Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»




НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
страница2/9
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлама

      19. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, ал қайтадан электрондық конкурсты жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей веб-порталдағы электрондық бюллетеньде осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы жариялауға мiндеттi.

Әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру

      20. Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет бiлдiрушiлерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегiн алу мүмкiндiгi берiледi.
      21. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
      22. Электрондық бюллетеньде электрондық конкурс өткiзу туралы хабарланған сәтке дейiн конкурстық құжаттаманы беруге жол берiлмейдi.

Конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру

      23. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру туралы сұрау жiбередi.
      Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
      24. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнi өткенге дейiн жеке бастамасы бойынша немесе веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
      Мұндай жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде он күнтiзбелiк күнге ұзартылады.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң мазмұны
және оларды беру

      25. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында берiледi және электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткiзудi (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
      26. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиiс.
      27. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
      28. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
      29. Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
      30. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм беруге құқылы.
      31. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:
      1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берсе;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түссе.
      Мемлекеттiк орган және мемлекеттiк мекеме өткiзетiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң жарамдылық мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде қырық бес күнтiзбелiк күн, ал акцияларының (үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, заңды тұлға және олармен аффилиирленген заңды тұлға өткiзетiн конкурста кемiнде отыз бес күнтiзбелiк күн болуға тиiс. Жарамдылық мерзiмi конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады.
      32. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес мәлiметтердi қамтитын электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi веб-порталдағы электрондық тiркеу журналында тiркеледi.
      33. Әлеуеттi өнiм берушi өзi енгiзген электрондық конкурсқа қатысуға арналған өз өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта электрондық конкурсқа қатысуға арналған өз өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
      34. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз
ету

      35. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi Заңның 23-бабына сәйкес енгiзедi.
      36. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi банк кепiлдiгi түрiнде енгiзудi қамтамасыз еткен жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
      37. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдендiрiлген ақшалай жарна түрiнде электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз еткен жағдайда, ол кепiлдендiрiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде берiледi.
      38. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуды қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда осы Ереженiң 36-тармағына сәйкес ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етудi алған фактiнi банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналына тiркейдi.
      Ұйымдастырушы банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
      1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмi;
      2) ұйымдастырушының толық атауы;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты-жөнi;
      4) банктiк кепiлдiктi тiркеу күнi мен уақыты.
      Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналы тiгiлуi, парақтарына нөмiрлер қойылуы тиiс және конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама қоюы тиiс. Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналының соңғы парағы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлуi тиiс.
      Бiр қаржы жылы iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша банктiк кепiлдiктердi тiркеудiң бiрiңғай журналын жүргiзуге рұқсат берiледi.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашу

      39. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсеткен өтiнiмдердi берудiң соңғы күнi мен уақыты аяқталғаннан кейiн веб-портал автоматты түрде жүргiзедi.
      40. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм осы Ережеге сәйкес сондай-ақ егер электрондық конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм электрондық конкурсқа (лотқа) берiлген жағдайда ашылады және қарастырылады.
      41. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына электрондық конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және барлық мүшелерi қол қояды және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашу күнiнен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей хатшы веб-порталда жариялайды. Бұл ретте веб-портал олар туралы мәлiметтер осы Ереженiң 32-тармағында көзделген өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге автоматты түрде хабарламалар жiбередi.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi
қарау, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      42. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарайды және электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
      43. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және барлық мүшелерi қол қояды және олар туралы мәлiметтер электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда жiберу туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хатшы оны жариялайды.
      Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға олар болған кезде конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссия мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
      44. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      45. Конкурстық комиссия:
      1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерiн құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуiн қарайды;
      2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
      3) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратады;
      4) электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
      Конкурстық комиссияның сұрауларына және электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған конкурстық комиссияның iс-әрекеттерi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi электрондық конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
      5) бiлiктiлiк және өзге конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды және электрондық конкурсқа қатысушы деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттық рәсiмiне қатыс еместiгi бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.
      46. Конкурстық комиссия мынадай:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң әрекет ету мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      2) конкурстық комиссияға:
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн электрондық конкурстың атауын;
      электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң әрекет ету мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) электрондық конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде электрондық конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп таниды.
      47. Егер заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған):
      1) мынадай:
      мемлекеттiк және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      егер заңды тұлға қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн не мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтымаған жағдайда) не электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен көшiрме бермеу;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған және мөрмен расталған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмiнiң электрондық көшiрмесiн немесе егер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде болған жағдайда бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған және заңды тұлғаның мөрiмен расталған соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылында бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кешiктiрмей берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екендiгi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
      әлеуметтiк өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айтқындалса;
      2) егер оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
      техникалық ерекшелiктi бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
      электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
      қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
      конкурстық құжаттаманың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi бермеу негiздемелерi бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп анықтама;
      3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
      48. Егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      СТН-ның электрондық көшiрмесiн бермеу;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кешiктiрмей берiлген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кешiктiрмей берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екендiгi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
      әлеуметтiк өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
      2) егер оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
      техникалық ерекшелiктi бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
      электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
      қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерге (бiрлесiп орындауға) беруi;
      конкурстық құжаттаманың және осы Ереже талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi бермеу негiздемелер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
      3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, жеке тұлға болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурстың қатысушысы болып танылған) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
      49. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
      2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
      3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын конкурстық комиссия хатшысына бередi.
      50. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
      51. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн конкурстық комиссия хабарламаларды конкурстық комиссия төрағасына және мүшелерiне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды. Конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарастырады.
      52. Конкурстық комиссия Заңның 17-бабының 4-тармағына және осы Ережеге сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әрбiр әлеуеттi өнiм берушiге қолданылатын конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңiлдiктердi анықтайды.
      Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
      Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктердi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiлуi тиiс.
      53. Егер онда электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмнiң мәнiне нұқсан келтiрмей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм конкурстық құжаттама талаптарына жауап бередi деп танылады.
      54. Егер неғұрлым үздiк функционалдық және басқа сипаттамалары бар тауарлар ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жұмыстар үздiк материалдардан жасалса, әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.
      55. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (электрондық конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      56. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарықтағы жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылына нөл бүтiн оннан бес пайызы (0,5%), бiрақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңiлдiк бередi. Жұмыс тәжiрибесi бiр жылға дейiн болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгiленбейдi.
      57. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең төменгi құны бар электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi анықтайды және екi пайыз мөлшерiнде оған шартты жеңiлдiк бередi.
      58. Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушi басқа әлеуеттi өнiм берушiлерге қарағанда тиiстi бейiндегi неғұрлым бiлiктi қызметкерлер ұсынғаны үшiн бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      59. Ұсынылатын тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде отандық тауар өндiрушi үшiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      60. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөнiндегi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      61. Әлеуеттi өнiм берушi жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттамаға сәйкес келуiн қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң пайдаланылу сипаттамаларына кепiлдiк берiлетiн кезеңдi көрсетедi. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылатын кепiлдiктi кезең конкурстық құжаттамада көрсетiлген базалық кезеңнен көп болған жағдайда әрбiр жыл үшiн нөл бүтiн оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi. Бұл ретте осы өлшемнiң жалпы шартты жеңiлдiгi үш пайыздан аспауы тиiс.
      62. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ең үздiк функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi анықтайды және бiр пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      63. Қазақстандық мазмұнның болуын қарау кезiнде конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның әрбiр бiр пайызы үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң шартты бағасын оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
      Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
      Егер тауарлардың әлеуеттi өнiм берушiсi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшiн он пайызға азайтады.
      Жұмыстардың, қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсiнiң қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтердi тiкелей де, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шартын жасасу арқылы да мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндiру өлшемдерiне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгiленген қазақстандық шығу тегi үлесiнiң (үлестерiнiң) құнынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
      64. Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiге он пайыз мөлшерiнде, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiге бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚаулы жобасы әкімдіктің 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №6857 Көшпелi сауданы
Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» icon101 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» қаулысымен...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде
Азақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы 5 наурыз n 330
Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница