Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже




Скачать 90.19 Kb.
НазваниеЕң үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Дата конвертации16.02.2013
Размер90.19 Kb.
ТипДокументы


Партия Төрағасы

Бірінші орынбасарының

2012 жылғы 24 сәуір

№ 46 қаулысымен бекітілген
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының

ашық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ


    1. Жалпы ережелер




  1. Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» ХДП байқауы (бұдан әрі – Байқау) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейту және Партиялық бақылау бекеттерінің қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

  2. Байқаудың міндеті – әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тиімді қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз ету арқылы олардың сапалы да уақытылы жүзеге асырылуына ықпал етуші ең үздік Партиялық бақылау бекеттерін (бұдан әрі - Бекеттер) айқындау.

  3. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу жұмысы Ұйымдастыру комитетіне және партия филиалдарына жүктеледі.

  4. Осы Ереже партияның аймақтық филиалдарының барлығына жолданады, партия веб-сайтында, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


2. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
5. Байқауға келесідей барлық бекеттер қатысады:

1) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарлама объектілерінде құрылған Бекеттер бес номинация бойынша:

бірінші – «Балапан» бағдарламасы, «100 мектеп, 100 балабақша»;

екінші – «Ақ бұлақ» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты модернизациялау» бағдарламалары;

үшінші – «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі;

төртінші – «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» бағдарламасы;

бесінші – әлеуметтік маңызды аймақтық бағдарламалар.

  1. Байқауға қатысушыларға қойылатын бағалау және іріктеу критерийлері:

      1. объектіні уақытылы әрі сапалы түрде пайдалануға беруге немесе халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал ететін белсенді де тиімді партиялық бақылау ұйымдастыру;

      2. Бекеттердің мақсаттық бағытына қарай қызмет етуі бойынша кешенді шараларды қамтамасыз ету:

а) жұмысты жоспарлау және есеп беру;

б) бекеттер банерін безендіруге қойылатын талаптарға сәйкес ақпараттар стендінің болуы;

в) бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз ету;

г) объект бойынша жұмыс өндірісі кестесінің сақталуы;

д) жұмысшыларға жағдай жасау (жалақыларын уақытылы төлеу, тамақтандыру, тұрғын жай), бекеттер айқындаған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша тапсырыс берушілермен және мердігер ұйымдармен өзара әрекет ету;

е) көрсетілетін медициналық қызметтердің тиісті сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету;

ж) медициналық қызметтерді тұтынатын азаматтармен өзара байланыстың орнатылуы;

з) Бекеттер қызметінде халық пен мүдделі мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыру;

4) тиісті мемлекеттік органдар мен мердігерлік ұйымдар қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындап, енгізу ісіне Бекет мүшелерінің қатысуы;

5) электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде және кеңінен жариялау.

7. Партияның аймақтық филиалдары Ұйымдастыру комитетіне келесі материалдарды ұсынады:

1) Бекеттің Байқауға қатысуы туралы аймақтық партия филиалының өтінімі;

2) Бекет құру туралы партия филиалы шешімінің көшірмесі, оның құрамы, тапсыру және қаржыландыру мерзімі, объект тапсырушысы мен мердігер ұйымдар көрсетіле отырып, объектінің атауы;

3) Бекет қызметі туралы жазбаша ақпарат. Ақпаратта осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мәселелер, сондай-ақ келесілер ашылуы тиіс:

а) айқындалған тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктер, соның ішінде тендерлік процедуралар барысында, объект құрылысы мен жөндеу жұмыстары барысында айқындалған кемшіліктер, ұйымдастыру проблемалары, соның ішінде жұмыс күшінің, техника мен құжаттар жеткіліксіздігі, жалақы төлемдерінің кешіктірілуі және т.б.;

б) қолданылған ықпал ету шаралары: әкімдікке, уәкілетті органдар мен мердігер ұйымдарға, құқық қорғау органдары мен партиялық құрылымдарға және БАҚ-қа жолданған сұраухаттар мен өтініштер;

в) өтініш фактілері бойынша нәтижелер (нақты мысалдар бере отырып);

г) БАҚ-тағы жарияланымдар саны (жарияланымдардың көшірмелерімен бірге).

Ақпаратпен бірге Бекет жұмысын сипаттайтын ақпараттар (Бекет жұмысы туралы бейнесюжет немесе жұмысы туралы тұсаукесер материал, фото-бейне материалдары, БАҚ-тағы жарияланымдардың көшірмелері, Бекет жұмысы туралы азаматтар пікірі және т.б.) қоса беріледі.

8. Байқау екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезең – партияның аймақтық және аумақтық филиалдары Бекеттердің барлық мүшелерінің назарына Байқауды өткізудің шарттары мен талаптарын жеткізеді және 2012 жылғы 1 қарашаға дейін ең үздік Бекеттерді ірікетеу бойынша қажетті ұйымдастыру-техникалық шараларды қолданады.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалының Ең үздік партиялық бақылау бекеті бойынеша ашық байқауының Типтік ережесіне сәйкес аймақтық филиалдар байқауды 2012 жылғы 10 қарашаға дейін аймақтық деңгейде өткізеді.

Аймақтық филиалдар 2012 жылғы 20 қарашаға дейінгі мерзімде аймақтық байқауда әрбір номинация бойынша бірінші орындарға ие болған Бекеттер жөнінде осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген материалдарды Ұйымдастыру комитетіне ұсынады.

Екінші кезең – Ұйымдастыру комитеті 2012 жылғы 27 қарашаға дейін Байқау жеңімпазын айқындайды және Қазылар алқасының қарауына енгізеді.

9. Материалдар осы Ережеде көрсетілген тәртіпте және мерзімде ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сай емес немесе мерзім аяқталған соң келіп түскен материалдар байқауға жіберілмейді.

Байқауға жолданған материалдар бойынша рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

10. Әрбір номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған ең үздік Бекеттер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ақшалай сыйлық Бекеттің барлық мүшелері арасында үлестіріледі.

11. Байқауды қорытындылауды және жеңімпаздарды марапаттауды партия басшылығы «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында салтанатты түрде жүзеге асырады.

Байқау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және партияның веб-сайтында жарияланады.


  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі


12. Ұйымдастыру комитеті келесілерді жүзеге асыруға құқылы:

1) Байқауға қатысушы Бекеттердің қызметімен танысу үшін аймақтарға шығу;

2) материалдар Байқау туралы ереженің талаптарына сай болмаса, сондай-ақ қатысушы жалған ақпарат берген жағдайда үміткерді Байқауға жіберуден бас тарту.

13. Ұйымдастыру комитеті міндетті:

1) Байқау қатысушыларының барлығына тең жағдай жасау;

2) Байқау өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

3) белгіленген мерзімнен бұрын Байқау нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуге жол бермеу.

14. Ұйымдастыру комитеті осы Ереженің, Байқау өткізудің ережелері мен процедураларын бұзғаны үшін жауап береді.


  1. Қазылар алқасының құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі


15. Қазылар алқасы мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

1) Байқауға келіп түскен материалдарға баға беру;

2) «Нұр Отан» ХДП дипломдарын тапсыра отырып және белгіленген смета аясында ақшалай сыйлықтар тағайындай отырып, әрбір номинация бойынша жеңімпаздар орнын өз бетінше белгілеу.

16. Қазылар алқасы міндетті:

1) Байқау қатысушыларының барлығына тең жағдай жасау;

2) Байқау өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

3) белгіленген мерзімнен бұрын Байқау нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуге жол бермеу.

17. Қазылар алқасы осы Ереженің, Байқау өткізудің ережелері мен процедураларын бұзғаны үшін жауап береді.
5. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
18. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

1) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алу;

2) Ұйымдастыру комитетінен, партияның аймақтық және аумақтық филиалынан осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрау;

3) тиісті партия филиалына Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

19. Қатысушылар міндетті:

1) Байқауға қатысушыға қойылатын талаптармен алдын ала танысып, зерделеу;

2) осы Ереженің талаптарына сәйкес материалдарды уақытылы және толық көлемде ұсыну;

3) осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

20. Қатысушылар келесілер үшін жауапты:

1) осы Ережеде белгіленген шарттардың, ережелер мен процедуралардың сақталмауына;

2) Бекет қызметі туралы ақпараттың шынайылығы үшін.


  1. Медиа-ресурстар


Байқауға ақпараттық қолдау жасауды партияның медиа-ресурстары, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары қамтамасыз етеді.


  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты


«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, тел.: 707 659; 707 633 (факс), post@otan.kz.

Партия Төрағасы

Бірінші орынбасарының

2012 жылғы 24 сәуір

№ 46 қаулысымен бекітілген

Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы

ашық байқауы Ұйымдастыру комитетінің

құрамы


Баймырзаев Нұрлан Жәленұлы

-

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі


Қалиев

Жігер Қуанышұлы


-

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ұйымдастыру-партиялық жумыс департаменті директорының орынбасары


Қапаева

Гүлзат Уалиханқызы

-

«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті Хатшылығының инспекторы


Каримов

Тауфик Акрамович

-

«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті Хатшылығының инспекторы


Сәрсембеков

Нәжен Төлегенұлы

-

«Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитеті төрағасының орынбасары


Партия Төрағасы

Бірінші орынбасарының

2012 жылғы 24 сәуір

№ 46 қаулысымен бекітілген


Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы

ашық байқауы Қазылар алқасының

құрамы


Қарағұсова

Гүлжан Жанпейісқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы – Қазылар алқасының төрайымы (келісім бойынша)


Рақымбеков

Боран Ғизатұлы

-

«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің Төрағасы – Қазылар алқасы төрайымының орынбасары


Ысқақов Болат

Ғазизұлы

-

«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті Төрағасының орынбасары


Айсина

Майра Арапқызы


-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ілиясова

Әнуар Қамзақызы

-

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ұйымдастыру-партиялық жумыс департаментінің директоры


Пішембаев

Мейрам Құдайбергенұлы


-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Құрманғали

Берік Уәлиұлы

-

«Нұр Отан» ХДП Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы




Похожие:

Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже
Осы ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауының (бұдан әрі Байқау) өткізілу тәртібін...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже iconЖемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан былай – Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже iconЖемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Партия орталық аппаратының жауапты қызметкерлері мен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған байқау...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімі
Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласында...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже iconХабары «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Партиялық бақылау комитетінің құрамы

Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Партиялық бақылау комитетінің құрамы
...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020»...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық
Жарғысына (бұдан әрі – партия Жарғысы) сәйкес әзірленді және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы (бұдан әрі – партия) мүшелігіне...
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Біздің бүгінгі кездесуімізді 2012 жылға арналған республикалық тізбектік кестесіне сәйкес «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница