Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»




НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
страница5/9
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға
өтiнiмдердi ашуы

      19. (Өтiнiмдердi ашатын күнi мен уақыты көрсетiледi) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашуды веб-портал автоматты түрде жүргiзедi. Егер электрондық конкурсқа (лотқа) электрондық конкурсқа қатысуға арналған бiр ғана өтiнiм ұсынылған жағдайда, онда электрондық конкурсқа қатысуға бұл өтiнiм де ашылады.
      20. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашудың хаттамасына конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және оны хатшы ашылған күнiнен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей веб-порталда жариялайды. Бұл ретте, веб-портал өтiнiмдердiң электрондық журналына олар туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге автоматты түрдегi хабарламаларды таратады.

5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға
өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық конкурсқа қатысуға
жiберу

      21. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      22. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерге байланысты материалдар мен түсiндiрулердi сұратуға;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.
      Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, КҚ талаптарына жауап бередi деп қарайды.
      23. Конкурстық комиссия мынадай:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиiстi түрде ресiмделмеген күйде ұсынған;
      2) оның сәйкестiгiн растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк фактiсi анықталған;
      3) бiлiктiлiк талаптары жөнiнде жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бiр процентiнен астам мөлшерде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес келедi деп таниды.
      24. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
      қатысу үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған электрондық конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету пайдасына енгiзiлiп отырған тұлғаны анықтауына мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) конкурстық өтiнiмдi қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзiлсе.
      Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге енгiзiлген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн қамтамасыз етудi өзге негiздер бойынша тануға жол берiлмейдi.
      25. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) электрондық конкурсқа қатысуға арналған оның өтiнiмi КҚ талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, оның iшiнде, егер ол конкурстық құжаттаманың және Ереженiң талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұсынбаса, электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      Егер әлеуеттi өнiм берушi осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздемелер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмесе, онда:
      электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн кейiнге қалдыру негiздемесi көрсетiледi;
      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
      26. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған өлшемдердi ескередi және оларды электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
      Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiлуi тиiс.
      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықта болған жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылы үшiн нөл бүтiн оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерiнде, бiрақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңiлдiк бередi. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгiленбейдi.
      Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар электрондық конкурсқа өтiнiмдi айқындайды және оған екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң басқа әлеуеттi өнiм берушiлерге қарағанда тиiстi бейiнi неғұрлым бiлiктi қызметкерлердi бергенi үшiн бес процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндiрушi үшiн ұсынылған тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екi процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Әлеуеттi өнiм берушi жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердiң КҚ сәйкестiгiн қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң пайдалану сипаттамаларына кепiлдiк берiлетiн кезеңдi көрсетедi. Конкурстық комиссия, егер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылатын кепiлдiк кезеңi КҚ көрсетiлген базалықтан артық болған жағдайда, әрбiр жыл үшiн нөл бүтiн оннан бес процент (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi. Бұл ретте осы өлшемнiң жалпы шартты жеңiлдiгi үш проценттен аспауға тиiс.
      Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ең үздiк функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi айқындайды және бiр процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендiгiн қараған кезде қазақстандық мазмұнның әрбiр он процентi үшiн бiр процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      Тауарларды әлеуеттi өнiм берушiнiң қазақстандық мазмұны мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуеттi өнiм берушiлердiң осы тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауы үшiн сатып алатын отандық тауар өндiрушiлердiң тауарлары құнының проценттiк мазмұны ретiнде анықталады.
      Егер әлеуеттi өнiм берушi сатып алынатын тауарлардың отандық тауар өндiрушiлерi болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның болғаны үшiн осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң бағасын он процентке шартты азайтады.
      Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiлерге шартты түрде он процент мөлшерiнде, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық әлеуеттi өнiм берушiсiне бес процент мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
      27. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;
      2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да көзделген шартты жеңiлдiктердiң мөлшерлерiн анықтайды;
      3) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi және конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын (бұдан әрi - КБҰ) беру күнiн, уақытын, орнын белгiлейдi.
      28. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң барлығына автоматты түрдегi хабарламалар тарата отырып, веб-порталда жариялайды. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiмi Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.

6. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм
берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын ресiмдеуi

      29. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер (электрондық конкурсқа қатысушылар) КБҰ веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес бередi.
      30. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң КБҰ теңгемен берiлуге тиiс.
      31. Ұлттық валютада берiлмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - КБҰ берiлген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейдi.
      32. КБҰ берген өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны жiбергеннен кейiн КБҰ қабылданған болып есептеледi.
      33. Веб-портал мынадай:
      1) конкурс қатысушысы бiр және тағы сол конкурсқа (лотқа) бiреуден артық КБҰ берген;
      2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлiнген сомадан асып кеткен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде бас тартады.
      34. Әлеуеттi өнiм берушi КБҰ-н ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi бiткенге дейiн КБҰ-н веб-порталды пайдалана отырып, кез келген уақытта өзгертуi немесе қайтарып алуға құқылы.

7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа
қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы
мен салыстыруы және конкурс жеңiмпазын анықтау

      35. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген КБҰ туралы мәлiметтер автоматты түрде КБҰ-дың электрондық журналына енгiзiледi.
      36. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi, веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi:
      Ережеге сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылған КБҰ қабылданбайды;
      егер бағасы демпингтiк болған КБҰ қабылданбағанынан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындалады;
      электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негiзiнде электрондық конкурстың жеңiмпазы анықталады;
      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң КБҰ-ның шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәнi болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында көбiрек тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады.
      37. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелерi қол қояды және оны хатшы КБҰ ашылған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiкпейтiн мерзiмде, олар туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.

8. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз
етудi қайтару

      38. Ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) электрондық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және электрондық конкурс жеңiмпазы КҚ-да көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарады.
      39. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
      1) әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;
      2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң КБҰ-н белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алған;
      3) электрондық конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      4) электрондық конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚаулы жобасы әкімдіктің 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №6857 Көшпелi сауданы
Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» icon101 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi №407 «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» қаулысымен...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде
Азақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы 5 наурыз n 330
Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница