Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша




Скачать 74.68 Kb.
НазваниеҚұқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша
Дата конвертации17.11.2012
Размер74.68 Kb.
ТипДокументы
«Б Е К І Т Е М І Н»

Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша

ОӘС Төрағасы

«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫ

ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


Астана 2010 жыл

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік секциясы туралы ереже


  1. Жалпы ережелер


1.1. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік секциясы туралы ереже (әрі қарай – ОӘС) ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес және жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ережесі негізінде өңделді.

1.2. «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ОӘС ҚР Білім және ғылым министрлігімен (әрі қарай – ҚР БҒМ) құрылған және «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім негізінде білім беру бағдармаларын оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша басқаруда коллегиялық нысан болып табылады.

1.3. ОӘС өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің білім беру қызметін реттейтін қаулыларын, сондай-ақ, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

1.4. ОӘС қызметі ҚР БҒМ-мен, ғылым мен техника және инновациялық бағдарламаларды, білім беру аясында ұлттық басымдылық бағыттарды жүзеге асыруда ҚР БҒМ-нің оқу-әдістемелік секцияларымен тығыз ара қатынаста болады.

    1. 1.5. ОӘС қызметі мақсатты, педагогикалық негізделген, білім беру субъектілерімен жүйелі қарым қатынаста оқыту мақсаттары, тұлғаны тәрбиелеу мен өсіру мәселелерін жетілдіруге бағытталған.

    2. 1.6. ОӘС қызметінің қағидалары ЖОО мен оның құрамына кіретін мүшелері арасында теңдігі, коллегия басшылығы мен қызметінің ашықтығына негізделген ОӘС шешімдері ұсыныс сипатында болады және ЖОО басшылығының, ОӘС мүшелерінің бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

    3. 1.7. ОӘС құрамына Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыратын жоғарғы оқу мекемелерінің төрағалары кіреді.

    4. 1.8. ОӘС құрамы:

  • ведомстволық ЖОО-ның басшыларының құрамынан секция төрағасынан және оның орынбасарларынан;

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мүшелерінен, әртүрлі білім саласының мамандарынан ЖОО-ның педагогикалық қызметкерлерінен, алдыңғы қатардағы ғалымдардан, ЖОО-ның кафедра, факультет, басшылық құрамының ішінен алынған секция мүшелерінен тұрады. ОӘС-тің персоналдық құрамы ОӘС Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.


  1. ОӘС-тің негізгі функциялары




    1. 2.1. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғарғы оқу мекемелерінің оқу және ғылыми әдістемелік қызметін ұйымдастыру мен координациялау.

    2. 2.2. Түлектерді сапалы дайындауды бағалау бойынша әдістемелік құжаттарды дайындау.

    3. 2.3. «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша түлектерді дайындау профиліне квалификациялық талаптарды дайындау. Құқық қорғау органының сұранысы бойынша мамандықтар тізіміне ұсыныстар дайындау.

    4. 2.4. Мамандарды дайындау деңгейін талдау және жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімде жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттардың құрамын жүйелендіру бойынша ұсыныстар негізінде дайындау.

    5. 2.5. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жүйелендіру мен жаңа ұсыныстарды дайындау.

    6. 2.6. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімде мамандық бойынша пәндердің типтік бағдарламаларын дайындау.

    7. 2.7. Оқу-интеграцялық білім беру бағдарламаларын білім беру мазмұны мен деңгейін башылыққа ала отырып дайындауға қатысу.

    8. 2.8. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімде мамандықтарды оқулықтар мен оқу-құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг өткізу.

    9. 2.9. ОӘС құрамына кіретін ЖОО-ның оқытушылық-профессорлық құрамымен дайындалған оқулықтар мен оқу-құралдарының жазбаларына ғылыми әдістемелік сараптама мен рецензиялауды өткізу.

    10. 2.10. Аудиовизуалды құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін құрастыруда авторлық ұжымды, оқу әдебиеттерін шығару мен болжам жоспарларды құрастыруды ұйымдастыру.

    11. 2.11. Жоғары оқу мекемелерінің оқу процесіндегі инновациялық техногияларды енгізу тәжірибесін зерттеу мен оларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.

    12. 2.12. ОӘС-не мүше ЖОО-да оқу процесінде қолданылатын алдыңғы тәжірибелерді жалпылау және оқу әдістемелік конференциялар, семинарлар, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімінде пайда болған мәселелер бойынша жиналыстар өткізу.

    13. 2.13. ОӘС-тің сырттағы отырыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ оқу әдістемелік мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізу.

    14. 2.14. Профессорлық-оқытушылық құрамын қайта дайындау мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын құрастыру мен білім беру жүйесін әдістемелік басшылыққа алу.

    15. 2.15. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары оқу мекемелерінде мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту бағдарламаларын орындалуына жағдайлар жасау.

    16. 2.16. Тыңдаушылардың (студенттердің) олимпиядалар мен сайыстар өткізу «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тыңдаушылардың (студенттердің) ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша ЖОО арасында жыл сайынғы сайыстар өткізу мен ұйымдастыру.

    17. 2.17. Білім алушылардың білімдерінің сапасын бақылау мен оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру сапасына баға беру мақсатында аралық аттестация, аралық мемлекеттік бақылау қорытындыларының нәтижелерін бағалау мен талдау, сондай-ақ солардың негізінде білім беру процесін жүйелендіру мен кемшіліктерін жою бойынша ұсыныстарды жасау.

    18. 2.18. ОӘС-ке мүше ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарын қарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша пәннің сәйкестігін қарастыру және олардың оқулық және оқу құралы ретінде басылымға жолдауда грифін беру.

    19. 2.19. Ведомстволық білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау мен зерттеу (электрондық журнал, электрондық оқу басылымдары, электрондық кітапхана, электрондық оқулық).

    20. 2.20. Тәжірибемен оқытуды күшейту бойынша ұсыныстар дайындау.

    21. 2.21. Білім алушылардың кәсіби тәжірибесінің өткізілу сапасы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу. Тәжірибенің базасы болып табылатын сәйкес құқық қорғау органдарымен тәжірибені өткізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу сұрақтары бойынша өзара арақатынас.

    22. 2.22. Ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен сапасын арттыруға байланысты халықаралық ұйымдармен бірлесіп қызмет етуге байланысты негізгі бағыттарын жүргізу. «Құқық қорғау қызметі» мамандығының ерекшеліктеріне қарай бірлестіктің нысанын анықтау, сонымен бірге, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен, докторанттармен, магистранттармен, тыңдаушылармен (студенттермен) алмасуға байланысты халықаралық бағдарламалар бойынша бірлестік туралы келісім шартқа отыру.



  1. ОӘС-ның құқықтары мен міндеттері


3.1. ОӘС құқылы:

- мемлекеттік аттестация мен аккредитацияда, лицензияның мазмұнында көрсетілген саралаушы талаптарына сәйкестігіне байланысты ведомстволық ЖОО-н тексеру кезінде комиссиясының жұмысына қатысуға;

- білім беру саласында басқару құжаттары мен білім беруді басқаратын органдардың нормативтік-құқықтық актілерін өз уақытында алуға;

- ОӘС-тің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ЖОО-нан ақпараттық немесе өзге де материалдарды сұрату немесе алуға;

- білім беруді жетілдіру мен дамытуға арналған жиналыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысуға;

- ведомстволық білім берудің жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, сайттарда ОӘС-нің аналитикалық, анықтамалық және басқа да мәліметтерін баспаға енгізуге;

- білім беру мен тәрбилеу, ведомстволық білім беру бойынша анықтамалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығаруға;

- ҚР БҒМ-не бекітілген тәртіпке сәйкес, ОӘС-ның құзыретіне сәйкес сұрақтар бойынша ұсыныстарды дайындау үшін жұмыс топтарын құруға;

- ҚР БҒМ-нің жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

- жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ЖОО-да оқу-әдістемелік жұмысының жағдайын қадағалауды жүзеге асыруға;

- оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізуге, конференцияларға,семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысуға.
3.2. ОӘС міндетті:

- Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де құқықтық актілеріне сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыруға;

- ҚР БҒМ-не атқарылған жұмысы туралы жыл сайынғы есебін жолдауға;

- ведомстволық білім беру мен оқытуды жетілдіру мен дамытуға байланысты қабылданған шешімдер туралы оқу мекемелерін өз уақытында хабарландырып отыруға.


  1. ОӘС-тің жұмыс тәртібі


4.1. ОӘС-тің отырысы екі айда бір реттен кем өткізілмейді. ОӘС Төрағасының атқарылған жұмыстары туралы есебі ОӘС-тің отырысында жылына бір реттен кем қаралмайды.

4.2. ОӘС-тің отырысын ОӘС-тің Төрағасы жүргізеді, ал ол жоқ болған кезде ОӘС-тің төрағасының орынбасары өткізеді.

4.3. ОӘС-тің шешімдері отырысқа қатысушылардың 2/3 басым бөлігінің ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол ұсыныстар сипатында болады.

4.4. Дауыстар саны тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

4.5. ОӘС-тің отырыстары мен онда қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді. ОӘС отырысының хаттамасы төрағалық етушімен қол қойылады.

4.6. ОӘС-тің мүшелері ерекше жағдайларда ОӘС отырысы хаттамасына қосымша ретінде өз ойларын жазбаша түрде беруге, яғни ерекше көзқарастарға құқығы бар.

4.7. Қаржы полициясы академиясының лауазымды тұлғасы болып табылатын ОӘС хатшысы ОӘС отырыстарын өткізуге дайындық жүргізумен қатар ОӘС шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

4.8. ОӘС Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен құрылады немесе жойылады.

4.9. ОӘС-тың жұмысы ОӘС отырысымен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

4.10. ОӘС өзінің қызметін мүшелердің теңқұқық және қабылданған шешімдердің ашықтығы сияқты қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

4.11. Ағымдық ұйымдастырушылық жұмыстар, құжаттау мен іс жүргізу ОӘС-тің хатшысымен жүзеге асырылады.

4.12. ОӘС өзінің қызметін бекітілген нормалардың шеңберінде ҚР БҒМ басшылығымен, ЖОО басшыларымен, ЖОО құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүзеге асырады.

Похожие:

Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconЗаңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconЗакон о служб правоохр органов п каулы Қазақстан Республикасының Заңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconӘлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті «бекітемін» ОӘЖ бойынша проректор
«Қылмыстық құқық (ерекше бөлім)» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconРәсімдеу мысалы ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясы құқық тану факультет
Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus) «ҚР мемлекет және құқық тарихы» бммс негізінде Құқық тану 5В030100 мамандығы бойынша, типтік оқу...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconӘлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті «бекітемін» ОӘЖ бойынша проректор
«Адвокатура» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы бойынша бммс...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconӘлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті «бекітемін» ОӘЖ бойынша проректор
«Сот экспертологиясы» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconӘлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті «бекітемін» ОӘЖ бойынша проректор
«Сот дәлелдемелерінің теориясы» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша icon«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы»
Арулы Күштерінде, басқа да әскерлері және әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру ережесіне, «Қазақстан Республикасы құқық қорғау...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconӘлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті «бекітемін» ОӘЖ бойынша проректор
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және...
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша iconҚұқық қорғау органдары пәнінен 300 тест тапсырмалары
Адвокаттың сезіктіні, айыпталушы мен сотталушыны қорғау үшін сот-тергеу органдалының талабы бойынша тағайыңдауды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница