Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру




Скачать 91.06 Kb.
НазваниеМинистрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру
Дата конвертации16.02.2013
Размер91.06 Kb.
ТипДокументы


Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2011 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп, сондай-ақ 2012 жылға қойған міндеттер туралы Қазақстан Презитентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» дейтін Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында.


  1. Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру

Қаржы Министірлігінің 2011-2015 жылға арналған стратегиялық жоспарларында қызметтің бір бағыты болып «Республикалық мемлекеттік мүліктің басқару жүйесі мен стратегиялық маңызы бар, экономика саласындағы меншіктің тиімділігін арттыру» көзделген. Стратегиялық жоспардың көрсеткіштері көрсетілген бағыт бойынша 2011 жылы орындалды.

Қаржы Министірлігінің Шұғыл жоспарымен көзделген Іс-шаралар, Министрліктің Жұмыс жоспар және Комитеттің Жұмыс жоспары 2011 жылға толық көлемде орындалған.


  1. Республикалық бюджеттің кірістері


Комитет республикалық бюджет кірісіне 29,5 млрд.теңге түсімді қамтамасыз етті, бұл нақтыланған жылдық жоспардың 130,6 пайызын құрады. Түсім есебінен түсімнің жүзеге асырылуы:

-мемлекеттік акция пакетіне дивидендтер-22,2 млрд.теңге;

-мемлекеттің ЖШС-ға қатысу үлесі- 77,7 млн.теңге;

-мемлекеттің мүлікті жалға беруден-3,8 млрд.теңге;

-таза кірістен бөлікті аударудан-2,9 млрд.теңге;

-мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден-529,4 млн.теңге.
3. Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру
Өткен жылы Комитетпен 2011 жылы республикалық бюджетпен көзделген 5 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды. Осы мақсатта бөлінген 1 712,4 млн.теңгеден 1 674,3 млн.теңге игерілді немесе жоспарға 97,8 пайыз. Сомадағы 38,1 млн.теңге айырмашылық жыл ағымындағы мемлекеттік сатып алу нәтижесіндегі үнемдеу болып табылады.
4. Мемлекеттік мүлікті басқару
Есеп беру жылында Комитетпен Үкімет қаулысын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңды жүзеге асыру үшін 60 ММ, МК, ЕМК-ды қайта құру бойынша жұмыстар атқарылды; 15 МК, ММ таратылды; 4 МК құрылды.

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы жүз пайыз 6 акционерлік қоғам құрылды. Олардың қатарында «Холдинг «Кәсіпқор» АҚ, мемлекеттік акция пакеттері «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілген «Қазгеология» Ұлттық геологиябарлау компаниясы» АҚ. Білім беру ұйымдарынан «Назарбаев Университет» АҚ және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ автономиялық ұйымға қайта ұйымдастырылды.

ҚР мен Комитеттің өкілдері құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың директорлар Кеңесінің 670 отырысында ұсыныстар қаралды және ұсынылды, соның ішінде:

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ -18,

«Қазагро» ұлттық холдинг» АҚ-27,

«Зерде» ұлттық ақпараттықкоммуникациялық холдинг» АҚ-11 өткізілді.

Магистралды газ құбырлары және жоғарғы, орта және төмен қысымды газ құбырларын жеке және коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің алаңдары, қызметтік және арнайы 922 автокөлігіне түгендеу жүргізілді. 270 бірлік артық автокөлік құралдар, 759 мекемеде 95591,82 шаршы метр артық алаң анықталды. Мемлекеттік органмен алдын ала келіскеннен кейін, Комитетпен жоғары нормативті транспорттық құралдарды және алаңдарды басқа мемлекеттік органдар арасында қайта бөлу, жекешелендіруге беру, сондай-ақ есептен шығару туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік органдар арасында алаңы 8,0 мың шаршы метр үй-жай қайта бөлінді, жалға -2,4 мың шаршы метр берілді, жекешелендіруге 559 шаршы метр берілді.
5. «Байқоңыр» кешені бойынша

Қаржы министрлігінің Премьер-Министрдің 2010 жылғы 4 ақпанда алқада берген тапсырмасын орындау үшін, «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкіне бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мақсатында, 2011 жылы мүлікті бағалау бойынша жұмыстар аяқталды. Кешен мүлкінің жалпы құны 467 млрд.-тан артық теңгені құрады.

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК –да объектілерге мемлекеттік техникалық зерттеу аяқталды және жылжымайтын мүліктің 4008 объектісіне, 3967 км инженерлік жүйеге, автомобиль және темір жолға техникалық төлқұжат әзірленді.

«Байқоңыр» кешенінде жылжымайтын мүлік объектілеріне осы объектілердің (Заң жобасының концепциясы 2012 жылғы 16 қаңтарда заң жобалау қызметі мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссиямен мақұлданған) жер учаскелеріне құқық орнатушы және сәйкестендіруші құжаттарды ресімдемей меншік құқығын тіркеуді реттейтін Заң қабылдағаннан кейін, әділет органдарында Қазақстанның меншік құқығын тіркеу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.
Комитеттің 2012 жылғы жоспарлары мен міндеттері туралы


  1. Жекешелендіру объектілерінің сауда-саттығын электронды түрде енгізу.

Сауда-саттықты электрондық түрге енгізу сауда-саттықты жүргізу үрдісінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді; сауда-саттықты жүргізу үрдісін тездету және қарапайымдату; сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету үшін жағдай жасайды, өйткені жекешелендіру объектісін сатып алушылардың лауазымды тұлғалармен сауда-саттыққа жауапты тұлғалармен тура қарым-қатынасты болмайды.

Осыған байланысты, Комитетпен жыл ағымында республикалық меншікті жекешелендіру объектілерін сату бойынша электронды сауда-саттықты пилоттық режімде жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылады.

  1. Әскери мүлікті басқару мәселері



Үкіметтің тапсырмасын жүзеге асыруда әскери мүлікті әскери немесе әскери емес мақсаттағы шектеулер бөлігінде Қорғаныс министрлігі пайдаланбайтын әскери мүлікті басқа әскери құрылымдар немесе әскери құрылымдармен өз бетімен есеп шығаруды көздейтін заңға қатысты актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен шектелген.

Осыған байланысты, заңнамаға мына бөлікте өзгерістер енгізу керек:

  • Әскери мүлік ұғымын нақтылау;

  • Қорғаныс министрлігінің және Комитеттің қорғаныс мақсаттағы объектілерді басқару және иелену мәселелері бойынша өкілеттін шектеу.

Қазіргі уақытта дейін Ресей Федерациясына жалға берілген (Сары-Шаған, Эмба, 4 Мемлекеттік орталық аралық түрлік полигон және 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының полигоны) сынақ полигондарының әскери мүлкіне бухгалтерлік есеп жүргізу орнатылмаған, мұнда тек мүліктің санына ған есеп жүргізіледі.

Әскери мүлік сәйкес аудандық пайдаланымға беру бөлімдеріне бекітілмеген, жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық орнатушы құжаттар жоқ, бүгінгі күнге дейін оларға Қазақстан Республикасының меншік құқығы ресімделмеген. Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігі және Комитетке жыл ағымында әскери мүлікті есепке алу және иелену мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу тиіс.

  1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың санын оңтайландыру.


Елбасымен 5 жылда мемлекеттік кәсіпорындардың саны бір жарым есе 4,2 –ден 6 мыңға дейін өскендігі атап өтілді, олардың жартысынан көбі шығын әкеледі, көбі бір-біріне дубликат жасайды.

Мемлекеттік кәсіпорындар санының өсуі олардың коммуналдық меншікте өсуінің ұлғаюымен белгіленген. Республикалық меншікте біз басқа динамиканы байқаймыз. 2000 жылдан бастап 598-ден ағымды жылы 303-ке дейін қысқартылған.

Бірақ, қысқарту жекешелендіруден емес, қайта құрылудан, оның ішінде АҚ мен ЖШС одан әрі ӘКК немесе АҚ-ға берумен пайда болды (мысалы, «Қазагро»). Ағымды жылы ММЖЖ-мен 60 ММ, МК, ЕМК-ны қайта құру, 15 МК және ММ тарату жұмыстары жасалынды.

Бұл ретте, Комитеттің РМК-ні оңтайландыру жұмысы БҚА-ның әр ұйым бойынша тиісті шешімін қабылдауға байланысты.

«Бәсекелестік туралы» Заңның қолданысқа енгізілгеніне екі жыл ішінде Монополияға қарсы агенттікпен РМК тиісті қолдаухаттарын қарау нәтижесі бойынша, шешімдер қабылданды:

  • 241 кәсіпорынның әрі қарай қызметіне келісім ұсынылды (с.і 100 қызметтің әр түрлерән жарғыдан алып тастау шартымен);

  • әрі қарай қызметке 62 кәсіпорынға бас тартылды.

Осы 62 кәсіпорынның 9-ы бойынша АҚ және ЖШС –ға қайта құру туралы шешім қабылданды. 4 –еуі бойынша тарату туралы шешім қабылданды.

Сонымен бірге, әрі қарай қызмет етуге келісуге бас тартылған жағдайда Монополияға қарсы агенттікпен нақты емес шешімдер қабылдануда, мысалы:

  • Әрі қарай қызмет етуге келісімнен бас тартуға ары қарай осы мәселені ВАК-тың отырысында шығара отырып;

  • Әрі қарай қызмет етуге келісім беруге нақты датаны анықтау және т.б. ұсыну бойынша.

  • Осыған орай БҚА-ға апталық мерзімде Қаржы министірлігіне және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетіне 49 РМК туралы нақты және бірізді қорытындыларды:

  • Шығынды кәсіпорындар үшін мүліктік кешендер ретінде сату;

  • АҚ-тың мемлекеттік қатысу үлесін әрі қарай қысқарта қайта құру сұраймыз.

Елбасының тапсырмасын орындау үшін, БҚА-нің шешімінің негізінде салалық министрліктерге Қаржы министрлігі және ЭСДМ бірге 1 наурыз мерзіміне дейін Үкіметке ведомствоға қарасты кәсіпорындар бойынша шешімдерге тиісті жобаларды енгізу қажет.

РМК қайта құру үрдісінде туындайтын АҚ-қа қатысты, бәсекелестікті дамыту туралы тапсырманы жүзеге асыруды бір-бірін алып тастамайтын, екі тәсілмен ұсынамыз.

1.Мемлекеттік акция пакеттерін жекешелендіру.

2.АҚ-ның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі жағдайда, акцияларды қосымша шығаруды орналастыру механизмін қолдану, (Болат Бидахметұлының баяндамасында бұл туралы айтылған).

Елбасының республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту туралы тапсырмасы ЭСДМ мен БҚА-ның ағымды жылы әрі қарай толыққанды салалық талдау жасауын талап етеді, бұл бізге оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік берер еді. Оның үстіне, бюджеттік қаражаттар, біздің білуімізше БҚА бөлінуде.
4.Квазимемлекеттік сектор субъектерінің ішкі қарыз мониторингі

Комитетпен ішкі кредиторлар алдында олардың міндеттемелер көлемін бақылауға рұқсат ететін АҚ, ЖШС және МП-нің көрсеткіштермен қоса даму жоспарының формасы әзірленді. Ағымды жылы мемлекетпен бақыланатын АҚ, ЖШС және МП олардың ішкі қарызы бойынша ақпарат жинағы қамтамасыз етілетін болады.
5.Қарашығанақ бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Қайта табыстау және өнімдерді бөлу туралы соңғы келісімге Қарашығанақ мұнайгазконденсаттық кен табу орындарының қатысу үлесін қабылдау туралы Шартты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ оны «Самрұқ-қазына ҰӘҚ» АҚ-ға беру.
6.Мемлекеттік мүлік Тізілімін құру («е-Қаржымин» жүйесі аясында).

Мемлекеттік мүлік тізілімі есепке алынған объектілердің тізімін мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерін біріктіруді жүргізу жолымен, мемлекеттік мүліктің әр түрлері/санаттарын ведомстволық есепке алу бойынша (мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік, жер пайдалынымда орналасқан жер учаскелері, мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері,мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері, мемлекеттік материалды резерв эәне т.б ), сондай-ақ коммуналдық мүлік есебін кеңейтеді.

Мемлекеттік мүліктің бірыңғай орталықтандырылған есебін қамтамасыз ету үшін, ағымды жылы 197 аудандық жергілікті атқарушы органдарды Тізілімде аудандық коммуналдық мүлікке есеп жүргізу үшін қосу қажет.

Мемлекеттік мүлік Тізілімінде «Байқоңыр» кешенін автоматтық есепке алу жүйесін енгізу онлайн режімінде мүлікке есеп жүргізу және бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік мүлік Тізілімін құру бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2011 жылы 30 қыркүйекте №1115 қаулысымен орнатылған – ағымды жылдың аяғына дейін мерзімде аяқталады.
7.Аумақтық органдарды қайта құру.

Ағымды жылдың бірінші тоқсанында қолданыстағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментерінің облыстық филиалдарын штат санының лимиті шегінде мемлекеттік мекеме түрінде дербес заңды тұлға ретінде қайта құру жұмыстары аяқталады.

Осы жылы тестілеудің жаңа бағдарламасы әзірленеді және енгізіледі, оған сәйкес Комиттеттің орталық аппараты мен аумақтық органдарындағы барлық қызметкерлер мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді білуге тестілеуден өтеді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін үздіксіз жоғарылату мақсатында, ағымды жылы Комитеттің және оның амақтық органдарындағы қызметкерлері «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» АҚ арқылы дистанциондық нысан бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді.



Похожие:

Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру icon«Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есептілік
Стратегиялық бағыт. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мәселелерін шұғыл шешу және белсенді әлеуметтік қолдау
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мәжілісінің хаттамасы
Стратегиялық жоспарының (бұдан әрі- министрліктің Стратегиялық жоспары) негізгі бағыттарын нәтижелі іске асыру мақсатында Қазақстан...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconСемей қаласының шаруашылық ЖҮргізу объектілер бастықтарының назарына!
Р «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, ұйымдардың басшылары бейбіт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconСтратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер мен іс шаралар мен көрсеткіштерге қол жеткізу
«Семей қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconОқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі
Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconМұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің негізгі қызметі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және тұрақтылығын, аудандық бюджеттің...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасы
Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру iconЖинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру icon«Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ауданның агроөнеркәсіп кешені саласын жаңа сапалы деңгейге жеткізу және экономикалық өсуіне әсер ету мақсатында мемлекеттік аграрлы...
Министрліктің Стратегиялық және Шұғыл жоспарларын жүзеге асыру icon«Аршалы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Миссия – Аудан аумағында тұратын тұрғындардың бірлігінің белгісі ретінде тілдік ортасын сақтап мәдени салада сапалы қызметтер көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница