Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі




Скачать 53.35 Kb.
НазваниеМемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі
Дата конвертации16.02.2013
Размер53.35 Kb.
ТипДокументы


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы «31» тамыздағы № 4-НП нормативтік қаулысымен бекітілген

 
 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) біліктілігін артыруды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін айқындайды.

2.  Бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін қызметкерлердің тиісті кәсіби деңгейін қолдау, сондай-ақ қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын арттыруға қажеттіліктерін қанағаттандыру бөлігіндегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың «Құзыреттілік» стандартын сақтау мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

3. Біліктілік арттыруды:

1) жүйелі түрде;

2) ғылыми түрде;

3) өз бетінше білім алумен ұштастыра отырып жүзеге асыру қызметкерлердің біліктілігін арттырудың негізгі принциптері болып табылады.

4. Біліктілікті арттыру қызметкерлердің бұрын тиісті деңгейлерде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын ұштауды қамтамасыз етеді және біліктілікті арттыру сертификатымен расталады.

2. Біліктілікті арттырудың шарттары
5. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерде қызметкерлердің біліктілігін арттыруды тиісті ғылыми ұйым (бұдан әрі – оқытушы ұйым) арқылы ұйымдастырады.

6. Мемлекеттік қызметшілердің шетелде біліктілігін арттыру жағдайларын қоспағанда, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кемінде 3 жылда бір рет жүзеге асырылады.

7. Біліктілікті арттыру бағдарламалары бақылауды жоспарлау мен бақылаудың қорытындысын шығарғанға дейінгі оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) жүргізуді ұйымдастырудың бейімделген әлемдік және отандық тәжірибесін қамтиды, олар бақылаудың (аудиттің) жекелеген үлгілері бойынша бір бағытқа мамандандырылған оқу бағдарламаларын қамтуы мүмкін.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша іс-шаралар, мастер-класстар, тренингтер, өз бетінше білім алу, тәжірибе жүзінде оқу (жұмыс орнында тағылымдамадан өту) жүргізілуі мүмкін.

8.  Негізгі білімдерінің деңгейі бірдей немесе әр түрлі болып келетін бірдей немесе әр түрлі лауазымдағы қызметкерлер арасынан оқудың мақсаты мен мазмұнына қарай оқу топтарын жасақтау жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Біліктілікті арттыру бағдарламасына енгізілген қызметкерлер тыңдаушылар болып табылады.

Бөлінген бюджет қаражаты шегінде тыңдаушылардың дербес құрамын қалыптастыру Есеп комитетінің біліктілікті арттыру бағдарламасы басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиісті органдарына жолдаған сұрауы бойынша жүзеге асырылады.

Шетелде біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтетін тыңдаушыларды іріктеу осы Ереженің 20-23-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Біліктілікті арттыру жұмыстан қол үзбестен, қол үзіп, сондай-ақ ішінара қол үзіп жүргізіледі. Соңғы жағдайда қызметкерлер мемлекеттік қаржылық бақылау органының басшысымен келісіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес бір мезгілде оқи отырып, жұмысын толық емес жұмыс уақыты жағдайында атқара алады.

11. Тыңдаушылардың, оқытушы ұйымның және/немесе шетелге жіберуші ұйымның құқықтары мен міндеттері осы Ереженің 19-тармағында көзделген талаптар міндетті түрде көрсетіле отырып, тиісті шартпен ресімделеді.

12. Біліктілікті арттыру бағдарламасының тақырыбы бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін анықтау үшін, оқу кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау өткізіледі.

Бақылау тестілеу және әңгімелесу түрінде өтеді. Алынған білімге қорытынды баға қою нысанын оқытушы ұйым өз бетінше айқындайды.

Тыңдаушының қорытынды бақылаудан өте алмауы бұдан кейін оның біліктілігін арттыру бойынша шаралар қолдануға, өз бетінше білім алу аясында қайта даярлауға және қорытынды бақылаудан өтпей қалғаннан кейін алты айдың ішінде сертификаттаудан қайта өтуіне негіз болып табылады.

Тыңдаушының қорытынды бақылаудан қайтадан өте алмай қалуы туралы мәліметтер мемлекеттік қаржылық бақылау органының басшысына жіберіледі.

 
3. Біліктілікті арттырудың мазмұны мен мерзімі

 

13. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру оқытушы ұйымның жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Оқу бағдарламаларында тыңдаушының аудиторлық жұмысына және курс бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде өз бетімен білім алуына оқу уақыты көзделеді.

15. Қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ұзақтығы үш күннен екі аптаға дейін құрайды.

16. Қорытынды бақылаудың нәтижесі бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын игерген тыңдаушыларға сертификат беріледі.

 

 

4. Шетелдік мамандарды тарта отырып шетелде біліктілікті арттыру

 

17. Шетелде оқыту мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) саласында білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) өткізіледі.

Шетелдік жетекші мамандарды тарту қазақтандық тарап пен шетелдік маманның және (немесе) шетелдік ұйымның арасында жасалатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

18. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға мемлекеттік қаржылық бақылау органдарында кемінде екі жыл қызмет өткеріп келе жатқан мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

19. Шетелге оқуға жіберілетін тыңдаушылар біліктілікті арттыру бағдарламасы аяқталғаннан кейін бір жыл бойы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүйесінде жұмыс істеуге тиіс.

Егер тыңдаушы оқу бағдарламасынан дәлелсіз себеппен шығып қалғанда немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өз міндеттемелерін орындамағанда, ол өзінің біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражатты толық көлемінде қайтаруға тиіс.

20. Шетелде біліктілікті арттыруға тыңдаушыларды іріктеуді Есеп комитеті ашық конкурс негізінде жүзеге асырады.

21. Конкурсқа қатысу үшін Есеп комитетіне:

1) тыңдаушыға кандидаттың өтініші (еркін нысанда);

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының бірінші басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қойған ұсынымхат;

3) қызметтік тізім;

4) шетелдік ұйымдардың талаптары бойынша өзге де құжаттар (олар қажет болғанда) жіберіледі.

22. Кандидаттарды іріктеуді конкурстық комиссия жүзеге асырады, оның құрамын Есеп комитетінің Төрағасы бекітеді.

23. Мыналар:

1) шетелде оқу бағдарламасы бойынша қызметкердің мамандануы;

2) тілдік білімі (қажет болғанда);

3) шетелде біліктілікті арттыруды өткеру үшін бұрын жасалған шарт (ол болған жағдайда) талаптарын қызметкердің сақтауы конкурстық комиссияның өткізетін іріктеуіне ықпал ететін өлшемдер болып табылады.

24. Конкурстан өткен тыңдаушылардың қорытынды тізімін Есеп комитетінің әдіснама мен сыртқы байланыстарға жауапты құрылымдық бөлімшесі конкурстық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде қалыптастырады. Қорытынды тізімге енгізілген адамдар нәтижелер туралы хабардар етіледі.



Похожие:

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconҚарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconМемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты қызметкерлерінің байланыс телефондары
Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы – директор, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті қызметкерлерінің мінез-құлықтарының этикалық нормалары
Ақылау комитетінің қызметкерлерінің мінез-құлықтарының этикалық нормалары (бұдан әрі мэн) Қаржылық бақылау қызметкерлері (бұдан әрі...
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconС. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconШЫҒыс қазақстан облысы білім департаменті шығыс қазақстан облысы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты диктанттар жинағы
ШЫҒыс қазақстан облысы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconАстана ќ. бойынша Салыќ департаменті Қаржылық басқармасы қызметкерлерінің
Басқармадағы бұйрықтар мен өкімдердің, бақылау құжаттарының және басқа да құжаттардың тиісті орындалуына бақылау жасайды
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі Жалпы ережелер
...
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі icon2011 жылдың 2 жартыжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді дайындау орталығында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспар-кестесі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді дайындау орталығында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін...
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері бойынша Қорытынды кіріспе бөлік
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу бағдарламасына сәйкес қойылған міндеттерге қарай
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница