Бизнестiң жол картасы 2020




НазваниеБизнестiң жол картасы 2020
страница1/4
Дата конвертации16.02.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
"Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай-сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 13 сәуiрдегi
№ 301 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

      РҚАО-ның ескертпесi!
      1-бөлiмге өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметенiң 2010.07.13 № 711 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Ескерту. 1-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Бағдарламаның         «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы
атауы

Әзiрлеу үшiн          «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-
негiздеме             инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014
                      жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және
                      Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр
                      жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы»
                      (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан
                      Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19
                      наурыздағы № 958 Жарлығы

Әзiрлеушi             Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                      және сауда министрлiгi

Бағдарламаның         Қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсаты               және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың
                      шикiзаттық емес секторларында өңiрлiк
                      кәсiпкерлiктiң орнықты және теңгерiмдi өсуiн
                      қамтамасыз ету

Бағдарламаның         1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
мiндеттерi            2. Кәсiпкерлiк секторды сауықтыру
                      3. Экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау

Iске асыру            2010 - 2020 жылдар
мерзiмi

Нысаналы              Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру
индикаторлары         мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол
                      жеткiзiлетiн болады:
                      жыл сайын кредиттердi жалпы сомасы кемiнде
                      400 млрд. теңгеге арзандату;
                      2015 жылға:
                      ЖIӨ-нiң құрылымындағы өңдеушi өнеркәсiптiң
                      үлесiн кемiнде 12,5 %-ға ұлғайту;
                      жалпы экспорт көлемдегi шикiзат емес сектордың
                      үлесiн кемiнде 40 %-ға ұлғайту;
                      шикiзат емес экспорттың көлемiн өңдеушi
                      өнеркәсiптiң жиынтық өндiрiс көлемiнiң кемiнде
                      43 %-ына ұлғайту;
                      өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде
                      1,5 есеге ұлғайту

Қаржыландыру          2010 жылға арналған республикалық бюджетте
көздерi мен көлемi    30 млрд. теңге көзделген. Республикалық
                      бюджеттен қаржыландыру көлемi жоспарлы кезеңге
                      арналған тиiстi бюджеттердi қалыптастыру
                      кезiнде нақтыланады

2. Кiрiспе

      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-бөлiмге өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Үкiметенiң 2010.07.13 № 711, 2010.08.03 № 783 Қаулыларымен (жариялануға жатпайды).

      Ескерту. 2-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын iске асыру үшiн әзiрлендi.
      Бағдарлама Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру тетiктерiнiң бiрi болып табылады.
      Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын iске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейiнгi дамуға, қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән берiледi.
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
      жобаларды iрiктеудi және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөнiндегi шешiмдi екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер) Бағдарламада белгiленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен арнайы белгiленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепiлдiк беру және (немесе) мемлекеттiк қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкiндiгi бойынша шешiм қабылдайды;
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мемлекет тарапынан барлық келiсулердi жергiлiктi деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестiрушiлерi орындайды.
      Акцизделетiн тауарлар шығаруды көздейтiн жобалар бойынша банктер кредиттерiнiң пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне (бұдан әрi - кәсiпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберiнде кешендi қолдау көрсетiлуi мүмкiн.
      Мемлекеттiк даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеуге беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсiпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды.
      Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң кредиттiк ресурстарының құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектiлерiне кредиттiк ресурстарды берудiң қолжетiмдiлiгi мен жеделдiгiн ұлғайту мақсатында банктердiң ұйымдастырушылық-техникалық мүмкiндiктерiн тарту жолымен қаржы агентi арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттiк ресурстарын тарту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсiпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде осы Бағдарламаның ережелерiн ескеретiн болады.
      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
      Мемлекеттiк комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;
      өңiрлiк үйлестiру кеңесi - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi құратын және басқаратын жергiлiктi атқарушы органдардың, банктердiң, кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң, салалық қауымдастықтардың өкiлдерi және тәуелсiз сарапшылар қатысатын консультативтiк-кеңесшi орган (бұдан әрi - ӨҮК);
      уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi;
      жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi - iске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкiмi айқындайтын, кәсiпкерлер үшiн Бағдарламаны жергiлiктi жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;
      қаржы агентi - «ДАМУ» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мынадай функцияларды жүзеге асырды:
      пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде банктерге қаржы қаражатын аудару;
      Бағдарлама шеңберiнде кредиттерге кепiлдiк беру;
      борышкерлер бойынша Мемлекеттiк комиссия отырыстарына берiлетiн материалдар бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      Бағдарламаның iске асырылуын мониторингiлеу;
      кредиторлар комитетi - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбiр жеке борышкер үшiн кредитор банктердiң өкiлдерiнен қалыптастыратын комиссия;
      өтiнiм берушi - Бағдарламаға қатысуға өтiнiм берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберiнде iске асыруға мүдделi кәсiпкер;
      қатысушы - Бағдарлама шеңберiнде мемлекеттiк қолдау көрсету бойынша Банктiң, ӨҮК-тiң немесе Мемлекеттiк комиссияның оң шешiмi бар кәсiпкер;
      борышкер - кредит(тер) және басқа да мiндеттемелер бойынша мiндеттемелердi төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсiпкер;
      экспорттаушы - өндiрiлетiн өнiмнiң 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсiпкер.
      Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттiк бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң:
      «Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар жоспарын бекiту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;
      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Экономиканы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009-2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберiнде iске асырылатын iс-шаралар.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Мемлекеттiк бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн оның шикiзат емес секторларын жедел дамыту көзделiп отыр.
      Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлi секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенiнiң және металлургия өнеркәсiбiнiң жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын iрi инвестициялық жобаларды iске асырумен қатар, шағын және орта кәсiпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазiргi заманғы өндiрiстер құру үшiн оларды дамыту Мемлекеттiк бағдарламаның басымдығы болып табылады.
      Шағын және орта кәсiпкерлiк халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етедi. Жұмыс iстейтiндердiң саны бойынша, өндiрiлетiн және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi жекелеген облыстарда жетекшi рөл атқарады. Сондықтан кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау проблемасы қазiргi уақытта өте өзектi болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестiң әрiптестiгi негiзiнде кәсiпкерлiк қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикiзат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етiледi.
      Осыған байланысты кредиттерге кепiлдiк беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бiр секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердiң кредиттiк және iлеспе тәуекелдер себебiнен экономиканың қандай да бiр секторына салуға асықпай отырған едәуiр қаржы қаражатын тартуға мүмкiндiк бередi.
      Шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң теңгерiмсiздiгiне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсiпкерлiктi, оның iшiнде өңiрлiк кәсiпкерлiктi дамыту есебiнен мемлекеттiк қолдауды күшейту қажет.
      Кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау көрсетудiң бұл құралдары бюджет заңнамасын жетiлдiру шеңберiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
      Жаңа өндiрiстердi дамытуда кәсiпкерлiктiң бiрiншi кезекте, шағын және орта кәсiпкерлiктiң бастамаларын тежейтiн негiзгi проблемалар:
      қаржыландыруға қол жеткiзу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
      индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
      кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
      Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсiпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсендiлiгiн шектейдi.
      Мемлекет шикiзат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейдi, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестiк жағдайларында экономиканың шикiзат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсiпорындар құру, көбiнесе, мемлекеттiң ынталандыру шараларының көмегiмен жүргiзiлетiнiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
      Әлемдiк тәжiрибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсiпкерлiкке мемлекеттiң барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
      Германияда кредит берудiң мынадай жеңiлдiктi шарттары көзделген:
      темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудiң бүкiл мерзiмiне);
      кредит берудiң ұзақ мерзiмi (көбiнесе 10 жыл, оның үстiне кәсiпорын кем дегенде алғашқы екi жылда кез келген төлемдерден босатылады);
      алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкiндiгi (көпшiлiк жағдайда қосымша төлемдерсiз);
      үлестiк қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебiнен инвестициялық жобаның белгiлi бiр бөлiгiне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылуы тиiс).
      Шағын және орта кәсiпорындарды қолдау үшiн Сингапурда бүкiл елге ортақ Sprind агенттiгi құрылған. Ол кәсiпкерлерге көмек көрсетудiң 100-ге жуық әртүрлi бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесiн жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсiпорындарға ғана ерекше жеңiлдiктер берiледi. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсiпорындарына жеңiлдiкпен кредит берудiң әртүрлi бағдарламалары әзiрленiп, енгiзiлген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттердi сақтандыру және субсидиялар бөлу.
      Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде кәсiпкерлердi қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепiлдiк беру, сервистiк қолдау, өндiрiстiк инфрақұрылым жүргiзу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейiмдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

4. Бағдарламаны iске асырудың мақсаты, мiндеттерi, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелерi

4.1 Бағдарламаның мақсаты

      Ескерту. 4-1-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикiзаттық емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету.

4.2 Нысаналы индикаторлары

      Нысаналы индекаторлар:
      жыл сайын жалпы сомасы кемiнде 400 млрд. теңге болатын кредиттердi арзандату;
      2015 жылға:
      ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн кемiнде 12,5 %-ға ұлғайту;
      экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзат емес экспорт үлесiн кемiнде 40 % деңгейiне дейiн ұлғайту;
      шикiзат емес экспорт көлемiн өңдеу өнеркәсiбiнiң жиынтық өндiрiсi көлемiнiң кемiнде 43 %-ы деңгейiне дейiн ұлғайту;
      өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 1,5 есеге ұлғайту.
      2020 жылға дейiн индикаторлардың сандық көрсеткiштерi кейiннен Бағдарламаға толықтырулар енгiзiле отырып, Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыру нәтижелерi бойынша айқындалады.
  1   2   3   4

Похожие:

Бизнестiң жол картасы 2020 icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
Бизнестiң жол картасы 2020 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлігі үшін мемлекеттің...
Бизнестiң жол картасы 2020 iconС. Ш. Оралова а. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты А. У. Ищанов экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «бизнестің жол картасы – 2020»
«бизнестің жол картасы – 2020»: КӘсіпкерлік ел экономикасын дамытудың маңызды факторы
Бизнестiң жол картасы 2020 iconАнкета «Бизнестің жол картасы 2020»
Субсидиялау ережесі Сізден төмендегілерге сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде сыйақы ставкасының бір бөлігін...
Бизнестiң жол картасы 2020 icon«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме
Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ
Бизнестiң жол картасы 2020 iconЖол картасы Үміт үлкен «Жол картасы»
Жақында көрермен залының аспалы төбесін жөндеуге кірісеміз, 8 жарық шам екі қабырғадан ілінеді, оған электр сымдар тартылды
Бизнестiң жол картасы 2020 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 Қаулысы

Бизнестiң жол картасы 2020 iconДиверсификация экономики основа новой экономической политики казахстан
...
Бизнестiң жол картасы 2020 iconБозанбай ауылдық округінің әкімі А. М. Сембаевтың Бозанбай ауылдық округі тұрғындары алдындағы 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Здеріңізге белгілі 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда....
Бизнестiң жол картасы 2020 icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница