Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»




НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
страница3/9
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      65. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурсқа қатысушы) жiберу туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей веб-порталға конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурстық баға ұсынысын беруге тиiс.
      66. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген өнiм берушiге тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледi.
      67. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген баға ұсыныстары туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын электрондық тiркеу журналына автоматты түрде енгiзiледi.
      68. Мынадай жағдайларда:
      1) ол осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түссе;
      2) егер әлеуеттi өнiм берушi осы электрондық конкурс бойынша бұрын баға ұсынысын берсе;
      3) конкурстық баға ұсынысы осы Ереженiң 65-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш түссе, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.
      69. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күнi және уақытта веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргiзедi:
      осы ережеге сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және электрондық конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
      егер демпингтiк бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары электрондық конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi қолдану арқылы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
      электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негiзiнде электрондық конкурс жеңiмпазы және шартты бағасы жеңiмпаздан кейiн неғұрлым артықшылықты өнiм берушi анықталады;
      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде электрондық конкурс мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi көп отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады.
      70. Электрондық конкурс қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және барлық мүшелерi қол қояды және олар туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, оны осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық баға ұсыныстарын ашқан сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде веб-порталда хатшы жариялайды.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң
демпингтiк бағасын анықтау тәртiбi

      71. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және мемлекеттiк сараптаудан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда ол демпингтiк болып танылады.
      72. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiнiң бағасы электрондық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.

Электрондық конкурсты өтпей қалды деп тануға
негiздемелер

      73. Электрондық конкурс мынадай жағдайларда:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер болмағанда;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға екiден кем өтiнiм берiлгенде;
      3) электрондық конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
      4) электрондық конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
      5) электрондық конкурсқа қатысушының бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
      6) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, электрондық конкурс өтпедi деп танылады.

4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге
асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және
өткiзу

Баға ұсыныстарына электрондық сұрау салуды өткiзу туралы
хабарлау

      74. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей веб-порталындағы электрондық бюллетеньде осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.

Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беруi

      75. Әрбiр әлеуеттi өнiм берушi мынадай мәлiметтердi мазмұнға тиiс тек бiр баға ұсынысын ғана бередi:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы, БСН, заңды және iс жүзiндегi мекен-жайы (заңды тұлға үшiн), тегi, аты, әкесiнiң аты, ЖСН, тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);
      2) СТН (2010 жылғы 13 тамызға дейiн толтырылады);
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң банктiк деректемелерi;
      4) тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы;
      5) тауардың (жұмыстардың, қызметтiң) сипаттамасы;
      6) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) саны (көлемi);
      7) тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн орын;
      8) тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн мерзiм;
      9) оған енгiзiлген шығыстар туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiр бiрлiгiнiң бағасы;
      10) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жалпы бағасы.
      76. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттары ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы шарттарға қайшы келмеуге тиiс.
      77. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар қамтылуы тиiс.
      78. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.
      79. Баға ұсыныстарын берген өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
      80. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынған баға ұсыныстары туралы мәлiметтер баға ұсыныстарын тiркейтiн электрондық журналға автоматты түрде енгiзiледi.
      81. Әлеуеттi өнiм берушiлер баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн берiлген баға ұсыныстарын қайтарып алуға және оларға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      82. Мынадай жағдайларда:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болса;
      2) әлеуеттi өнiм берушi бiр лотқа бiр баға ұсынысынан артық ұсынған болса, веб-портал әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын автоматты түрде қабылдамайды.
      83. Егер баға ұсыныстарын беру мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм
берушiлердiң ұсынған баға ұсыныстары екеуден кем болса, ұйымдастырушы
баға ұсыныстарын беру мерзiмiн бес жұмыс күнiне ұзартады.

Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына
сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алу қорытындыларын шығару

      84. Ұйымдастырушы веб-портал арқылы әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары салынған конверттердi ашуды және қарауды баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
      85. Егер әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келiспеген не елеулi түрде өзгертудi және (немесе) толықтыруды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын веб-портал арқылы қабылдамайды.
      86. Егер ұйымдастырушы ашуды осы Ережесiнiң 84-тармағында белгiленген мерзiмде жүргiзбеген жағдайда, Оператор веб-портал арқылы ұйымдастырушыны хабардар етедi.
      87. Ең төменгi баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушi баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы болып танылады.
      88. Егер ең төменгi баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз болып танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-портал автоматты түрде жүргiзедi.
      89. Егер баға ұсыныстары осы Ереженiң 82 және 85-тармақтарында көзделген негiздерде қабылданбағанынан кейiн екеуден кем әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары қалса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпеген болып танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      90. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бекiтiлуi және оларды ұйымдастырушының өкiлi веб-порталда жариялауы тиiс.
      91. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын бекiту туралы шешiмде мынадай:
      1) тапсырыс берушiнiң және ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
      2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      3) баға ұсыныстарын берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн баға ұсыныстарын берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң толық атауы, тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге олар мәлiмдеген баға;
      4) қабылдамау себептерiн негiздей отырып, қабылданбаған баға ұсыныстары туралы;
      5) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең төменгi баға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      92. Егер әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушiге табыс етпесе, тапсырыс берушi:
      1) дәл сондай баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiмен, ал мұндай әлеуеттi өнiм берушi болмаған кезде - мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi ұсынған бағадан кейiн ең төмен баға ұсынған әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

5. Бiр көзден алу тәртiбiмен электрондық мемлекеттiк
сатып алуды өткiзу

      93. Заңмен анықталған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу туралы шақыру жiбередi, сондай-ақ шақыруды электрондық құжат түрiнде веб-порталда орналастырады.
      94. Тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi электрондық құжатты веб-порталға жiберу арқылы сұралған ақпаратты ұйымдастырушыға ұсынады.
      95. Ұйымдастырушы сұралған ақпаратты әлеуеттi өнiм берушi ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады.

6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасасу

      96. Электрондық конкурстың жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшiрмелерiн және электрондық конкурста қатысуға өтiнiмге қол қою құқығын беретiн сенiмхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
      97. Осы Ереженiң 96-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған не оларда олардың электрондық көшiрмелерiмен сәйкессiздiктер анықталған жағдайда Заңның 10 және 38-баптарында көзделген iс-қимылдарды орындау қажет.
      98. Тапсырыс берушi қол қоюға және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi тағайындалмаған жағдайды қоспағанда тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр бетiне қол қоюы тиiс «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген үлгi шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын тапсырыс берушi өнiм берушiге жiбередi.
      99. Өнiм берушi тиiстi қаржы жылына арналған төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерде тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуi тиiс.
      100. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      101. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мөлшерiн ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
      102. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
      103. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
      104. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      105. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
      106. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шартты орындау

      107. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелiгi, құны, оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.
      108. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледi.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚаулы жобасы әкімдіктің 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №6857 Көшпелi сауданы
Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» icon101 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» қаулысымен...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде
Азақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы 5 наурыз n 330
Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница