Ана тілі 2-сынып




Скачать 99.35 Kb.
НазваниеАна тілі 2-сынып
Дата конвертации16.02.2013
Размер99.35 Kb.
ТипДокументы
Ана тілі 2-сынып

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

Ертеңгі күн сабағының тақырыбына көзім түсіп кетті. “Алғашқы қоңырау” екен. Сол-ақ екен көз алдыма Ыбырай атамыз, алғашқы қоңырау мерекесі және жас бүлдіршіндердің мектепке қуана келген алғашқы күндері елестей бастады. Бірден бұл сабақта оқушылардың өздерінің мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күндері туралы әңгімелеуі, ашыла сөйлеуі, осы мерекенің мән-мағынасын аша ой түйіндеуі керек деген ойлар келе бастады. Ол үшін не түрткі болуы мүмкін? Әрине - салыстыру, ой қозғау. Осы мақсатта жан-жақты материалдар жинақтап, оқушылар алдына жайып тастау керек. Оны жандандыра сөйлетіп, қызықты етіп жеткізуге ықпал жасау керек..

Тақырыбы: Ғафу Қайырбеков. Алғашқы қоңырау

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі ойын анықтау. Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу. Оқушылардың мақал-мәтелдерді сөздік қорларына орынды қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Қолданған технология: Педагогикалық шеберхана

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, суреттер, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, кітаптар, мұрағаттан алынған бейнетаспа

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы білімдері кеңейеді. Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, оның мазмұнын түсінеді, әдеби тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өлеңдегі негізгі ойды таба отырып, бүгінгі күнде білімнің керектігін түсінеді.

Сабақтың барысы:

І. Қандай тамаша! Қоңырау үнімен бүгінгі ана тілі сабағы басталмақшы. Біздер бірлесе отырып, осы сабақтың қызықты, тартымды өтуіне ат салысуымыз қажет. Себебі бүгінгі сабақта Ғафу Қайырбековтың “Алғашқы қоңырау” өлеңі бойынша жұмыс жасаймыз. Сабақта Ыбырай атамыздың өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы жайында әңгіме қозғалады. Сондай–ақ тақырыпқа сай өздеріңнің мектепке келген алғашқы күндеріңді, сол күннен алған әсерлеріңді еске түсіре отырып жұмыс жасайсыздар. Балалар, қазір мына дайындалған суреттердің ішінен өздеріңе ұнағанын таңдап алып, сол суреттер бойынша топтарға бөліне қойыңдаршы.

Балалар алдын-ала дайындалған қоңырау, кітап, қалам, дәптер суреттерін таңдап, алған суреттері бойынша 4 топқа бөлінеді.

ІІ. Индуктор.


Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.

І топта отырған оқушылар көріп отырған сурет мазмұнын ашатын негізгі ойды тауып, оны мақал-мәтел түрінде айтып, мағынасын ашып беру бағытында жұмыс жасайды..

ІІ топ оқушылары өлең мазмұнын талдап, мағынасын ашады.

ІІІ топ оқушылары Ы.Алтынсариннің шығармаларын атап, біреуін сахналық көрініс түрінде көрсетуге дайындалады.

ІҮтоп оқушылары оқу, білім жайында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар айтып, ребустар құрастырады.
(І топқа берілетін сурет)


Жеке құрастыру.

Балалар берілген суреттің мағынасына қарай мақал-мәтел ойластырып, оның мағынасын ашу барысында жеке- жеке жұмыс жасайды.

Әлеуметтік құрастық.

Әр бала өз ойын, шешімін ортаға салып, біріге талдап, бірлесіп нақты шешімге келеді. Жарнамалауға бір бала дайындайды.

ІІІ. Жарнамалау.

І топ оқушылары өз жұмысын жарнамалап ортаға салады. Әр оқушының өз жұмысын тақтаға ілуге, дауыстап оқуға толық мүмкіндігі бар.

Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Білім тек қана оқумен табылады. Оқымаса, ізденбесе білімді болу мүмкін емес. Ал ерінбей, жалықпай білімді игерсең, өмірің гүлденеді, шырағың жанады деген сөз. Себебі білім – дұрыс жолға түсіретін жарық сәуле.

- Білім деген бұлақтан оқып көп нәрсені үйренсек, ары қарай өмір сүру оңайырақ болады. Ал біз жақсы білім алып, жан-жақты болып өссек, ертең ата-анамызға да көмектесе алатын боламыз.

Кітап – білім бұлағы.

Бар білім, тәрбие бәрі кітаптың ішінде жазылған. Сондықтан кітапты жәй оқи салмай, әр сөзін түсініп, үйреніп оқу керек.

- Апай, мен өз ойымнан мақал құрастырдым. Айтуға бола ма?

Жақсы бала мектепке барады,

Жаман бала мектептен қашады.

Оқимын, үйренемін деген бала мектепке келуге асығады. Сабақтан қалмайды. Ал жаман бала ауырдым, мектепке барғым келмей тұр деп мектепке келмеудің жолын іздейді. Сабаққа келмей қалады. Онымен апайды ренжітетінін түсінбейді.
Екі сурет бойынша жұмыс жасалып, балалардың ойы тыңдалады.

  • Жақсы. Екі суреттің де негізгі ойы оқу-білім жайында екен. Олай болса, әр жаңа оқу жылы қандай мерекемен басталатын еді?

Ал онда ІІ топ оқушылары сөз кезегі сіздерге беріледі.

  • Бірінші қыркүйек – Білім күні... Алғашқы қоңырау...

“Алғашқы қоңырау” өлеңі мәнерлеп оқылады. Сұрақ-жауап арқылы өлең мазмұны талданады.

  • Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім?

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Ыбырай Алтынсарин жайында не білесіңдер?

Ыбырай (Ибрагим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Мектепті бітіргеннен кейін Ыбырай атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыс басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз, ағартушы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды. Өзінің бүкіл ғұмырын ұстаздық іске арнаған ол ана тіліндегі тұңғыш оқулық “Қазақ хрестоматиясының” авторы.

ІІІ топ. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары: Кел, балалар, оқылық, Асыл шөп, Өнер-білім бар жұрттар, Өсиет, Өнер, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Әке мен бала, Бай баласы мен жарлы баласы, Әдептілік, Таза бұлақ, Аурудан аяған күштірек ...

“Аурудан аяған күштірек” әңгімесін сахналап көрсетті.
ІҮ топ.

Өнерлі өрге жүзеді.
Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.
Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.
Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар.

Өнер-білім дегенің,

Оқуменен табылар (Ыбырай)





А

С

Ы


Л

Ш

Ө

П




Е

Ң

Б


Е

К







К

Р

Ы

Л

О

В




Ө

Н

Е

Р







А


С

А


Н







С

Е

Й

І


Т





ІV. Үзіліс.
Мұрағаттан алынған бейнетаспадан Ы. Алтынсариннің Орынборда ашылған алғашқы мектебі жайында деректер көрсетіліп, диктордың баяндауы тыңдалды.

1860 жылы Ыбырай Алтынсаринге Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан былай Ыбырайдың ағартушылық-педагогтық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанаттанған Ыбырай көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын, қажеттілігін айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Оның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Ыбырай Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласына оқу-ағарту тәжірибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. Осы тұңғыш мектептің ашылғанына биыл 145 жыл толып отыр. (интерактивті тақтада Ы.Алтынсариннің суреті, алғашқы ашылған мектеп бейнесі көрсетілді.)

  • Балалар, өздеріңнің алғашқы мектепке келген күндерің, алғашқы қоңырау мерекесі естеріңде қалды ма?

Бейнетаспадан 2008 жылғы алғашқы қоңырау мерекесі көрсетіліп отырылады да, тоқтатылған сәттегі оқушы өзінің еске түскен кезеңін әңгімелейді.

(Интерактивті тақтадан мектеп ғимаратының суреті, алғашқы қоңырау күні оқушылардың түскен суреттері көрсетіледі.)

- Иә, есімде. Ол күні мені мектепке әкем мен анам алып келді. Келсек мектеп жанында әдемі киініп қолдарына гүл шоғын ұстап жүрген балалар көп екен. Балалардың бәрі қуанышты. Бізді апайымыз қарсы алды. Маған өзімнің апайым қатты ұнады. Сосын бәрімізді сыныпқа әкеліп сабақ өткізді. Мен өзім туралы айтып бердім. Бізге сыйлық берді.
- Сол күні біздің үйде таңертең ең бірінші болып мен тұрғам. Тұра салып жан-жағыма қарасам, бәрі ұйықтап жатыр екен. Әкемнің қасына барып, оятсам, әлі ерте, асықпай-ақ қой, үлгереміз деді. Мен бәрібір тұрып алдым. Мектепке жиналғанға дейін уақыт әрең өтті ғой. Анам мені аппақ қылып киіндіріп, қолыма гүл шоғын бергенде мен өте қатты қуандым.

- Менің мектеп алдында сапта тұрып тақпақ оқығаным есімде қалды. Мен тақпақ оқып тұрғанда бәрі маған риза болған сияқты көрінді. Орныма келіп жан-жағыма қарасам, менің мектебім биік, әдемі екен. Менің мектебім өзіме қатты ұнады. Өйткені ол жаңа, биік, үлкен, жарық, жылы.

- Маған сол күні Әліппе кітабын берді. Мен үйге бара салып барлық беттерін қарап шықтым. Анам да, әкем мен апам да менің кітабымды қызыға қарап шықты.

- Менің мектебім қандай тамаша! Сыныптары кең, жарық, жылы. Үлкен кітапхана, төртінші қабатта өсімдікжай бар. Үлкен, әдемі спорт зал бар. Маған әсіресе би залы ұнайды. Ондағы үлкен айналар қандай әдемі десеңізші.

Дұрыс, балалар, Ыбырай атамыздың аңсаған мектебі осындай еді. Сол арман орындалып отыр ма екен?

- Әрине, біз - сол армандаған мектептің бақытты оқушыларымыз. Біздің алдымызда Ыбырай атаның бастаған үлкен ісін жалғастыру міндеті тұр. Сондықтан да біз әр сабағымызға үлкен көңіл бөліп, көп оқып, жан-жақты білім алуға міндеттіміз.
V. Шығармашылық тапсырма.
Олай болса, “Ыбырай және мен” тақырыбында 3-4 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазып, ойымызды білдірейік (Ыбырай кім? Ыбырайға қай жерің ұқсайды?...)
- Ыбырай ата көп әңгіме, өлеңдер жазған жазушы. Мен де өлең жазуды ұнатамын. Біздің сыныпта көп оқушы өлең, мақал құрастырады. Біздің осымыз Ыбырай атаға ұқсайды.

- Ыбырай ата мектеп ашып, балаларды оқытып жаңалық ашты. Менің де бірдеңе ойлап тапқым келеді. Жаңалық ашып танымал болғым келеді.

- Аурудан аяған күштірек әңгімесіндегі Сейіт тура мен сияқты екен. Мен де аяғымды ауыртып алғанда жылағын жоқпын. Сонда Ыбырай ата бәрін көріп тұра ма екен?

- Мен Ыбырай атаның армандаған мектебінде оқып жатырмын. Енді мен бұл мектепті тіпті жақсы көретін болдым. Менің мектебімнің жаңа суреттен көргендей кішкентай ғана болмағаны қандай жақсы!

- Менің бұрын ауыр көтергім келмейтін. Батиманың “қажырлы еңбек” деген шөбінен кейін ұяламын. Енді қалайда шамам келетін ауыр жүкті өзім көтеруге тырысатын болдым. Бірақ оны ешкімге білдірмеймін.

- Күміс қоңырау күмбірлеп

Кең далаға жар салды.

Ыбырай ата күлімдеп,

Әр баланы қарсы алды.

“Кел, балалар, оқылық!

Оқымасаң, білім жоқ

Қаласыңдар өкініп,-

Деп тұрғандай күбірлеп.
VІ. Әр топ жетекшісі өз тобының жұмысын бағалау кестесін толтырып, мұғалімге ұсынады. Кестенің соңғы екі бөлімін мұғалім толықтырып, өз ойын білдіріп, түсіндіре отырып бағалайды.

Бағалау кестесінің үлгісі


Оқушының

аты-жөні

Жеке ойын ортаға салуы

Топтық жұмысты ілгерілетуге қосқан

үлесі

Тілді қолдану сауаттылығы

Жалпы бағасы













































































VІІ. Өз ойларыңызды мына бағытта жұмыс жасай отырып, түйіндеп көріңіздерші:


  1. “Алғашқы қоңырау” өлеңінің бірінші шумағын өзің екі жолмен жалғастырып көр.

Ілесіп сол қоңырау үніменен

Қазақтың даласына білім келді

---------------------------------------

---------------------------------------


  1. “Кел, балалар, оқылық!” өлеңіндегі мына өлең жолдарының мағынасын ашып жазып кел.

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.


  1. “Білімсіз адам” сөз тіркесіне теңеу сөздер тауып кел.

Мысалы: қараңғы адам,...

Берілген тапсырмалар бойынша үйде қосымша жұмыс жасап, толықтырып келеді.

VІІІ. Рефлексия.
Бәріміздің үлгі тұтып, мақтан етер атамыз кім екен? – Ыбырай.
жазушы

тұңғыш педагог қоғам қайраткері


ағартушы этнограф


тұңғыш хрестоматия авторы сәулелі жұлдыз іздеген адам.

Өте жақсы, балалар. Бүгінгі сабақта сіздер өздеріңізді өте жақсы жақтарыңыздан көрсете білдіңіздер. Сіздердің әрбір айтқан ойларыңыз менің көңілімнен шығып отырды. Олар сондай дәлелді, нақты, ашық болды. Ыбырай жайында көп мағлұматтарыңызбен бөлісіп, әңгімелерінің мазмұнын аша білдіңіздер. Өздеріңіздің Ыбырай атаның жақсы жолын жалғастырушылары екендіктеріңізді дәлелдей алдыңыздар. Ендеше бүгінгі сабағымызды мен

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді деген мақалмен аяқтайын.

Похожие:

Ана тілі 2-сынып icon11 сынып Қазақ тілі (ана тілі) Фонетика
Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғап қайталануынан жасалған күрделі сөзді табыңыз
Ана тілі 2-сынып icon«Назарбаев Зитякерлік мектептері» дббұ Үлгі
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 11-сынып бітірушілерін қазақ тілі (ана тілі) пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған
Ана тілі 2-сынып iconАна тілі пәні арқылы оқушыларды өз ана тілінде сөйлуге дағдыландыру
Тақырыптың өзектілігі: Ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту
Ана тілі 2-сынып iconАна тілі сабағы Тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Ана» Орындаған:№37 орта мектептің бастауыш сынып ұстазы Жумадильдина З. С. Тақырыбы
Баубек Бұлқышев 1916 жылы Қарағанды облысының Жезді ауданында Амангелді ауылында туған
Ана тілі 2-сынып iconПәндер 1- тоқсан
Тоқсандық көрсеткіштерге қарағанда, «Қазақ тілі, Ана тілі» пәндерінен жоғарылау байқалады. Бұдан І-ІІ тоқсанда оқушылар алған білімдерін...
Ана тілі 2-сынып iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш) Мақсаты
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
Ана тілі 2-сынып iconБастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық...
Ана тілі 2-сынып iconАна тілі пәнінен тест сұрақтары. 2-сынып ( 2-жарты жылдық) Мұхтар Әуезов кім? а) мұғалім ә) ұлы жазушы б) әнші «Бидай мен Қаңбақ»

Ана тілі 2-сынып iconДарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің 2 «Б» сынып оқушылары «Ана тілім айбыным»
«Б» сынып оқушылары «Ана тілім айбыным» атты апталығында «Ертегілер әлемі» сайысына қатысты
Ана тілі 2-сынып icon001 НҰСҚа тегі Аты Облыс Аудан Мектеп Сынып 2009 назар аударыныз
Сұрақ кітапшаcы орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және география пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница