Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Скачать 242.26 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации15.02.2013
Размер242.26 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4






Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы « 20 » желтоқсандағы

№413 қаулысымен бекітілген


Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны

  1. Миссиясы және көрінісі...................................................................................3

  2. Ағымдағы ахуалды талдау..............................................................................4

3.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаты

мен міндеттері..........................................................................................................6

4.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және болуы

мүмкін қатерлер....................................................................................................10

5.Нормативтік құқықтық актілер........................................................................12

6.Бюджеттік бағдарламар....................................................................................14
1.Миссиясы және көрінісі

Миссиясы: Азаматтардың қауіпсіз өмір сүру және қолайлы тіршілік ету ортасын құруға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, бақылау және талдау, құрылыс өндірісінің сапасын арттыруға, әкімшілік шаралар қолданудан алдын-алу профилактикалық жұмыстар мен құрылыс қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізуге өту.
Көрінісі: Шаруашылық субъектілерімен жұмыс жобаларының, құрылыс нормалары және ережелерінің міндетті талаптарының орындалуы, мемлекеттік нормалар мен стандарттарға сай жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлы-құрылыс өндірісіне қол жеткізу. Сонымен бірге құрылыстың барлық сатысында қауіпсіздік пен жоғары сапаға және пайдалануға берілгеннен кейін де жергілікті жерге лайықты қайталанбас сәулетті көрінісі мен нақышын жасауда сапаға қол жеткізу.
2.Ағымдағы ахуалды талдау
Қазіргі таңда өңіріміздегі құрылыс саласында шешімін таппай отырған негізгі мәселенің бірі жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасының төмен деңгейі болып отыр, өйткені, өз кезегінде түпкі тауарлы-құрылыс өнімінің пайдалану сипаттамасына, салынған қаражаттың экономикалық тұрғыдан тиімділігін төмендете отырып әсер етіп, нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне қиындықтар туғызуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы міндеттерді шұғыл шешу мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне құқық беретін рұқсаттарды және нысандарды пайдалануға қабылдау механизмдерін бір ізге түсірді, құрылыс материалдарының сапасын бұзып-жоймастан бақылау әдісімен анықтайтын жаңа заманауи өлшегіш құралдарын, компьютерлер мен көбейткіш техника, фотоаппараттар, салынып жатқан нысанның басына барып құрылыс сапасына жедел бақылау жасайтын шұғыл-көшпелі қызмет құрылды. Ағымдағы жылы басқармамен құрылысы салынып жатқан және құрылысы аяқталған 540 нысанға зерттеулер жүргізілді. ҰҚК сұранысы бойынша 400 тұрғын үй құрылысын салып жатқан 30 мердігер ұйымдарға тексеру жұргізілді. Тексеру нәтижесінде көптеген антисейсмикалық нормалар талаптарын бұзушылық, жұмыс өндірісінің технологиясының сақталмауы, жобадан өрескел ауытқу сияқты заңбұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекеттегі нормативтік техникалық құжаттардың талаптары негізінде дайындалған сапа деңгейін анықтауда бірыңғайлы методологиялық негізді ұйымдастыру мақсатында елеулі ақаулар мен жойылмайтын ақаулардың түрлеріне қарай классификациялау енгізілді.

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысынан соғылып жатқан нысандар құрылысын бақылау баса назарға алынып отырды, өйткені көптеген тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы сын көтермей, тұрғындар тарапынан шағымдар да түсіп жатты.

ОҚО бойынша үлескерлердің ақшасын тарта отырып тұрғын үйлерді салуға 6 компания құрылыс қызметін ұйымдастырып жүзеге асырды: «GUCLU ASTANA» ЖШС Шымкент филиалы, «Компания Мейсад», «Корпорация Бастау» ЖШС, «Отау-строй» ЖШС, «Марс-строй»ЖШС, «Эристайл Казахстан» ЖШС. Бүгінгі таңда «Корпорация Бастау» ЖШС, «Отау-строй» ЖШС, «Марс-строй»ЖШС нысандарды пайдалануға берді, «Эристайл Казахстан» ЖШС пайдалануға қабылдау туралы актісін рәсімдеп жатыр, «GUCLU ASTANA» ЖШС құрылыс жұмыстарын жалғастыруда.

«Компания Мейсад» ЖШС қаржы тапшылығынан жұмысын тоқтатты. ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастамасымен облыстық прокуратура мен ОҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментімен бірлесе отырып «Компания Мейсад» ЖШС үлескерлер қаржысының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді.

«Таза су» бағдарламасының әлеуметтік маңызын ескере отырып, Шардара, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Түркістан аудандары прокуратурасымен бірлесе отырып 2005 жылы құрылысы басталған су құбырлары мен су тораптарының құрылысына кешенді тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде анықталғандай жобалау құжаттамаларының өзі төмен сапамен дайындалған, су тартқыш құбырларды тартуда технологияның сақталмауынан ауыз су сапасы көңіл көншітпейді, геологиялық ізденістердегі берілген деректермен субұрғылау орындарындағы сәйкестік дәлелденбейді.

Басқарманың әкімшілік комиссиясында 2008 жылы 173 іс қаралып, 11056936 теңге әкімшілік айыппұл салынды, оның 8402936,0 теңгесі өндірілсе, қалғаны мәжбүрлеп өндіруге сот органдарына өткізілді.

Құрылысы салынып жатқан нысандардағы жүргізілген инспекциялық тексерулер көрсеткендей, құрылыс материалдарының тапшылығы жоқ бола тұрса да, ғимараттарды салуда жіберілген кемшіліктердің негізінен жұмыс жобасының міндетті сақталуы тиіс талаптары мен құрылыс нормаларының сақталмауы, атап айтқанда құрылыс құрылғыларының технологиялық кезеңінің ауытқуы, арматуралық каркастарының геометриялық өлшемдерінің жазықтық және көлемдік өзгерістерге ұшырауы, темір бетон денелерге жобадан ауытқи отырып қондырылуы. Кірпіш қабырғалар мен бөлініп қойылған аралықтардағы әлсіз армирлеу немесе шамадан тыс ұлғаюы, кірпіштерді қалауда тік және көлденең тігістердің нормативтен жоғары болуы сияқты жағдайдар. Құрылыс жұмыстарының төменгі және орта буынында жүріп жатқан жұмыстар құрылыс қондырғыларының жобадағыдай орналасу реті мен орны туралы, олардың өзара байланысы туралы мағлұматтан жұрдай арзан қол жұмыс күшімен орындалып жатқанын айтуға болады.

Жобалауда және құрылысты салуда жіберген кемшіліктер мен қателердің, осы құрылысы салынып жатқан, құрылысы біткен нысандар бойынша жасалған мониторинг көрсеткендей, нысандарды пайдалануға берілген 1-ші жылдың өзінде-ақ білініп жатады. Пайдалануына бірқатар жылдар өткеннен кейін болған апаттар немесе тұрақтандыру кезеңінен кейінгі апаттардың да осы жобалауда жіберілген кемшіліктердің салдарынан туындаған, оны уақыт озған сайын конструкциялардағы әлсіреу салдарынан болған немесе жобадағы қарастырылған конструкциялардың төзімділік қорының азаюы.

3. 2010-2014 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері

Атауы

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлау кезеңі







2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

1.Стратегиялық бағыты ОҚО-ғы құрылыстың және жобалаудың сапасын көтеру

1.1. мақсаты Сәулет-құрылыс бақылауын күшейту

Мақсаттың индикаторы: құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісінде және жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу барысындағы жіберілетін кемшіліктердің санын азайту

Жіберілетін кемшіліктердің санын азайту

%

0

3

5

6

9

12

15

Міндет 1.1.1. Жүргізілген құрылыс- монтаж жұмыстарының және жобалау-сметалық құжаттамалырының сапасын арттыру

Анықталған кемшіліктердің саны

бірлік

301

415

-

-

-

-

-

Міндет 1.1.2. Түсіндірме-профилактикалық жұмыстардың көлемін ұлғайту

БАҚ-та жарияланатын материалдар саны, өткізілетін техникалық мәжілістер, дөңгелек үстелдер

бірлік

3

9

10

11

12

13

14

2.Стратегиялық бағыт. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметіндегі бизнеске әкімшілік кедергілерді жою және әкімшілік салмақтарды түсіруді азайту

2.1. мақсаты Рұқсат беру жүйесін оңайлату және тексерулер жүргізудің санын қысқарту

Мақсаттың индикаторы: ҚР қолданыстағы заңдарымен бекітілген құрылысты салуға рұқсатты және лицензия алуға құжаттарды қарау мерзімін қысқарту

Міндет 2.1.1. Басқарма қызметкерлерінің құжаттарды алғаш рет қабылдап қарау барысында сапалы орындауы

Рұқсат алу құжаттамалары бойынша алғашқы құжаттарды қарау барысындағы теріс нәтижелер

%

100

95

90

85

80

75

70



Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттерінің мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру барысында бағытталған мемлекеттік органның қызметі

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

Стратегиялық бағыты 1. ОҚО –ғы күрделі құрылыстың және жобалаудың сапасын көтеру

Мақсат 1.1. Сәулет-құрылыс бақылауын күшейту

3-ұзақ мерзімді басымдық

«2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ-ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау.»
Өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуетті және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру негізінде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
«...құрылыстың сапасын арттыру мен құрылыс нысандарына қызмет көрсету мәселелерін, тұрғын үйлердің берілу мерзімінің орындалуын бақылауға алу».

«Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына ел Президентінің Жолдауы


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығы

«Нұр Отан» ХДП сайлау алды тұғырнамасының Ережелері

Стратегиялық бағыт 2. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметіндегі бизнеске әкімшілік кедергілерді жою және әкімшілік салмақтарды түсіруді азайту

Мақсаты 2.1. Рұқсат беру жүйесін оңайлату және тексерулер жүргізудің санын қысқарту

«Жетінші. Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру.

Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат-50-ден астам заңда көзделген түрлі-түрлі тексерулер болып отыр.

Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бірнеше рет «тексеруге» мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келеді. Құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың тексерулерінің санын едәуір қысқартып, ретке келтіру керек».

Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».

  1   2   3   4

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарына арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттар,мақсаттар, міндеттер және мемлекеттік органы қызметінің көрсеткіштері …
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы және пайымдауы
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница