Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)




Скачать 83.27 Kb.
НазваниеОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Дата конвертации17.11.2012
Размер83.27 Kb.
ТипДокументы
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған

«Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)

I.Жалпы ережелер

1.Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

2. Конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) жыл сайын өткізеді.

3. Конкурстың басты мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.

4. Конкурстың міндеттері:

1) психологтардың инновациялық тәжірибесі жөнінде банкін жинақтау;

2) үздік тәжірибелі психологтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру;

3) психологтардың кәсіптік қарым-қатынас жасуына және шығармашылық жаңалықтармен, идеялар мен тәжірибемен алмасуына жағдай жасау;

4) қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру және отандық психология ғылымындағы тәжірибелік психология қызметінің мәртебесін көтеру.

  1. Конкурсқа қатысушылар

5.Конкурс үш категория бойынша өткізіледі:

I категория – 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар.

Конкурстық тапсырманы орындау барысында психологтар жан-жақты кәсіптік деңгейін, жалпымәдени және интеллектуалдық дамуын, көпшілік қауым алдында сөз сөйлеу мәдениетін көрсетеді.

II категория - 3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар.

Кәсіби шеберлігін (ата-аналар, педагогтар, балалар мен жұмыс істеу қабілеті), білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жан-жақтылығы мен мәдениетін көрсетуге бағытталған тапсырмалар қарастырылған.

III категория - 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар.

Бұл санатқа қатысушылар кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын игеру, әдістемелік дайындығын, өз іс-әрекетін жобалау, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.

III. Конкурстың мазмұны және кезеңдері

6. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең аймақтық, облыстық Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары а.ж. қазан айының бірінші онкіндігі аралығында өткізеді.

II кезеңқорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. қараша айының екінші он күндігінде өткізеді.

7. II кезең (қорытынды) 4 тур бойынша өткізіледі (Бағалау өлшемдері Қосымша 1).

7.1. Үш жылға дейін еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу «Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур. «Өзін-өзін таныстыру»

Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.

3 тур. Өзі таңдап алған авторлық бағдарламаның тұсаукесері.

4 тур. Психологиялық тест тапсырмалары.

7.2. 3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу «Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур. «Өзін-өзін таныстыру»

Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.

3 тур. Практикалық тур. Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері (видеоролик, слайд пайдалануға болады).

4 тур. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

7.3. 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу «Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур. Психолог портфолиосының тұсаукесері.

Портфолиода 3 жұмыстан артық болмау керек.

3 тур. Тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, өз мектебінің 5-7 өкілдерімен) өткізеді.

4 тур. «Психологтың ғажайып әлемі» конкурсы монолог түрінде өтеді.

IV. Конкурсты ұйымдастыру

8. Конкурсты дайындау және өткізу үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді.

9. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қорытынды кезеңін дайындап өткізу, бағдарламасын дайындау, қатысушылардың тізімін жасауға басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

V. Конкурсты қорытындылау

10. Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы категориялары і бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

11.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланады.

VII. Конкурсты қаржыландыру

12. Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

13. Қатысушылардың іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатын орны), ұйымдастыру жарнасы жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Қосымша 1.

I категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері
1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі,

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
2. «Өзін-өзін таныстыру»

Бағалау өлшемдері:

- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,

- сахналық шеберлігі;

- креативтілігі;

- кәсіби шеберлігі.

Орындау уақыты – 5-7 минут.

3. Өзі таңдап алынған авторлық бағдарламаның тұсаукесері.

Бағалау өлшемдері:

- тақырыптың өзектілігі;

- таңдап алынған тақырыптың мазмұндылығы;

- кәсіби жан-жақтылығы;

- шығармашылық қабілеті, креативтілігі.

Орындау уақыты 5 минут.
4.Психологиялық тест тапсырмалары.

Барлық дұрыс жауаптар есептеледі

II категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері
1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі,

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.

2. «Өзін-өзін таныстыру»

Бағалау өлшемдері:

- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,

- сахналық шеберлігі;

- креативтілігі;

- кәсіптік шеберлігі.

Орындау уақыты – 5-7 минут.
3. Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері (видеоролик, слайдты пайдалану).

Бағалау өлшемдері:

- бағдарламаның өзектілігі;

- тапсырмалардың бағдарлама мақсатына сәйкестігі;

- жаттығулар мен тапсырмалар кешенін таңдауда ғылыми негізі;

- бағдарламаның тиімділігі.

Орындау уақыты –7-10 минут.

4. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Бағалау өлшемдері:

- жағдаяттарды конструктивті шешу;

- жауаптың дәлдігі, орындылығы;

- сендіру қабілеті.

Орындау уақыты –3-4 минут.

III категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері
1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі,

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
2. Психолог портфолиосының тұсаукесері

Бағалау өлшемдері:

- ұсынылып отырған оқу-әдістемелік материалдың өзектілігі;

- материал мазмұнының іске асыру деңгейі;

- заманауи ақпараттық-кәсіптік технологияларды пайдалану деңгейі;

- ұсынылған материалдардың нәтижелері мониторингі.

Орындау уақыты – 10 минут.

3. Тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, педагог-психологтар).

Бағалау өлшемдері:

- педагогтың жалпы мәдениеті;

- тиімді психологиялық жағдай туғызу;

- психологтың пәндік-кәсіптік құзыреттілігі.

Орындау уақыты –10 – 12 минут.
4. «Психологтың ғажайып әлемі» конкурсы монолог түрінде өтеді.

Бағалау өлшемдері:

- креативтілігі;

- көпшілік алдында сөйлеу қабілеті;

- мақсаттылық.

Орындау уақыты –3-4 минут.

Похожие:

Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) icon38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі
Осы Ереже «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын (бұдан...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) icon«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер
Осы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Болашақ» бағдарламасы...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconОрта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы
Штаб), мемлекеттік комиссия (бұдан әрі мк) мүшелерінің, мектеп әкімшілігінің, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері бойынша жауаптылардың...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconКонкурсты (бұдан әрі Конкурс) өткізу ережесі «Білім туралы»
Конкурс өткізу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconИнтелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі
Интелектуалды марафонын ұйымдастыру және өткізу Ережесі 2010 жылдың 30 желтоқсанында №2 хаттамамен университеттің Ғылыми кеңесінде...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconКонкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 11 қарашадағы...
Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс) iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница