Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау




Скачать 123.01 Kb.
НазваниеБағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау
Дата конвертации16.02.2013
Размер123.01 Kb.
ТипДокументы

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау




Лицензиар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

мекен-жайы: Қазақстан Республикасы
050000, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67
тел: 7 (3272) 788–104
Web-сайт: www.afn.kz

Лицензия алуға арналған құжаттар тізбесі

1. Өтініш иесі бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 1-тармағында көзделген мынадай құжаттарды береді:

1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

3) заңды тұлға есебінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының, сондай-ақ статистикалық карточканың нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

4-1) өтініш берушінің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын құжаттар;

5) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және мұндай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;

6) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;

6-1) зейнетақы активтерні инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы – заңды тұлға үшін –Агенттік Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (бұдан әрі - №55 қаулы) тізбесі белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің біреуі берген талап етілетін барынша төмен рейтингі бар болғандығы туралы мәліметтерді;

6-2) бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есепті, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы өтініш берушінің акционерлер - заңды тұлғаларының капиталындағы өзгерістер туралы есепті (көрсетілген талап мемлекет және ұлттық басқарушы холдингі, сондай-ақ клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығы жоқ  брокердің және (немесе) дилердің, тіркеушінің, акционерлік қоғамнан өзге ұйымдық-құқықтық нысанда жұмыс істейтін трансфер-агенттің атынан акционерлерге қолданылмайды).

Өтініш берушінің акционері болып, тізбесі  № 55 қаулысында белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға акционері табылған жағдайда өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы қаржылық жылына аудиторлық ұйымымен расталған қаржылық есебі мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басшы қызметкерлерді келісілу үшін ұсынылатын құжаттарды;

9) қызметкерлердің фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;

10) бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;

11) тексерулерді жүргізу тәртібін, кезеңділігін және бақылау органының есеп жасау мерзімдерін анықтайтын өтініш берушінің бақылау органы туралы ереже (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарын ұсынған өтініш берушілерді қоспағанда);

12) құрамы туралы мәліметтерді (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алуға үміткер өтініш берушілер үшін) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;

13) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті программалық-техникалық құралдарының және өзге жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:

жабдықтарды жеткізу шарты;

жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісі;

лицензиялардың санын көрсете отырып, программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;

программалық қамтамасыз етуді қабылдау-тапсыру актісі;

қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі құжаттар (ақпаратты резервілеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).

Программалық өнімді дербес әзірлеген жағдайда не программалық өнімді басқа тұлғамен өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын программалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базаларын басқару жүйелері), версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.

Құжаттардың көшірмелері бірінші басшының қолымен және  өтініш берушінің мөр таңбасымен расталады;

14) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;

15) өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;

16) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар.

2. Өтініш иесі бағалы қағаздар рыногындағы қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін 1), 2), 10), 12), 16) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды береді.

Біліктілік талаптары

1. Өтініш иесі лицензия алу үшін «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 48-бабымен белгіленген мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

1) өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:

лицензияны алу мақсаттары;

қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;

қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;

қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;

қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;

инвестициялық саясат, компания қызметін қаржылан­дыру көздері;

өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;

2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;

3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;

4) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.

2. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар:

1) бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген екі және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтің әрбір түрі бойынша жекелеген бөлімшелерден тұруы тиіс.

2) Лицензиат бөлімшелердің бірінің қызметкерлеріне басқа бөлімшелердің қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін орындауды жүктеуге құқығы жоқ.

3. Бағалы қағаздар рыногындағы қосымша қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алу талаптары мыналар болып табылады:

1) уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында қызмет атқаратын ұйымдар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерін лицензия алуға өтініш білдірген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде орындау;

2) лицензия алуға өтініш білдірген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде санкциялардың болмауы.

4. Брокерлер және дилерлер банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін құжаттарды Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру жөніндегі 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 ережесіне сәйкес береді.

Жарғы капиталы

Мыналар үшін жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін:

1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және тиісті лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 200 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 сәуірден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 300 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;

2) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 70 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 140 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;

3) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 60 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 100 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;

4) инвестициялық портфельді басқару жөнінде қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті тиісті лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 70 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 140 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;

5) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 100 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 200 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;

6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 60 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 сәуірден бастап;

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 70 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;

7) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 140 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 желтоқсаннан бастап;

8) трансфер-агент қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 100 еселік мөлшерінде.


Лицензияны беру мерзімдері

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күн ішінде қаралады.

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары лицензия алуға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Лицензиялық алым

Брокерлік қызмет үшін 30 АЕК;

Дилерлік қызмет үшін 30 АЕК;

Бағалы ұстаушылар тізілімі жүйесін енгізу жөніндегі қызмет үшін 10 АЕК;

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі жөніндегі қызмет үшін 30 АЕК;

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет үшін 30 АЕК;

Кастодиан қызметі үшін 30 АЕК;

Трансферагенттік қызмет үшін 10 АЕК;

Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет үшін 10 АЕК.


Жан-жақты қарау

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Заңы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының №461-II Заңы

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының №415-II Заңы

«Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының №145-IIІ Заңы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесі

«Бағалы қағаздар рыногында кәсiби
қызмет түрлерiн қоса атқару туралы
» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы 317 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесі. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысымен бекітілген Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі

Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 197 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Похожие:

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер)...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconҚазақстан қаржы нарығының құрылымындағы бағалы қағаздар нарығы Е. А. Дәрібаев
Көпшілік жағдайда соңғысы кәсіпорындар мен корпорациялардың ссудалық капитал нарығында қаржы-несиелік институттармен және бағалы...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу
Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздарды...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconБанктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconҚРӘМ №5371 24. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Тік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын...
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының қызметін лицензиялау iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница