Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау




Скачать 65.74 Kb.
НазваниеЖарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау
Дата конвертации17.11.2012
Размер65.74 Kb.
ТипДокументы
2010 жылғы 14 қазан

№ 279
2010 жылғы 25 қазанда

Нормативтік құқықтық

кесімдерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне

№ 6592 болып енгізілді


Жарияланбаған туындылардың

қолжазбаларын тапсыру, қабылдау

және сақтау ережесін бекіту туралы

«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін.

2. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) жарияланған «Заң газетінде»)) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнің

2010 жылғы 14 қазан

№ 279

бұйрығымен бекiтiлген

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру,

қабылдау және сақтау ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi – Заң) әзірленген, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн реттейдi және белгiлейдi.

2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;

2) авторлық құқық – автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары;

3) жариялау – автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiмен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын мөлшерде көпшiлiкке ұсыну;

4) қолжазба – қолмен жазылған немесе жазу машинкасында, дербес компьютерде қайта жазылған түпнұсқа немесе мәтiннiң көшiрмесi;

5) туынды шығарма – басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды;

6) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.

2-тарау. Қолжазбаларды тапсыру және

қабылдау тәртiбi
3. Сақтауға жарияланбаған туындылардың қолжазбалары қабылданады.

4. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын қабылдауды және сақтауды уәкiлеттi орган осы Ереженің 1-қосымшасының нысанына сәйкес автордың немесе авторлардың өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған шығарма авторының тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсету, сондай-ақ туындыны өңдеуге, аударуға құқығын беру туралы авторларық шарттың көшірмесін ұсыну қажет.

5. Құжаттарды сенiм бiлдiрілген жақ арқылы тапсыру кезiнде:

1) автордың немесе авторлардың нотариаттық куәландырылған сенiмхаты;

2) сенiм бiлдiрілген адам жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

6. Сақтауға ұсынылған құжаттың тiгiлуi, нөмiрленуi және автордың немесе авторлардың қолымен бекiтiлуi қажет.

7. Қолжазбаны тапсырған адамға қолжазбаның тіркелген күні, қолжазба авторының немесе авторларының тегi, аты, әкесiнiң аты, қолжазба атауы және қолжазба беттерінің саны, қолжазбаны қабылдаған адамның тегі және лауазымы көрсетiлген анықтама берiледi.

3-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау
8. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау кезiнде қолжазбаның маңыздылығын бiлдiретiн белгiлерi мен қасиеттерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шаралар қабылданады.

9. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау үшiн уәкiлеттi орган сөрелерi, темiрмен қапталған есiгі, торланған терезесі, күзетi бар және өртке қарсы белгi беру орнатылған арнайы үй-жай жабдықтайды. Осындай үй-жай болмаған кезде арнайы қойма (темiр шкаф) бөлiнедi.

10. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға бiрiншi басшының бұйрығымен тағайындалатын уәкiлеттi органның қызметкерi жауапты болып табылады.

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға арналған үй-жайға кiру оларды сақтауға және есепке алуға жауапты адамның немесе алмастыратын қызметкердің қатысуымен ғана мүмкiн. Олар болмаған жағдайда, үй-жайға тек уәкiлеттi орган басшысының немесе оның орынбасарының қатысуымен және рұқсатымен уәкілетті органның кемінде үш қызметкері болған кезде ғана кiруге болады. Осындай жағдайларда қандай қолжазбалар, неге байланысты үй-жайдан (қоймадан) алып қойылғаны немесе қойылғаны көрсетіліп, екі данада акт жасалады. Актiнiң бiрiншi данасы жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабына тиiстi мәлiметтер енгiзу үшiн сақтауға жауапты адамға, ал екiншiсi қолжазбаны сұратқан адамға беріледі.

11. Жарияланбаған туындылардың қолжазбалары, олардың бірлескен өтiнiші негiзiнде немесе сенімхатты қоса бере отырып авторға және авторларға немесе мұрагерге және мұрагерлерге берiледі.


4-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын

есепке алу
12. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу үшiн уәкiлеттi органда нысан бойынша осы Ереженің 2-қосымшасының нысанына сәйкес кiтап жүргiзiледi, ол жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және тiркеуге жауапты адамда болады. Кiтапты жүргiзу, қатаң есептегi құжаттарды жүргiзу ережесi бойынша жүзеге асырылады.

Кiтаптың әрбiр бетi нөмiрленедi, кiтап тігіледі және мөр басылып, бiрiншi басшының қолымен бекiтiледі.

Сақтауға қабылданған қолжазбалардың электронды деректер базасы қосымша құрылуы мүмкiн.

13. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабына жазба жазу жарияланбаған қолжазбаларды сақтауға және есепке алуға жауапты адам жүргізеді.

14. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты адам есепке алу кiтабына тiркеу кезiнде қабылданатын жазбалардың заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi.

15. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын жазба кiтабына тiркеу хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi, әрбiр қолжазба жеке жазылады, бұл ретте әрбiр қолжазбаға реттiк нөмiр берiледi.

16. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжазбалардың сақталуына өз құзыретi шегiнде жауапкершiлiк алады.

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрi

2010 жылғы 14 қазанда

№ 279

бұйрығымен бекiтiлген

ережеге 1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрлiгi

Зияткерлiк меншiк құқығы

комитетiнiң төрағасына

__________________________________

__________________________________

__________________________________

мекенжайында тұратын

__________________________________

__________________________________

__________________________________

тел._______________________________

__________________________________

(жеке басын куәландыратын құжаттың

деректері)


ӨТIНIШ

Мен (Бiз) _____________________________________________________________________ (автордың (лардың) тегi, аты, әкесiнiң аты)

мен (бiз) _________________________________________________________________ жасаған

(жасалған күнi)

________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________ атаулы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(зияткерлiк меншiк объектiсiнiң түрi) жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды(ымызды) растаймын(мыз) және осы туындының қолжазбасын Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнде сақтауға қабылдауды сұраймын(мыз).

Осы арқылы бұл туындының ешқайда жарияланбағанын растаймын (мыз).


20 __ ж. «____» ___________ ______________________________

(автордың(лардың) қолы)

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрi

2010 жылғы 14 қазанда

№ 279

бұйрығымен бекiтiлген

ережеге 2-қосымша

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабы





Қолжазба-ның тіркелген күні

Қолжазба авторының тегi, аты, әкесiнiң
аты

Қол-жазба бетте-рінің саны

Қолжазбаны қабылдаған (берген) жауапты лауазымды адамның қолы

Қолжазба қайда, ненің негізінде жолданған

Қолжазбаны қабылдаған адамның лауазымы және тегі

Қолжазбаны алған күні мен қолы

Қолжазба-ның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Похожие:

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау iconЖарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Лулар және ғылыми, әдеби және өнер туындыларының басқа да өңдеулері), сондай-ақ жинақтардың (энциклопедиялар, антологиялар, дерекқорлар)...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020»...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon2012 жылдың қазан айындағы партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы брифингтің материалдары Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo»
Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo» бағдарламасын...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмелерінің стандарты Осы стандарт «Нұр Отан»
Осы стандарт «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің (бұдан былай – Қоғамдық қабылдау бөлмелері)...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау iconБекітемін «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне қабылдау комиссиясының төрайымы»
Білім беру ұйымында оқуға қабылдау туралы Үлгілік ережелеріне; «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» рмқК 2012 жылғы...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау iconАлматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшыларының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі
Түркісіб аудандық қазынашылық басқармасының басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері» мемлекеттік мекемелерінің тізімі
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік...
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау iconМектепке дейінгі ұйым мен балалардың заңды өкілдерінің арасындағЫ Үлгі шарт
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау icon«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Лары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница