Отты күндер шежіресі




Скачать 20.21 Kb.
НазваниеОтты күндер шежіресі
Дата конвертации16.02.2013
Размер20.21 Kb.
ТипДокументы

Отты күндер шежіресі



Жауынгер монологындағы” кейіпкер

Менің атам болатын
Біздің отбасымыз өзіміздің дарынды жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, марқұм Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын сүйіп оқиды. Әрине, қазақ әдебиетінің қай өкілдері де біз үшін жат емес. Бірақ, Әбу Сәрсенбаев шығармашылығын қастерлеуіміздің басқадай да бір себебі бар...
Менің нағашы атам Құспан Нұрпейісов сонау аласапыранға толы жиырмасыншы ғасырдың басында дүниеге келіпті. Дәлірек айтқанда, 1916 жылы Бақсай ауданының Топайлы селосында туған екен. Жас күнінен ұстащдық мамандықты таңдаған ол Оралдағы екі жылдық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітіреді. Онда 1936-1938 жылдары оқиды. Алғаш ұстаздық еңбек жолын Сорочинкодағы 7 жылдық мектептен бастайды. 1939жылы әскер қатарына шақырылған ол Белоруссияның Бобруйск қаласында әскери дайындықтан өтеді. Одан әрі көп ұзамай Ұлы ОТАН соғысының отты күндері басталып кетіп, атам да өзге жауынгерлермен бірге майданның алғы шебіне аттаныпты.
Содан атам бірінші Белоруссия, үшінші Украина майдандарында қарасты жаяу әскер полкі сапында қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Ол 396-ыншы артиллерия полкінің 46-шы бригадасы құрамында зеңбірек командирі болған. Әжемнің айтуынша, Курск, Польша, Румыния, Германия, Чехия, Кенисберг жерлерін жаудан азат етуге үлес қосқан. Армия генералдары Малиновский, Рокосовский, Жуковтармен де майданда бірге болған.
Енді атам туралы әңгіменің ең қызық жеріне келейін. Жауынгер жазушы Әбу Сәрсенбаевтың “Жауынгер монологы” атты кітабында “Қираған қамал” деген тамаша очерк бар. Сол очеркте: “...Бұл шайқаста батыр зеңбірекшілер Ивановпен Қ.Нұрпейісов екеуі қос-қостан неміс танкісін қиратты...” – деген жері бар. Сондағы Қ.Нұрпейісов менің атам болатын. Бұл атамыздың біз секілді ұрпақтары үшін үлкен мақтаныш. Орынды мақтаныш.
Атам жауынгерлік тапсырмаларын ойдағыдай орындағаны үшін 1942 жылы “Ерен еңбегі үшін” медальмен, 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Жоғары Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің колынан алты рет мақтау қағазын алды. Атам туралы көп әңгіме айтуға болады. Оның соғыста түскен суреттері көп.Соның біріне Украина селоларын жаудан тазарту кезінде түскен екен. Сол сәттердегі жауапты да, қатерлі операциялар кезінде кезекті бір жарылыс болып, Арсен Агаджанұлы Хачатурян деген жауынгер топырақтың астында қалады. Атам оны қазып алып, аман–есен дала госпиталына жеткізеді. Арсеннің ұлты армян екен. Атам екеуі дос көрінеді. Екеуі соғыстан кейін де хат алысып тұрды. Әттең, атам тірі болғанда осындай талай естеліктерді өз аузынан еститін едім. Қазір мен оқып жатқан Береке отарлау мектебінде ол кісі мектеп директоры болыпты. Талай шәкірттерді алдынан ұшырған ұстаз да. Осы мен оқып жатқан мектепке атамның атын берсе ғой шіркін... Бұл Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында әжем мен біздер үшін үлкен сыйлық болар еді..
Дархан ХАСЕНОВ,

Береке отарлау мектебінің оқушысы, Махабет ауданы

Похожие:

Отты күндер шежіресі iconАтаулы күндер
Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі «2011 жылы аталып өтілетін және еске алынатын...
Отты күндер шежіресі iconМ. С. Жақұпов, Н. З. Бірімқұлова 2011 жылға Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі
Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша)....
Отты күндер шежіресі iconШығыс Қазақстанда 2010 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі. Алғы сөз «2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер»
«2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбегін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Отты күндер шежіресі iconШығыс Қазақстанда 2010 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі. Алғы сөз «2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер»
«2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Отты күндер шежіресі iconПавлодар облысында 2009 жылы аталып өтiлетiн және еске алынатын күндер знаменательные и памятные даты павлодарской области на 2009 год
Павлодар облысында 2009 жылы аталып өтiлетiн және еске алынатын күндер күнтiзбегi оқырман қауымды Павлодар өңiрiнде болған маңызды...
Отты күндер шежіресі iconӨміртай шежіресі
Мұның бәрі Қазақ деген халықтың тарихын құрайды. Назардан тыс қалған деректерді ата-баба әруағын кастерлеген кейінгі ұрпақ әлі де...
Отты күндер шежіресі icon2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер
«2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталатын өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Отты күндер шежіресі icon2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер
«2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесін А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан...
Отты күндер шежіресі iconСабақтың тақырыбы: Жер тарихы мен шежіресі Мақсаты
Жер тарихына, шежіресіне толық түсінік беру, архей, протерезой, палеозой, мезозой, кайнезой замандарын жеке зерттеп, салыстырып,...
Отты күндер шежіресі icon2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница