«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті»




Скачать 108.1 Kb.
Название«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті»
Дата конвертации16.02.2013
Размер108.1 Kb.
ТипДокументы
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер




  1. «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) (бұдан әрі - Департамент) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

  2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, әкімдіктің қаулыларына және облыс әкімінің шешімдеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Департаменттің мемлекеттік тілдегі атауы «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган), орыс тіліндегі атауы Государственное учреждение (государственный орган) «Департамент внутренней политики Западно-Казахстанской области».

  4. Департамент заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде есеп шоты, дербес балансы болады.

  5. Департаменттің құрылымын және аппарат қызметкерлерінің шекті штаттық санын облыс әкімдігі бекітеді.

  6. Департаменттің заңды мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201.




  1. Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі мен құқықтары




  1. Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:




    1. қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    2. аймақта мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің Департамент құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілер мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасау;

    3. департамент құзырына қатысты мәселелер жөніндегі аймақтық бағдарламаларды, қаулыларды, облыс әкімінің шешімдері және өкімдерін әзірлеуге қатысу;

    4. ішкі саясат саласында жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметін саяси жоспарлау;

    5. аудандық және қалалық әкімдіктердің департамент құзырына жататын мәселелер жөніндегі жұмысын үйлестіру;

    6. қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысу;

    7. мемлекеттік рәміздер туралы комиссия қызметін ұйымдастыру;

    8. ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысындағы жұмыстарды үйлестіріп отыру;

    9. ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

    10. аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге және оның даму барысын жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасау;

    11. ішкі саяси бағыттағы жұмыстар туралы әдістемелік ұсынбаларды дайындау және шығару;

    12. департамент құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу;

    13. аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оның жүргізілуі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отыру;

    14. мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кітап өнімдерін шығару мен тарату жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

    15. аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

    16. қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара іс-әрекет ету;

    17. аймақтағы діни жағдайды талдау және зерттеу, миссионерлік қызмет жүргізетін шетел азаматтарын есепке (санақ) алуды жүргізу;

    18. отандық аудио-визуалды және шетелдік ақпарат өнімдеріне, газет-журналдарға мониторинг және талдау жүргізу. Облыс аумағында таралатын шетелдік БАҚ өнімдерін есепке алу және бақылау;

    19. конституциялық құрылымға қарсы, республика заңнамаларын сақтау мен ұлтаралық және конфессияаралық дауларды жандандыруға бағытталған материалдарды таратуға жол бермеу мақсатында БАҚ-ты бақылауды жүзеге асыру;

    20. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өзінің қызметін жүргізетін және үкіметтік емес ұйымдар мен жастарға қатысты мәселелерді шешуге қатысатын барлық үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;

    21. кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуда мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыстар жүргізу;

    22. жастардың жұмыспен қамтылуына және жас адамдардың мамандық алуына жәрдемдесу;

    23. облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің, облыс әкімі аппараты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және бірлесе жұмыс істеу жөніндегі Кеңестің жұмыстарына қатысу;

    24. облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының бөлімдерін әзірлеуге қатысу, оларды орындаудағы мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру;

    25. мәдениет, білім және басқа да органдармен бірлесе отырып, сондай-ақ жеке жастардың мәдени-тәрбиелік, өндірістік, білімділік, шығармашылық шеберлік орталықтарын, фестивальдар, жарыстар, байқаулар, көрмелер және басқа да жаппай жастарға арналған шараларды өткізу.




  1. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:




    1. ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отыру, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайларға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдары қызметіне мониторинг жүргізу, талдау, жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөнінде ұсынбалар әзірлеу және жұмыстарды ұйымдастыру;

    2. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

    3. департамент құзырына жататын мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды, облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

    4. аймақ туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдіктің жұмысына қатысу;

    5. департамент құзырына жататын мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

    6. департамент құзырына жататын мәселелер жөнінде қалалық және аудандық уәкілетті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз ету;

    7. әкім аппараты қызметін ақпараттық – талдаумен қамтамасыз ету;

    8. республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін саяси жағынан қамтамасыз ету;

    9. қала, аудандар әкімдерінің мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отыру және бақылау жасау;

    10. әкімдік мәжілісіне аймақтың ішкі саясат өміріндегі маңызды мәселелер бойынша материалдар әзірлеуге қатысу;

    11. кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық, кеңес беру - әдістемелік және ақпараттық көмектер көрсету;

    12. ішкі саясат, ұлтаралық қатынастар салаларындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

    13. департамент құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

    14. саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

    15. аймақта ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;

    16. әкім аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып, Департамент құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

    17. департамент құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақытында және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    18. үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы мен облыстық жастар бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;

    19. облыстық жастар бағдарламасы және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасының кейбір шараларының әкімшісі және орындаушысы болады;

    20. облыс әкімдігінің мәжілістеріне және басқа да шараларға департамент құзырына қатысты мәселелер жөнінде материалдар дайындайды;

    21. облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің, облыс әкімі аппараты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және бірлесе жұмыс істеу жөніндегі Кеңестің жұмысшы органы болып табылады;

    22. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.




  1. Департаменттің негізгі міндеттерін және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:




    1. өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте сұратуға, Департамент құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;

    2. ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге, Департаментке қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асыруға;

    3. департамент қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар беруге, оның орындалуын қадағалауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

    4. аймақтық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясатын, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

    5. ішкі саяси тұрақтылық стратегиясын жүзеге асыруға байланысты барлық деңгейдегі атқарушы органдардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметін үйлестіру мақсатында Департамент жанында алқалы орган құруға;

    6. департамент құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетуге құқылы.




  1. Департаменттің мүліктері


Департаменттің шұғыл басқару құқығындағы оқшауланған мүліктері болады.

Департаменттің мүліктері мемлекет берген мүліктерден және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны Департамент балансында көрініс табатын басқа да мүліктерден құралады.

Департамент қайта құрылған немесе таратылған жағдайларда Департаменттің мүліктері мемлекетке қайтарылады немесе құқық мұрагеріне өтеді.

Департамент қызметін ұйымдастыру





  1. Департамент құрылымына Департамент директоры, оның орынбасарлары, бөлім меңгерушілері және Департаменттің басқа да қызметкерлері енеді, оның штаттық санын облыс әкімдігі белгілейді.

  2. Департамент төмендегідей бөлімшелерден тұрады: саяси партиялармен жұмыс бөлімі, үкіметтік емес және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі, талдау және мониторинг бөлімі, ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі, әкімшілік бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.

  3. Департамент директорын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімі мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады.

  4. Департамент директоры:

  1. Департаменттің қызметіне басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

  2. Департаменттің құрылымын әзірлейді және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады, Департамент директоры орынбасарлары арасындағы қызметтік міндеттерді бөлуді іске асырады;

  3. болашақтағы және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

  4. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді;

  5. өзінің өкілдігі шегінде қала және аудандар әкімдері аппараттарының Департаменттің құзырына кіретін мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіріп отырады;

  6. заңнамаларда белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

  7. заңнамаларда белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

  8. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

  9. өзінің құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

  10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.




  1. Департаментті қайта құру және тарату


Департаментті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің

құрылымы

Лауазымы

Бірлік

саны

Директор

1

Директордың орынбасары

1

Директордың орынбасары

1

Саяси партиялармен жұмыс бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маман

2

Жетекші маман

1

Үкіметтік емес және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маман

2

Талдау және мониторинг бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маманы

1

Жетекші маман

1

Ақпараттық саясаты және БАҚ мониторингі бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маман

3

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маманы

1

Жетекші маман

1

Әкімшілік бөлімі

Бөлім бастығы

1

Бас маман

2

Жетекші маман

1

Барлығы:

24

Похожие:

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconБекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган)
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган)
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconАқмола облысының ішкі саясат департаменті

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер
Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мм мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconАстана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (Астана...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» icon«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» icon«Казталов ауданының ішкі саясат бөлімі» мм батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы Шарафутдинов көшесі, 3 ү
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconҚазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Астана қаласының Діни істер департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Р Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаментінен бөлініп шығу жолымен құрылған Астана қаласының Діни істер департаменті...
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» iconБекітілген батыс Қазақстан облысы
Миссия: Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница