Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері




НазваниеИрзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері
страница1/9
Дата конвертации16.02.2013
Размер1.1 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
УДК 636. 32/38. 082 Қолжазба құқығында
ИРЗАҒАЛИЕВ ҚОСЫБЕК САЛТАНАТҰЛЫ
Атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері

06.02.01 – ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы,

генетикасы және көбеюі


Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің «Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» филиалында орындалған



Ғылыми кеңесшілері:

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қанапин К.Қ.,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Сейдалиев


Ресми оппонентер:

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жүзенов Ш.А.,
Қ.Р. ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Садықұлов Т.С.,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазиханов Р.Қ.


Жетекші ұйым:

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті



Диссертацияны қорғау 2010 жылы 8-қазан сағат 15-00-де «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Д. 55.11.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекенжайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51.

Диссертациямен «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің кітапханасында танысуға болады


Автореферат « » 2010 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторы Қ. Жұмаділла

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары әлемдік қой шаруашылығында халықтың азық-түлікке деген сұранысының өсуі және жүн орнына жоғары сапалы жасанды шикізаттың жаппай қолданылуына байланысты қой етін, әсіресе қозы етін өндіру жоғарылауда.

Нарықтық экономика жағдайында еліміздің қой шаруашылығы жас қой етін өндіруге, яғни қозылары мен төлдері туылған жылы жоғары қарқында өсіп-жетілуімен, азықты өнімге тиімді айналдыру қасиетімен және қоршаған орта әсеріне төзімділігімен ерекшеленетін құйрықты қой тұқымдарын өсіруге мамандандырылуда.

Бүгінгі таңда еділбай және еділбай типтес құйрықты қойларды өсірудің экономикалық тиімділігі басқа бағыттағы қойларға қарағанда едәуір жоғары, өйткені олардан өзіндік құны төмен құнарлы да арзан қой еті әр басқа шаққанда орта есеппен 3-5 кг артық өндіріледі. Еділбай типтес құйрықты қойларды өсіру республикамыздың шөл, шөлейт және құрғақ дала аймақтарындағы жайылымдарды неғұрлым тиімді және табысты түрде пайдалануды мүмкін етеді. Еділбай қойларының өте бағалы тұқымдық материалдың генетикалық көзі ретінде халық шаруашылығында үлкен маңызы бар, оларды шаруа қожалықтары және жеке қожалықтар өздерінің өсіріп отырған қылшық жүнді құйрықты қойларын жақсартушы ретінде кеңінен пайдаланады.

Болашақта еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты құйрықты қой шаруашылығы республикадағы мал шаруашылығының ең басты бағыттарының бірі болып қалыптасады, бұл сала қой етін өндірудің 50%-ын қамтамасыз етеді. Оған дәлел, еділбай қойы төлдері тез жетіледі, 18 айлығында олардың ет-сүйек қатынасы үлкен қой көрсеткішіне парапар болады.

Елімізде өсірілетін қылшық жүнді құйрықты қойлармен жүргізілетін селекциялық асылдандыру жұмыстары екі бағытта өріс алады: біріншіден, қойлардың жетілгіштік қасиетін жақсарту мен ет-май өнімділігін жоғарылату; екіншіден, аталған қасиеттерді сақтай және дамыта отырып ақ, ақшыл, ағарған жүнді қойлардың табындарын құру.

Аймақтық, тұқымдық, зауыттық сүлелер мен желілер шығару арқылы жүргізілген тұқым ішіндегі селекция құйрықты қылшық жүнді қойлардың тұқымдық және өнімділік қасиеттерін жақсартудың негізгі әдісі болып табылады. Құйрықты қойлардың ет өнімділігін жоғарылату жөніндегі асылдандыру жұмысында жоғары салмақты, тез жетілгіш,еттілік-майлылық қасиеттері жақсы дамыған малдарды іріктеу, жұптау және тұқымдық, экологиялық әртүрлілік пен ерекшеліктерді пайдаланған тиімді.

Атырау облысында өсірілетін еділбай және еділбай типтес қойлардың Батыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында өсірілетін еділбай қойларына қарағанда дене тұрқы орташа, тез жетілгіштік қасиеті аздап төмендеу және олардың 70%-дан астамы қара, қара-қоңыр, қызыл-сарғыш жүнді болып келеді. Ал, ақ, ақшыл және боз түсті жүндер өндірісте кез-келген түске бояуға болатындықтан өте жоғары бағаланады.

Жоғарыда келтірілген деректер Атырау өңірінде өсірілетін еділбай және еділбай типтес қойлардың ет-май өнімділігін жоғарылату мен олардың жүні ақ және ақшыл түсті жаңа түрлерін шығарудың өзекті мәселе екендігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсатыКаспий маңы ойпатының шөл және шөлейт аймағында орналасқан Атырау өңірінде өсірілетін еділбай қойларын жетілдіру және ақ жүнді жаңа түрін шығарудың әдістері мен тәсілдерін жасау, олардың өнімділік қасиеттерін жоғарылату жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Алға қойылған мақсат төмендегі міндеттерді орындау жолымен іске асырылады:

- селекциялық жұмыстардың бастапқы кезеңінде пайдаланылған қойлардың сипаттамасын беру;

- Атырау өңіріндегі еділбай және еділбай типтес қойлардың генетикалық құрылымын жасау:

а) Сүйіндік зауыттық сүлесін шығару тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеу;

б) «Мақаш» тұқыммал зауытында өнімділігі жоғары еділбай қой табынын құру тәсілдерін жасау;

в) Ақ жүнді еділбай типтес қойлардың табынын шығару және олардың генетикалық құрылымын құру тәсілдерін жасау;

- Атырау өңірінің еділбай және еділбай типтес қойларының өнімділік – пішін-бітім және кейбір биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- Атырау өңірі еділбайы мен еділбай типтес қой төлдерінің өсіп-жетілу, сойыстық, еттілік, жайылып семіру және өміршеңдік қасиеттерін анықтау;

- еділбай және еділбай типтес қой төлдері өнімділігінің селекциялық генетикалық параметрлерін анықтау;

- Атырау өңірінің еділбай және еділбай типтес қойларымен жүргізілетін селекциялық асылдандыру жұмыстарының келешектегі бағытын белгілеу және олардың төлдерін етке өткізудің экономикалық тиімділігін анықтау.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы. Қазақстанның қылшық жүнді құйрықты етті-майлы қой шаруашылығы саласында бірінші рет төмендегідей қағидалар шешімін тапты:

Атырау өңірінің табиғи-климаттық жағдайына жақсы бейімделген еділбай қойларының өнімділігі жоғары өзіндік ерекшеліктері бар табындарын шығарудың әдіс-тәсілдері теория жүзінде негізделіп, іс жүзінде дәлелденді.

Каспий маңы ойпатында еділбай жэне еділбай типтес қой табындарын құруда басты тұқыммал зауыттарының аталықтарын пайдалану нәтижелері түбегейлі және жан-жақты зерттелді.

Атырау өңірінің еділбай қойларының тұқымдық және өнімділік қасиеттерін олардың генетикалық құрылымын құру арқылы жүзеге асырудың әдістемелері жасалып, іс жүзінде жүзеге асырылды.

Ақ жүнді еділбай типтес құйрықты қойлардың табынын шығару тәсілдері жасалып, жүзеге асырылды.

Теориялық құндылығы. Атырау облысының басты тұқыммал шаруашылықтарындағы еділбай қой табындарын толық сипаттау, тұқымды таза өсірудегі және шығу тегі мен өсірілу ортасы әртүрлі еділбай және ақ жүнді құйрықты қошқарларды жергілікті кұйрықты қойлармен сіңіре және өндіре будандастыруда пайдаланылған іріктеу мен жұптау тәсілдерін қолдану нәтижесінде Каспий маңы ойпатының аса қатаң табиғи-климат жағдайларында еділбай және еділбай типтес қойлардың өнімділігі жоғары табындарын құру және жаңа популяциясын шығару мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде дәлелденді.

Еділбай типтес ақ жүнді қүйрықты қойларды шығару жөніндегі ұзақ жылғы зерттеулер төмендегідей ең басты теориялық тұжырым жасауға мүмкіндік берді: еттілік-майлылық қасиеттері еділбай қойынан қалыспайтын мал тұқымдары мен топтарын шығару ісінде еділбай қойы аталығы мен аналығының тұқымдық мүмкіндіктерін қатар пайдалану өте нәтижелі, әрі дәйекті селекциялық тәсіл болып табылады.

Зерттеу нәтижелерінің қолданбалы құндылығы және жүзеге асырылуы. Диссертациялық жұмыста жасалған ғылыми қағидалар, қорытындылар мен ұсыныстар өндіріске енгізіліп, еділбай және қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын селекциялау ісінде кең қолдау тапты және еділбай қойларының өнімділігі жоғары Каспий маңы ойпатының аса қатаң табиғаты мен ауа райы жағдайларына жақсы бейімделген жаңа зауыттық (сүйіндік) сүлесі мен еділбай типтес ақ жүнді жаңа түрін шығарумен аяқталды.

Кең көлемді селекциялық процесті іске асыру барысында Атырау өңіріндегі еділбай қой сілемдерінің генетикалық құрылымы жасалды, яғни, өзіндік нәсілдік және өнімділік қасиеттерімен ерекшеленетін бір зауыттық сүледен өзге алты зауыттык желі шығарылды, желілердің төртеуіне селекциялық жетістік ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің патенттері берілді.

«Сүйіндік» тұқыммал зауытындағы сүйіндік зауыттық сүлесінің асыл тұқымды қойлары Атырау өңіріндегі еділбай және еділбай типтес қойлардың бүгінгі таңдағы 100 мыңнан астам үлкен сілемін шығаруға негіз болды. 1991 жылдан Республиканың түрлі етті-майлы аймақтарына 13,3 мың бас тұқымдық жас қошқарлар сатылды. Еділбай қойларының өнімділігі жоғары табыны шығарылған «Мақаш» тұқыммал зауыты жылына 2400-2800 бас асыл тұқымды төл сатуға қол жеткізді.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

  • селекциялық жұмыстардың бастапқы кезеңінде пайдаланылған қойлардың сипаттамасы;

  • Атырау өңіріндегі еділбай қойларының генетикалық құрылымын жасау тәсілдері;

  • ақ жүнді еділбай типтес қойлардың табынын шығару және олардың генетикалық құрылымын құру тәсілдері;

  • Атырау өңірінің еділбай және ақ жүнді еділбай типтес қойларының өнімділік-бітім және кейбір биологиялық ерекшеліктері;

  • Атырау еділбайы мен ақ жүнді еділбай типтес қой төлдерінің өсіп-жетілу, жайлып семіру, етею, сойыстық, еттілік және өміршеңдік қасиеттері;

  • еділбай және еділбай типтес қой төлдері өнімділігінің селекциялық генетикалық параметрлері; оларды етке өткізудің экономикалық тиімділігі.

Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі. Ғылыми зерттеулер бүкілодақтық ғылыми-техникалық бағдарламаға (0.51.25) және Қазақтың қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институтының (қазір – Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) (мемлекеттік тіркеу номерлері: 0101 РК 00474, 0106 РК 00919, 0106 РК 00920) және Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (қазір – Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Атырау филиалы) (мемлекеттік тіркеу номерлері: 01 96.РК, 01 01 РК 00361) тақырыптық жоспарларына сәйкес жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері және диссертацияның негізгі қағидалары Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының [1990-2008] және Батыс Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының [1992-2008] ғылыми кеңестерінің отырыстарында, Бірінші халықаралық ветеринарлық конгрессте [Алматы, 2002]; халықаралық ғылыми [Атырау, 2004; Шымкент, 2007], ғылыми-өндірістік [Алматы, 2006], ғылыми-практикалық [Орал, 2007; Алматы, 2008]; аймақтық ғылыми-практикалық [Атырау,2006] және облыстық ғылыми-тәжірибелік [Атырау,2006] конференцияларда баяндалып, мақұлданды.

Жұмыстың кейбір фрагменттері Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде көрсетілді ( «Қараөткел» [Астана] – 2006, 2007, 2008, 2009 жж.).

Диссертация мәліметтері бойынша барлығы 38 мақала жарық көрді, олардың ішінде бір монография, бір кітапша, бір ұсыныс бар және өнімділігі жоғары аталықтардың төрт зауыттық желілеріне ҚР Әділет министрлігінің патенттері [№50,51,53,54; 17.09.2007] берілген. Ізденуші аталған желілердің және сүйіндік зауыттық сүлесінің [ҚР АШМ №8 бұйрығы, 12.01.2000ж.] авторы болып танылған.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс 210 бетке компьютермен терілген, 64 – кесте және 43 – суретпен көрнектелген. Диссертация кіріспе, ғылыми еңбектерге шолу, зерттеу орны, нысаны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, тұжырымдар мен өндіріске ұсыныстар және пайдаланған ғылыми еңбектер тізімінен (310 еңбектің 12-сі шет ел тілдерінде) тұрады.
Зерттеу материалдары мен әдістемелері

Ізденіс және зерттеу жұмыстары 1990-2008 жылдар аралығында Атырау облысы Құрманғазы ауданының «Сүйіндік», Құрманғазы атындағы және «Мақаш» тұқыммал зауыттарында және Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүн зертханасында жүргізілді (1-сурет).

Зерттеудің зерзаты ретінде аталған шаруашылықтарда өсірілетін еділбай және еділбай типтес қойлар алынды. Жұмыстың аяқ кезіндегі (2008ж) «Сүйіндік» тұқыммал зауытындағы жалпы мал саны 10,5 мыңды, Құрман-



1


- сурет – Зерттеулердің жалпы сызбасы

ғазы атындағы зауытта 11,5 мыңды және «Мақаш» зауытында 13,0 мың, оның ішінде аналықтардың саны тиісінше 5,6; 6,1 және 7,5 мың басты құрады.

«Сүйіндік» тұқыммал зауытындағы еділбай қойларының табыны жергілікті құйрықты қойларды еділбай қошқарларымен сіңіре будандастыру және ішінара Орал облысы Жаңақала ауданының тұқыммал шаруашылықтарынан әкелінген еділбай қойларын таза өсіру нәтижесінде шығарылып, 2000 жылы ҚР АШМ №8 бұйрығымен «Сүйіндік зауыттық сүлесі» деген атпен бекітілген сүле малдарынан құралды.

«Мақаш» тұқыммал зауытындағы қой табыны жергілікті құйрықты қойларды еділбай қошқарларымен және олардың Орал облысы Жаңақала және Фурманов аудандарының тұқыммал шаруашылықтарынан және Атырау облысының «Сүйіндік» тұқыммал зауытынан әкелінген өнімділігі жоғары будандарымен сіңіре будандастыру негізінде құрылған малдардан құралды.

Тәжірибедегі Құрманғазы атындағы тұқыммал шаруашылығының еділбай типтес құйрықты қойлары жергілікті құйрықты қойларды Орал облысының «Бірлік» тұқыммал шаруашылығынан әкелінген еділбай қошқарларымен және Атырау облысының «Сүйіндік» тұқыммал зауытынан әкелінген қан үлесі жоғары еділбай х қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы будандарымен сіңіре будандастыру нәтижесінде шығарылған еді.

Сонымен қатар бұл шаруашылықта еділбай типті құйрықты қой аналықтарын Атырау облысы Махамбет ауданындағы облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасынан әкелінген ақ және ақшыл жүнді қошқарлармен сіңіре будандастыру және еділбай аналықтарына жергілікті ақ жүнді қошқарларды пайдалану жолымен шығарылған ақ жүнді қой табыны да болды.

Еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығару жөніндегі ғылыми-зерттеу және селекциялық асылдандыру жұмыстары Қазақстанның оңтүстік-батысындағы шөл және шөлейт аймақтардағы Каспий маңы ойпатында орналасқан Атырау облысының шаруашылықтары жағдайында жүргізілді.

Еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығару ең маңызды селекциялық белгілер арқылы қойылған мақсатқа сай сапа мен қасиеттері тиімді ұштасқан малдарды алуға бағытталған іріктеу мен жұптауды жүргізу нәтижесінде іске асырылды. Селекцияның әртүрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігі өткен және соңғы жылдарда жүргізілген жұптау нәтижелерін талдау мен алынған деректерді бір-бірімен салыстыру негізінде анықталды.

Тәжірибе және бақылау топтарындағы малдардың өнімділік-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу зоотехникалық зерттеулердің жалпылама әдістемелерін және арнайы әдістемелер мен әдістемелік ұсыныстарын қолдану арқылы жүргізілді [ВИЖ, 1958; 1969; 1970 және басқалар].

Тәжірибе топтарындағы қойлардың жүндерінің физико-механикалық және технологиялық қасиеттерін зерттеу Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүн зертханасында, ал бақылаулық союлар «Мақаш» шағын ет комбинатында жүргізілді, қой етінің сапасы – ұшаның сұрпы етінің морфологиялық, химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын зерделеу арқылы анықталды. Еттің химиялық құрамын анықтау ҚР АШМ республикалық ветеринариялық зертханасының Атырау облыстық филиалында жүргізілді.

Аналықтардың көбею қабілеті ұрықтанған және төлдеген аналықтар мен туылған қозылар санын есептеу арқылы анықталды. Қозылар мен төлдердің өміршеңдігі олардың туылғаннан енелерінен бөлгенге дейін және енесінен бөлгеннен 12 айлығына дейінгі кезеңдердегі сақталуын есептеу арқылы анықталды.

Селекциялық генетикалық параметрлер Н.А.Плохинский [1969], Е.К.Меркурьевалардың [1970] әдістемелеріне сәйкес анықталды.

Зерттеулердің экономикалық тиімділігі тәжірибедегі қой малын күтіп-бағуға жұмсалған барлық шығынды, алынған өнім мен сол өнімді сатудан түскен түсімді есептеу арқылы анықталды.

Тәжірибелерде алынған сандық деректер вариациялық статистика тәсілімен өңделді [Н.А.Плохинский, 1969; Е.К.Меркурьева, 1970].

Диссертациялық жұмыстың негізіне автордың Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалым селекционерлері К.Қанапин, Қ.Жұмаділла, Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Атырау филиалының ғылыми қызметкерлері – белгілі селекционерлер – Е.Абдошев, С.Сұлтановтармен бірге жүргізген Атырау өңірінде өсірілетін еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығару жөніндегі көп жылғы зерттеулерінің нәтижелері енгізілді.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҒылыми еңбектерінің тізімі
Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары, Атырау мұнай және газ институты, Атырау қаласы, 5-6 желтоқсан, 2001...
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconСабақтың тақырыбы: Жемістер. Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып олардың түрлерін ажырата білуге үйрету
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы сму қазақстанның Солтүстік-Шығыс өңіріндегі мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталық бола келе, жоғары мектеп...
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҒылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген Х аттама № 2012 ж. 6М01150 – «Экономика және құқық негіздері»
Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа сәйкес «6М011500 – Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама...
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconМакенова айгуль акимжановна қазақстан Республикасында мүлікке салық салу: құрылу негіздері және жетілдіру жолдары

Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек (жанр) және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconКонференция жұмысына алыс және жақын шет елдерден келген қонақтар, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңіріндегі жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ізденушілер мен магистранттар қатысады
Астанада отандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге ветеринария саласындағы проблемаларды талқыламақ
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жаңа буын мест мәтінінде оқу-әдістемелік жұмысының жағдайы және оларды жетілдіру бойынша міндеттер туралы
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институты
Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі...
Ирзағалиев қосыбек салтанатұлы атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың ғылыми негіздері iconГуманитарлық факультеті
Мазмұны: мәдениеттану туралы ғылыми білім, түрлі ғылыми ағымдарды тану үшін негізгі ұғымдарды білу және олардың қоғам өміріндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница