Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»




Скачать 499.03 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
страница1/5
Дата конвертации16.02.2013
Размер499.03 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5










Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің




2009 жылғы « 20» « желтоқсан »




409 қаулысымен бекітілген







Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Шымкент қаласы

Мазмұны

1. Міндет және келешекке бағам жасау …………………………...........…….…..….….…….

2. Ағымдағы жағдайға сараптама………………………………………... ……….……...……..

3. Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және .........…………………………………....……….……...……….

4. Облыстың функционалды мүмкіндіктері мен мүмкін орын алатын қаупі…………..……..

5. Бюджеттік бағдарламалар .....………………………………………………………..…………

1. Миссия және келешекке бағам жасау

Миссия: Облыстың өнеркәсіптік секторының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, кіші және орта бизнесті дамыту және қолдау.


Келешекке бағам жасау: Жаңа өндірістерді құру, отандық және шетелдік тұтынушылардың шикізаттық емес өнімдерге қатысты сұраныс көлемінің айтарлықтай артуымен сипатталатын тиімді әртүрліленетін облыс экономикасы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту, кіші және орта кәсіпкерлікті несиелендіру.


2. Ағымдағы жағдайға сараптама және орын алған мәселелер

2.1. Индустриалды-инновациялық даму
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар өңірлік индустрияның қарқынды дамуына өз әсерін тигізді. Ондаған жылдар бойы облыстағы өнеркәсіп тұрақты өсу беталысымен сипатталады. Соңғы бес жылдың ішінде өнеркәсіп салаларының өсу жылдамдығы шамамен 5%-ды құрады, құрылымдық өзгерістер орын алды.

Өндірістік сектордың әртүрлілену белгілері байқалды. Егер бұрынғы кезде өңдеу салаларындағы негізгі үлес, бұл көрсеткіш 60%-дан астам, алғашқы қайта өңдеу өнімдерін шығаратын салаға тиісті болса, онда қазіргі кезде бірінші жоспарға екінші өңдеуден шығарылатын салалар алға шығып отыр – бұл азық-түлік және ауыл шаруашылығын өңдеу, тоқыма және тігін саласы, металдық емес минералды өнімдер өндірісі.

Республиканың жалпы көлеміндегі облыстың өнеркәсіптік өнімінің үлесті салмағы 1,8%-ды құрайды, ал жекелеген түрлер бойынша республика бойынша көшбасшылық орында келеді, атап айтқанда 100%-дық мақта талшығының өндірісі, 99,3%-дық трансформаторлар, 65,6%-ға фармацевтикалық дәрі-дәрмектер, 34,2% бензин, 20,8% жағатын мазут, 17,1% сыра, 16,9% цемент, 13,9% ұн.

2009 жылдың 1 қаңтарындағы нәтижелерге сүйенсек, облысымызда 2137 өнеркәсіптік кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде тау-кен қазу саласында – 132 кәсіпорын, өңдеу саласында – 1754, электр қуатын, газ және суды өндіру және қайта өңдеу саласында – 251 кәсіпорын тіркелген.

Өнеркәсіп саласында жұмыс істеушілердің саны 43,7 мың адамды (2007 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша – 43,1 мың адам) құрап, орташа айлық жалақы мөлшері – 56018 теңгені (2007 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша – 45322 теңгені), тау-кен қазушы саласында жұмыс істеушілердің саны – 5293 адамды, орташа айлық жалақы мөлшері – 131363 теңгені; қайта өңдеу саласында жұмыс істеушілердің саны – 30106 адамды, орташа айлық жалақы мөлшері – 44860 теңгені құрап отыр.

Өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 202,6 млрд. теңгені құраса, өнімнің физикалық көлемінің индексі – 102,7%-ды құрады.

Өсу деңгейі өнеркәсіптің салалық құрылымында мейлінше үлкен үлеске ие болатын (90%) және экономиканың артықшылықты секторлары болып есептелетін тау-кен қазушы және қайта өңдеуші салаларындағы өндірістің өсуінің есебінен қол жеткізіліп отыр.

Тау-кен қазушы өнеркәсіпте 30701,6 миллион теңгеге өнім өндіріліп отыр, аталған көрсеткіш 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда 31,2%-ға артық болып отыр және аталған көрсеткіш жағар май, энергетикалық пайдалы қазбаларды өндірудің 35,3%-ға өсуінің есебінен қол жеткізіліп отыр.

Жыл басынан бастап қайта өңдейтін саланың кәсіпорындарының тарапынан 150474,6 миллион теңге сомасына өнім өндірілген, аталған көрсеткіш 2007 жылғы деңгейге қарағанда 2,0%-ға жоғары.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі саласында 2008 жылы 9681,5 миллион теңгенің өнімі өндірілді, 2007 жылға қатысты физикалық өсу индексі 119,8%-ды құрап отыр, бұл көрсеткіш мақта талшығын өндіру көлемінің 25,2%-ға, мақтадан иірілген жіптің 8,1%-ға өсу есебінен қол жеткізіліп отыр.

Кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісінде 18082,0 миллион теңгенің өндірістік өнімі шығарылған, бұл көрсеткіш 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда 6,5%-ға артып отыр, негізінен аталған көрсеткіш керосинді, атап айтқанда керосин типті реактивті отынды 70,8%-ға, жағатын мазутты - 11,5%-ға, вакуумды газойлды - 3,0%-ға, газойлды - 0,5%-ға арттырудың есебінен орын алып отыр.

Химиялық өнеркәсіп саласында 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7330,7 миллион теңгенің өнімі өндірілді немесе бұл көрсеткіш 2007 жылғы көрсеткішке қарағанда 15,8%-ға артық болып отыр.

Машина жасау саласында 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11684,0 миллион теңгенің өнімі өндірілген, 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында физикалық көлемнің индексі 114,2%-ды құрады, аталған көрсеткіш электр құрал-жабдықтарын, электронды және оптикалық құрал-жабдықтарды өндіру көлемінің 21,9%-ға ұлғаюының және көлік құралдары мен құрал-жабдықтарының өндірісінің – 24,6%-ға ұлғаюының есебінен орын алып отыр. Сонымен қатар, машина мен құрал-жабдықтар өндірісінің көлемі 16,1%-ға азайып отыр.

Жұмыс орындарының күрт қысқарып кетуіне жол бермес үшін, әкімшіліктер мен ірі және орташа кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларының арасында жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша ортақ ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалып, сонымен қатар ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасы мен кәсіпорындардың басшыларының арасында қазіргі таңда 40-тан астам Меморандумға қол қойылып отыр.

Артықшылықты салалар ретінде көмірсутекті өңдеу, уран өндіру, жерден сирек кездесетін металдарды алу, фармацевтикалық өндіріс; тоқыма өндірісі, көкөністер мен жеміс-жидектор өндірісі болып қала береді.

Өнеркәсіп инвестиция жасау үшін артықшылыққа ие сала болып отыр, оның үлесі негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 40%-ын құрап отыр. Өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестиция салу 2002 жылғы жасалған 10,4 млрд теңгеден 2008 жылы 50,3 млрд. теңгеге дейін артып отыр.

Шикізат салаларына инвестиция салу тау-кен қазу саласының 2007 жылмен салыстырмалы түрде алғанда 31,2%-ға өсуін тудырып отыр. Қайта өңдеу саласының мейлінше төменгі өсуі үшін негізгі себеп ретінде жоғары технологиялық өндірістердің төменгі пайызы, ескірген технология мен құрал-жабдықтарға негізделіп өндірілген өнімдердің төменгі дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі, нарық талаптарына сәйкес келмейтін мамандардың жеткіліксіз дәрежедегі біліктілігі.

Өңірдің тұрақты экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін теңгерімді экономикалық құрылымға көшуге арналған стратегиялық тапсырма өнеркәсіптің белсенді құрылымдық қайта құрылуы мен индустриалды дамудың жаңа сапаға ие болуының арқасында қамтамасыз етіледі.

Сондықтан экономиканың әртүрліленуі мен шаруашылықаралық байланыстардың кейінгі дамуына арналған жағдайларды жасау жөніндегі шаралар қолға алынуда. Аталған саясаттың негізгі қаруы ретінде – қайта өңдеуші сектордың басып озуына бағытталған және соның негізінде шикізаттық бағдарлауды біртіндеп игеруге бағытталған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы болып табылады.

Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі көрсеткіштер ретінде 2000 жылмен салыстырмалы түрде алғанда қайта өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай кемінде 3 есеге артуы және жалпы ішкі өнімге энергия жұмсалуының 2 есеге азаюы таңдалып отыр. Жүргізілген сараптама аталған тапсырмалардың орындалып жатқандығын көрсетіп отыр.

Стратегияның 1-ші кезеңінде (2003-2005 жылдары) кейінгі технологиялық дамуға қатысты ұйымдастырушылық және жүйелік мәселелер өз шешімін тапты, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен инфрақұрылымды қамтамасыз ететін құрылыс (кластерлер, технобақтар, АЭА) басталды.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең тиімді ынталандырушы құрылымдардың бірі ретінде – кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлар жасалатын, атап айтқанда салықтық жеңілдіктер мен кедендік артықшылықтар ұсынылатын арнайы экономикалық аймақты ұйымдастыру болып табылады. Осыған байланысты, арнайы салықтық және кедендік режимдері бар АЭА-ты құру және қажетті инфрақұрылымдық қорлармен қамтамасыз ету отандық экспортқа шығарылатын тауарлардың қайта өңдеуді тереңдету ұстанымы жағынан, жоғары қосымша құн салынған өндірісті дамыту болып табылады. Облысымызда «Оңтүстік» АЭА-ы құрылған. АЭА аумағында жоғары қысымды газ құбырының, телефондандыру желілерінің, автокөлік жолдарының және Бадам өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталған, уақытша сумен жабдықтауға арналған ұңғымалар пайдалануға берілген. Қуаттылығы 90МВт, 220/10 кВ-тық өткізілетін магистралды желілердің және 220кВ-тық АЖ жоғары вольтты желілерінің, сумен жабдықтау және құбыр жүйесінің инженерлік коммуникацияларының, темір жолдың, сонымен қатар сумен жабдықтау және құбыр жүйесі нысандарының бөлігіндегі алаңішілік инженерлік желілердің нысандарының құрылысы аяқталу үстінде.

2009 жылы алаңішілік желілердің құрылысын, атап айтқанда су құбырлары, электр қуатымен жабдықтау, телефондандыру, газбен жабдықтау сияқты нысандардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыстардың жалпы құны – 2 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру Республика бюджетінен 2009 жылға бөлінген қаражаттардың есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі таңда АЭА дамыту жөніндегі кеңесінің тарапынан АЭА аумағында жүзеге асырылуға тиесілі 5 инвестициялық жоба мақұлданып отыр.

Стратегияны жүзеге асырудың 2-ші кезеңі немесе «белсенді жүзеге асыру кезеңі» өнеркәсіпті жетілдіру және экономиканы әртүрлілендіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты тапсырманы алға қойып отыр. Сондықтан ағымдағы қызметтің негізгі бағыты ретінде артықшылықты салаларда қайта өңдейтін технологиялық өндірістерді құру болып табылады.

Индустриалды-инновациялық даму стратегиясында қарастырылған инвестициялық және инновациялық жобаларды тиімді және тез арада дамытуды арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін, өнеркәсіптегі жаңа активтерді құруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды ендіруге, сонымен қатар кіші және орта кәсіпорындардың өнеркәсіптегі үлесін арттыруға бағытталған даму институттарының қарастырып отырған жобаларына қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру қажет.
2.2. Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру.

Отандық өнеркәсіптің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттырудағы табыстың анықтаушы факторы ретінде инновациялық қызмет, отандық және шетелдік ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетті пайдалану және соның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру болып табылады.

Инновациялық даму саласындағы саясаттың негізгі тапсырмасы ретінде инновациялық жүйенің негізгі элементтерін, атап айтқанда ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

2005-2008 жылдардың ішінде инновациялық саланың дамуына арналған алғышарттар мен жағымды жағдайларды құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келді. Атап айтқанда, ғылыми-технологиялық даму артықшылықтары анықталды. Инновациялық кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру басталды, ұлттық даму институттарының қатысуымен ядролық кластерлерді қалыптастыратын жүйелі инновациялық жобаларды жүзеге асыру басталды.

Облысымыздың инновациялық құрылымы ретінде «Максимум» ӨАО, жобалар мен ғылыми-технологиялық идеялардың негізі жинақталған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Инновациялық орталығы, ОҚО Инновациялық мемлекеттік қоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында халқына жолдаған «Қазақстанның әлемнің елу бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясы жөніндегі» Жолдауын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыхалықтық іс-шаралар жоспарын орындаудың Желілік кестесіне сәйкес, өңірлік «технологиялық бақты» құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның даму институттарымен бірлесе отырып жобаларды енгізу бойынша ортақ жұмыс жүргізілуде. Аталған салаға 20 жоба бағытталды, екінші деңгейлі банктерге 82 жоба, Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорына 75 жоба, «Оңтүстік» ӘКК-сы арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына» 8 жоба бағытталған.

Француздық компаниялармен бірлесе отырып, батыстық банктердің несиелік желілері арқылы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында жобаларды жүзеге асыру жөніндегі мәселелер тыңғылықты түрде зерттелуде.

Қазіргі таңда республикамыздағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі 3 жылы бойы 3%-дан сәл ғана асатын деңгейде өзгеріп тұрғандығын айта кету керек. Инновациялық өнім құрылымында жетілдірілген, қайта ендірілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім айтарлықтай үлеске ие болып отыр.

Көптеген отандық зерттеулер мен жобалар нақты нарықтық талаптар мен шарттарға жеткіліксіз дәрежеде бағытталған және шетелден әкелінетін ғылымды қажет ететін өнімдер мен қызметтермен бәсекелестікке шыға алмайды. Дайын ғылыми жобалар өндірісіне нақты енгізу құрылымы жетіспейді.

Көптеген құрастырушылар мен компаниялар технологияларды ендіру процесін өз кезегінде тежейтін тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар мен өндірісті игеру кезеңдеріндегі арнайы қызметтердің болмауына қатысты мәселелермен ұшырасады. Инновациялық өнімді нарыққа шығару жөніндегі нарық та жеткіліксіз дәрежеде дамыған. Осыларды негізге ала отырып, инфрақұрылымдық және инжинирингтік шарттарды (тәжірибелі-конструкторлық бюролар мен инжинирингті ұйымдар, коммерцияландыру мекемелері) құру аса қажет.
Индустриалды-инновациялық даму саласындағы мәселелер

- қайта өңдеуші сектордың өнімдерінің төменгі деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі;

- негізгі қорлардың жоғары деңгейдегі тозуы мен ескірген технологияны пайдалану;

- айналымдық қаражаттың жетіспеуі мен төменгі пайыздық ставкамен ұзақ мерзімді несиелерді алу мүмкінсіздігі;

- отандық кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің төменгі деңгейі;

- салықтық, кедендік заңнамадағы қайта өңдеуші өндірістердің дамуына арналған жеткіліксіз дәрежедегі ынталандырулар.
Шешім жолдары

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін, инвестициялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды жетілдіру және жаңа кәсіпорындарды салу, жаңа алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу қажет. Осы мақсаттар үшін отандық және шетелдік инвесторлардың қаражаттарын тарту қажет. Бюджеттік қаражаттарды (жергілікті және республикалық бюджеттер) пайдалану тиімді.

Несиелендіру үшін талап етілетін сомаға байланысты «Максимум» ӨАО-ның, «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» ХӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін даму институттарының және екінші деңгейлі банктердің қаражаттарын пайдалану.

Инновациялық қызметті белсендіру үшін, ең алдымен, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар сызбасын қаржыландыруға қолданылатын тәсілді өзгерту қажет.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер мен қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үшін, алдыңғы қатарлы әлем елдерінің тәжірибесін пайдалану қажет. Аталған елдерде мемлекет жекеменшік сектордың тарапынан ұсынылған және технологиялық мәселелерді шешуге және жекелеген кәсіпорындардың, машина жасау, металлургия саласындағы салалардың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін ерекше мәнге ие нақтылы жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттар бөледі. Сонымен бірге ғылыми-техникалық жобалар ғылыми әлеуетті болған жағдайда, сонымен қатар ғылыми қауымдастықпен серіктестікте кәсіпорындармен дербес түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Инновациялық жүйені дамыту үшін, аталған процеске ғылыми қоғамды, жеке өнертапқыштарды, студенттерді және т.б. тарта отырып, инновациялық идеяларды гранттық қаржыландыруды жүзеге асыру қажет. Гранттық қаржыландыру тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық жобалардың техника-экономикалық дәйектемесін дайындауға бағытталған болады.

Қазақстандық кәсіпорындардың лицензияланған технологиялар немесе шет елдерден патенттерді сатып алу түріндегі шетелдік дерекнамалардан білімді өте сирек алатындығын негізге ала отырып, аталған мақсаттарға гранттар ұсыну жүйесін қарастыру қажет.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі n 20/239-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Жер қорының жалпы сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби спортшыларды және спорт резервтерін дайындау, бұқаралық спорт түрлеріне халықты тарту, туризм...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан» icon2009 жылғы оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № қаулысымен бекітілді
ОҢТҮстік қазақстан облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница