Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент




Скачать 87.88 Kb.
НазваниеЭкономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Дата конвертации16.02.2013
Размер87.88 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010


М. Өскенов

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

И. Баташ

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
Қазақстанның көкөніс және бақша өнімінің жалпы ресурстық көлемі және оны пайдалану серпінін талдау

В этой статье анализированы объем общих ресурсов садовых и бахчевых продуктов Казахстана, а также характер его использования.
The ammount of total resources of cultivated products in Kazakhstan and the ways of its employment have been analyzed in the article.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қайта қалыптастыру және жекешелендiру нәтижесiнде көптеген көкөнiс өндiретiн, тұқым дайындайтын, маманданған кеңшарлар мен ұжымшарлар талан-таражға түсті, олардың орнына шағын ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен шаруа қожалықтары келдi. Өкiнiшке орай, маманданған кеңшарлардың орнына келген әр түрлi жаңа құрылымдар, ауылшаруашылық техникасын, көлік құралдарын, минералды және органикалық тыңайтқыштарды, өсiмдiктердi қорғайтын улы химиялық заттарды, жанар-жағар май материалдарын қажеттi көлемде алатын қаржыларының жетiспеушiлiгiне байланысты шаруашылықты толық жүргізе алмады. Себебі көкөнiс дақылдары еңбектi көп қажет ететiн, келтiретiн табысы мол, экономикалық жағынан өте тиiмдi дақылдар болып саналады.

Қазiргi кезде Оңтүстік Қазақстан облысында көкөнiс өндiретiн ауыл шаруашылық құрылымдарының өндірістік мүмкiндiктерi мемлекет қолдауы арқасынан артып келеді. Көкөніс өнім өндірісі негізгі дақыл түрлері бойынша республикалық ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету деңгейіне жетті. Көкөніс дақылдарының егістік алқаптары 2008 жылы 112,9 мың га жетіп, жалпы көкөніс өнім көлемі алдыңғы жылға қарағанда 5,1% өсіп, оның көлемі 2279,9 мың тоннаны құрады.

Бақша дақылын өндіру бойынша шаруашылықтарда өндірістің тұрақсыздығы байқалады. Алайда, 2006, 2008 жылдары елдегі қалыптасқан қолайлы табиғи-климаттық және экономикалық жағдайлар бұл дақыл бойынша жоғары өнім алуға септігін тигізді. Бұл жылдары ішкі нарықта бақша дақылын таза дайын өнім түрінде де, қайта өңделген дайын өнім түрінде де тұтыну көлемі айтарлықтай ұлғайды. Бұның барлығы бақша дақылдары өндірісінің қарқындату қажеттілігін білдіреді.

1-кестеде республика бойынша соңғы 2005-2008 жылдарда көкөністің өндірілген өнім көлемі талданған. Көкөніс өнімдері жылдан-жылға тұрақты қарқында өсуі байқалады, 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көкөніс 111,1 мың т., бақша 185,9 мың т. артық өндірілді. Көкөніс және бақша өнімдерінің тұрақты қарқында өсуі, бұл дақылдардың зерттеліп жатқан жылдары әр гектардан алынған шығымдылығының өсуіне тікелей байланысты екендігі байқалады, 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көкөніс шығымдылығы 4,1 пайызға өсті.

Соңғы бес жылдың статистикалық мәлеметі бойынша Қазақстанда өндірілген көкөніс және бақша дақылдарының ресурстық көлемі жылдан-жылға артып, оның өндірісі – 2008 жылы 2000 жыл және 2005 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 60,3%, 10,5% өсті, импорт 2005 жылғы 10,0 мың тоннадан 2008 жылы 126,3 мың тоннаға жетті. Көкөніс және бақша дақылдарының пайдалану бойынша өндірістік тұтыну 2005 жылға қарағанда 15,4%-ға, ал 2000 жылмен салыстырғанда 46,1 мың т. артық тұтынылды, экспорт салыстырып жатқан бұл жылдары 87,3% және 2,6 есеге артық сатылды, жеке тутыну 1271,3 мың тоннадан 3113,9 мың тоннаға, яғни 2,5 есеге өсті. Жылдан-жылға көкөніс пен бақша өнімінің экспортқа шығуы өсіп, осы өнімдер бойынша экспорттың көлемі импортқа қарағанда соңғы жылдары екі еседен астам өскені байқалады. Бұл сыртқы сауда тауар айналымында оң сауда тепе-теңдігінің қалыптасқанын және республикадағы көкөніс және бақша тауар өндірушілері үшін қолайлы сыртқы сауда жағдайы қалыптасқанын көрсетеді.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Өскенов М., Баташ И. Қазақстанның көкөніс және бақша өнімінің жалпы ресурстық көлемі...


Кесте 1. Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің жалпы ресурстық көлемі және оның пайдалану серпіні, мың т.



Көрсеткіштер


2000 ж.


2005 ж.


2006 ж.


2007 ж.


2008 ж.

2008 ж. (+,-)

2000 ж.

2005 ж.

Ресурстар :

Жыл басында қоры

Өндіріс

Импорт

Жалпы ресурстар

Пайдалану:

Өндірістік тұтыну

о.і. мал азығына

егу мақсатында

Жоғалтулар

Экспорт

Жеке тұтыну

Жыл соңында қоры


821,2

1965,2

21,7

2808,1
50,4

35,8

14,6

50,0

107,8

1271,3

1328,6


1503,4

2852,5

10,0

4365,9
83,6

56,7

26,9

262,0

150,7

2670,7

1198,8


1198,8

2756,6

29,2

3984,6
93,4

58,8

34,6

239,1

150,6

2423,3

1078,3


1078,3

2858,2

62,3

3998,8
89,0

60,9

28,1

262,5

252,4

2630,4

764,5


764,5

3149,6

126,3

4040,4
96,5

68,9

27,6

292,4

282,3

3113,9

255,3


-56,7

1184,4

104,6

1232,3
46,1

33,1

13,0

242,4

174,5

1842,6

-1073,3


-738,9

297,1

116,3

-325,5
12,9

12,2

0,7

30,4

131,6

443,2

-943,5

Ескерту - ҚР статистика Агенттігі мәліметтері негізінде автор есептеген



Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің 2008 жылғы жалпы ресустық көлеміне және оның пайдалануына талдау жасасақ, ресурстың 77,9% жыл бойы өндірілген көкөніс пен бақша дақылдарының үлесінен, 18,9% алдыңғы жылдан қалған қор есебінен, тек 3,1% ғана жақын және ұзақ шет елдерден алынып келген импорт өнімдерінен құралған болса, ал олардың пайдалануы негізінен 77,1% жеке тұтынушылар сұраныстарын қанағаттандыруға 6,3% әр жылғы орташа есеппен кейінгі жыл есебіне тұтыну қорына қалдырылды, сонымен бірге шет елдерге экспорттық өнім ретінде жалпы 2008 жылғы көкөніс пен бақша дақылдары ресурстарының 6,9% сатылды.

Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің соңғы сегіз жылдық статистикалық мәліметтерін компьютерде тренд үлгілері негізінде есептеу, көкөніс және бақша өнімдері көлемінің соңғы үш жылда тұрақты өсуін және 2014 жылға болжау жоғарғы қарқында өсететінін, яғни жылдан-жылға 116,69 мың тн. артық көкөніс және бақша өндірілетіні анықталды. Көкөніс пен бақшаның экспорт және импорт көлемдері де 2005-2008 жж. олардың көлемдерінің 2004 жылға қарағанда төмендегеніне қарамастан 2014 жылғы болашаққа оң тенденцияда өсуі анықталды. Көкөніс және бақша өнімінің экспорты көрсеткішті тренд үлгісі, ал импорт тренд үлгісі негізінде өсетіні анықталды. Детерминация коэффициенттері сәйкесінше және құрады.

Ескерту - Автордың компьютерде есептеуімен құрылған

- көкөніс және бақша өнімдері көлемі, мың тн.

- көкөніс және бақша өнімдерінің импорт көлемі, мың тн.

Δ - көкөніс және бақша өнімдерінің экспорт көлемі, мың тн.

Сурет 1 - Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің жалпы көлемі және оның пайдалану серпіні, мың тн.

Қазақстанның көкөніс және бақша дақылдарының жалпы егістік көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтарының – 2008 жылғы үлес салмағы көкөніс дақылдары бойынша 23,9%, бақша дақылы бойынша 52,4% құрады. Республика деңгейінде өндірілетін көкөніс және бақша

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Өскенов М., Баташ И. Қазақстанның көкөніс және бақша өнімінің жалпы ресурстық көлемі...

өнімдердің негізгі көлемін Оңтүстік Қазақстан облысы өндіреді. Сол себептен көкөніс және бақша дақылдарының өнімдік кешенінің қазіргі жағдайы мен олардың даму беталысы бойынша зерттеу жүргізу, негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы көкөніс және бақша шаруашылықтары мен кешендері мысалында қарастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы көкөніс және бақша дақылдарын экстраполяциялық сценария бойынша дамытудың тренд үлгілері арқылы 2012, 2014 жылдарға жасалған болжау нәтижелерін, олардың 2005-2008 жж. орташа мәнімен салыстырғанда көкөніс және бақша өнімі көлемі сәйкесінше 22,9%, 31,1%-ға артатыны анықталды, 2014 жылға облыстың экспорт және импорт көлемі де сәйкесінше 47,6% және 31,7% өсетіні анықталды.

Облыс деңгейінде көкөніс егістік көлемінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін төменгілерді іске асыру қажет:

- тұрақты және бәсекеге қабілетті көкөніс дақылдарын егуде аймақтық мамандандыру мен егін шаруашылығын жүргізудің ғылыми-негізделген қағидаларын есепке алу қажет;

- маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақаралық өзара қатынастарды қалыптастыру;

- жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындарды техникалық қайта құру және жабдықтау үшiн лизинг жүйесi қорларын кеңiнен пайдалану;

- ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеушi кәсiпорындарда қалдықсыз технологияларды қолдану;

- өңдеушi кәсiпорындарды шикiзат көзiне жақын ашу және дамыту; тоқтап тұрған ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындардың жұмысын қайта жандандыру үшiн инвестицияларды тарту, жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру мүмкiншiлiктерiн қарастыру.

Елдің 2010-2014 жылдарға даму бағдарламасы бойынша облыс аумағында инновациялық қызметтердi ұйымдастыру мен басқару әдiстерiн, инновациялық қызметтердi қаржыландыру мүмкiн болған көздерiн анықтап, қызмет көрсетуге жағдайлар жасау қажет.

Тек, айтылған іс-шараларды жүзеге асыра отырып, нарық талаптарына сай, облыста өндірілген және өңделген көкөніс, бақша өнімдерін соңғы тұтыну тауары ретінде сату арқылы экономиканы тұрақты қалыптастыру және дамыту мүмкін, ол өз кезінде көкөніс өндірісінің тиімділігінің артуына жаңа мүмкіншіліктер жаратады, жалпы көкөніс өнімдік кешені үшін экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер


  1. Гатаулин А.М., Гаврилов Г.В., Ускенов М. и др., Экономико-математические методы в планировании сельскохозяйственного производства. Учебник. -Тaшкент: Мехнат, 1990. -С.289.

  2. Ускенов М.К. Специализация и кооперация сельскохозяйственного производства. Монография. Шымкент. 2008, -150 с.

  3. Ускенов М.К., Баташ И. Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс және жүзім-шарап өнімдік ішкі кешенін жоспарлауда корреляция әдістерінен қолдану. «Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы», №1. Түркістан, 2006. 154-158 бет.

Похожие:

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconР. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбаев Қобланбек

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Альчинбаева Ойчагүл Зайнилқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconФизика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Тазабеков Сұлтанғали

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Әсібеков Әкім Жамалайұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҚабдолова Жұлдыз Дуғалиқызы Мектеп директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Туғанбаева Хайдарқызы
Болатбекова Назгүл Жоламанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Яғалиева Бағдат Есенқызы 2011 жылы Физика – математика ғылымдарының...
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconХимия ғылымдарының кандидаты.,доцент Мамырбекова Айжан Көмекбайқызы
Фараби атындағы КазҰУ-нің д 14 01. 03 Диссертациялық Советінде Х.ғ. д., профессор Р. С. Вахидовтың және Х.ғ. к., доцент А. А. Старченконың...
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconТарих ғылымдарының кандидаты, доцент
В статье рассматривается понятие категории любви в тюркском религиозном мировоззрении
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница