дамуының қарқынын негіздейтін;

б) орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін анықтайтын;

в) ҚР стратегиялық жоспарлары, ҚР Президентінің ел халқына Жолдауы, ҚР Үкіметінің бағдарламасына сәйкес жоспарлы кезеңге экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының дамуы үшін, сондай-ақ Қазақстан халқының әл-ауқатының өсімі үшін қолайлы жағдай жасау бойынша өзге мемлекеттік органдардың әрекеттерін анықтайтын;

г) әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуіштерінің көрсеткіштері мен тізімін қамтитын;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

2. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің нақты тізімі қандай өкілетті органмен анықталады:

а) Қазақстан Республикасының экономика және сауда-саттық министрлігімен

б) Қазақстан Республикасының қаржы министрілігімен

в) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен

г) жауаптардың барлығы дұрыс

3. Көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін шаруашылық субъектілердің экономикалық іс-әрекетіне ықпалын реттеуші негізгі құралдар:

а) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

б) құқықтық реттеуіштер мен экономикалық тетіктер жүйесі

в) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қаулылары

г) индикативті даму жоспарлары

д) ақша-несие саясатының құралдары

4. Индикативті жоспарлау:

а) әлемдік және отандық экономиканың, сыртқы, ішкі тауарлық және қаржылық нарықтардың даму болжамы мен экономикалық талдауына негізделеді

б) ел экономикасы мен оның аймақтары дамуының қарқындылығын қамтамасыз етеді

в) жоспарлы кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу барысында кешенді тәсілдемені қамтамасыз етеді

г) аймақаралық бірігудің дамуына және халық табысының артуына ықпал етеді

д) әрекет етуші нарықтық механизмдер көмегімен экономиканың өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді

5. Әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуіштеріне жатпайды:

а) табиғи монополиялардың өнімдері мен қызметтеріне тарифтер динамикасы

б) жалақының, зейнетақының, мемлекеттік жәрдемақылардың, күн көріс минимумының минималды жалақылары

в) тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі

г) жұмыс күші экспортына квоталар

д) өнім өндіруге стандарттар

6. Облыстың инликативтік жоспары келесі тараулардан тұрады:

а) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен перспективасы туралы баяндамадан

б) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің болжамы

в) әрекет етуші және өңделетін аймақтық бағдарламалардың тізімінен

г) салалық және аймақтық бағдарламалар шеңберінде әрекет ететін және өңделетін жергілікті инвестициялық жобалардың тізімінен

д) жауаптардың барлығы дұрыс

7. Республикалық индикативті жоспарды өңдеудің алғашқы кезеңінде:

а) алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын, алдағы үш жылдық кезеңге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін құраудың негізі болып табылатын Республикалық индикативтік жоспардың жобасы өңделеді

б) ел экономикасы дамуының болжамды бағалауларын нақтылау, бюджеттік комиссияда қарастырғаннан кейін тарауларды түзету жүзеге асады

8. Республикалық индикативтік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі:

а) жоспарлыдан алдыңғы жылдың 1 қыркүйек айына дейін

б) жоспарлыдан алдыңғы жылдың 1 қаңтар айында дейін

в) жоспарлыдан алдыңғы жылдың 1 желтоқсан айында дейін

г) жоспарлыдан 1 жыл бұрын

д) жоспарлыдан алдыңғы жылдың 31 желтоқсан айына дейін

9. Ұлттық компаниялар жыл сайын өз дамуының жоспарын мынадай мерзімге өңдейді:

а) үш жылға

б) жыл сайын

в) бес жылға

г) жылжымалы негізде бес жылға

д) 10 жылға

10. Индикативтік жоспрлардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады:

а) Қазақстан Республикасының экономика және сауда-саттық министрлігі

б) Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі

в) Қазақстан Республикасының ұлттық банкі

г) ҚР Президенті

д) ҚР Премьер – министрі
Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Жоспарлау мен болжамдау мәнін талдап, сондай-ақ оларды жүзеге асыру әдістері мен формаларын қарастырыңдар. Қазақстан республикасындағы жоспарлаудағы өзгерістерге талдау жасаңдар. Жергілікті әкімшілік балнстарының қалайша құрылатынына назар аударыңдар.
Тақырып 8. Жергілікті басқару органдары іс-әрекетінің материалдық-қаржылық негізі

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. тақырып бойынша глоссарий құру


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Жергілікті бюджет деген не?

  2. Жергілікті бюджеттерді құру және атқару принциптері қандай?

  3. Бюджеттік реттеу саласындағы маслихаттар мен жергілікті әкімшіліктің өкілеттігі қандай?

  4. Жергілікті бюджеттердің бекітілген және реттеуші табыстары нені білдіреді?

  5. Дотация, субсидия мен ссудалардың айырмашылықтары қандай?

  6. Жергілікті бюджет шығыстарының баптары қандай?

  7. Бюджетаралық қатынастарға сипаттама беріңдер

  8. Коммуналды меншік деген нені білдіреді?

  9. Коммуналды меншікті басқару саласындағы жергілікті органдардың өкілеттіктері қандай?

  10. Муниципалды объектілерді құру, сатып алу, пайдалану және жалға беру тәртібі қандай?


Тапсырмалар:

  1. ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Конституциясы мен өзге заңдар негізінде төмендегілерге жататын мүліктің түрлерін атаңдар:

а) тек коммуналды меншікке жатады;

б) коммуналды меншікке және өзге меншік түрлеріне жатқызылады;

в) коммуналды меншікке жатқызылмайды.

2. Коммуналды меншікті құрудың негізгі тәсілдерін атап, мысал келтіріңдер. Коммуналды меншікті азайтудың негізгі тәсілдерін атап, мысал келтіріңдер. Осы процестерге талдау жасаңдар.

3. Өздеріңіз тұратын муниципалды құрылғы бойынша төмендегі кестені толтырып, сіздің ойыңызша, сіздің муниципалды құрылғыңыз үшін неғұрлым тиімді болып табылатын муниципалды шаруашылық моделін анықтаңыз.


Муниципалдық құрылым жағдайын бағалау критериялары

Муниципалдық құрылымның сипаттамалары

Қаржы-экономикалық саладағы жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілеттіктері




Муниципалдық құрылымның ресурстары




Халықтың салыққабілеттігі




Муниципалды кадрлардың дайындық деңгейі






  1. Коммуналды меншік болып табылмайтын кәсіпорындарға қатысты өкілеттікке ие коммуналды меншік кәсіпорындарына қарағанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін салыстырыңдар.

  2. Қала әкімі «Меркурий» кооперативіне жеңілдікті салық салу туралы қаулыны қабылдады. Оған сәйкес кооператив салыққа 100% мөлшерінде жеңілдік алады. Әкімшілік басшысының қаулысы заңды ма? Қандай заңдылық түрлері бұзылған болатын?

  3. Қалалық әкімшілік өткізілген арнайы тексеріс барысында коммуналды меншіктегі өнеркәсіптік кәспорындардың бірі алынған табыстардан 200 млн. теңгені жасырғанын анықтай отырып, анықталған соманы бюджеттен тыс қорларға аударуды ұйғарды. Кеңестің осылайша әрекет жасауы заңды ма?


Тестілік сұрақтар:

  1. Жергілікті мемлекеттік басқару іс-әрекетінің экономикалық және қаржылық негізін мыналар құрайды:

а) жергілікті бюджет

б) коммуналды заңды тұлға атындағы мүлік

в) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналды меншіктегі өзге мүлік

г) жауаптардың барлығы дұрыс

2. Жергілікті бюджеттердің қызметтеріне жатпайды:

а) ақшалай қорларды құрау

б) биліктің жергілікті органдарының іс-әрекетін қаржылық қамтамасыз ету

в) халық шаруашылығының салалары арасында ақшалай қорларды бөлу және пайдалану

г) осы билік органдарына жауап беретін кәсіпорындарды,ұйымдар мен мекемелерді қаржылық қамтамасыз ету

д) осы билік органдарына жауап беретін кәсіпорындарды,ұйымдар мен мекемелердің қаржы-шаруашылық іс-әрекетін бақылау

3. Меншік табыстарға жатпайды:

а) мүлік салығы

б) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер

в) жер салығы

г) акциздер

д) жер үшін жалғалық ақы

4. Реттеуші табыстарға жатпайды:

а) табыс салығы

б) жеке тұлғалардың табыс салығы

в) ҚҚС

г) мүлік салығы

д) акциздер

5. Муниципалды бюджеттен тыс қор келесі қайнар көздер есебінен құрыла алмайды:

а) аукциондардан түскен табыстар

б) қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар

в) табиғи ресурстарды тиімді пайдаланбай және өзге ережелерді бұзғаны үшін алынатын айыппұл

г) жеке және заңды тұлғалардың мәжбүрлі салымдары

д) муниципалды меншіктегі тарих ескерткіштерін бұзғаны үшін айыппұлдар

е) әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдар

6. Муниципалды меншік құрамына кірмеуге тиіс:

а) жергілікті бюджет қаражаттары, бюджеттен тыс қорлар

б) бағынышты территориядағы кәсіпорын мүліктері

в) муниципалды меншіктегі табиғи ресурстар мен муниципалды жерлер

г) муниципалды банктер және өзге қаржы-несиелік ұйымдар

д) муниципалды білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт мекемелері

7. Муниципалдық құрылымдағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалды меншік объектілерін жеке және заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге құқылы:

а) дұрыс

б) дұрыс емес

8. Муниципалдық меншіктің жалға берушісі бола алады:

а) мүлікті басқару комитеті

б) муниципалды меншікті басқару департаменті

в) техникалық түгендеу бюросы

г) қалалық маслихат

д) облыстық әкімшілік

9. Субсидия – бұл:

а) жергілікті билік органдарына, заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен мемлекетпен берілетін ақшалай формадағы жәрдемақы

б) белгілі шараны, объектіні мақсатты қаржыландыру үшін орталық органдармен бөлінетін ақшалай жәрдемақы

в) қайтарымсыз және қайтарымды негізде төменгі деңгейдегі бюджетке немес заңды тұлғаға берілетін, бірақ мақсатты пайдалабай жағдайында сәйкес бюджетке қайтарылатын бюджеттік қаражаттар

г) егер бекітілген және реттеуші табыстар төменгі территориалды деңгейдің минималды бюджетін құру үшін жеткіліксіз болса, жоғарғы деңгей бюджетінен бөлінетін сома

д) жауаптардың барлығы дұрыс

10. Төмендегілердің қайсысы ведомствалық бағыныштылықта болады:

а) тұрғын үй қоры

б) коммуналды кәсіпорындар

в) балалардың мектепке дейінгі мекемелері

г) лагерьлер, демалыс үйлері, санаториялар

д) жауаптардың барлығы дұрыс
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Жергілікті бюджет, табыстар, шығыстар, дотациялар, субвенциялар, ссудалар, мақсатты бюджеттен тыс және валюталық қорлар, коммуналды меншік түсініктеріне анықтама беріңдер. Қазақстан Республикасында коммуналды меншікті құру процесі мен мәселелерін талдаңдар.
Тақырып 9. Жергілікті бюджеттер кірістерін арттыру жолдары

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. Мәселелік сұрақтарға жауап беруге дайындалу

  6. Теле-көпір-семинарға дайындалу

  7. «Қазақстанда муниципалды құнды қағаздар нарығының туындауы мен дамуы» тақырыбына реферат жазу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Жергілікті бюджет тапшылығы нені білдіреді?

  2. Жергілікті бюджет тапшылығының себептері мен салдарлары қандай?

  3. Муниципалды жергілікті қарыздарға сипаттама беріңдер

  4. Инвестициялық, әлеуметтік, бюджеттік займдар нені білдіреді? Олардың айырмашылықтары қандай?

  5. Тәуекелдердің қандай түрлерін білесіздер

  6. Муниципалды кәсіпорындарды коммерциялық негізге ауыстыру қалайша жүзеге асырылады?


Тапсырмалар:

  1. Облыстар бойынша бюджеттің орындалуына талдау жасап, статистикалық мәліметтер негізінде соңғы 3-5 жылға тренд құраңдар («ҚР Қаржысы» статистикалық жиыны, сондай-ақ ҚР қаржы министрілігінің статистикалық бюллетені). Қорытынды жасаңдар.

  2. Кестені толтырыңдар:




Займ түрі

Жағымды жақтары

Теріс жақтары

Тиімділігі

Қолдану жиілігі



















  1. Инвестиция тарту үшін Сіздің ойыңызша 5 неғұрлым тиімді ынталарды жазыңыз.


Тестілік сұрақтар:

  1. Тәуекел – бұл:

а) бастау негізі анықсыз болатын іс-әрекеттің жағдайлық сипаттамасы

б) жағымсыз салдарларды білдіретін іс-әрекеттің жағдайлық сипаттамасы

в) қателік немесе табыстың ьаламалы нұсқаларын білдіретін іс-әрекеттің жағдайлық сипаттамасы

г) муниципалдық басқарудың ажырамас бөлігі

д) жауаптардың барлығы дұрыс

2. Тәуекелдің басқарылатын факторлары:

а) экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығы

б) жағымсыз сыртқыэкономикалық жағдайлар

в) құқықтық базаның тұрақсыздығы

г) лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері

д) бизнес ақпараттың жеткіліксіздігі

3. Тәуекелдердің жіктемесіне жатпайды:

а) катастрофалық

б) сындық

в) болмайтын

г) болатын

д) дұрыс жауабы жоқ

4. Муниципалдық займды орындауға конкурсты өткізу қағидаларына төмендегілердің қайсысы жатқызылмайды:

а) муниципалдық құрылымның бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарының максималды үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету

б) муниципалдық тапсырысты орындаушылар арасында дұрыс бәсекелестіктің дамуы

в) муниципалдық қаржылар шығындарының негізділігін және объективтілігін қамтамасыз ету, олардың орындалуының максималды ашықтығына қол жеткізу

г) жабық конкурсты өткізу

д) мунипалдық құрылымдағы атқарушыларды қолдау

5. Конкурсты өткізу ілеспелілігі мынадан тұрады:

а) дайындық кезеңнен

б) бағалау кезеңінен

в) нәтижелік кезеңнен

г) жауаптардың барлығы дұрыс

6. Конкурсты ұтқан тұлғамен муниципалдық тапсырыс шарты жасалады:

а) дайындық кезеңінде

б) бағалау кезеңінде

в) нәтижелі кезеңде

г) тендерді өткізу кезеңінде


  1. Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Жергілікті бюджеттер тапшылығынң мәнін, себептерін және салдарларын талдаңдар. Муниципалды қарыздарды құру процесін қарастырыңдар. Займ түрлері мен олардың айырмашылықтарын талдаңдар. Эмитенттер мен инвесторлар.


«Қарағанды облысындағы нарықтар: түрлері, даму деңгейі, перспективалары»

«Муниципалды маркетингтің тұжырымдамасы – тәжірибеде қолдану»

  1. тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

  2. Семинар-жарысқа дайындалу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. «Ээкономикалық механизм» категориясына анықтама беріңдер

  2. Территорияның экономикалық дамуының негізгі мақсаттары, мәселелері мен қағидалары қандай?

  3. Жаңа мотивациялар мен шаруашылық субъектілердің әрекеті ету стилі қалай қалыптасады?

  4. Муниципалдық шаруашылық құрылымындағы шаруашылық және әлеуметтік кешендерді атаңдар

  5. Аймақтық нарықтарды атаңдар

  6. Территорияның экономикалық даму маркетингті нені білдіреді?


Тапсырмалар:

  1. Муниципалды менеджментте маркетинг құралдарының қолданылуына қатысты мақсаттар бұтағын құрыңдар

  2. Қарағанды облысы деңгейінде ұдайы өндіріс кезеңдерінің қандай түрлері жоқ немес нашар дамығанына талдау жасаңдар

  3. Қызмет ету болашағы мен әрі қарай дамуына қатысты аймақтық нарықты зерттеу жобасын құрыңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Территорияның экономикалық даму мақсаттарын, мәселелері мен қағидаларын зерттеңдер. Одан кейін экономикалық механизм эволюциясын қарастырыңдар. Муниципалды маркетингтің мақсатын, мәселелері мен құралдарын қарастырып, оның тәжірибеде қолданылуын бағалаңдар.
Тақырып 11. Экономикалық басқарудың орталық және аймақтық органдары, жауапкершілікті бөлу және өзара әрекет ету механизмдері

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. «Билікті бөлу және орталықсыздандыру: болуы мүмкін және мүмкін емес?» тақырыбына дебат өткізу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. «Регионализм» мен «централизм» түсініктерінің мәне неде?

  2. Қазақстан Республикасында «регионализм» мен «централизмнің» пайда болу себептері қандай?

  3. Аймақ құқықтарын атаңдар

  4. Аймақтық даму саласында республикалық басқару органдары қандай мәселелерді шешеді?

  5. территориалды басқарудың жергілікті органдары қандай мәселелерді шешеді?


Тапсырмалар:

  1. Биліктің республикалық және аймақтық органдарының құқықтары мен міндеттерін бөлудегі өзгерістер кестесін тұрғызыңдар.

  2. Аймақтық даму саласындағы республикалық басқару органдарының өкілеттіктері тізімінен жергілікті басқару органдарына қатыстысын бөліп көрсетіңіз. Өз қалауыңызды негіздеңіз.

  3. Тақырып бойынша 5 жауаптар нұсқасы бар 10 тест құраңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Ең алдымен, «регионализм» мен «централизм» категорияларын зерттеңдер. Мемлекеттік басқарудың республикалық және амақтық органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлуге ерекше назар аударыңдар.
Тақырып 12. Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. Пресс-конференцияға дайындалу

  6. Маслихаттың семинар-отырысына дайындалу


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Аймақтық саясаттың мақсаттары қандай?

  2. ҚР-да аймақтық саясатты құру қағидаларын атаңдар.

  3. 2010 жылға дейінгі аймақтар дамуының стратегиялық бағдарламасының негізгі басымдылықтары мен негізгі кезеңдерін атаңдар.

  4. ҚР аймақтық саясатының мақсаттарын, басымдылықтары мен тұжырымдамасы кезеңдерін атаңдар

  5. Сіз реформаларды тереңдету бойынша қандай аймақтық бағдарламалар мен жоспарларды білесіз?

  6. Арнайы экономикалық зоналар деген не?

  7. Қазіргі уақытта ҚР-да қандай АЭЗ әрекет етеді?

  8. Әкімдер іс-әрекетін қалайшы бағалауға болады?

  9. Аймақтар типологиясы ненің негізінде жүзеге асырылады?


Тапсырмалар:

  1. Соңғы жылғы статистикалық мәліметтер негізінде кестені толтырыңдар:




Аймақ

Республика халқы санына қатысты аймақ үлесі

ЖҰӨ, ЖІӨ%

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі аймақтың үлесі

Ауылшаруашылықтың жалпы өніміндегі аймақтың үлесі

Негізгі капиталға инвестицияны игерудегі аймақтың үлесі, %

Орташа респуб-қ деңгейі бар аймақтың орташа номиналды табыстары




























  1. Келесі сызба бойынша «Қазақстандағы аймақтар типологиясы» кестесін құраңдар:




Аймақ (облыс)

Халқы (мың адам)

Ауданы (шаршы км.)

Аймақ типі

Проблемалар

Мемлекеттік аймақтық саясаттың ерекшеліктері

Сіздің шешу тәсілдеріңіз*






















*Ескерту: графасын 14 тақырыпты өткеннен кейін толтыру
Тестілік сұрақтар:

  1. Аймақтық саясаттың дәстүрлі мәселелері тобына жатпайды:

а) қауіпсіздік және азаматтық салаларды конверсиялау, инфрақұрылымды жаңарту, экологиялық жағдайды сауықтыру жолымен ескі өнеркәсіптік аймақтар мен қалалық агломерациялар экономикасын қайта құру

б) шағын қалалар мен ауылдардың депрессиялық жағдайын жою, ауылдағы жоғалтылған өмірлік ортаны қалпына келтіру, жергілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

в) шикізаттық маманданған, экстремалды табиғи ресурстарға ие аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру

г) жергілікті билік органдары жұмыскерлері мен мамандарды аймақтық басқару формасына үйрету

д) аймақаралық, аймақтық және ішкі аймақтық инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту (көлік, байланыс, ақпарат)

2. Мемлекеттің аймақтық және аймақішілік дамуды реттеуге тікелей қатысуының негізгі формалары:

а) республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік аймақтық бағдарламалар

б) ерекше маңызды құрылымды құраушы инвестициялық жобалар

в) келісім-шарттық жүйе арқылы өнімді жабдықтауға тапсырыстарды орналастыру

г) жауаптардың барлығы дұрыс

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

3. Аймақтық саясат қағидалаы болып табылмайды:

а) аймақтар іс-әрекетінің сыртқы саясаттың негізгі қағидаларымен және мемлекеттің сыртқыэкономикалық іс-әрекетімен келісімділігі

б) аймақаралық еңбек бөлінісі мен өндіріс интеграциясы негізінде шаруашылық субъектілердің өзара байланысы

в) аймақтардың территорияның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде республикалық бліктен экономикалық тәуелділігі

г) аймақ халқын әлеуметтік нормативтер және кепілдіктермен қамтамасыз ету

д) аймақтық органдардың халықөмірінің деңгейі мен сапасына, материалды-шикізаттық, жер, су, өзге ресурстарды тиімді пайдалануына жауапкершілігі

4. Аймақтық саясаттың бағыттарына жатпайды:

а) өндірісті қолдып, сыртқы және ішкі нарықтарда сұранысқа ие өнім көлемін шығаруды арттыру

б) экономикалық және экологиялық бақылауды күшейтумен экономикалық болашағы жоқ өндірістерге инвестициялық салымдар

в) капиталды шоғырландыру және ірі кәсіпорындарда өндірістік іс-әрекетті жандандыру мақсатында технологиялық өзара байланысты жаңа ұйымдық құрылымдарды құру

г) халықтың жұмысбастылық деңгейін сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, тауар ұсынысын арттыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуын қолдау

д) аймақтың қаржылық ресурстарын, жинақтарды шоғырландыруға және оларды инвестицияларға тиімді түрде айналдыруға қабілетті институционалды инвесторлар жүйесін құру

5. Табыстары орташа республикалық табыстар деңгейінен асатын аймақтарға мыналар жатады:

а) Атырау, Жезқазған, Солтүстік-Қазақстан облыстары

б) Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы

в) Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстары, Алматы қаласы

г) Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстары, Алматы және Астана қалалары

д) Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары

6. Аймақішілік басымдылықтарды анықтау және нарықтық процестерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау мақсатында төмендегі қағида бойынша типология қолданылады:

а) аймақтардың даму деңгейі

б) аймақтардың мамандануы

в) аймақтардағы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ

г) ЖҰӨ мен ЖІӨ ара-қатынасы

д) жауаптардың барлығы дұрыс

7. Ғылыми-өндірістік потенциалы жоғары аймақтар экономикасын реформалаудың басымды бағыттарына жатпайды:

а) технико-экономикалық алға жылжу және шетелдік инвестицияларды қалыптастыру базасы ретінде ірі өндірістік потенциалды әрі қарай қайта құру

б) жаңа технологиялар негізінде (электроника құралдары, ақпараттандыру, автоматтандырылған құрылғыларды шығару) жаңа өнімдерді, машиналар мен құрал-жабдықтарды шығаруды ұйымдастыру

в) өндірістің өрлеуі мен жандануын қамтамасыз ететін алдағы салалық өнеркәсіптердің ірі кәсіпорындарды басқарудың жаңа ұйымдық формасын құру

г) кәсіпорындарды отандық және шетелдік фирмаларға беру, шетелдік консалтингтік фирмалар мен мамандарды тарту, өндірістік және әлеуметтік инфрақұұрылымды территориалдық ұйымдастырудың рационалды деңгейін қалыптастыру, тұтыну нарығын баластау бойынша материалдық базаны құру

д) әлемдік стандарттарға жауап беретін және отандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ететін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды құру (қонақүй, офис ғимараттарын, әуежайларды, байланыс желілерін салу және т.б.)

8. Аймақтардың мамандану қағидасы бойынша сыналар бөліп қарастырылады:

а) стратегиялық сипаттағы минералды ресурс қорларына, ғылыми-өндірістік потенциалды дамытудың интенсивті қарқынына ие, бірақ ауылдарға қатыс

в) агроөнеркәсіптік кешендері елдің азық-түлік қорын құрауда алдыңғы қатарлы болып табылатын аймақтар

г) экстремалды жер қабаты-климаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға,рационалды емес шаруашылық құрылымына, экологиялық дағдарыс аудандарына ие депрессиялық аймақтар

д) жауаптардың барлығы дұрыс

9. Аймақ экономикасын дамыту және қайта құру бағдарламасына енгізілген салалардағы кәсіпорындарды инвестициялау егер кәсіпорын төмендегідей болса ғана жүзеге асырылады:

а) аймақ үшін қосымша табысты құраса

б) кәсіпорында өндірістік еңбек өсімін қамтамасыз ете отырып және оның бәсекеқабілеттілігін арттыра отырып, өндірісті рационалды пайдаланса

в) аймақтардағы импорттың орнын басуды қамтамасыз етсе

г) жауаптардың барлығы дұрыс

10. Ең алдымен, инвестициялар мыналар үшін бөлінуі керек:

а) аймақтың сату және ресурстар нарығымен байланысын қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымын құру

б) электр энергиясымен, сумен, жылумен тұрақты жабдықтау

в) білікті кадрларды дайындайтын білім беру жүйесін дамытып, денсаулық саутау қызметтерімен қамтамасыз ету

г) ғылыми зерттеулердің ашықтығы, инновациялар мен технологияны тиімді пайдалану

д) жауаптардың барлығы дұрыс
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек.Аймақтық саясат саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға ерекше назар аудару. Ең алдымен, аймақтық саясаттың мәнін, қағидалары мен мәселелерін зерттеу. Аймақтық саясаттың негізгі басымдылықтарын зерттеуге ерекше назар аудару.
Тақырып 13. Аймақтардағы экономикалық реформалар процесін басқару

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Төмендегі тақырыптарға рефераттар жазу:

«Экономиканы демонополизациялау және Қарағанды облысында бәсекелік ортаның қалыптасуы»

«Қарағанды облысында меншікті мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру», «Қазақстан аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау»

«Қарағанды облысының қаржылық секторын дамыту»

«Қарағанды облысының нарықтық инфрақұрылымын дамыту».
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Аймақтық саясатты реформалаудың мәні неде?

  2. Аймақтық экономиканы реформалаудың себептері қандай?

  3. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың аймақтық ерекшеліктеріне ықпал ететін факторларды атаңдар.

  4. ҚР аймақтарында бәсекелік ортаны қалыптастыру қалайша жүзеге асырылады?

  5. ҚР аймақтарындағы меншікті мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру ерекшеліктерін атаңдар

  6. ҚР аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау қандай жолдармен жүзеге асырылады?

  7. ҚР аймақтарында қаржылық секторды дамыту кезеңдерін атаңдар

  8. ҚР аймақтарында нарықтық ортаны қалыптастыру мәселелерін атаңдар


Тапсырмалар:

  1. Кестені толтырыңдар:




Аймақ

Нарықтық қатынастар қалыптасуының аймақтық ерекшеліктеріне ықпал ететін факторлар

климаттық

Табиғи-ресурстық

демографиялық

Аймақтың экономикалық құрылымы

Нарықтық қатынастардың өзіндік дамуға қабілеттілігі



















Қорытынды жасаңдар.


  1. Кестені толтырыңдар:




Аймақ

Нарық түрлері






















Қорытынды жасаңдар.


  1. Тақырып бойынша 5 жауаптар нұсқасы бар 10 тестілік сұрақтар құраңдар.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек.»аймақтық экономиканы реформалау» түсінігіне толық анықтама беріңдер. Түрлі аймақтарда экономиканы реформалауды салыстырыңдар. Нарыықтық қатынастардың қалыптасуының аймақтық ерекшеліктеріне ықпал ететін факторларды талдаңдар. Аймақтардағы реформалаудың жекелеген аспектілеріне ерекше назар аударыңдар.
Тақырып 14. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

  5. «Ми шабуылы» семинарына дайындалу

  6. Семинарлық сабақ сұрақтары бойынша топтық жобалар құрастыру

  7. Ғылыми кеңестің отырыс семинарына дайындалу


Өзін-өзін бақылау сұрақтары

  1. Республикадағы қандай аймақтар қандай критериялар бойынша алшақ аудандарға жатқызылады?

  2. ҚР алшақ аудандарында қандай негізгі проблемаларды білесіз?

  3. «Депрессиялық аудандар мен қалалар» нені білдіреді?

  4. ҚР «депрессиялық аудандары мен шағын қалаларының» экономикасында және әлеуметтік саласында қандай проблемалар бар?


Тапсырмалар:

  1. Тақырып бойынша 5 жауаптар нұсқасы бар 10 сұрақ немесе 15 сөзден тұратын кроссворд құраңдар.

  2. Депрессиялық аудандардың аймақтық мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды атаңдар

  3. 12 тақырыптың 2 тапсырмасының кестесін толтырыңдар


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Депрессиялық аудан» түсінігіне толық анықтама беріңдер.Депрессиялық жатқызытаны критерияларды талдаңдар. Аймақтық мәселелерді шешу саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға ерекше назар аударыңдар.
Тақырып 15. Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару

СӨЖ тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  5. тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

  6. семинарлық сабақ сұрақтары бойынша презентация дайындау


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Фрациядағы жергілікті басқару мен өзін-өзі басқарудың орталықтануының жоғарғы дәрежесінің себептерін атаңдар

  2. Француздық аймақтардың ұйымдық құрылымына сипаттама беріңдер

  3. Франциядағы жергілікті басқару аппаратының ерекшеліктері қандай?

  4. Италиядағы әкімшілік-территориялық құрылым қандай?

  5. Италиядағы экономиканы мемлекеттік реттеу қалайша жүзеге асырылады?

  6. Германиядағы мемлекеттік басқару субъектілеріне не жатады?

  7. АҚШ-ғы қандай аймақтық бағдарламаларды Сіз білесіз?

  8. Ресей Федерациясындағы суниципалдық басқару ерекшеліктерін атаңдар.


Тапсырмалар:

  1. Түрлі елдердегі және Қазақстан Республикасындағы муниципалдық басқару жүйлерінің кемшіліктері мен артықшылықтарына салыстырмалы кесте құраңдар.


Тестілік сұрақтар

  1. Контрассигнатура – бұл:

а) үкімет актісіне заң күшін беретін ел басының қолтаңдасы

б) ел басының актісіне нормативтік күш беретін үкімет төрағасының қолтаңбасы

в) ел басының заңдарға қол қою құқығы

г) ел басының жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы

2.Ассиметриялық федерация дегеніміз:

а) федерация субъектілері түрлі мәртебелер мен құқықтарға ие

б) федерациялар субъектілерге қарағанда жоғары өкілеттікке ие

в) субъектілер федерацияға қарағанда жоғары өкілеттікке ие

г) мемлекеттік құрылым ұлттық-территориялық қағидаға негізделген

3. Жергілікті өзін-өзі бақсраудың Еуропалық хартиясы қабылданған:

а) Еуропалық одақ парламентімен

б) Еуропарламентпен

в) Еуропа кеңесімен

г) Еуропадағы қауіпсіздік пен қызметтестік жөніндегі ұйыммен

4. Франциядағы аймақтар:

а) федерация субъектісі

б) ұлттық-мәдени автономия

в) өзін-өзі басқаратын әкімшілік*территориялық бірлік

г) департаменттің өзге атауы

5. Префект – бұл:

а) Италиядағы ел басы

б) Франциядағы үкімет шенеунігі

в) ГФР-ғы жергілікті өзін-өзі басқару басшысы

г) Ұлыбританиядағы әкім лауазымы

6. Маргарэт Тэтчер:

а) қалалық графтылықты құрды

б) жергілікті басқару органдарының өкілеттігін қысқартты

в) жергілікті өзін-өзі басқаруды жойды

г) графтылықтар кеңестерін күшейтті

7. Легислатура – бұл:

а) Франциядағы өзін-өзі басқарудың саулау органы

б) ел басының заңдарға қол қою құқығы

в) орталық әкімшілік бөлімшесі

г) штаттың заң шығарушы органы

8. Магистрат жүйесі нені білдіреді:

а) әкімді тікелей сайлау

б) коллегиалды атқарушы билікті

в) жергілікті шенеуніктерді жоғарыдан тағайындау

г) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ерекше қаржылық өкілеттіктері

9. Делегирленген заңнама – бұл:

а) парламенттің өз өкілеттігін үкіметке беруі

б) үкіметтің өз өкілеттіктерін парламентке беруі

в) парламенттің өз өкілеттігін халыққа беруі

г) ел басының өз өкілеттіктерін үкіметке беруі

10. АҚШ-ғы арнайы округтер:

а) әскери-территориялық бөлініс бірлігі

б) үнді резервацияларының өзгеше атауы

в) федералды территориялар

г) функционалды өзін-өзі басқарушы территориялар

11. Батыс муниципалитеттерінің бюджетінің кіріс бөлігіндегі салықтар орташа мынаны құрайды:

а) 5-10%

б) 10-15%

в) 30-40%

г) 70-80%

12. Аталған актілердің біреуі делегирленген заңнама актісі болып табылмайды:

а) ордонанс

б) декрет-заң

в) үкімет қаулысы

г) билль

13. Префектурада қызмет ететін француз шенеунігі мынаған жатады:

а) мемлекеттік қызметкерге

б) жергілікті қызметкерге

в) медициналық қызметкерге

г) қызметкер болып табылмайды

14. РФ-да басқару формасы мынаған жақын:

а) АҚШ

б) ГФР

в) Ұлыбритания

г) Франция

д) Канада

15. Ұлыбританиядағы қауымдастықтар палатасына сайлау өткізіледі:

а) мажоритарлық жүйе бойынша

б) пропорционалды жүйе бойынша

в) аралас форма бойынша

г) мұрагерлік қағида бойынша құрылады

16. ГФР-гі жер презумпциясы мынаны білдіреді:

а) өкілеттіктер ең алдымен жерлермен жүзеге асырылуы керек

б) жерлер мен федерациялар өкілеттіктері бөлінген

в) барлық жерлер бірдей мәртебеге ие

г) жерлердің федерациямен қызмет ету міндеті

17. ГФР-дың аталмыш әкімшілік-территориалдық бірлігінде өкілетті органдар жоқ:

а) қауымдастық

б) аудан

в) округ

г) аудан мәртебесіне ие қала

18. Француз департаменттеріндегі өкілетті орган бұл:

а) аймақтық кеңес

б) генералды кеңес

в) муниципалды кеңес

г) мемлекеттік кеңес

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабаққа дйындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек.Осы тақырыпты талдау айтарлықтай өзіндік жұмысты талап етеді. Мемлекеттік құрылғысы әртүрлі елдердегі муниципалды басқару ерекшеліктерін қарастырыңдар. Муниципалды басқарудың түрлі жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңдар.

1   2   3

Похожие:

ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Жаңа технологиялар және аралық оқыту бойынша проректор, п.ғ. д., профессор Ибышев Е. С
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Бірінші проректор – оқу-әдiстемелiк жұмыс бойынша проректоры, э.ғ. к., профессор Бугубаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
«Оқытушылар арасында оқу жүктемесін есепке алу және тарату» ақпараттық жүйесін құру
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
Жоғары оқу орынында ақпараттық жүйе құру. «Студенттер үлгерімін есепке алу» ішкі жүйесі
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағы
В0508 (050508) Есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын құрастырушы э.ғ. к., ҚҚэу профессоры Мәдиева...
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
ҚазтұтынуодағЫ iconҚазтұтынуодағЫ
Бірінші проректор- оқу-әдістеме жөніндегі проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница