Құрметті Ербол Тұрмаханұлы!




Скачать 159.82 Kb.
НазваниеҚұрметті Ербол Тұрмаханұлы!
Дата конвертации17.11.2012
Размер159.82 Kb.
ТипДокументы
ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ Б.Т. ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ І СЪЕЗІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

11.05.2011

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ Б.Т. ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ І СЪЕЗІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ АСТАНА Қ., 2011 Ж. МАМЫР

Қазақстан мектептерінде математикалық білім беруді дамыту: қазіргі жайы және даму болашағы

Құрметті Ербол Тұрмаханұлы!

Құрметті съезд делегаттары мен қонақтары!

Ханымдар мен мырзалар, әріптестер!

Бүгін – ерекше күн, біз Қазақстан тарихында пән мұғалімдерінің алғашқы съезін өткізіп отырмыз.

Съезд математикалық білім беру саласындағы сапалық өзгерістердің бастамасы болуы тиіс.

Бүгінгі жиында үздік мұғалімдер, жоғары оқу орындарының өкілдері, математик ғалымдар бас қосып отыр.

Съезге қатысушылардың бәрі математика саласының майталмандары, өз өмірін осы бағытқа арнаған адамдар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі құттықтау сөзінде мұғалімдердің елді дамытатын, адами капиталды жетілдіретін қозғаушы күш екенін атап көрсетті.

Съезге қатысушылар атынан Ұлт көшбасшысына еңбегімізді бағалап, үнемі қолдау көрсеткені үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.

Биылғы жылы еліміздің білім беру жүйесі жаңа даму кезеңіне аяқ басты.

Қазіргі уақытта белгілі табыстарға қол жеткізілді.

ЮНЕСКО мәліметтеріне сәйкес білім беруді дамыту индексі бойынша Қазақстан соңғы 3 жылда 129 ел арасында төртінші орынға көтерілді.

Бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдерінің алдында келеміз (Беларусь 26-орын, Грузия – 30, Тәжікстан – 31, Қырғызстан – 42, Армения – 43, Өзбекстан – 48, Украина – 53, Молдова – 59).

Конституцияда азаматтардың білім алу құқығының бекітілуі, осы құқықты барлық деңгейдегі заңнамалық актілерге сәйкес іске асыру – осындай көрсеткіштерге қол жеткізуде басты фактор болып табылады.

Алғаш рет 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі бойынша жоғары деңгейлі елдердің тізіміне кірді (82-орын).

Ал, 2010 жылы біз осы көрсеткішті бірден 16 орынға жақсартып, 66-шы орынға шықтық.

Қазақстан – еуропалық білімнің Болон процесіне толық мүше болған Орта Азиядағы бірінші мемлекет.

51-ші Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 4-орынға ие болдық. Бұл – бізде математикаға бейім дарынды балалардың көп екендігін көрсетеді.

2011 жылы білім беруді дамытуға жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығыстары 900 млрд.-қа жуық теңгені құрайды.

Бұл – ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызы.

Осылайша, біз ЮНЕСКО ұсынған 5-6 пайыздық нормаға жақындап келеміз.

Білім беру жүйесі интитуционалды және құрылымдық жағынан қазіргі заманғы нормаларға сәйкес жасалған.

Біздің саламыз бойынша алдағы он жылдағы өзгерістердің басты векторы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

Оның мазмұны немесе «басты міндеті» - білім беру процесінің барлық деңгейінде түбегейлі жаңа сапаға қол жеткізу.

17 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамының, Парламент депутаттарының, аймақ басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.

Кеңесте Мемлекет басшысы Үкіметке базалық міндет қойды, бүгінгі күннің өзекті проблемалары мен оларды шешудің жолдарын атап көрсетті.

Осы ретте Елбасы «біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз қажет» деп ерекше атап өтті.

Бұл міндеттер Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін және индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басты өзегі болып отыр.

Осы міндеттерді шешуде басты жауапкершілік білім саласына жүктеледі.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы барлық деңгейде талқыланды, оның мазмұны мен ауқымды міндеттерін білесіздер деп ойлаймын.

Сондықтан бүгін тек бір аспектісіне ғана тоқталғым келеді. Мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген арнайы бөлім бар.

Бұл – мамандар даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу үшін қажетті шарттардың бірі.

Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат.

Педагог мәртебесін арттыру – көпаспектілі процесс.

Біріншіден, педагогтердің орташа жалақысын жеке сектордағы еңбекақыға теңестіру.

1 қыркүйектен бастап жоғары категориялары бар мұғалімдер біліктілігі үшін лауазымдық жалақысынан 100% көлемде қосымша ақы алатын болады.

Бюджетті нақтылау кезінде осы мақсатқа 5 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінді.

Екіншіден, педагогтер біліктілігін арттырудың жаңа жүйесіне көшеміз.

Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында Педагогикалық шеберлік орталықтары құрылатынын білесіздер.

Осы мектептерге конкурс бойынша еліміздің үздік мұғалімдері іріктеледі. Олар тұрақты негізде өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Алайда, осы Орталықтар арқылы барлық педагогтарды қамти алмаймыз, яғни 5 жылда 20 мың адам ғана біліктілігін арттырады.

Ал, барлық оқытушылық корпустың жалпы саны – 300 мың адам.

Педагогикалық шеберлік орталықтарының басты міндеті – озық оқыту әдістемелерін тарату. Олар еліміздегі педагог кадрларды қайта даярлау жүйесінің «өсу нүктесіне» айналуы тиіс.

Осы негізде Біліктілікті арттыру институттарының бүкіл жүйесі өз деңгейлерін көтеретін болады.

Биылғы республикалық бюджеттен біліктілікті арттыру институттарының базасын нығайтуға 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламада ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланған.

Ендігі жерде педагогтеріміз қайта даярлаудан өту үшін қалаған оқу орнын, тіпті шетелдік орталықтарды да таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Әрине, мұғалімдердің педагогикалық жоғары оқу орындарында алған бастапқы білімінің маңызы зор.

Оқыту процесінде нәтижеге қол жеткізу, негізінен, педагогтың өзіне байланысты.

Мұғалімнің бойында кәсіби шеберлікпен қатар ұстамдылық, адамгершілік және білім алушыларды қызықтыра білу сияқты жеке қасиеттері болуы тиіс.

Осы отырған біздер мектептегі аяулы ұстаздарымыздың ықпалымен математика ғылымын таңдадық емес пе?

Сондықтан, алдымен педагогты қазіргі заманға сай деңгейде сапалы даярлауымыз қажет.

Съезге көптеген педагогикалық жоғары оқу орындарының басшылары қатысып отыр. Олар педагогикалық жоғары орындарын жаңа сапалы деңгейге көшіру жөнінде бірнеше рет кездесулер болғанын жақсы біледі.

Қажетті нәтижеге қол жеткізгенше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Үшіншіден, қоғамда педагогтардың имиджін арттыру мұғалімдердің мәртебесін көтеруге оң ықпалын тигізуі тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мұғалімнің қоғамдағы орны, үздік педагогтердің тәжірибелері мен жетістіктері белсенді түрде насихатталатын болады.

Ауылдық жерде мұғалім болып қызмет атқарғандықтан, оның оңай жол емес екенін өз тәжірибемнен білемін. Ал, бүгінгі жағдай одан да қиын екені белгілі.

Осы тұрғыда Қазақстанның математикалық қоғамдастығы белсенділік танытып, математиканы, ғылымды, мұғалім еңбегін насихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізуі қажет.

Білім беру жүйесін басқару мен оны мемлекеттік деңгейде жетілдіруде мұғалімнің рөлін арттырудың маңызы зор.

Осы залда отырған делегаттар сияқты еліміздегі үздік мұғалімдердің оқыту мазмұны мен әдістемесін жаңғыртуға тұрақты түрде қатысуға нақты мүмкіндіктері болуы тиіс.

Білім беру жүйесіндегі «кемшін тұстарды» олардан артық кім біледі, жетілдіру жолдарын кім көрсете алады?

Жауабын айтудың өзі артық.

Дегенмен, министрлік деңгейінде іс жүзінде мұғалімдер қауымымен кері байланыс жүйесі жолға қойылмаған.

Міне, сондықтан осы процесті іске қосу үшін пән мұғалімдерінің алғашқы съезіне жиналып отырмыз.

Алғашқы съезге математика пәні мұғалімдерін жинаудың өзі кездейсоқ емес.

Өзім математика мамандығының иесі болғанымды мақтан етемін.

Атақты философ және ойшыл Иммануил Кант 18 ғасырдың өзінде: «Қандай ғылым болмасын онда қанша математика болса, соншама шындық болатынын» данышпандықпен айтып кеткен.

Математиканы «ғылымдар патшасы» деп тегін атамаса керек.

Ол – кез келген ғылымның негізгі тілі, табиғатты танудың басты құралы.

Адамның проблемаларды шешуде жетістікке жетуі, елдің дамуына үлес қосуы көп жағдайда математиканы игерудің деңгейіне байланысты.

Сондықтан жалпы білім беру сапасын жетілдіруді математиканы оқыту сапасынан бастаған жөн.

Бұл тек мектеп деңгейіне ғана емес, сонымен қатар білім берудің келесі сатылары – техникалық, кәсіптік және жоғары білім жүйесіне де қатысты.

Аталған процесс орта мектептің 12 жылдық оқытуға көшуі қарсаңында өте жауапты болмақ.

Бұл жерде білім беру парадигмасын өзгерту жоспарлануда, яғни білімді жинақтап қана қоймай, өмірдегі түрлі жағдайларда пайдалана білуге үйрету көзделеді.

Ол үшін мүлде жаңа әдістеме қажет.

Бүгінде тиісті нормативтік құжаттар – жаңа стандарттар, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде.

Математика мұнда да көш бастауы тиіс.

Сондықтан біз осы Съезден Қазақстандағы математикалық білім берудің қазіргі жайы мен даму болашағы жөнінде жан-жақты талқылаулар күтеміз.

Съездің басты нәтижесі – математикалық білім беруді жетілдірудің маңызды аспектілері бойынша нақты ұсынымдар болады деп сенеміз.

Біз бұл ойымызды сіздермен бірлесіп, мұқият талдау арқылы жүзеге асырамыз.

Осылайша, Съезд Қазақстандағы білім беру сапасын басқару жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болмақ.

Бұл бір реттік іс-шара емес. Математикамен қатар басқа да пән мұғалімдерінің Съездерін үнемі өткізетін боламыз.

Математика оқытушыларының Қазақстандық қауымдастығын құруды орынды деп санаймын.

Съездер арасындағы кезеңдерде қауымдастық мемлекеттік органдармен үздіксіз байланыста болуы тиіс және мұғалімдердің ұсыныстары мен пікірлерін олардың назарына жеткізуі үшін кері байланысты қамтамасыз етуі қажет.

Мұндай қызметті Білім және ғылым министрлігі белсенді түрде қолдайтын болады.

Егер делегаттар менімен келіссе, съезд шешіміне сәйкес Қауымдастықты құру жөніндегі бастамашылық топты қалыптастыруды Ұйымдастыру комитетіне тапсыруға болады.

«Мұғалім – министрлік» және мұғалім – Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру» кері байланыс механизмін іске қосу үшін Қауымдастықтың аймақтық құрылымын құру да қажет болуы мүмкін.

Бұл туралы ақылдасып, осы сала бойынша кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруымыз қажет.

Жаңа Мемлекеттік бағдарлама халықаралық сарапшылардың тарапынан мазмұны жағынан жоғары бағаға ие болып отыр.

Бағдарламада білімімізді жаңа белестерге жеткізетін механизмдер мен индикаторлар қарастырылған.

Осы арада заман талабына сай жаңаша көзқараспен осы механизмдер мен тетіктерді іске асыра аламыз ба? деген сұрақ туындайды.

Министрлік пен оның құрылымдарының жұмысын әрбір қазақстандық педагогте, басшыда, маманда толық түсінік қана қалыптаспай, сонымен қатар жаңа тәсілдерді қабылдайтындай және олардың бойында шығармашылық белсенділік пайда болатындай етіп үйлестіру қажет.

Біріншіден, МЖМБС-ны әзірлеу кезінде Ұлттық педагогикалық университет жанынан Стандарт жөніндегі кеңесті құру қажет.

Оған еліміздің үздік педагог-практиктері мен білім стандарты бойынша үздік әлемдік мамандарды тарту керек.

Мұндай механизм осы процеске шығармашылық ой-өріс және жаңа леп береді.

Екіншіден, оқулықтарымыздың авторлар құрамы жыл сайын бір құрамда өзгеріссіз қалып отыр. Осы арада сұрақ туындайды. Үздіктерді қайдан табамыз?

Бұл өте маңызды мәселе.

Мемлекеттік бағдарламадан туындайтын осындай міндеттер аз емес.

Дегенмен, оларды міндетті түрде орындау керек.

Съездің тақырыбы барынша көлемді, оны өздеріңіз съезд бағдарламасы мен секциялар тізбесінен көріп отырсыздар.

Сондықтан жекелеген бағыттарына ғана тоқталып өтейін.

Алдымен, қазақстандағы математика ғылымының жалпы деңгейі туралы бірер сөз.

Оның деңгейі өте жоғары және бірқатар бағыттары әлемдік аренада кеңінен танылған. Мұны өз тәжірибемнен жақсы білемін.

Қазақстанда дифференциалды теңдеу теориясы белсенді дамып келеді.

Бұл теория К.П. Персидский, О.А. Жәутіков сияқты көрнекті ғалымдармен байланысты.

Дифференциалды теңдеу теориясының маңызды бөлімдерінің бірі – тербелістер теориясы В.Х. Харасахалдың ғылыми еңбегінің арқасында дамыды.

Бұл бағыттағы зерттеулерді Д. Үмбетжанов пен Т. Нүрекенов жалғастырды.

Професорлар Ш.Смағұлов пен Н.Данаев дифференциалды теңдеу теориясы мен практикалық тапсырмаларды шешу қосымшасына зор үлес қосты.

Операторлардың спектрлік теориясын дамытудың стратегиялық бағыттарын профессорлар М.Өтелбаев пен Т.Қалменов әзірледі.

Аталған бағыттағы қазақстандық математиктердің соңғы жетістіктері басқа мектептердің осындай жетістіктерінен көш ілгері.

Қазақстанда дербес туындылы теңдеулер теориясын дамыту негізін 1964 жылы Е.И.Ким қалады.

Көпөлшемді интегралды-дифференциалды теңдеулер теориясын дамытуға академик Ө.М. Сұлтанғазиннің қосқан үлесі зор.

Уалбай Өмірбаевтың іргелі еңбетерінсіз алгебраның қазіргі заманғы бөлімдері толық болмаған болар еді.

Филдс сыйлығының лауреаттары Нагата мен Кон қойған 3 өлшемді есептің шешімін ойлап тапты, «жабайы» автоморфизмдердің әлемдік проблемасын шешті.

Осы жұмыстары үшін автор беделді Америкалық математикалық қоғамдастық тағайындаған Мур сыйлығын иеленді.

Тізбектеп айта берсек бізде жақсы атақты математиктер көптеп кездеседі. Олардың барлығымен таныспын. Бүгінде олар менің әріптестерім.

Олардың дәрістерін тыңдадым, дискуссияларына қатыстым, кейбіреулерімен бірлесіп жұмыс істедім.

Математика ғылымы саласында Қазақстанның ғылыми потенциалы зор, жақсы ғылыми мектептер бар деп қорытынды жасауға болады.

Осындай жетістіктермен бірге, бірқатар мәселелер де бар.

Негізгі проблемалардың бірі – математика ғылымын жас зерттеушілермен кадрлық қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, барлық деңгейлерде математикалық дайындық сапасын арттыру.

Сондықтан, мектепте математикалық білім беруді жетілдіру өте өзекті болып табылады.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, математика бағдарламасы өзгерту әрекеті ХХ ғасырдың басында басталды. Қазірге дейін таластар жалғасуда.

Бұл тұста екі тенденция – «саентистік», яғни таза ғылыми және прагматикалық әдістер.

50-ші жылдың соңынан бастап «жаңа математика» дәуірін бастан кешірдік, ол 10-12 жылға созылды.

Оның басты идеяларының бірі – абстракті тұжырымдама мен құрылымдардың негізінде математикалық бағдарламаны біріктіру.

Одан кейін жиындар теориясы мен геометриялық түрлендіру базасында математиканың мазмұнын өзгерту басталды. Алайда, үміт ақталмады.

Талас барысында прагматикалық парадигма үстемдікке ие болды.

Нәтижесінде, мектептердің көпшілігі математика ғылымын терең зерттеуден бас тартып, олардың арасындағы алшақтық одан сайын арта түсті.

Осыған ұқсас процестер КСРО кезінде де болды.

Осы кезеңнен бастап бітірушілердің математикалық даярлық сапасы төмендей бастады.

Сондықтан аталған процесті еліміздің посткеңестік дәуірімен ғана байланыстыру қате ұғым.

80-ші жылдардың ортасында математика бойынша кезекті бағдарлама қабылданды. Онда курсты құруға міндетті теоретикалық жиындық тәсілден бас тартылды.

Көптеген ұғымдар мазмұндық негізде қалыптаса бастады, математика курсының қолданбалы мәні күшейді.

Теориялық жиындық әдістермен күресте асыра сілтеулер жасалды: мектептегі математикадан «жиындық» термині толығымен алынып тасталды, бірақ ол жасырын нысанда қолданылып отырды.

Осылайша құрылған мектептегі математика посткеңестік кезеңде де қолданыла берді.

Көптеген халықаралық сарапшылар көрсеткендей, әлем бойынша математиканы оқыту деңгейінің төмендеуі оқыту әдісінің ғылыми пән ретінде математиканың тез дамуына ілесе алмайтынымен түсіндіріледі.

Осы мәселенің Қазақстанға да қатысы бар.

Қазіргі математиканы оқыту мәселесін, оны заман талабына сай оқыту мәселесінен бөліп қарауға болмайды.

Бұл – әсіресе жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында өте маңызды.

Осы орайда, әрине көптеген сұрақтар туындайды.

Алдымен даярлықтың құрылымы мен мазмұны бойынша.

Солардың кейбіреуіне тоқталып өтейін.

Бірінші мәселе, өткен 20 жыл ішінде математиканы оқытуға сағаттардың екі рет қысқартылуы туралы.

Зерттеу көрсеткендей, математикаға арналған сағат санын аптасына 1 сағатқа қысқарту басқа пәндер бойынша үлгерімнің 10-25%-ға төмендеуіне алып келеді.

Әлемдегі жетекші елдерде математика бойынша аудиториялық жүктеме біздің елдегі сағат санына қарағанда біршама артық.

Мынадай көрсеткіштерді мысалға келтіруге болады.

Бастауыш мектепті алатын болсақ, жалпы аудиториялық жүктемедегі математиканың үлесі Ұлыбританияда - 23%-ды, Францияда - 20%-ды, ал бізде - 17%-ды құрайды.

Негізгі мектепте де жағдай осыған ұқсас - Ұлыбританияда - 13%, Францияда - 15%, Қазақстанда - 11%.

Міне, проблема осында, сондықтан біз бұл мәселені бірігіп шешуіміз керек.

Көптеген ғалымдар мен мұғалімдер көтеріп жүрген екінші мәселе – мектеп бағдарламасына қарапайым теориялық-жиындық ұғымдар мен белгілерді қайтару туралы.

Бұл үшін біз ымыралы және сараланған шешім табуымыз қажет.

Мектеп бағдарламасына математикалық анализді енгізуге қатысты даулар да шыға бастады.

Оның ішінде, «Туынды», «Интеграл» тақырыптарының мектеп пен жоғары оқу орындарында қайталануы туралы.

Бұл проблеманы 12 жылдық орта білім беруге көшу кезінде жүйелі түрде шешетін боламыз. Математикалық анализ ғана емес, зерделенетін мәселелердің бірқатары жоғары оқу орындарынан мектептерге берілуі қажет болады.

Алайда, В.С.Владимиров, Б.С.Понтрягин мен А.Н.Тихонов сияқты академиктер қалыптастырған принциптерді міндетті түрде сақтауымыз қажет.

Материалдың шамадан тыс көлемі мен жасалуындағы жөнсіздік көптеген оқушылардың түсінбеуіне және өздерінің қабілетіне сенімсіздік танытуына алып келеді.

Ең бастысы – оқушыларды математикадан алшақтатпау.

Нәтижесінде біз математикадағы «тың күштің» легінен айырылып қана қоймай, жаратылыстану-математикалық циклдің басқа да көптеген пәндерін үйренуге орны толмайтын шығын әкелеміз.

Бұл – мамандықтардың кең спектрі бойынша елді инновациялық, ғылыми, технологиялық дамытудың негізі.

«Статистика және ықтималдық теориясының элементтері» тақырыбы мектепте төмен деңгейде өтіледі деген мәселе де бар.

Осы уақытқа дейін бұл мәселе бойынша тиісті оқу-әдістемелік әдебиет жоқ.

Қолданыстағы оқулықтарда бұл тақырыпта көптеген қателіктер орын алған.

Мұндай жағдайды болдырмау қажет.

Нәтижесінде, мысалы, Қазақстанда осы саладағы мамандардың саны аз және көбеймей отыр.

Тағы бір проблема – оқулық сапасы.

Бұл мәселеге педагогтер де, қоғам да наразылық білдірді.

Мұғалімдер қиын тапсырмалар мен жалпылама тестілер жауаптарының жоқтығын, мәтіндік тапсырмалардағы өрескел қателіктерді, геометриялық фигуралардың қателігін бірнеше рет көрсетті.

Кейбір есептердің жауаптары қажетті талаптарға, аксиомалар мен теоремаларға сәйкес келмейді және олардың нәтижелері жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық циклдағы оқулықтарда әртүрлі тұжырымдалады.

Мұндай мысалдарды жалғастыра беруге болады.

Сондықтан бұдан былай біз жаңа тәсілге көшеміз – оқулықтар қатаң сараптама мен міндетті сынақтан өткізіледі.

Бұл ретте әрбір сарапшыға оқулықтың әдістемесі, мазмұны, стандарты сияқты жекелеген құрамдас бөлігіне емес, оның сапасына толық жауаптылық жүктеледі.

Егер бір қате жіберілетін болса, аталған сарапшы деректер базасынан алынып, сараптамаға мүлдем қатыстырылмайды.

Сынақтан өткізу кезеңі аса жауапты болады.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен пікірлеріңізді ескермей және Республикалық кеңестің міндетті шешімінсіз бұдан былай оқулық оқу процесіне пайдалануға ұсынылмайды.

Съезге қатысушылар жаңа оқулықтардың жасалу рәсіміне, оларға қойылатын талаптардың мазмұнына қатысты ұсыныстар айтады деген ойдамын.

Математика пәндері бойынша жазылған оқу әдебиеттерінің сапасыз аудармасына қатысты да көптеген сындар айтылды.

Көптеген ғылыми терминдер аудармада мағынасын жоғалтып, оқушылардың қабылдауына қиындық туғызады.

Сондықтан, әлемдік практикадағы терминдердің аудармасы туралы ойлануымыз қажет. Бұл проблема, әсіресе қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін маңызды болып отыр.

Менің ойымша, мемлекеттік тілде бірыңғай математикалық терминология қажет.

Мұндай мысалдар көп және бұл мәселелердің көпшілігі съезд жұмысының қорытындысында ескеріледі деп ойлаймын.

Съезге қатысушылар орта мектептің шеңберінен тыс мәселелер туралы да ойлануы тиіс.

Әсіресе, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының мұғалімдер даярлауы, жоғары педагогикалық білімнің стандарттары, бейінді сыныптағы оқыту жұмыстарының ерекшеліктері, шағын жинақты мектептердегі және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу технологиясы, мұғалімдердің математик ғалымдармен өзара іс-қимылын орнату және т.б. туралы.

Тағы бір мәселе бойынша.

Педагогикалық жоғары оқу орындары жас мамандар даярлаумен ғана шектелмеуі тиіс.

Олардың рөлі анағұрлым ауқымды болуы қажет. Олардың өз өңіріндегі білім берудің барлық жүйесіне ықпал етуі керек.

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының – мектепке дейінгі, мектеп, басқа да жоғары оқу орындары, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мекемелерінің білім беру процесін жаңғыртуға жауапты болуы тиіс.

Біз осы съезде қандай механизмдерді қолданудың орынды екенін ойластыруымыз қажет.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының ректорларына тез арада қандай функцияларды және оларды қалай орындайтыны туралы ұсыныс дайындап, министрлікке ұсынуды тапсырамын.

E-learning – электронды оқыту саласында да үлкен міндеттер бар.

Бұл мүлдем жаңа іс және бұған ерекше әдіснама қажет.

«Математика» білім беру порталын құру туралы ойлану қажет. Онда ғылымдағы жаңалықтар, интерактивті оқытудың мүмкіндіктері туралы, атақты ғалымдар мен практик мұғалімдердің дәрістері туралы материалдар қамтылатын болады.

Съездің алдында көптеген мәселелер тұр.

Съезде біз осындай міндеттерді шешуге бастапқы жағдай жасаймыз.

Негізгі жұмыс жергілікті жерлерде жүргізілетін болады.

Бұл жай жұмыс емес, оның үстіне, біздер мен сіздер - білім беру сапасын жетілдірудің осындай жаңа механизмін енгізуге алғаш жол салушылармыз.

Біздің қателіктер жіберуге құқымыз жоқ.

Барлық оқу пәндерінің арасында математиканың орны ерекше.

Біз оқытып жатқан балалар ертең Қазақстанның болашағын қалайтынын, Елбасының қойған ауқымды мақсаттарын іске асыратынын ұмытпауымыз қажет.

Құрметті әріптестер!

Атақты француз ғалымы С.Д.Пуассон «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі математикамен шұғылдану және одан сабақ беру» деген екен.

Сондықтан барлықтарыңызға жарқын өмір, шығармашылық жетістіктер мен Қазақстандағы математика мұғалімдерінің І Съезінің жұмысында табыстар тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!

Похожие:

Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconВыздоравливай, Ербол!
Актау. Его перевезли в столицу для дальнейшего лечения. Сейчас Ербол уверенно идет на поправку и врачи за его жизнь уже не переживают,...
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!
Е. Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! icon«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған өнегелі адамдар тізім І «Жамбыл ауданының құрметті азаматы»
«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданы Әкімінің 1995 жылғы сәуірдің 27-дегі №4-97 қаулысымен бекітілген
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница