Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының




Скачать 64.97 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Дата конвертации17.11.2012
Размер64.97 Kb.
ТипДокументы


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2012 жылғы ___ _______ № _____
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Екінші деңгейдегі банктердің

кредиттік портфельдерінің сапасын

жақсартуға мамандандырылған ұйымның

күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды

және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын,

сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді

және үмітсіз активтерге қойылатын

талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы

24 ақпандағы № 46 қаулысына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7571 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларында:

1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мына ұғымдар қолданылады:

1) күмәнді және үмітсіз активтер – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 ереже) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;

2) банк – жарғылық капиталдарындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;

3) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны – тәуелсіз бағалаушы айқындайтын, Ұйымның тәуекелдерімен және шығыстарымен байланысты дисконтын шегергендегі құны;

4) дисконт Ұйымның тәуекелдері мен шығыстарын, оның ішінде:

қамтамасыз етудің (құнсызданудың) құнын төмендету тәуекелдерімен;

иемденетін активті бағалау шығыстарымен;

қамтамасыз етуді ресімдеу және өткізу, оның ішінде сот арқылы және соттан тыс өткізу, мемлекеттік баж салығын төлеу, соттан тыс өткізу кезіндегі аукциондық алым шығыстарымен;

консультанттардың заң қызметтеріне (тартуға) жұмсалатын шығыстармен;

кепіл мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде кепіл мүлкін сақтандыру және күзету қызметтерінің ақысын төлеу шығыстарымен;

мүлікті күтіп ұстау, оның ішінде коммуналдық қызметтердің, мүлік және жер салығын төлеу шығыстарымен;

бағалы қағаздарды эмиссиялау шығыстарымен;

сенімгерлік басқару шығыстарымен;

күмәнді және үмітсіз активтерді иемдену шығыстарымен байланысты тәуекелдері мен шығыстарын құрайды.

2. Ұйым иемденетін күмәнді және үмітсіз активтердің құны мына тәсілдердің бірімен анықталады:

1) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны бойынша;

2) осы актив бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтің баланстық құны бойынша;

3) осы актив бойынша қалыптастырылған провизияларды есептемегендегі күмәнді және үмітсіз активтің баланстық құны бойынша.

Ұйым иемденетін күмәнді немесе үмітсіз активтің құнын айқындау тәсілін таңдайды.

3. Егер Ұйым жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ұйымның сатып алуына банк ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін белгілесе, банк осындай бағалауды жүргізу шығыстарын өтейді.»;

6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«6. Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді дисконт қолданылған құны бойынша не баланстық құны бойынша иемденген кезде, Ұйым иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірісті алады не иемденген күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстарды толық көлемде көтереді.

Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептемегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді баланстық құны бойынша иемденген кезде, иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірістер не күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстар ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерін берген банк пен Ұйым арасында Ұйым осы банктің келісімімен айқындайтын арақатынаста бөлінеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Иемденетін күмәнді және үмітсіз активтерге тәуелсіз бағалау жүргізуді мынадай критерийлерге сәйкес келетін тәуелсіз бағалау компаниясы жүзеге асырады:

мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау, сондай-ақ ) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;

бағалау қызметі нарығында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мүшелерінің құрамына кіргізілген елде бас офисінің болуы;

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі – ХҚЕС) және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық сертификациясы бар кемінде 3 (үш) маманның болуы.»;

2-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

1) банк – жарғылық капиталдарындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;

2) жылжымайтын мүлік – салынып жатқан немесе пайдаланып жатқан коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлігі, жер учаскелері;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 ереже) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;

4) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – Қазақстан Республикасына Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттіктері берген рейтингтер;

5) шарт – Ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді иемденуді көздейтін Ұйым мен банк арасында жасалатын шарт.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұйым:

1) қарыз тұтынушы болып табылған;

2) қарыз тұрғын үй, тұрғын үй кешендерін салуға берілген;

3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне сәйкес келетін немесе асып кететін кредиттік рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – эмитенттері шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлік және мүліктік құқық не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымында шектеулі мүлік кепіл мәні болып табылған;

4) қарыз бойынша жалғыз кепіл түрі:

жылжымайтын тұрғын үй;

аяқталмаған құрылыс объектілері, қайта салу кезеңіндегі объектілер;

компьютер жабдығы және техника;

жиһаз;

арнайы техника;

айналымдағы тауарлар;

болашақта түсетін мүлік;

жер қойнауын пайдалану құқығы;

авторлық құқық;

лицензиялар;

патенттер;

талап ету құқықтары;

жерді пайдалану құқығы;

жалдау құқығы;

тауар белгісіне арналған құқық;

үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілдемелері болған жағдайларды қоспағанда, банктерден қарыздар бойынша талап ету құқығын сатып алады.

Ұйым:

жылжымайтын тұрғын үйді, кепілдіктер мен кепілдемелерді қоспағанда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген, жиынтық мөлшері қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 10 (он) пайызынан аспайтын кепіл мүлкінің түрлерімен;

қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшердегі жылжымайтын тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша талап ету құқығын сатып алады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 
Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек №111 Қазақстан Республикасының
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер
Республикасының Заңына сәйкес және қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдерді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2009 жылғы 24 тамыз №77 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2008 жылғы 28 қараша №93 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница