Өзгерістер мен толықтырулармен




Скачать 261.21 Kb.
НазваниеӨзгерістер мен толықтырулармен
страница1/3
Дата конвертации16.02.2013
Размер261.21 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы

№ 53-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1-тарау. Жалпы ережелер                              (1 - 5 баптар)

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің            (6 - 12 баптар)

         мемлекеттік жүйесі

3-тарау. Метрологиялық қызмет                        (13 - 16 баптар)

4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды     (17 - 20 баптар)

         өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және

         калибрлеу

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау         (21 - 28 баптар)

6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы        (29 - 30 баптар)

         заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және

         дауларды шешу

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі     (31 - бап)

         жұмыстарды қаржыландыру

 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  бүкіл мәтін бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауға», «қадағалауды», «қада­ға­лаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақы­лауға», «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

 1-тарау. Жалпы ережелер

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред . қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі;

3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі қызметі;

4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы;

6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу;

7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі;

8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;

10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;

11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);

13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;

14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;

15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;

16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;

18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;

20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);

21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;

22) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы;

24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны;

25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.

 2-бап . Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

 4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

 09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк

басқару

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган:

1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;

3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;

3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды;

4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi;

5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;

6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi және бекiтедi;

7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;

8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртiбiн белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады;

9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

10) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

11) метрология жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады;

11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  13) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред .қара) ( 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды;

14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi;

15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртiбiн белгiлейдi.

16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3 тармақпен  толықтырылды 

3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

мемлекеттік жүйесі

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi құрылымына:

1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi;

2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары;

2006.29.12. № 209-III ҚР
  1   2   3

Похожие:

Өзгерістер мен толықтырулармен iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру)
...
Өзгерістер мен толықтырулармен iconӨзгерістер мен толықтырулармен
Р заңымен (бұр ред. қара); 2007. 19. 02. №230-iii қр заңымен (бұр ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2008. 23. 10. №72-iv қр заңымен 1-бап...
Өзгерістер мен толықтырулармен iconӨзгерістер мен толықтыруларымен
...
Өзгерістер мен толықтырулармен iconТұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Өзгерістер мен толықтырулармен iconБиосфера мен биота эволюцияларының механизмдері, факторлары мен триггерлері 1 Биологиялық эволюцияның механизмдері
Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында...
Өзгерістер мен толықтырулармен iconӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Өзгерістер мен толықтырулармен icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Өзгерістер мен толықтырулармен iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Өзгерістер мен толықтырулармен icon2012-2014 жылдарға арналған азаматтық бюджет (өзгерістер және толықтырулармен) Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға Теміртау қаласы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр, ол бюджеттің негізгі...
Өзгерістер мен толықтырулармен icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница