Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу




Скачать 81.04 Kb.
НазваниеӘ. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу
Дата конвертации16.02.2013
Размер81.04 Kb.
ТипДокументы



Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған

Қазақстан драма театрларының

ХХ Республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу

қағидасы



  1. Жалпы ережелер




  1. Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ Республикалық фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-тармағына сәйкес өткізіледі.

  2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) Фестивальдің құрылтайшылары болып табылады.

  3. Фестиваль Орал қаласында 2012 жылдың 16-23 қыркүйегі аралығында өтеді.

  4. Фестивальдің қорытындысы бойынша бейнематериалдар жазылған компакт дискі (СД) шығарылады.


2. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері


  1. Мақсаттары мен міндеттері:

1) Қазақстандағы театр өнерін насихаттау;

2) дәстүрлі театр өнерін сақтау және дамыту;

3) талантты әрі дарынды театр әртістері мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру;

4) заманауи сахна үрдістерінің басым бағыттарын анықтау;

5) жас ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

6) Халық қаһарманы, ҚСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, белгілі театр және кино режиссері, көрнекті мәдениет пен өнер қайраткері Әзірбайжан Мәмбетовтің есімін мәңгі есте қалдыру.
3. Фестивальді өткізудің тәртібі және шарттары


  1. Фестивальға Қазақстан Республикасының драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық комедия және балалар мен жасөспірімдер театрлары қатыса алады.

  2. Фестивальға қатысу үшін соңғы екі-үш театрлық маусымда тұсаукесері өткен қазақ, орыс және әлемдік классикалық авторлардың шығармалары бойынша қойылымдарды ұсынуға болады.

  3. Қатысушылардың саны, актерлері мен техникалық қызметкерлерін, және ресми делегацияның санын қосқанда 20 адамнан аспауы қажет. 20 адамнан асқан қатысушылардың фестивальде болу шығындарын жіберушілер тарапы төлейді.

  4. Фестивальге қатысу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну керек:

1) Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ Республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидасының (бұдан әрі – Қағида) қосымшасына сәйкес өтінім;

2) спектакльдің жарнамалық өнімдері (афиша, бағдарлама, түсініктеме, декорацияларды өртке қарсы өңдеу туралы акт, театр туралы анықтама және спектакльдің цифрлық үлгідегі фотосуреттері);

3) пьесаның мемлекеттік/орыс тіліне аудармасы;

4) спектакльдің толық бейне жазбасы.

  1. Өтінімді және қосымша материалдарды 2012 жылдың 10 тамызына дейінгі мерзімге мына мекен-жайға:

010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15 кіреберіс, «Министрліктер үйі», Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 521 және 525 бөлмелер, тел. 8 (7172) 740475, факс 740568;

немесе мына электрондық пошта адрестеріне: myrzasheva@mki.kz, nurbekova@mki.kz жіберілуі тиіс.

  1. Фестивальге қатысуға ниет білдіруші театр басшысының қол қойған өтінімі қатысушының осы Ереженің талаптарымен келісетінінің куәсі болып табылады.

  2. Фестивальге қатысудан бас тартқан жағдайда қатысушыларға Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттар қайтарылмайды.


4. Ұйымдастыру комитеті


  1. Фестивальді дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамы Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

  3. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.

  4. Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен Фестивальді дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет ету құқығына ие.

  5. Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

  6. Ұйымдастыру комитеті театрлардың Фестивальге ұсынған бейне таспаға жазылған спектакльдерін қарап, іріктеу арқылы үздік спектакльдерді анықтайды.

  7. Ұйымдастыру комитеті Фестивальге қатысатын спектакльдердің тізімін және Фестивальдің бағдарламасын Мәдениет комитетіне 2012 жылдың 15 тамызына дейін бекітуге ұсынады.


5. Қазылар алқасы және номинациялар


  1. Фестивальге қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдар өкілдерінен, мәдениет және өнер қайраткерлерінен (театртанушылар, режиссерлер, әртістер, драматургтар, суретші-сценографтар, костюм бойынша суретшілер) құралады және Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.

  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.

  4. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

24. Қазылар алқасы:

1) Фестивальдің кез-келген номинациясы бойынша сыйлықтар тағайындамауға;

2) Фестивальдің сыйлықтарын қайта бөлуге құқылы.

25. Қазылар алқасы:

1) барлық конкурстық қойылымдардың көрсетілімдері мен талқылауларына қатысуға;

2) негізгі сыйлықтардың иегерлерін белгілеу кезінде ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдауға міндетті.

26. Қазылар алқасы мүшесінің Фестивальге қатысушы ретінде қатысуға құқығы жоқ.

  1. Фестивальдің құрылтайшылары төмендегідей номинацияларды белгілейді:

    «Ең үздік спектакль»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы


    «Ең үздік режиссерлік шешім»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы


    «Ең үздік стенографиялық шешім»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы


    «Ең үздік пластикалық шешім»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    «Ең үздік әйел адам бейнесі»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы


    «Ең үздік ер адам бейнесі»

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы


    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Хадиша Бөкеева атындағы арнайы сыйлығы


    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жұбан Молдағалиев атындағы «Ұлттық рухты ең сәтті көтерген қойылым үшін» арнайы сыйлығы


    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Қадыр Мырза-әлі атындағы «Қазақтың ұлттық салт-дәстүр болмысын шебер көрсеткен қойылым үшін» арнайы сыйлығы


    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі»


    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі»


    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

    «Көрермендер көзайымы» сыйлығы

    -

    сыйақы және фестиваль лауреаты атағы

  2. Заңды және жеке тұлғалар Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша арнайы сыйлықтар тағайындай алады.

  3. Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша теңге түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып беріледі.


6. Фестивальді ақпараттық жариялау
30. Ұйымкомитеті Фестиваль жұмысын жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті материалдарды ұсынады.

31. Фестивальдің салтанатты ашылуы және жабылу алдында Ұйымкомитеті қазылар алқасы мен басқа да қатысушылардың қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырады.
7. Қаржыландыру тәртібі
32. Фестивальді қаржыландыру 008 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебі мен шегінде жүзеге асырылады.

33. Мәдениет комитеті 008 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен:

1) қазылар алқасы мүшелерінің тамағы, тұратын орны, жолақы мен қаламақы шығыстарын төлейді;

2) Фестиваль сыйлықтарын тағайындайды;

3) жарнамалық және баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз етеді;

4) Фестиваль барысында Орал қаласындағы қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерін көлікпен қамтамасыз етеді;

5) Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің іссапар шығыстарын төлейді;

6) Фестиваль қорытындысы бойынша бейнематериалдар жазылған компакт дискі (СД) шығарады;

7) Фестивальді дайындау мен өткізудің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

34. Әкімдік жергілікті бюджет есебінен:

1) Бас жүлдені тағайындайды;

2) арнайы Хадиша Бөкеева атындағы, Жұбан Молдағалиев атындағы, Қадыр Мырза-әлі атындағы жүлделер, көрермендер көзайымы сыйлықтарын тағайындайды және естелік сувенирлерді жасайды;

3) Фестивальға қатысушылардың тамақтану және тұратын орын шығыстарын төлейді;

4) арнайы шақырылған қонақтардың (Ә.Мәмбетовтің семьясы) іссапар шығыстарын төлейді;

5) сахна алаңдарын ұсыну және қойылым көрсететін ұжымдарға қажет жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

6) Фестивальге қатысушылар үшін мәдени бағдарламаларды ұйымдастырады.

35. Фестивальге қатысушы-театрлардың Орал қаласына барып-қайту жолақысы және декорация тасымалдау шығыстары жіберушілер тарапынан төленеді.

36. Барлық спектакльдер көпшіліктің алдында және Фестиваль бағдарламасына сәйкес тегін көрсетіледі. Театрларға спектакль көрсетілімдері үшін қаламақы төленбейді.
8. Қорытынды ереже
37. Осы Ержемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
________________________


Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына

арналған Қазақстан драма театрларының

ХХ Республикалық фестивалін

дайындау және өткізу қағидасына

қосымша
Фестивальға қатысуға өтінім
1. Театрдың толық атауы ____________________________________________
2. Қойылымның аты ________________________________________________
3. Тұсаукесері болған мерзімі _________________________________________
4. Жанры __________________________________________________________
5. Пьесаның (инсценировка) авторы ___________________________________
6. Қойылымның режиссері __________________________________________
7. Сценографы _____________________________________________________
8. Суретшісі _______________________________________________________
9. Композиторы ____________________________________________________
10. Қойылымның жүру уақыты _______________________________________
11. Ойнайтын актерлердің саны _______________________________________
12. Қажетті қызметшілер саны ________________________________________
13. Құрастыруға кететін уақыт _____ Жарықты құруға қажетті уақыт ______
14. Қайта жинастыруға кететін уақыт __________________________________
15. Көрермендерді жайғастыру ерекшелігі ____________ сахнада _____ залда

16. Жауапты адамдар:

Директордың аты жөні ______________________________________________

тел._________________ факс ________________________

Көркемдік жетекшінің аты жөні ______________________________________

тел._________________ факс ________________________

Бас режиссердің аты жөні ____________________________________________

тел._________________ факс ________________________
Директор ______________ (аты-жөні)

(қолы)



Похожие:

Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconАлматы және Астана қалалары опера және балет театрларының 2010 жылғы наурыз айына арналған репертуралары
Белгілі балерина Г. Уланованың 100 жылдығына арналған балет әртістерінің концерті
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconАлматы қаласы театрларының 2009 жылдың мамыр айына арналған репертуарлары
...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу icon2010 жыл 25-30 қаңтар аралығында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары
М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты республикалық байқауды ұйымдастыру, өткізу және қатысу
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconБаяндамашы: ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Университеттің 80 жылдығына арналған Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында өткізілген конференция туралы ақпарат
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconБатыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық»
Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық» тақырыбында өтетін Республикалық байқауға төмендегі шығармалармен фотосуреттерді...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізу жоспары
Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізуді қаржыландыруды...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Әскери-патриоттық клубтардың төртінші республикалық слетiн өткiзу туралы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережесі
Аулысымен бекітілген мемлекеттік тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі негізінде Қазақстан...
Ә. Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу icon2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница