Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы




Скачать 483.45 Kb.
НазваниеӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
страница1/4
Дата конвертации17.11.2012
Размер483.45 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының

Заңы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостары, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2001 жылғы 24 шілдедегі № 173-174 «Казахстанская правда»; 2001 жылғы 1 тамыздағы № 35 «Юридическая газета»):

  1. 1-баптың 1) және 49)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) авторлық қадағалау – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасында көзделген авторлық құқықтарды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын құрылыс жобасының (аумаққа құрылыс салу жобасының) әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру жөніндегі сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысы авторының құқықтылығы;

құрылыс жобалары (жобалау-сметалық құжаттамалары) авторларының (әзірлеушілерінің) құрылыс және аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау барысында жұмыстар мен шығындар көлемін, бекітілген жобалық шешімдерді мердігерлік құрылыс ұйымдарының сақтауына бақылауды қамтамасыз ету бойынша міндеті;

Құрылыс барысына авторлық қадағалау осы Заңның 34-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;

«49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл орайда түсi жөнiндегi шешiм мен үйлердiң (ғимараттардың) ішкі үй-жайларын әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi»

  1. 17-баптың 1-тармағы:

мынадай мазмұндағы 11-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібін бұзу, сондай-ақ оны жүргізуден жалтару;»;

мынадай мазмұндағы 11-2)-тармақшамен толықтырылсын:

«11-2) қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсынбау немесе тиiсiнше ұсынбау;»;

мынадай мазмұндағы 11-3)-тармақшамен толықтырылсын:

«11-3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізбеу немесе тиiсiнше жүргізбеу;»;

3) 19-баптың 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және мәліметтерін берудің бірыңғай тәртібін айқындайды;»;

4) 20-бапта:

1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;»;

мынадай мазмұндағы 6-2)-тармақшамен толықтырылсын:

«6-2) авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидасын әзірлеу және бекіту;»;

13)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) барлық аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру мен жұмыс істеуі, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»;

мынадай мазмұндағы 13-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;»;

14)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері субъектілерінің қызметін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 15-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) жобалау алдындағы және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорында тіркеу тәртібін әзірлеу мен бекіту;»;

  1. 24-баптың 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсыну;»;

  1. 25-баптың:

1-тармағы 16)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»;

2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»;

3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпарат ұсыну;»;

  1. 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін белгіленген тәртіпте ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсыну;»;

  1. 27-бапта:

  1. 1-тармақтың 1)-тармақшасындағы екінші абзацта «тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, » деген сөздер алып тасталсын;

  2. 1-тармақтың 2)-тармақшасындағы екінші абзацта «базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, » деген сөздер алып тасталсын;

  1. 31-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:

«7) осы заңмен және жобалау мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен көзделген жағдайда, жоба әзірлеушілері (авторлары) болмаса тиісті инжинирингтік қызметтерді жеткізушілер жүзеге асыратын авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу.»;

  1. 37-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай аумақтық деңгейлер бойынша:

1) республикалық;

2) облыстық;

3) аудандық (облыстар ауданы)

4) базалық (елді мекендер, республикалық маңызы бар қала және астананы қосқанда) болып бөлінедi.»;

  1. 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйеде жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қала құрылысы кадастрының мемлекеттiк тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басқаруындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.

4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорынан мәліметтерді жүргізу және ұсыну тәртібін белгілейді.

6. Жоғары тұрған деңгейдегі мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi төмен тұрған деңгейлердегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады»;

12) 39-бап алып тасталсын:

13) 60-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацымен толықтырылсын:

«Әзiрлеу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде жобалау-смета құжаттамасы бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

Әзiрлеу және сараптама жүргізу аяқталғаннан кейiнгi үш және одан да көп жыл iшiнде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескiрген деп саналады және жаңа сараптама өткізiлiп, заңдарда белгiленген тәртiппен қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.»;

  1. 64-баптың:

4-тармағы 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелеріне және:

1) бюджеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңда белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншiк үлесi көзделетiн объектілердің;

4-тармақтың 2)-тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қаржыландыру көздеріне қарамастан ықтимал қауiптi және (немесе) техникалық жағынан күрделi құрылыс объектiлерінің.».

2. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (2011 жылғы 10 наурыздағы № 86-87 (26507-26508) «Казахстанская правда»; 2011 жылғы 10 наурыздағы № 72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482) «Егемен Қазақстан» газеті):

134-баптың 2-тармағының 8)-тармақшасындағы «мемлекеттік жер кадастрының» деген сөздер «мемлекеттік жер және қала құрылысы кадастрының» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостары, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжат; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 г., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжат; № 13, 85, 86-құжат; № 15, 92, 95-құжат; № 16, 98, 102-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжат; № 3, 20, 23-құжат; № 4, 28, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат; № 18, 143-құжат, 144; № 19, 146-құжат, 147; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжат; № 13-14, 54, 57, 58-құжат; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжат; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжат; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжат; № 17, 79, 80, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжат; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжат; № 24, 146, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжат; № 2, 19, 25, 26, 28-құжат; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжат; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):

1) мынадай мазмұндағы 232-1-баппен толықтырылсын:

«232-1-бап. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бұзу

  1. Авторлық қадағалауды тиісінше жүргізбеу, нақ сол сияқты оны жүргізуден жалтару -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге , шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) мынадай мазмұндағы 232-2-баппен толықтырылсын:

«232-2-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібін бұзу

  1. Қала құрылысы кадастрының деректер қорын толтыру үшін ақпаратты және/немесе мәліметтерді ұсынбау немесе тиiсiнше ұсынбау -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бастап айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын тиісінше жүргізбеу -

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

  1. 568-бапта:

бірінші бөлігі «230-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген» деген сөздерден кейін «232-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

бірінші бөлігі «231-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген» деген сөздерден кейін «232-2» деген цифрлармен толықтырылсын

  1. 636-бабы бірінші бөлігі 1)-тармақшасының жиырма үшінші абзацы:

«сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау (231-бап (екінші бөлігі)» деген сөздер мен цифрлардан кейін «232-1» деген цифрлармен толықтырылсын.

«сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау (232-бап (екінші бөлігі)» деген сөздер мен цифрлардан кейін «232-2» деген цифрлармен толықтырылсын.

2-бап. Осы заң бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



р/с №

Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 12 қарашадағы № 52-23.8 отырысының хаттамасы

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау оң әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар әкеледі:

Жобалау алдындағы құжаттаманың, құрылыстың сапасын арттыру, жобадан ауытқуды азайту және бұндай ауытқулардан болатын теріс әлеуметтік-экономикалық салдардың алдын алу немесе болдырмау;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен 14 754 579,00 мың теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындарды талап етеді:

2013 жылы – 4 313 734,6 мың теңге;

2014 жылы – 5 570 246,8 мың теңге;

2015 жылы – 4 870 597,5 мың теңге.

5.

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ


7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Осы заң жобасын іске асыру басқа заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді талап етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Ғылыми экономикалық сараптаманың 23.09.2011 жылғы қорытындысы

Ғылыми құқықтық сараптаманың 12.12.2011 жылғы қорытындысы


9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің ұтқыр құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) беру

Рұқсат етіледі
  1   2   3   4

Похожие:

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы iconБаспасөз-релизі «Кейбір заңнамалық актілерге концессия мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылды
Жылдың 22 сәуірінде «Кейбір заңнамалық актілерге концессия мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы icon«Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
«Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы icon№1 2011 жылғы 15 ақпан Жетекші – вице-министр, жұмысшы тобының жетекшісі Сарыбеков Махметқали Нұрғалиұлы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы iconҚазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница