Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы




Скачать 351.3 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы
страница1/5
Дата конвертации16.02.2013
Размер351.3 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «27» қаңтарда

№27 бұйрығымен бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. Жалпы ережелер


1. Осы технология "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесіне сәйкес әзірленген.

2. МАБ кезінде екінші (үшінші) курс студенттерін кешенді тестілеу процесінің қатысушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО), оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК), тест тапсырмаларын сараптау жөніндегі сараптамалық кеңесі, базалық жоғары оқу орындары, желілік жоғары оқу орындары, мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) өткізу үшін бақылауды жүзеге асыратын Министрліктің уәкілетті өкілі (бұдан әрі - ҚР БҒМ өкілі), МАБ-ты өткізу және ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып табылады.

3. Министрлік:

  1. МАБ өткізуге арналған пәндердің тізбесін;

  2. Сараптамалық кеңестің құрамын;

3) базалық жоғары оқу орындарының тізімі мен әрбір базалық жоғары оқу

орындарына бекітілген желілік жоғары оқу орындарының тізімін;

4) ҚР БҒМ өкілдері мен программистерінің тізімін;

5) мемлекеттік комиссия құрамын;

6) апелляциялық комиссия төрағаларын бекітеді.

4. ҰТО арнайы жауап парақтарын, МАБ барысында қолданылатын кіріс және шығыс құжаттарын, тест тапсырмаларының базасын дайындайды.

ҰТО:

1) тест материалдарын әзірлеу, сараптау және алып жүру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

2) студенттердің деректер қорын қалыптастыру бойынша базалық және желілік жоғары оқу орындарымен ұйысдастыру жұмыстарын;

3) базалық жоғары оқу орындарына "Аудиториялық қор" бағдарламалық кешенін беруді;

4) базалық жоғары оқу орындарынан аудитория қоры, олардың корпустарда орналасу жоспары, корпустардың аумақтарында орналасу жоспары бойынша ақпараттар жинауды;

5) базалық жоғары оқу орындарына емтиханға кіру рұқсаттама қағаздарын қалыптастыру үшін, желілік жоғары оқу орындары бойынша емтиханға кіру рұқсаттамаларын беру тізілімін басып шығаруға арналған базалық жоғары оқу орындарының бағдарламалық кешенін беруді;

6) базалық жоғары оқу орындарының программистерін оқытуды жүзеге асырады.

5. Желілік жоғары оқу орындарында МАБ кезінде кешенді тестілеу өткізуді дайындау жұмыстарын жүзеге асыратын желілік жоғары оқу орындарының жауаптысы және программисі тағайындалады.

Желілік жоғары оқу орындарында МАБ-қа дайындық және өткізу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

  1. студенттердің деректер қорын қалыптастыру;

  2. студенттердің деректер қоры бойынша статистиканы беру;

  3. базалық жоғары оқу орындарына студенттердің деректер қорын беру;

4) базалық жоғары оқу орындарынан рұқсаттамаларды, рұқсаттамаларды беру тізілімін, желілік жоғары оқу орындары бойынша студенттердің аудиториялық тізімін қабылдап алу;

5) студенттерге рұқсаттамаларды бері;

6) студенттердің тестілеуге келулерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

6. Әрбір базалық жоғары оқу орындарында мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссия құрамы МАБ-ты ұйымдастырып, өткізу кезеңіне қалыптастырылады. Мемлекеттік комиссия құрамына студенттері МАБ өтетін жоғары оқу орындарының өкілдері енеді.

Мемлекеттік комиссия құрамына бақылаушы ретінде құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін енгізуге болады.

Мемлекеттік комиссия төрағасы болып базалық жоғары оқу орындарының ректоры немесе МАБ-қа жауапты тағайындалады.

Мемлекеттік комиссияның құрамын жыл сайын ҚР БҒМ бекітеді. Құрамы 7 адамнан кем емес мемлекеттік комиссия, төраға бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс жасайды. Мемлекеттік комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, мәжілістің күн тәртібін қалыптастырады, комиссия мүшелерінің өзара әрекетін ұйымдастырып, іс жүргізуге жауап береді.

Комиссия мүшелерінің жалпы санынан 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда мемлекеттік комиссия отырысы өткен болып есептеледі.

Мемлекеттік комиссияның шешімі мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің дауыстарының көпшілігімен қабылданып, мәжіліс хаттамасына комиссияның барлық мүшелері қолдарын қойып, ресімделеді.

Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Мемлекеттік комиссияның негізгі жұмысы жоғары оқу орындарында МАБ-қа дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру болып табылады.

Базалық жоғары оқу орындарында МАБ-ты ұйымдастыру мен өткізуге жауапты және программист тағайындалады.

Базалық жоғары оқу орындарына МАБ-қа дайындау және өткізу үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы орындалады:

  1. аудиториялық қорды жоспарлау және оны ҰTО-мен келісу;

2) желілік жоғары оқу орындарының программисі мен жауаптыларының жұмыстарын алып жүру, оқыту;

3) студенттердің деректер қоры бойынша статистиканы қабылдау және ҰТО-ға тапсыру;

4) желілік жоғары оқу орындары студенттерінің деректер қорын қабылдау және ҰТО-ға тапсыру;

5) емтиханға кіру рұқсаттамаларын басып шығару мен желілік ЖОО-ға рұқсаттамаларды беру тізілімін беру;

6) аудиториялық қорды кешенді тестілеу өткізуге дайындау;

7) кезекшілерді оқытуды ұйымдастыру;

8) МАБ өткізу үшін бақылауды жүзеге асыратын ҚР БҒМ өкілі және программисінің жұмыс орнын ұйымдастыру;

9) ҰТО-ға ақпараттардың жіберілуін қадағалау;

10) МАБ-ты өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау;

11) МАБ-тан өту үшін тіркелген барлық студенттердің тестілеуге келуін қадағалау;

12) желілік жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалық кешенді беру;

13) аппеляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

14) МАБ өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды бақылау және ақпараттық қауіпсіздік тіртібін қамтамасыз ету;

Тестілеуді өткізу үшін базалық ЖОО-да аудиториялар бойынша кезекшілердің тізімі қалыптастырылады. Аудитория бойынша кезекшінің негізгі тапсырмасы кешенді тестілеу кезінде тәртіптің және технологияның сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Аудитория бойынша кезекшіге мынадай міндеттер жүктеледі:

  1. аудиторияның дайындығын тексеру;

2) «Емтихан материалдарын аудитория бойынша кезекшілерге беру және қабылдау туралы» акті бойынша емтихан матриалдарын қабылдау;

3) студенттерді аудиторияға кіргізу және оларды отырғызу;

4) «Емтихан материалдарын ашу туралы» акті бойынша емтихан материалдары бар қораптарды ашуды ұйымдастыру;

5) емтихан материалдарын тарату және оларды толтыру ережелерін түсіндіру;

6) тестілеу аяқталғаннан кейін актілер бойынша емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру.

7. ҚР БҒМ уәкілетті өкілі МАБ бойынша кешенді тестілеудің өткізілуіне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.

ҚР БҒМ өкілі мынадай міндеттерді орындайды:

  1. МАБ технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) тестілеу өткізу үшін қажетті техникалық жабдықтар мен құралдардың дайындығын тексеру;

3) аудитория кезекшілеріне нұсқау жүргізу;

4) күн сайын аудиториялардың емтиханға дайындығын тексеру;

5) күн сайын кезекшілерді аудиторияларға бөлу;

6) емтихан материалдарын беруді және қабылдауды ұйымдастыру;

7) тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;

8) апелляция комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және деректер қорына апелляция нәтижелерін енгізуді бақылау;

9) белгіленген нысан бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп дайындау.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі программисі (бұдан әрі - ҚР БҒМ программисі) мынадай міндеттерді орындайды:

Тестілеуге дайындық кезеңі:

1) ҰТО-да базалық жоғары оқу орындары бойынша МАБ кезінде кешенді тестілеу өткізуге бөлінген студенттер деректерінің соңғы қоры бар ҚР БҒМ программисіне арналған бағдарламалық кешенін алады;

2) есептеу техникалық құралдарын жұмысқа дайындау;

3) ҚР БҒМ программисі бағдарламалық кешенінің инсталляциясы;

4) студенттердің деректеріндегі қателерді түзету: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған жылы, шет тілі.

Тестілеу кезеңі:

  1. әрбір аудитория бойынша жауап парақтарын сканерлеу;

  2. жауап парақтарын сәйкестендіру;

  3. дұрыс жауаптардың кодын ашу және басып шығару;

  4. апелляция қорытындысы енгізілмеген емтихан ведомостарын беру;

  5. апелляция қорытындысын қорға енгізіп, апелляция қорытындысы енгізілген емтихан ведомостарын шығару;

  6. күнделікті статистикалық деректерді ҰТО-ға жіберу;

  7. деректер қорын дайындау және ҰТО-ға Flash-дискімен тапсыру.

9. Апелляция комиссиясының құрамына МАБ-тың пәндер тізбесіне кіретін пәндер бойынша қазақ, орыс және шет тілдерінде білім беретін базалық және желілік жоғары оқу орындарының оқытушылары кіреді.

Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрлік бекітеді.

Апелляциялық комиссия тестілеу нәтижесімен келіспеген студенттердің өтініштерін қабылдап, қарастырады.

Білім алушының МАБ-ты өткізу технологиясын бұзуымен байланысты сұрақтар бойынша апелляция қабылданбайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілігінің дауыстарымен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляция комиссиясының жұмысы үшін жеке кабинет беріледі. Апелляция комиссиясының жұмысы мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  1. апелляцияға өтініштерді қабылдау;

  2. апелляция комиссиясының мәжілісіне дайындық;

  3. апелляция комиссиясының мәжілісі;

  4. апелляция бойынша шешімдер қабылдау;

  5. апелляция комиссиясының шешімдері бойынша өзгерістерді деректер қорына енгізу;

  6. апелляция комиссиясы мәжілісінің хаттамасын шығару.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconОрта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы
Штаб), мемлекеттік комиссия (бұдан әрі мк) мүшелерінің, мектеп әкімшілігінің, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері бойынша жауаптылардың...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconБілім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелері Жалпы ережелер Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы»
Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconЖоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде әзірленді, білім беру мазмұнына, студенттердің...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconБілім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі
Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconҚазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2011 жылғы тамыз педагогикалық кеңестеріндегі секция отырыстарының үлгі тақырыпнамасы Білім беру ұйымдарының басшыларына
Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын...
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы icon2011-2012 оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аудандар арасында білім беру мекемелердің желісі мен контингенті бойынша мәліметтер беру
Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы icon«Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»
Амтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылары мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница