«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы»




Название«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы»
Дата конвертации16.02.2013
Размер64.6 Kb.
ТипДокументы
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысының 2009 жылдың 3 тоқсанында орындалуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары көзделген іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңмен орындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 эжылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары мемлекеттік бағдарламаның негізгі басымдықтарын сақтай отырып жүргізілуде.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысымен 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы №67 қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды».
Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
2009 жылдың 3 тоқсанында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымына тұрақты мониторинг жасалды. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша облыстың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы 98,3 пайыз болды, бұл көрсеткіш 2008 жылдың 8 айында 92,1 пайыз болған еді. Облыстық басқармаларда бұл көрсеткіш 82,9 пайыз болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артты.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда 80,5 пайыз болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың 8 айында 59,6 пайыз болған еді. Облыс әкімі аппаратында шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы осы кезеңде 99,6 пайызды құрады.

Облыстық басқармалардағы мемлекеттік тілді қодданудың үлес салмағын арттыру мақсатында қыркүйек айының 19-да өткен үйлестіру кеңесінде қаралып, көрсеткіші төмен болған кәсіпкерлік және өнеркәсіп, табиғи ресурстар және 1табиғатты пайдалануды реттеу, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларына тиісті ұсынымдар жасалды.

Сонымен қатар, 3 тоқсанда бекітілген кестеге сәйкес Аягөз ауданы әкімінің аппараты мен әкімдігінде және құрылымдық бөлімшелерінде, ШҚО жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалу барысы тексеріліп, кемшіліктері атап көрсетілді, тексеру қорытындысы бойынша арнайы кеңес өткізілді.

Мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында іс жүргізудің сапасын арттыру және олардың жұмысына талдау мақсатында «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің үздігі» және командалық «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» облыстық конкурстары өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің үздігі» ШҚО өртке қарсы қызметінің аға инспекторы Мұстафин Айдын болды. «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» конкурсының жүлдегері Семей қаласы әкімдігінің командасы иеленіп, республикалық конкурсқа жолдаманы жеңіп алды.
Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
Шілде-қыркүйек айларында облыстың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында жаңа оқу жылына және қазан айында өтетін «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсына дайындық жұмыстары жүргізіліп, мұғалім кадрларын іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Қыркүйек айының 17-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ашылды.

3-тоқсан кезінде облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес облыс бойынша Курчатов, Өскемен және Зырян қалаларында 3 қазақ тілінде оқытып, тәрбиелейтін мектеп ашылды.

Мемлекеттік тілде оқытып, тәрбиелейтін мектептер санын жоспарлы түрде арттыру мәселесі 17 қыркүйек күні өткен үйлестіру кеңесінің отырысында күн тәртібіне енгізіліп, білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Д. Арғынғазиннің хабарламасы тыңдалды. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына 2 ай мерзімде облыстағы қазіргі демографиялық және миграциялық жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік тілді оқытып, тәрбиелейтін мектептер мен балабақшалар ашудың жаңа жоспарын жасап, бекітуге ұсыну тапсырылды.

Сондай-ақ үйлестіру кеңесінің отырысында облыстық басқармаларда мемлекеттік тілде іс жүргізу мен мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жағдайы туралы мәселе қаралып, облыстық басқармалардың бастықтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруды жақсарту талап етілді.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
ШҚО 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 тоқсан кезінде облыстың аудандары мен қалаларында мемлекеттік тіл саясатының көкейкесті мәселелері бойынша 9 «дөңгелек үстел», 5 семинар-кеңес өткізілді.

Облыс көлемінде тамыз айының 22-нен қыркүйек айының 22-не дейін «Тіл-достықтың кепілі» айлығы өткізілді. Айлық барысында облыстың аудандары мен қалаларында 19 конкурс, 5 оқырмандар конференциясы өткізіліп, 204 көрме, 15 поэзия кештері ұйымдастырылды. Айлық барысында облыста тіл мәселелеріне арналған 9 банер дайындалып, орналастырылды. Көрнекі ақпарат құралдарының Заң талабына сәйкес ресімделуін қадағалау және оны Заң табына сәйкестендіру мақсатында 71 рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында 28 заң талабына сәйкес келмейтін көрнекіліктер алынып тасталды, 37-і қайтадан жөнделді.

Айлық барысында барлық аудан және қалаларда «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауы өткізіліп, облыстық конкурсқа үміткерлер іріктелді. Қыркүйек айының 10-да облыстық Абай оқулары өткізіліп, Күршім ауданының үміткері Семенова Кристина бас жүлдені иелініп, республикалық конкурсқа жолдаманы жеңіп алды.

Қыркүйек айының 17-де Республика алаңындағы Абай ескерткішінің жанында Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Абай оқулары өткізілді. Бұл шараға қатысқандар Абайға арнаған өз өлеңдерін оқып, оның әндерін орындады.

Қыркүйек айының 22-де облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана жанындағы Пушкинге арналған бюст жанында Пушкин оқулары ұйымдастырылды.

Қыркүйек айының 18-22-і аралығында барлық аудандар мен қалаларда Тіл күніне арналған мереке ұйымдастырылып, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға белсене араласып, қомақты үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Оған облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқармалардың бастықтары қатысты.

18 қыркүйек күні облыс орталығында облыс әкімінің қатысуымен Тілдер мерекесі өткізіліп, ұлттық-мәдени орталықтардың қатысуымен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға белсене араласқан 31 адамға облыс әкімінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының грамоталары табыс етілді.

Айлық барысында халыққа қызмет көрсету салаларында, соның ішінде жолаушылар көліктерінде аялдамаларды екі тілде хабарлау, ақпараттарды екі тілде ресімдеп, орналастыру бойынша 3 рейд ұйымдастырылып, тиісті ұсынымдар жасалды.

Айлық барысында облыс орталығының қазақ тілінде оқытатын 2 мектебінде «Тілді қолдау-ата тектен басталады» акциясының қорытындысы бойынша ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 1996 жылғы 2 сәуірдегі №1293 Жарлығына сәйкес қазақи толтырылған куәліктер тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

Облыс орталығының көшелерінде орналасқан мониторларда берілетін ақпараттық материалдардың тілдік ара салмағына мониторинг жүргізілді. Облыс орталығынан хабар жүргізетін телеарналардағы «Жүгіртпе жол» жарнамаларына талдау жасалып, кемшіліктерді жою бойынша 8 ескертпе жасалды

Тоқсан кезінде облыстың баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 66 мақала жарияланып, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 4 тақырыптық хабарлар, 8 сюжет берілді, 1 радиохабар ұйымдастырылды.

ШҚО тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде арнайы бет шығарылды.
Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету
Облыстағыс жалпы тілдік ахуалды зерделеу мақсатында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Т.Ж. Қалдыбаеваның «Қазақстандық қоғамның ұлттық идеясының құраушысы ретіндегі мемлекеттік тілдің дамуы және орнығуы» атты әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңсінің отырысында оған қатысушылар мен кеңес мүшелеріне хабарлама жасалды.
ШҚО өңірлік іс-шаралар жоспарын қаржыландыру
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қарастырылған қаражатты игеру 99,2 пайызды құрады.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Похожие:

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconА Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Курчатов және Риддер қалаларының...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы 2010 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндеғі 2009 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы n 1200 Қаулысы
Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 Қаулысы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013...
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» icon2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысын іске...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница