2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы




Скачать 65.75 Kb.
Название2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
Дата конвертации16.02.2013
Размер65.75 Kb.
ТипДокументы


2012 жылғы 16.03. № 113 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрлігінің Құрмет грамотасы,

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрінің алғыс хаты және бағалы сыйлық

туралы

Қызметкерлерді қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, творчестволық белсенділігі, мінсіз қызметі үшін марапаттау және еңбегі үшін көтермелеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелерінің мәртебесін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты және бағалы сыйлық туралы Ереже бекітілсін.

2. Экономика және қаржы, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменттері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бюджетінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты бланкілерін жасауға қажетті қаржыны қарастырсын.

3. Бұйрық Министрліктің орталық аппараты, Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бойынша комитеті, Мемлекеттік материалдық резерв бойынша комитеті аппаратары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері, әскери бөлімдер, жедел құтқару жасақтары, Көкшетау техникалық институты, республикалық дағдарыс орталығы, апаттық медицина орталығы мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар қызметкерлерінің назарына жеткізілсін.

4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат жетекшісі С. Оқасовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі В. Божко

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2012 жылғы «7» наурыздағы

№ 113 бұйрығымен

Бекітілді

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты және бағалы сыйлық туралы Ереже

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты және бағалы сыйлық (ары қарай – Құрмет грамотасы, Алғыс хат және бағалы сыйлық) туралы Ереже Құрмет грамотасы, Алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапаттау тәртібі мен жағдайын реттейді.

2. Құрмет грамотасы, Алғыс хат және бағалы сыйлық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің қызметкерлер мен еңбек ұжымдары, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, творчестволық белсенділігі, мінсіз қызметі, бастамашылық, басқа да жұмыстағы табыстары мен сіңірген еңбегі үшін марапаттау мен көтермелеудің бірден-бір нысаны болып табылады.

3. Құрмет грамотасымен белсенді қоғамдық қызметтері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы айтарлықтай жетістіктері, әскери және басқа мемлекеттік қызметтегі қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің қызметкерлер мен еңбек ұжымдары марапатталады.

4. Алғыс хатпен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттері бойынша жұмыстардағы жетістіктері мен қатысқаны, белсенді қоғамдық қызметтері үшін, сондай-ақ елеулі оқиғалар мен ұлттық мерекелерге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің қызметкерлер мен еңбек ұжымдары марапатталады.

5. Бағалы сыйлықпен (оның ішінде ақшалай сыйақы) лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз қызметі, қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің қызметкерлер мен еңбек ұжымдары, сондай-ақ елеулі оқиғалар мен ұлттық мерекелерге байланысты марапатталады.

6. Марапат құжаттары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ары қарай - Министрлік) кадр қызметіне ұсынылады, оларды кадр қызметі қарайды және Министрлікте турақты негізде құрылған Министрліктің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (ары қарай - Комиссия) қарауына ұсынады.

7. Комиссия құрамы және оның Ережесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (ары қарай - Министр) бұйрығымен бекітіледі.

8. Марапатқа ұсыну үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде марапат парағы ұсынылады.

9. Марапат парағында үміткерді (ұжымды) сипаттайтын мәліметтер, оның, ол басқаратын бөлімшедегі жұмыс нәтижесі мен сапасы, бекітілген учаскеге жаңа технологиялар енгізуі мен қолдануы, жалпы еңбек өтілі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесіндегі еңбек өтілі көрсетіледі. Марапат парағына ұйымның басшысы қол қояды және мөрімен бекітеді.

10. Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатттау туралы марапат парақтары мемлекеттік, кәсіби, басқа да мейрамдар мен мерейтойларды мерекелеуге байланысты, Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен белгіленген қызмет өтілінің толуымен, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, творчестволық белсенділігі, мінсіз қызметі, бастамашылық, жұмыстағы басқа да табыстары мен сіңірген еңбегі үшін қаралады.

11. Тәртіптік жазалары бар қызметкерлер белгіленген тәртіппен жазасы алынғанға дейін Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттауға ұсынылмайды.

12. Қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылушы және марапаттау кезінде ақталмаған қызметкерлерді марапаттауға ұсынуға рұқсат берілмейді.

13. Егер Министрлік органдары мен бөлімшелері қызметкерінің Министрлік жүйесіндегі еңбек (қызмет) өтілі 2 жылдан кем болған жағдайда Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттауға ұсынуға болмайды.

14. Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттау Министрдің бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

15. Бағалы сыйлықпен (ақшалай сыйақымен) марапаттау Министрлікті ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

16. Құрмет грамотасын, Алғыс хатты және бағалы сыйлықты марапатталушыға, жеке, салтанатты жағдайда, марапаттау туралы бұйрықты жариялағаннан кейін, Министр немесе Министрдің атынан Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен кәсіпорындар басшылары табыстайды.

17. Берілген Құрмет грамотасы, Алғыс хат және бағалы сыйлықтар есебін Министрліктің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтері жүргізеді.

18. Кадр қызметі қызметкерлерімен бұйрықтың күні мен реттік саны көрсетіле отырып, қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке ісіне марапат туралы мәлімет енгізіледі.

_____________________

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Құрмет грамотасы,

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаты және бағалы сыйлық туралы Ережесінің қосымшасы

МАРАПАТ ПАРАҒЫ

1. Аты, әкесінің аты, тегі_____________________________________________

2. Қызметі, жұмыс орны, лауазымы, ____________________________________________________________________________________________________________________________________
        (бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның нақты атауы көрсетіледі)

3. Жынысы_________________________________________________________
4. Туған жылы мен жері _____________________________________________
5. Ұлты ___________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, атағы ___________________________________________
8. Қандай мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған және марапатталған күні ____________________________________________________________________________________________________________________________________


9. Мекен-жайы _____________________________________________________
10. Жалпы еңбек өтелі _______________________________________________
11. Саладағы еңбек өтелі ____________________________________________
12. Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтелі ________________________________
13. Марапатталушыға мінездеме, нақты сіңірген еңбектері көрсетіледі. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Кандидатурасы____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ қаралды және мақұлданды
(кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы, талқыланған күні, хаттаманың реттік саны)
_____________________________________________________ ұсынылады.

                                           

                                           Мекеменің, ұйымның басшысы
                                            _________________________
                                                    (қолы)       
                                            _________________________
                                                    (аты - жөні)     

   

                                                       М.О.
                                             "__" __________ ____ ж
                                                 (толтырылған күні)

      Ескерту: марапатталушының аты-жөні жеке куәлігі бойынша жазылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы көрсетіледі.



Похожие:

2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconТөтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, төраға орынбасары (келісім...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мәжілісінің хаттамасы
Стратегиялық жоспарының (бұдан әрі- министрліктің Стратегиялық жоспары) негізгі бағыттарын нәтижелі іске асыру мақсатында Қазақстан...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасындағы Өрт қауiпсiздiгi ережесiн бекiту туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2006 жылғы 8 ақпандағы n 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы n 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚаралатын күні мен уақыты Соттың А. Ж. Т. Іс бойынша тараптар
«Қр төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі»...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне және Қазақстан Республикасының...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазахстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және ШҚо тжд «ӨС және АҚЖҚ»
Жоспарын және Аягөз ауданының тжб жұмысын жетілдіру мақсатында Аягөз ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен ҚР «Өрт қауіпсіздігі...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconӨртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы n 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі...
2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница