Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың




Скачать 225.71 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың
Дата конвертации16.02.2013
Размер225.71 Kb.
ТипДокументы


Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың

1 жартыжылдығындағы

жалпы есеп


  1. Жедел есептілікке ұсынылған ақпаратты талдау және жинақтау қорытындылары

Бағдарламалық құжаттың деректемелері: Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) облыстық мәслихат сессиясяняң 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/315-IV шешімімен бекітілген.

Нысаналы индикаторлар: Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары Бағдарламаға жинақталған. Бұл орайда Бағдарламаның барлық бөлімдері орталық мемлекеттік органдармен келісілген.

Бағдарламада жалпы 44 мақсат, 177 нысаналы индикаторлар, оның ішінде қол жеткізілгені 40 (22,5%) нысаналы индикатор, 125 (70,6%) индикатор іске асыру сатысында (оның ішінде 19 индикатор жоспарланған мәнге жетпеу қаупі бар), 6 нысаналы индикатор бойынша нәтижеге қол жеткізілген жоқ және 6 индикатор бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді. 346 нәтиже көрсеткіштен 120 (34,6%) орындалды, 221 (63,8%) көрсеткіш (соның ішінде 31 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар) іске асыру сатысында, оларға қол жеткізу жыл соңына жоспарланған, 5 көрсеткіш орындалған жоқ.

2012 жылға арналған Бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарында 628 іс-шара қарастырылған, соның ішінде «Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристік салада және қоршаған ортада жоғары өндірушілік инновациалық технологияларды енгізу негізінде аймақтың экономикасын жедел дамыту» 1 стратегиялық бағыты бойынша 92304,6 млн. теңгеге 197 іс-шара қарастырылған, «Әлеуметтік саланы және адамдық потенциалды дамыту, халық өмірі сапасының деңгейін жоғарылату, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамысыз ету» 2 стратегиялық бағыты бойынша 45661 млн. теңгеге 170 іс-шара қарастырылған. «Экономиканың үдемелі индустриялизациясына және тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту» 3 стратегиялық бағыты бойынша 43411,6 млн. теңгеге 158 іс-шара қарастырылған, «Аумақтық құрылым» 4 стратегиялық бағыт 4572,9 млн. теңгеге 50 іс-шара қарастырылған, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру» 5 стратегиялық бағыт бойынша 245,8 млн. теңгеге 50 іс-шара қарастырылған, Бәсекелестікті дамыту 6 бағыты бойынша 3 іс шара қарастырылған, қаражат талап етілмейді.

2011 жылға арналған Бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарында 628 іс-шара қарастырылған, 594 іс-шара орындалды. Қалған іс-шараларды іске асыру жыл қорытындысы бойынша жоспарланған.

Бағдарлама бағыттары бойынша талдау қорытындысы келесідей.

«Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристік салада және қоршаған ортада жоғары өндірушілік инновациалық технологияларды енгізу негізінде аймақтың экономикасын жедел дамыту» 1 бағыты бойынша 9 мақсат, 68 нысаналы индикатор қарастырылған. 10 (14,7%) нысаналы индикатордың көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 52 нысаналы индикатор (соның ішінде 6 индикатор бойынша жоспарлы мәнді орындамау қаупі бар) және 9 нысаналы индикатор бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді, 99 нәтиже көрсеткіші, оның ішінде 30 (30,3%) орындалды, 68 орындалу барысында (соның ішінде 9 көрсеткіш бойынша жоспарлы мәнді орындамау қаупі бар) оларды жылдың соңында орындау жоспарланған және 1 көрсеткіш орындалған жоқ.

«Диверсификациялау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы өнеркәсіпті тұрақты және теңдестірілген дамуын қамтамасыз ету» 1 мақсаты бойынша 36 нысаналы индикатор қарастырылған. Оның ішінде 2 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 28 нысаналы индикатор (оның ішінде 3 индикатор жоспарлы мәнге жетпеу қаупі бар) іске асырылу сатысында, олардың орындалуы жылдың соңына жоспарланған және 6 индикатор бойынша статистикалық және басқа есеп жүргізілмейді. Аталған мақсат бойынша 17 нәтиже көрсеткіші қарастырылған, оның ішінде 9 көрсеткіш орындалды, 8 орындалу барысында және 3 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар.

Келесі индикаторлар бойынша жоспарланған мәндердің орындалмау қаупі бар.

- «мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда, жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарда сатып алудың қазақстан үлесін 61,5 %-ға ұлғайту (2009 ж.-3%) 52,7 % жоспар кезінде факт 4,6 % құрады.

- «құрылыс материалдарын жалпы өндіру көлемінде құрылыс материалдарынының экспорты үлесін 20,5 %-ға ұлғайту (2009 ж.-3%)» 9,6 % жоспар кезінде факт 3,47 % құрады.

- «химия өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 25% ұлғайту» жылына /адам 21,6 млн. теңге жоспар кезінде факт 1,7 немесе 7,8 % құрады.

Келесі көрсеткіштер бойынша жоспарланған мәндердің орындалмау қаупі бар.

- «Құрылыс материалдарын өндірудің табиғи көлем индексі (2009 ж.-90,2%)» 103,6 % жоспар кезінде факт 94,4 % құрады.

- «Жеңіл өнеркәсіптегі табиғи көлем индексі (2009 ж.-86,2%)» 106,4 % жоспар кезінде факт 53,4 % құрады.

- «Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қуаттылықтарды ұлғайту және өндірісті жаңарту бойынша көздеген шараларды орындау барысын қарастыру» жоспар – 1 бірлік, факт – 0. Бұл ретте химия өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңарту ағымдағы жылы жоспарланған жоқ.

Өңірлер бөлінісінде келесі индикаторлар бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді: фармацевтика саласында жалпы қосымша құнның ұлғаюы, отандық өндірістегі құрылыс материалдарының үлесінің ұлғаюы және басқа.

2. «Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің азық-түлік тауарларының ішкі рыногындағы үлесін арттыру, облыстың АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру» 2 мақсаты бойынша 8 нысаналы индикатор қарастырылған. 1 индикатор іске асырылды, 7 – іске асыру барысында, олар бойынша орындау 2012 жылғы соңғы статистикалық мәліметтер алынғаннан кейін жоспарланған. Аталған бөлім бойынша 33 көрсеткіш қарастырылған, орындалғаны – 9, орындалу барысында – 24 (оның ішінде 5 көрсеткіш бойынша жоспарлы мәнге жетпеу қаупі бар), орындалу жыл соңына жоспарланған.

Келесі көрсеткіштер бойынша жоспарланған мәндердің орындалмау қаупі бар.

- «жыл сайынғы өндірісті: ет (жоспар 23,7 мың тонна), жұмыртқа (жоспар 222 млн. Дана) жеткізу, факт тиісінше 10,8 және 11,1 құрады. Бұл ретте аталған көрсеткішке жету компоненттерге бөлумен күрделенді.

- «гидроқұрылыстарды қайта жаңарту (2009ж-2)» жоспар 5 бірлік, жартыжылда факт 1 бірлік құрады;

- «облыс бойынша сервитсік-дайындау орталықтарының санын 10 бірлікке жеткізу (2009ж-3)» жоспар 7 бірлік, факт 1 бірлік құрады;

- «сою алаңдарын салу (2009ж-211 бірлік)» жоспар 78 бірлік, факт 4 бірлік құрады;

«Шығыс Қазақстан облысының туризм индустриясын тұрақты дамыту» 3 мақсаты бойынша 1 «Туризм саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жинақ табысын ұлғайту» нысаналы индикаторы қарастырылған, оның орындалмау қаупі бар (жоспар -2984,9 млн. теңге, факт – 51,3).

Мақсат бойынша 5 көрсеткіш жоспарланған, орындалғаны 1, іске асыру барысында – 4 (1 көрсеткіш орындалмау қаупі бар).

«Сапа стандарттарына сәйкес келетін туристік қызметтерді орналастыру орындарының үлесі» көрсеткіші бойынша орындалмау қаупі бар, жоспар 7%, факт 1% құрайды.

«Бизнес-климатты жақсарту және өңір экономикасына инвестиция тарту» 4 мақсаты бойынша 5 нысаналы индикатор және 1 көрсеткіш қарастырылған, 1 нысаналы индикатор мен 1 көрсеткіш орындалды, 4 индикатор орындалу барысында, оның ішінде 1 жоспарланған мәнге жетпеу қаупі бар.

Аталған индикатор: «Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялды аймағында орналастыруға жоспарланған инвестициялық жобалар саны», жоспар 6 бірлік, факт 2 бірлік.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қарқынды және кешенді дамыту» 5 мақсаты бойынша 1 «ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту» нысаналы индикатор орындалу барысында, орындау жыл соңында жоспарланған.

Қойылған мақсатқа жету үшін 5 көрсеткіш жоспарланған, оның ішінде 1 орындалды, 3 жыл соңында орындау жоспарланған, «Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын ұлғайту» көрсеткіші орындалған жоқ. Аталған көрсеткіштің төмендеуі жеке кәсіпкерлер санының 43283-тен 36256-ға азаюына байланысты болды.

«Ішкі сауда саласын қарқынды дамыту» 6 мақсаты бойынша 10 нысаналы индикатор қарастырылған. 4 индикатор іске асырылды, және 6 көрсеткіш орындалу сатысында болып табылады, «Тұтыну бағаларының индексі (2009 ж – 105,7%)» индикаторы бойынша жоспар 108,0% болғанда факт 103,0% құрады, орындалмау қаупі бар.

Қойылған мақсатқа жету үшін 7 көрсеткіш жоспарланған, оның ішінде 5 орындалды, 2 жыл соңында орындау жоспарланған

7 «Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жетілдіру», 4 нысаналы индикатор қарастырылған, 1 индикатор орындалды, 3 орындалу сатысында болып табылады, орындалу жыл соңында жоспарланған,. 22 нәтиже көрсеткіші жоспарланған, оның ішінде 2 көрсеткіш орындалды, 20 көрсеткіш бойынша (1 көрсеткіш бойынша орындалмау қаупі бар) статистикалық мәліметтер жыл соңында шығарылады.

Сынап құрамды приборларды жинау және сақтау көрсеткіші бойынша орындалмау қаупі бар, жоспарланған 45 мың дана кезінде факт 15,5 мың дананы құрады.

8 «Мемлекеттік орман қорының кесілген және өртенген және басқа да орман алқабы алған жерлерде ормандарды қалпына келтіру. Ормандарды өрттен қорғау», 2 нысаналы индикатор қарастырылған, олар орындалу сатысында болып табылады мен 7 көрсеткіш қарастырылған, оның ішінде 1 көрсеткіш орындалды, 6 - жыл соңында орындау жоспарланған.

9 «Жабайы жануарлардың негізгі кәсіпшілік түрлерінің санын тұрақтандыру және өсіру, аңшылық-кәсіпшілік саланы дамыту» мақсаттары бойынша көзделген нысаналы индикатор жоспарланған мәнге жетті және 2 көрсеткіштің 1-і орындалды және 1 жыл соңында орындалады.

«Әлеуметтік саланы және адамдық потенциалды дамыту, халық өмірі сапасының деңгейін жоғарылату, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамысыз ету» 2 бағыты бойынша 12 мақсат, 31 нысаналы индикатор қарастырылған. орындалғаны 11 (35,4%) индикатор орындалды, 18 іске асыру сатысында ( 2 индикатор орындалмау қаупі бар), 2 индикатор орындалған жоқ, 163 көрсеткіш орындалғаны 56 (34,3%), 103 орындалу сатысында. 15 көрсеткіш бойынша орындалмау қаупі бар, 4 көрсеткіш орындалған жоқ.

«Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымтылығын арттыру және балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру» 1 мақсаты бойынша 7 нысаналы индикатор қарастырылған. Оның ішінде 4 орындалды және 3 индикатор орындалу сатысында. 45 көрсеткіш жоспарланған, 19 көрсеткіш орындалды, 24 көрсеткіш орындалу сатысында, 2 көрсеткіш бойынша орындалмау қаупі бар, 2 көрсеткіш орындалған жоқ.

.

Келесі көрсеткіштер бойынша жоспарланған мәндердің орындалмау қаупі бар.

- оқытуда ИКТ қолдану бойынша біліктілігін арттырған педагогтардың жалпы саннан алған үлесі (2009ж-4,3), жоспар 12%, факт 1,2% құрады.

- менеджмент с аласында даярлау және қайта даярлаудан өткен білім беру ұйымдарының басшыларының жалпы саннан алған үлесі (2009ж-8)», жоспар 20%, факт 4% құрады.

Орындалмаған көрсеткіштер:

- апатты мектептер саны, жоспар 24 бірлік, 43 бірлікті құрады. Апатты мектептердің көбеюі облыста 718 мектептен бейімделген ғимаратта 35% орналасқан. 63 % мектеп 30 жылдан артық пайдаланылып келеді.

- 1 компьютерге оқушылар саны 9,5% құрады, жоспар 7,2%.

«Тұрғындардың денсаулығын жақсарту» 2 мақсаты бойынша 4 нысаналы индикатор және 50 көрсеткіш қарастырылған, 1 индикатор орындалды, 2 орындалу сатысында, олардың орындалмау қаупі бар, 1 индикатор орындалған жоқ. 14 көрсеткіш орындалды, 36 – орындалу сатысында, 6 көрсеткіш орындалмау қаупі бар.

Келесі индикаторлардың орындалмау қаупі бар:

100 000 тірі туғандарға шаққандағы ана өлімі (2009ж.-22,72) жоспар 25,2 бірлік, факт 26,5 бірлік;

1000 тірі туғандарға шаққандағы нәресте өлімі (2009ж.-22,72) жоспар 19,5 бірлік, факт 17,6 бірлік;

1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім көрсеткіші (2009ж.-11,72) , % нысаналы индикаторы орындалған жоқ, жоспар 12,12 бірлік, факт 9,3 бірлік; орындалмау себебі қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар санының өсуі болып табылады (29,7%), жаңа ісктен қайтыс болғандар (13,6%), жарақат, улану және бақытсыз жағдайдан қайтыс болу (12,6%),

Келесі көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар:

Жұқпалы аурушаңдықтарды анықтауға арналған скрининг (вирустық гепатит). Мемлекеттік клиникаларда оперция жасалған балалар және қан ауруларымен ауыратын балалар, жоспар 16761 бірлік, факт 0 бірлік;

Жұқпалы аурушаңдықтарды анықтауға арналған скрининг (вирустық гепатит). Оперция жасалған ересектер (2009 -1,7), адам, жоспар 48369 бірлік, факт 0 бірлік;

Глаукоманы анықтауға арналған скрининг. 40 жастан асқан тұлғалар (амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бірінші рет қаралаған), жоспар 187000 бірлік, факт 81925 бірлік, бұл көрсеткіштер бойынша скрининг тендерлік процедураларға байланысты басталған жоқ;

Тұрғындар арасында маскүнемдіктің таралуы (2009 – 16,9),%, жоспар және факт 15,1 %;

Елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмектер сатуды жүзеге асыратын объектілер саны (дәріханалық ұйымдар, дәріханалық пункттер, жылжымалы пункттер), жоспар 650 бірлік, факт 292 бірлік;

Дәрігер кадрлар тапшылығын төмендету, жоспар 420 бірлік, факт 501 бірлік;

«Отандық мәдениетті насихаттау, дәріптеу және сақтау» 3 мақсаты бойынша бағдарламада 1 нысаналы индикатор орындалды және 9 көрсеткіш қарастырылған оның 5-уі орындалды және 4 орындалу сатысында болып табылады.

«Жоғары спорт жетістіктері мен бұқаралық спорттың дамуы» 4 мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған. 1 нысаналы индикатор бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді, 2 орындалу сатысында болып табылады.

6 көрсеткіш жоспарланған, 3-уі қол жеткізілді, 3 орындалу сатысында болып табылады.

«Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру» 5 мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор 17 көрсеткіш қарастырылған. 3 нысаналы индикатор орындалды. 5 көрсеткіш орындалды, 11 орындалу сатысында болып табылады. «уақытша болу шарттарында қызмет көрсетілетін тұлғалар үлесі (2009ж – 1,9%)» көрсеткіші бойынша орындалмау қаупі бар. Жоспар мен факт 1,7 % құрады.

«Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбеке қабілетті тұрғындар саны (2009ж – 34,1%)» көрсеткіші орындалған жоқ, жоспар 31,5%, факт 35,6% құрады.

«Мемлекеттік тілдің және тұрғындардың лингвистикалық капиталының дамуы» 6 мақсаты бойынша 2 нысаналы индикатор 6 көрсеткіш қарастырылған.индикаторлар орындалу сатысында, 2 көрсеткіш орындалды, 4 орындалу сатысында.

Ұлт бірлігін және қазақстандық патриотизмнің нығаюын қамтамасыз ету. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту 7 мақсаты бойынша 2 индикатор және 7 көрсеткіш қарастырылды, индикаторлар орындалу сатысында, 4 көрсеткіш орындалды, 3 орындалу сатысында.»Ұлттық бірлік доктринасын іске асыру шеңберінде толеранттық және ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау іс-шараларымен қамтылған ересек тұрғындар саны (2009ж – 57%)» көрсеткішінің орындалмау қаупі бар.

Өңірлік БАҚ ақпараттық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өңірде жүргізілетін мемлекеттік ақпараттық саясат аясында әлеуметтік сенім мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. 8 мақсаты бойынша 1 индикатор және 3 көрсеткіш қарастырылған, олар орындалу сатысында, электронды БАҚта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шыққан эфир уақыты көлемі (2009ж – 435, 2010ж – 442 сағат) көрсеткішінің орындалмау қаупі бар.

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру 9 мақсаты бойынша 1 индикатор мен 5 көрсеткіш қарастырылған, индикатор орындалды, 2 көрсеткіш орындалды, 3 көрсеткіш орындалу сатысында, жыл соңында барлық іс-шаралар орындалады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ақпараттық әлеуетін мәңгі сақтау және дамыту үшін шарттар құру» 10 мақсаты бойынша жоспарланған 5 индикатор мен 6 көрсеткіштер жыл соңында орындалады.

2 көрсеткіш бойынша орындалмау қаупі бар:

- қағаз түрдегі аса құнды істердің анықталу саны, жоспар 1800 бірлік, факт 233 бірлік,

- маманданудан өткен мұрағат ісінің қызметкерлері саны, жоспар 120 бірлік, факт – 46 бірлік.

Көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 11 мақсаты бойынша 1 индикатор және 6 көрсеткіш қарастырылған. 1 индикатор орындалу сатысында, 1 көрсеткіш орындалды, 4 көрсеткіш орындалу сатысында, 1 көрсеткіш орындалған жоқ.

-кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағының төмендеуі, жоспар 8,5%, факт 6,8% құрады.

-жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы (100 зардап шеккенге), жоспар 15,2 бірлік, факт 12,3 бірлік құрады.

«Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың үлес салмағының азаюы» көрсеткіші орындалған жоқ, жоспар 13,6%, факт 24,6% құрады.

Қылмыстарды және есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды уақтылы жолын кесу, анықтау және ашуды қамтамасыз ету 12 мақсаты бойынша 3 көрсеткіш және 1 индикатор қарастырылған, 1 көрсеткіш орындалды, 1 индикатор орындалған жоқ. 2 көрсеткіш орындалу сатысында.

Жалпы қылмыстық деңгейді төмендету (10 мың тұрғынға) (жоспар 108 болғанда факт 176,2. Ішкі істер органдары қызметінде бағалау жүйесінде азаматтардың қылмыстар туралы өтініштерін толық тіркеумен байланысты.

«Экономиканың үдемелі индустриялизациясына және тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту» 3 бағыты бойынша 8 мақсат, 37 индикатор және 36 көрсеткіш қарастырылған. 4 (10,8% нысаналы индикаторға қол жеткізілді. 30 индикатор орындалу сатысында, 6 индикатордың орындалмау қаупі бар, 3 индикатор орындалған жоқ. 4 көрсеткіш орындалды, 32 орындалу барысында, 4 – орындалмау қаупі бар.

«Электр энергиямен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, облыста бар электр энергия тапшылығын жабу үшін жаңа қуаттылықтарды қолдану, қолда бар энергетикалық жабдыққа, электр желілеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу» 1 мақсаты бойынша 1 мақсат 8 индикатор қарастырылған 7- орындалу сатысында, 2 орындалмау қаупі бар 1 индикатор орындалған жоқ. 5 көрсеткіш орындалу сатысында.

Орындалмау қаупі бар индикаторлар:

-8150 млн. кВт/сағ өндіруді ұлғайту, факт 3314,6;

-электр желілерінде базалық СЕМ техникалық шығындардардың нормативтен артық деңгейін төмендету, жоспар 12,4млн. кВт/сағ, факт 7,7 құрады.

«Электр желілерінде базалық СЕМ техникалық шығындардардың нормативтен артық деңгейін төмендету», жоспар 0,18%, факт 0,2% құрады. Себебі қаражаттың игерілмеуі.

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарын қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада тұрақты ауыз сумен қамту 2 мақсаты. Аталған бағыт бойынша 6 индикатор бар, оның ішінде 3 орындалды, 1 орындалу сатысында, 2 индикатор орындалған жоқ. 4 көрсеткіш жоспарланған, оның 2 орындалды және 2 орындалу сатысында.

Орындалмаған индикаторлар:

-тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативті шығындар деңгейінің төмендеуі, жоспар 19,4%, факт 33,1% құрады.

-1 км су құбыры желілерінде апаттар мен істен шығулар санының төмендеуі, жоспар 0,27 бірл, факт 0,41 бірл. құрады.

«Тұтынушылардың жылумен қамту қызметтерімен үздіксіз және сапалы жабдықтау» 3 мақсат бойынша 9 индикатор қарастырылған, олар орындалу сатысында, 2 индикатор орындламау қаупі бар. 4 көрсеткіш орындалу сатысында, 1 көрсеткіш орындалмау қаупі бар.

.-жөнделген жылумен қамту желілері үлесінің ұлғаюы (жөндеуді қажет ететін желілердің жалпы ұзындығынан), жоспар 12,5%, факт 2,6% құрады.

-1 км жылмен қамту желілерінде жылына апаттар санының азаюы, жоспар 0,23 бірл, факт 0,22 құрады.

«кондомиум нысандарын термомодернизациялау жобаларын іске асыру» көрсеткіші орындалмау қаупі бар, жоспар 10 бірлік, факт – 2 бірлік.

Шығыс Қазақстан елді мекендерінде үздіксіз және тұрақты су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 4 мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор жоспарланған, 1 индикатолр орындламау қаупі бар, 2 көрсеткіш орындалу сатысында.

-1 км канализация желілерінде апаттар мен істен шығулар санының төмендеуі, жоспар 0,07 бірл, факт 0,08 бірл. құрады.

«Автожол саласының инфроқұрылымды дамыту деңгейін жоғарылату» 5 мақсат бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған, олар іске асырылуда. 9 көрсеткіш іске асырылуда, олардың орындалуы жыл соңына жоспарланған.

«Облыс тұрғындарын сапалы, қол жететіндік көлік қызметімен қамтамасыз ету» 6 мақсат бойынша көрсеткіштер жыл соңында орындалады (1 нысаналы индикатор және 6 көрсеткіш). Бұдан басқа, «әлеуметтік маңызды қатынастармен теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны» көрсеткіші бойынша жоспар 207 мың жолаушы, факт 63,7 құрады, орындалмау қаупі бар.


7.Тұрғындарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету. 2 нысаналы индикатор қарастырылған, олар орындалу сатысында. Және 2 көрсеткіш орындалу сатысында, олардың жоспарлы мәндерінің орындалуы жыл соңына жоспарланған.

«100 тұрғынға интернетке кең жолақты қолжетімділікті тұтынушылардың тығыздығы» индикаторы бойынша орындламау қаупі бар, жоспар 18,5, факт 3,7.

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының тұру және демалуын жақсарту үшін аула және ауылдық аумақтарды абаттандыру деңгейін жетілдіру.8 мақсат Жоспарланған 2 индикатордың біреуіорындалды, 1 – орындалу сатысында. Жәнеде 4 көрсеткіш, оның 2 көрсеткіш орындалды, 2 – орындалу сатысында, олардың орындалмау қаупі бар:

-аулаларда демалыс аймақтарын құру, шағын сәулет нысандарын орнату, жоспар 83 бірлік, факт 15 бірлік;

- жүру жолдарының, тротуарлардың, подъездерге кіреберістердің асфальтбетон жабындыларын жөндеу жұмыстарын жүргізу, жоспар 13500 мың шаршы м, факт 3500 құрады.

«Аумақтық құрылым» 4 бағыт. Бағыт бойынша 7 мақсат, 20 нысаналы индикатор қарастырылған, оның 5 (25%) орындалды, 14 индикатор орындалу сатысында, оның 2 – орындалмау қаупі бар, 1 индикатор орындалған жоқ. Және 15 тікелей көрсеткіш қарастырылған. 10 көрсеткіш орындалды. .5 – орындалу сатысында, 2 – орындалмау қаупі бар.

1.Ауыл аумақтарын тұрақты дамыту негіздерін қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындарының тіршілік етуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. 14 нысаналы индикатор қарастырылған, оның 3 орындалды, 10 индикатор орындалу сатысында, 1 – орындалмау қаупі бар, 1 индикатор орындалған жоқ.

«Спорт нысандарын салу» индикаторы орындалған жоқ, жоспар 4 бірлік, факт – 1 бірлік.

«ЛЭП тозуы 85% асқан АЕМ саны үлесін азайту» индикаторы орындалған жоқ, жоспар 31,2%, факт – 34%.

Сонымен қатар, таратылған елді мекендер бойынша талдау көрсеткендей, облыс әкімдігі әкімшілік-аумақтық бірліктерді тіркеу және есепке алу және оларды есептік мәліметтерден шығару бойынша жеткіліксіз жұмыс өткізетінін көрсетті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға тұрғындары жоқ 6 ауыл және тұрғындар саны 50 адамнан аз 74 ауыл болған. Аталған іс-шараларды орындау аталған мақсат бойынша жоспарланған индикаторлар, көрсеткіштер және іс-шараларды орындауға ықпал етеді.

2.Шекарамаңы елді мекендері инфрақұрылымын қамтамасыз ететін экономикалық әлеуетін дамыту. 1 нысаналы индикатор мен 2 көрсеткіш қарастырылған, нысаналы индикатор орындалу сатысында, 1 көрсеткіш орындалды, «Бірлескен кәсіпорындар санын ұлғайту» көрсеткіші бойынша жоспар 1 бірлік, факт – 0, орындалмау қаупі бар.

«Тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету» 3 мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор мен 2 көрсеткіш қарастырылған, индикатор орындалды, 2 көрсеткіш орындалу сатысында, оларға қол жеткізу жыл соңына жоспарланған.

«Жерді ұтымды пайдалану үшін облыстың жер қорын тарату бойынша өзекті мәліметтер қалыптастыру» 5 мақсат бойынша:көзделген 2 көрсеткішке толығымен көз жеткізілді.

«Бейбітшілік және әскери уақыттағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу, ауыртпашылығын төмендету және жедел жою, адамдардың өмірін құтқару бойынша шараларды ұйымдастыру және өткізу» 6 мақсат бойынша: 1 нысаналы индикатор мен 6 көрсеткіш қарастырылған, оларға қол жеткізілді.

«Облыс азаматтарының жайлы тұруы» 7 мақсат бойныша: 3 нысаналы индикатор қарастырылған. «Нормативті эксплуатациямен қамтылған кондоминиум нысандарының үлесін ұлғайту» индикаторы бойынша (жоспар 9,9%, факт – 0,8%) орындламау қаупі бар. Және аталған мақсат бойынша 3 көрсеткіш қарастырылған, оның 1 орындалды, 2 орындалу сатысында, соның ішінде «Көпқабатты тұрғын үй қорында жеке есепке алу приборларын орнату» көрсеткіші бойынша орындалмау қаупі бар.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру» 5 бағыт бойынша 7 мақсат, 21 нысаналы индикатор және 30 көрсеткіш қарастырылған. 10 (52%) нысаналы индикатор орындалды, 11 индикатор орындалу сатысында, 3 индикатордың орындалмау қаупі бар. 20 көрсеткіш бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді. 10 көрсеткіш орындлалу сатысында, 1 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар.

«Мәслихаттар аппараттары жұмыстарының тиімділігін және нәтижелігін арттыру» 1 мақсат бойынша 1 нысаналы индикатор , 2 көрсеткіш қарастырылған. Индикатор орындалды, көрсеткішке жыл соңында қол жеткізу жоспарланған.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту және мониторинг ұйымдастыру 2 мақсат бойынша 5 индикатор мен 6 көрсеткіш қарастырылған, 4 нысаналы индикатор орындалды, 1 индикатор орындалу сатысында, олардың орындалмау қаупі бар. Көрсеткіштердің жоспарланған мәндеріне қол жеткізілді.

«Электронды мемлекеттік қызмет алу шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқыған тұрғындар үлесі» индикаторының орындалмау қаупі бар, жоспар 10%, факт – 3,8%.

Облыс мемлекеттік мекемелерінің ақпарат ресурстары мен жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 3 мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған, 1-уі орындалды, 2 орындалу сатысында, 1 индикатордың орындалмау қаупі бар. 3 көрсеткіш қарастырылған, олар орындалды.

«Мемлекеттік органдарды ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету» индикаторы бойынша (жоспар - 60%, факт - 20%).

4.ШҚО электрондық әкімдік қызметтерінің ашықтығы мен халықтың оны қолдануға дайындығын арттыру 5 нысаналы индикатор қарастырылған, оның 2 орындалды, 3 орындалу сатысында, 1 индикатордың орындламау қаупі бар. Қарастырылған 3 көрсеткіш орындалды.

«Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын жоғарылату» индикаторы бойынша жоспар - 25%, факт – 3,8%.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру» 5 мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор мен 3 көрсеткіш қарастырылған, 1 индикатор орындалу сатысында, 1 көрсеткіш орындалды, 2 көрсеткіш орындалу сатысында, оларға қол жеткізу жыл соңына жоспарланған.

«Бюджетті атқару, нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді игеруді іске асыру, және мемлекеттік коммуналдық меншікті тиімді пайдалану процесіне мониторинг өткізу арқылы бюджетті атқару бөлігінде қызмет сапасын жоғарылату» 6 мақсаты бойынша 4 нысаналы индикатордан 2 орындалды, 2 индикаторға жыл соңында қол жеткізу жоспарланған. 7 көрсеткіштен 3 орындалды, 4 көрсеткіш бойынша жыл соңында қол жеткізу жоспарланған..

«Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету» 7 мақсаты бойынша 2 нысаналы индикатор мен 6 көрсеткіш қарастырылған, индикаторға жыл соңында қол жеткізу жоспарланған, 4 көрсеткіш орындалды. 2 көрсеткіш орындалу сатысында. «Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі» көрсеткіші бойынша орындалмау қаупі бар.

«Бәсекелестікті дамыту» 6 бағыты бойынша 1 мақсат және 3 көрсеткіш қарастырылған, оларға жыл соңында қол жеткізу жоспарланған.

«Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін әкімшілік барьерлерді қысқарту және қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру жолымен бәсекелестік ортаны жақсарту. Тұрақты түрде тауар нарықтарының жағдайын талдау және дамыту, облыстың бәсекелестігін дамытуды бұқаралық ақпарат ақпарат құралдарында жариялау ұйымдастырылатын болады» 1 мақсаты бойынша 3 көрсеткіш қарастырылған, оларға жыл соңында қол жеткізу жоспарланған.

Бағдарламаны іске асыруға барлық көздер есебінен 2012 жылға 186,2 млрд. теңге игеру жоспарланған, нақты 30,4 млрд. теңге немесе жоспардан 16,3% игерілді. Соның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 64,8 млрд. теңге қарастырылған, 21,5 млрд. теңге немесе жоспардан 33,1 % игерілді;

жергілікті бюджет есебінен – 32,8 млрд. теңге қарастырылған, 8,9 млрд. теңге немесе жоспардан 27,0 % игерілді;

жекеменшік қаражаттары және басқа қайнар көздер есебінен – 88,4 млрд. теңге қарастырылған, игеру жыл соңында. Қаржы қаражаттарын толық игеру жыл соңына жоспарланған.
2. Құжаттарды іске асыруды жалғастыру, құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және басқалар бойынша ұсыныстар

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі индикаторлары мен көрсеткіштерге жету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Бірқатар индикаторлар мен көрсеткіштерге жету ресми жылдық статистикалық есеп алынғаннан кейін жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ұсынысы бойынша (бұдан әрі – Министрлік) облыстық мәслихаттың 27.09.2011 жылғы № 32/386- IV шешімімен «Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 24.12.2010 жылғы №26/315- IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өткізілген талдау нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді қайталау бөлігінде кемшіліктер бар екенін көрсетті, мысалы, электр желілеріндегі базалық СЕМ нормативті техникалық шығындар пайызын төмендету. Аталған индикатор бір мақсатта түрлі өлшем бірліктерімен екі рет қайталанады.

Бұдан басқа, 6 нысаналы индикатор бойынша статистикалық немесе басқа есеп жүргізілмейді. Және де жеке компоненттерді орындау нәтижесінен құралатын индикаторлар мен көрсеткіштер бар.

Осыған байланысты нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштерін онтайландыру үшін министрлік 2012 жылғы 31 шілдеде жергілікті атқарушы органдарға арналған көрсеткіштердің бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізді. Сондықтан облыс әкімдігі аумақтарды дамыту бағдарламасын бірыңғай көрсеткіштер тізбесіне сәйкестікке келтіруі қажет.

3. Жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды қайта қарау, ресурстарды қайта бөлу, олардың тиімсіз іс-әрекеттерін тоқтату және проблемаларды еңсеру және осал жақтарын жою.

Жалпы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша соңғы нәтижелер жыл қорытындысы бойынша ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, іске асыру сатысындағы 19 индикатор бойынша жоспарлы мәндердің орындалмау қаупі бар екені байқалады. Мысалы, 100 000 тірі туғанға ана өлімі (2009 ж. – 22,72) 25,2 жоспар кезінде нақты 26,5 құрады; электр желілеріндегі базалық СЕМ нормадан тыс техникалық шығындарының төмендеу деңгейі 12,4 млн. кВт/сағ жоспар кезінде нақты 7,7 құрады және басқалары.

Ұқсас жағдай 31 көрсеткіш бойынша қалыптасуда, олар бойынша жоспарлы мәндердің орындалмау қаупі бар.

Бұдан басқа, кейбір қайталанатын индикаторлар және көрсеткіштер бойынша мысалы, «Орталықтандырылған сумен қамтылған АЕМ үлесі (АЕМ жалпы санынан)» 3 және 4 бағыттарда көрсетіледі.

Бұдан басқа, қаржы қаражаттарының болмауына байланысты орындалмау қаупі бар іс-шаралар бар, мысалы «ШҚО Курчатов қаласында тазалау құрылғыларының құрылысы», «Семей қ. тұрмыстық қалдықтарды және оларға теңестірілген өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу бойынша өнеркәсіптік кешен құрылысы» және басқалары.

Осыған байланысты облыс әкімдігіне:

– іске асыру сатысындағы нақты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау;

– өңірлік деңгейде есептелмейтін индикаторлар мен көрсеткіштерді алып тастау бойынша шаралар қабылдау;

– қайталанатын индикаторлар мен көрсеткіштерді алып тастау бойынша шаралар қабылдау;

– бағдарламаның тікелей және соңғы нәтижелеріне қол жеткізу бойынша қызығушылық білдірген органдардың және шаруашылық субъектілерінің жұмысын үйлестіруді күшейту;

– жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша мәселені пысықтау;

– облыс аумақтарын дамыту бағдарламасында өңір экономикасы өсімінің резервтерін орындау бойынша мәселелерді көрсету;

– елді мекендер тізімдемесін «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының тұрғындары жоқ және 50 адамнан кем тұрғындары бар елді мекендерді тарату бөлігіне сәйкестікке келтіру бойынша шаралар қабылдау;

– тірек ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдау.



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconШығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының 2012 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша мониторингі
Деректемелер (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген нормативті құқықтық актінің атауы, нөмірі, мерзімі, әзірлеуге жауапты...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconМұғалжар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының іске асырылуы бойынша жүргізілген мониторингі есебінің 2012 жылғы жартыжылдық қорытындысы туралы

Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының мониторингі жөніндегі жалпы есеп
Бағдарламалық құжаттың деректемелері: 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) қалалық...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconБатыс Қазақстан облыстық маслихатының 2007 жылы 12 желтоқсандағы №4-31 шешімімен бекітілді. Батыс Қазақстан облысын басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы орал қаласы
Батыс Қазақстан облысын басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жиынтық
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың icon2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009-2012 жылдарға арналған Кешенді жоспары (бұдан әрі...
Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың iconШығыс Қазақстан облысында Туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы «3» қазандағы №9/125-iv шешімімен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница