Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар




НазваниеКеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации16.02.2013
Размер35.5 Kb.
ТипДокументы
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Кеңсай ауылдық округ әкімі 5 елді мекенді құрайды. халықтың 99 пайызы қазақтар.

Ауыл әкімі аумағында 2 орта, 2 орталау,1 мәдениет үйі,1 байланыс бөлімі халыққа қызмет көрсетеді.округ аумағындағы 4 мектепте 454 оқушы білім алуда, олардың 189 –ы тұрақты ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы Жарсу орта мектебінінің спорт залы, Саржыра орталау мектебіне бюджеттен қаражат бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл әкімі аумағында 185 шаруа қожалықтары жұмыс атқарады.

Олар негізінен мал және егін шаруашылығымен шұғылданады.

2011 жылдың көктемінде ауылшаруашылық құрылымдары 585 га жерге дәнді астық септі. Оның ішінде 525 га бидай, 10 га сұлы, 10 га арпа, 30 га тары, 103 га овощ, 107 га картоп, 42 га бақша, 83 га көкеніс егілді.

Округ бойынша сәуір-мамыр айлары тазалық айлығы болып жарияланып, арнайы шаралар жасалды. Бүгінгі күнге дейін округ бойынша ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді және жүргізіліп жатыр. Жалпы жиыны 1750 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Аптаның әр жұмасы тазалық күні болып жарияланған. Бұл күні барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Округ бойынша «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына-20 жарқын іс» акциясы аясында біршама жұмыстар атқарылды.

- Кеңсай елді мекенінің кіре берісіне қақпа орнатылды.

-Кеңсай ауылында 5 жерге баннер ортатылды.

- Кеңсай ауылындағы Мырзаш Алдиярұлы көшесіне жазғы спорт алаңы жасалып( 8400 шаршы метр) , сырты темір сыммен қоршалып, оның айналасына 700 түп ағаш көшеттері отырғызылды. 190 метр жүгіру алаңына асфальт төселді.

- «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде Кеңсай ауылындағы Әділхан Тлеубаев көшесіне жалпы ұзындығы 700 метр жерге тас қиыршықтары төселіп,1,3 млн.теңгенің демеушілік көмегімен көше жөнделді.

- Сондай-ақ Жарсу ауылындағы Ү.Торғауытова және К.Қымызбаев атындағы көшеге демеушілік арқылы 7 млн.теңгенің инвестициясы құйылып, аудандағы «Зайсан» құрылыс компаниясы

( Б.Нұрасыл) «СМУ-Шығыс» ( Қ.Әбжанов) , «Тазалық» ( Д.Тлеубердин ) , «Аудандық суландыру мекемесі» (Ә.Қожекенов) және ауыл тұрғындарынының күшімен тас қиыршықтары төселіп жөнделді.

- 2011 жылдың маусым айында мектеп және мәдениет үйі қызметкерлерінінің күшімен Кеңсай ауылындағы мәдениет үйі жанындағы би алаңы жөнделіп іске қосылды. Мәдениет үйінде тұрақты ауыл тұрғындарымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Кеңсай орта мектебі жанынан су бұрқағы жасалып, мектеп ауласында альпенариум іске қосылды. Округке қарасты барлық елді мекендерде көгалдандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Соның нәтижесінде округ бойынша: Кеңсай орта мектебіне «Үлгілі мекеме» Тайтүгіл көшесіне «Үлгілі көше», және 15 тұрғын үйге «Үлгілі үй» номинациялары берілді.

- Саржыра ауылындағы мектеп үйінің маңайы жалпы ұзындығы 500 метр жер талмен қоршалып жөнделді. Мектеп жанынан «Тәуелсіздік алаңы» ашылды.

- Бакасу елді мекенінде мал қамайтын орын және мектеп жанынан саябақ ашылып, іске қосылды.

Округке қарасты барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Соның нәтижесінде аудан бойынша жарияланған тазалық айлығында Кеңсай ауылдық округ әкімі 2 орынды иеленіп, ақшалай силыққа ие болдық.

-Жарсу ауылында наубайхана құрылысы, Саржыра ауылында аралас сауда дүкені құрылысы басталып салынып жатыр.

Округ бойынша тұрақты 5 сауда нүктесі жұмыс істейді., Олардағы бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басында ынтымақтастық меморандумына отырып тұрақты түрде азық-түлік бағаларынының инфляциясын тұрақтандыру мақсатында округ бойынша сатылатын жеміс- жидек, көкеніс, және т.б ауылшаруашылылық өнімдерін аудандағы базарларда саудалаудың ұйымдастыру тұрақты жүргізілуде.

Округ аумағында туберкулез ауруымен ауыратын 6 адам шаруа қожалықтары және кәсіпкерлерге бекітіліп, олардың денсаулығын

сауықтыру мақсатында да жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылдың басылымдарына жазылу науқаны да округ бойынша ойдағыдай жүргізілді. Соның нәтижесінде: ауыл тұрғындары 97 дана «Егемен Қазақстан», 110 дана «Дидар», 45 дана «Семей таңы», 15 дана «Рудный Алтай» 5 дана «Казахстанская Правда» және 328 дана аудандық «Достық» газеттеріне жазылдық.

Округ бойынша ауылшаруашылық құрылымдары мен ауыл тұрғындары мамыр айынан бастап қолдарында бар 28 табын ірі қара, 19 табын қой-ешкі, 10 табын жылқы малдарын жайлау төріне шығарды.

Жаз бойын округ бойынша 3 жерде бие сауылып, халыққа қымыз саудаланды. Ал «Ынтымақ» шаруа қожалығы (Жиенбаев Оралбек) жыл көлемінде ал «Баянды» шаруа қожалығы (Есимжанов Ермек) маусым-қазан айларында қымыз өндіріп аудан халқына саудалауда.

Округ бойынша 2011 жылдың барлық түрлері бойынша салық түсімдері 105 пайызға орындалды.

Округ бойынша Кеңсай ауылындағы ауылдық ауруханада әлеуметтік дәріханаға арнайы бөлме жабдықталып, жұмыс істеуде.

Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алуда да тұрақты жұмыстар атқарылуда. Барлық елді мекендерде халық жасақшылар тобы жұмыс істейді.

2011 жылдың 3 сәуірінде болған кезектен тыс Президент сайлауына округ сайлаушылары ұйымшылдықпен қатысып, 03.04.2011 күні сағат 9.00-де округ сайлаушылары толық дауыс беріп, сайлау аяқталды. Соның нәтижесінде Елбасына сайлаушылардың 99 пайызы дауыс берді.

2011 жылдың 30мамыр-03 маусымы аралығында «Ауылдың гүлденуі- Қазақстаннның гүлденуі» атты акцияға 13 жастар қатысып, біршама жұмыстар атқарылды.

Похожие:

Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconСартерек ауылдық округінде 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАйнабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы
Оқушы саны – 436. Биыл мектепті 42 оқушы бітіріп, 2010-2011 ж ж оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 91 балды...
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница