«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Скачать 139.25 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
Дата конвертации17.11.2012
Размер139.25 Kb.
ТипДокументы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

р/с

Нормативтік құқықтық актінің құрылымы

Заңның қолданыстағы редакциясы

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексіне»

99-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы

жоқ

99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:

16) алғашқы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасында қолданылатын және өндірісті кеңейтуге бағытталған патенттелген өнертабыстарды өндіріске ендіру есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.

Бұл норма өнертапқыштарды салық жеңілдіктерін ұсыну арқылы ынталандыру үшін енгізіліп отыр.

455-баптың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы

 455-бап. Салық салу объектісі

      Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

      1) мыналарды:

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

      дара кәсіпкерлерді;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

      радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

      көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

455-бап. Салық салу объектісі

      Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

      1) мыналарды:

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

      дара кәсіпкерлерді;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

      радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

      көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      туындыларға құқықтарды тіркегені үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

      мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

Бұл түзету туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін алым алу нормасын алып тастауға және авторлық құқық жөніндегі заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

456-бап кестесінің 2-бағанында 8-жолы

456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

Туындыларға құқықтарды, мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

Бұл түзету туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін алым алу нормасын алып тастауға және авторлық құқық жөніндегі заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

456-бап кестесінің 2-бағанында 8.1-жолы

456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды тіркегені үшін

456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

туындыларға құқықтарды тіркегені үшін

Бұл түзету авторлық құқық жөніндегі заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

456-бап кестесінің 2-бағанында 8.2, 8.2.1, 8.2.2-жолдары

456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін:

жеке тұлғалардан

заңды тұлғалардан

Алынып тасталсын

Бұл түзету туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін алым алу нормасын алып тастауға бағытталған.

457-бап

457-бап. Алымдарды төлеуден босату

      Алымдарды төлеуден мыналар:

5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

     кәмелетке толмағандар босатылады.

457-бап. Алымдарды төлеуден босату

      Алымдарды төлеуден мыналар:

5) туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

кәмелетке толмағандар босатылады.

Бұл түзету туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін алым алу нормасын алып тастауға және авторлық құқық жөніндегі заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңына

21-баптың 7) тармақшасы

7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн беру;

алып тасталсын

Пайдаланушының мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен жасаған шартын тіркеу міндетін алып тастауға қатысты «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға енгізіліп жатқан түзетулерге сәйкестендіру мақсатында.

21-баптың 15) тармақшасы

жоқ

15) Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдері мемлекеттік тізілімін жүргізу мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Аталған заңның ережелерін Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен сәйкестендіру мақсатында

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

44-баптың 3-тармағы

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi

3. Лицензиялық шарт жасасқан пайдаланушылар уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға және тиiстi үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.

алынып тасталсын

Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Сәйкесінше пайдаланушы мен мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаратын ұйымдар арасында жасалған лицензиялық шарт өкілетті органда тіркелмегеніне дейін заңды күшіне енбейді. Азаматтардың шарт жасасу еркіндігін ескере отырып, пайдаланушылардың осындай шарттарды тіркеу міндетін алып тастау қажет деп санаймыз.

46-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері
      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:

      1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;

2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері
      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:

      1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;

2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы. Өзінің нақты шығынын өтеудің шекті пайызы жиырма бес пайыздан аспауы тиіс;

Әділет органдары және прокуратура органдары жүргізген тексеру барысында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар жиналған сыйақының үлкен бөлігін өздерінің шығындарына (еңбек ақысы, офисті жалға алу, іссапар шығындары және т.б.) жұмсайтыны анықталды.Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар тарапынан теріс пайдалануды жою мақсатында нақты шығынды өтеудің шекті пайызын нақтылау ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының Патент заңы»

Қазақстан Республикасының Заңы

1-баптың 13) және 14) тармақшалары:

жоқ

13) дәстүрлі білімдер – түрлі саладағы адамзат әрекеттерінде қолданылатын, ұрпақтан ұрпаққа белгілі бір тәртіпте және мағынада берілген, генетикалық ресурстарсен қоса алғандағы түрлі тектегі әдістер мен тәсілдер. Олар нақты техника саласымен шектелмейді және ауыл шаруашылық, экологиялық, медициналық білімдер және генетикалық ресурстармен байланысты білімдер болуы мүмкін;»;

14) Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдері мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасының қазақ халқының ғасырлар бойғы пайдаланған және жинақтаған дәстүрлі білімдерінің тізімі (тізбесі).

Берілген толықтырулар бапты дәстүрлі білімдерге жататын негізгі териндермен толықтыру мақсаитында енгізіліп отыр.

4-1 бабының 2-тармағының 3) тармақшасы:

4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы

2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:

3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;

4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы

2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:

3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң және Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдерінің мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;

Берілген толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдерінің тізілімін жүргізетін және олар жөніндегі ақпарларды жариялайтын ұйымды белгілеу үшін қажет.

5-баптың тақырыбы:

5-бап.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау

5-бап.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн және дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғау

Берілген толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасының тарихи мәдени мұрасы болып табылатын дәстүрлі білімдерін құқықтық қорғау мен Қазақстан Республикасына тәуелдеу үшін қажет.

5-бапты 7) тармақшасы:

жоқ

5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау

7. Дәстүрлі білімдерге құқық Қазақстан Республикасына тиесілі.

15

9-бап:

9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы

1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi.

Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды.

3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады.

4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқығы бар.

5. Автордың өзi жасаған өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің қорғау құжатының қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иесiнен сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлемiнiң мөлшерi мен шарты патент иеленушi мен автор арасында жасалған шартта белгiленедi.

Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң өнертабысты, пайдалы модельді және өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшiн алатын таза табысының бес процентiнен кем болмауға тиiс.

Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен кейiн алты ай iшiнде төленедi.

Аталған норма сыйақы соммасының минималды мөлшерін оранату арқылы ғалымдар мен өнертапқыштардың еңбек тиімділігін көтеру мақсатында енгізіліп отыр.

16

7-1 Тарауымен:

жоқ

7-1-тарау. Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдері

34-1-бап. Дәстүрлі білімдер

Қазақстан Республикасында дәстүрлі білімдерге жататын объектілер патенттелуге жатпайды.

Дәстүрлі білімдер негізінде жасалған объектілерді патенттеуде өтінім материалдарында прототип немесе аналог есебінде пайдаланылған дәстүрлі білімдерден айырмашылығын міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауды заңды түрде бекіту үшін және осы салада мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган халықтың игілігіне айналған Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдерінің тізілімін жүргізеді.

Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың өтінішіне байланысты жүргізіледі. Дәстүрлі білімдерді тіркеу мерзімсіз әрекет етеді.

Дәстүрлі білімдердің тізімін жүргізу тәртібі уәкілетті органмен жасалады.

Қазақ халқының ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлеріне байланысты қалыптасқан дәстүрлі білімдерін қорғауды заңнамамен бекіту сонымен қатар халық игілігіне айналған дәстүрлі білімдер саласында мемлекеттік саясатты белгілеу үшін. Сонымен қатар уәкілетті органды белгілеу үшін.

Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница