Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница10/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

3 .ХІІІ-ХҮ ғасырларда өмірге келген түрік тектес тайпалардың он сан ноғайлы кезеңінің музыкалық мөдениеті халқымыздың рухани тіршілік тынысының ажырамас арналарының бірі болды. Неше түрлі музыкалық аспаптарды - домбыраны, қобызды, сырнайды, сыбызғыны тағы басқаларын жасай білген халық оларда орындалатын өмірмен өзектес, тыңдаушысына рухани лөззат сыйлайтын небір тамаша күйлерді де шығара білген. Олардың басым көпшілігі халықтың, елдің өміріндегі белгілі бір оқиғаға әртүрлі әлеуметтік жағдайға байланысты шығарылған. Сонымен бірге олардан қоршаған орта, жан-жануарлар дүниесінен бастап, адамдардың өнегелі өмірі, қуаныш шаттығы, күйініш зары, салт санасының күйдің қүдіретті сазына айналғанын көреміз.

Сол әсем де әуезді сазымен жұртты ұйытқан қазақтың көне аспабы домбыра туралы елге тараған аңыз әңгімелер өте көп. Соның бірі Алтын домбыра жайлы аңыз. Онда ертеде аты елге кеңінен танылған бір қарт жырау дүниеден қоштасар шағы келгенде жұртын жинап «көкірегімде қаттаулы тұрған тоғыз тараудың шежіресін кімге қалдырам» дегенде, жұрт әрі ойлап, бері ойлап тоғыз тарауды қарт жыраудың домбырасының шанағына құйған дүрыс деп шешкен екен дейді. Сөйтіп оның қуыс мойнынан құйылған алтын шығып кетпесін, өрі тоғыз тараудың белгісі болсын деп домбыраға тоғыз тосқауыл перне, ал қарт жыраудың құрметіне аспаптың бетіне екінші ішек таққан екен. Осыдан оның шанағы кеңейіп, мойны үзарып, шежірелі сыр шертетін болған. Алтын домбырамен бірге қазақтың музыкалық аспаптарының бірі қобыз да халыққа ертеден белгілі. Мойны имек, шанасы ожау тәрізді, бет жағы ашық, түбі көнмен қапталған қобыз талай ғасырлардан бері ешбір өзгеріске ұшырамай пайдаланылып келеді. Бұлар қазақтың классикалық аспаптары болып есептеледі. Оған қамыстан, кейде ішін кеулеп ағаштан жасалған сыбызғыны да қосуға болады. Сонымен бірге қазақта ертеден келе жатқан басқа да фольклорлық аспаптар бар. Оларға уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, дүдыға, дауылпаз, желқобыз, желбуаз, тоқылдақ, түяқтас, адырна, асатаяқ, керней, шыртылдауық, ауыз сыр-най, шаңқобыз, жетіген, сырнай, сақпан, дүңгіршек, бүғышақ, кемшік, сияқты аспаптарды жатқызамыз. Бүл аспаптар жаугершілік, саяткерлік жағдайда, со-нымен бірге көңіл көтеру үшін де пайдаланылған.

Халық аспаптары мен оның ішінде домбыра, қобыз бен күйлерді орындағанда олардың мағына-мазмұнын баяндайтын сұлу сырлы әңгіме аңыздар болған. Күйді тартарда елдің өткені, халықтың қасірет-қайғысы, қуаныш-қызығы немесе жеке бір батырлардың, бидің көшпелілердің бітім-болмысы туралы мол айғақты деректі әңгімелер айтылады екен. Соңғы уақытта олай істелмейтін болған. Сөйтіп, бірқатар күйлерге байланысты әңгіме-аңыздар кейінгі ұрпаққа жетпеген.

Академик-жазушы Мұхтар Әуезовтің күй аңыздары жөніндегі ескертпелер мен тілектеріне әлеуметтік заказ, қазақ әдебиеті классигінің кейінгілерге қалдырған нұсқау-тапсырмасы ретінде қараған көрнекті әдебиетші Ақселеу Сейдімбеков 1992 жылы өзінің ұзақ жылдар бойы тірнектеп, жинап жүрген күй, аңыздарын арқау етіп «Күй шежіресі» атты көлемді еңбек шығарды. Музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш қосқан оны жаңа мән-мазмұнымен байытқан зерделілігі, зерттеушілік парасаты жанынан өнер тарихына қатысты басқа еңбектерден оқшау да биік тұрған бұл туындыда автор ертеден келе жатқан халық күйлеріне, ХІІІ-ХХ ғасырлар арасындағы халық композиторларының өмірі мен өнеріне тоқталып, олардың қолынан шыққан күйлердің қалай, қандай жағдайда пайда болып, бізге қалай жеткені жөнінде нақты деректер арқылы толық жөне тұжырымды мағлұмат береді. Кітаптың «Күй шежіресі» аталатын бастапқы кіріспе тарауында ежелгі қазақ даласында өмірге келген күйлердің шығу тарихын ол бес кезеңге бөледі. Соның үшіншісі XIII-XVI ғасырлардағы Ноғайлы кезеңінің күйлері. А.Сейдімбеков бүл тұста туған музыкалык мұралардың санатына «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір ақсақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге Кет-бұғаның «Ақсақ Құлан», Асан Қайғының «Ел айрылған», Қазтуганның «Сағыныш» атты күйлерін жатқызады. Осы күйлердің қалай туғанын олардың авторлары кім екенін жатық тіл, терең білгірлікпен баяндайды.

ҮІІІ-ХУ ғасырларда шыққан Асан қайғының «Ел айрылған» күйі, Қазтуғанның «Сағыныш» күйі түркі тілдес тайпалар іріктеліп, ноғай, қазақ айрылып тұтас бір халықтың, қазақ халқының өмірге келуі карсаңындағы толғақ күйі іспеттес. Олардың бұдан да басқа да күйлері болғаны туралы да айтылады. Бірақ олар бізге жетпеген.

Жалпы қазақтың музыкалық аспабы домбырада тартылатын күйлердің санын алты мыңнан асты деп айтады. Олардың бір мыңдайы XVII ғасырға дейін шыққан. Бұл күйлер бастапқы шыққаннан айнымай, ауыспай, өзгермей бізге жеткен. Бұл жөнінде Ақселеу Сейдімбеков «Ең көне деген күйлердің өзі байтақ да-ланың әр пұшпағында әуен-сазы өзгерместен бір үлгіде сақталған. Әр домбырашы, қобызшы немесе сыбызғышының орындау шеберлігіндегі айырмашылықтар болмаса, күйдің сарын-сазынан айырмашылық таба алмайсыз. Күй тілі де ана тіліміз сияқты бір тектілігімен, біртұтастығымен таң калдырады, -дейді өзінің күй мен күйшілер жөніндегі «Сонар» деп аталатын еңбегінде. (Алматы, «Жалын» баспасы, 1989 ж.).

Бақылау сұрағы: 1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.

2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын атау.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері жөнінде не білесіңдер.

Әдебиет: Н-5,10, Қ-17,18
12-13. Тақырыбы: XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.

Мақсаты: XV-XVII ғғ. Қазақ хандығын құрылу тарихын еске түсіріп, қазақ халқының мәдениетіне талдау жасап, сипаттама беру.

Жоспары:

1. Қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалылтасуының негізі.

2. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті, ауыз әдебиеті, жыраулары.

3. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.

1. Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп, жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалык топка жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нөтижесінде КУ ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалык жер аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашкы шекараларын белгілеуге мүмкіндік туғызды.

Қазақхандығының шаңырағын көтерген Ақ орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Жәнібек хан болды. Олар асқан ақылды, салихалы саясат жүргізіп, хандықтың алғашқы туын тіккен Жетісу, Шу, Талас алқаптарындағы қазақтардың басын қосып олардың ел болып еңсемізді көтерсек деген тілегін іске асыруға белсене кірісті. Елдің ірі феодалдарын өз төңірегіне топтастырып, олардын арасындағы алауыздықты басып, бірлікке, ынтымаққа ұйытты. Толассыз жүріп жатқан қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар үдеп, халқын күйзеліске үшыратқан көрші елдердегі қазақтарды өз кол астына тартты. Осындай жағдайда XV ғасырдың 50-70 жылдарында Дешті Қыпшақ жерінен қазақ хандығына екі жүз мың үй көшіп келді.Мұның өзі хандықтың атақ-абыройын аспандатып, қадір-қасиетін арттырды. Сонымен бірге оның қол астындағы халықтың өріс-қонысын, жер, су жағдайын кеңіте түсуді келелі міндеттердің бірі ретінде алға тартты.

Бұл тұста көп елдерде ішкі қажеттіктің сыртқы олжамен толықтырылуы айып саналмайтын. Қазақ хандары көршілес Моғолстан, Дешті-қыпшақ жерлеріндегі ел, жер, билік үшін жүргізіліп жатқан бітіспес күрестің ұрымтал тұстарын шебер пайдала-нып олардың есебінен хандықтың жер аумағын барған сайын кеңіте түсті. Олар отырықшылығы - егіншілігі қалыптасқан, қол өнері мен саудасы дамыған Сыр бойындағы қалаларды қол астына қаратуға орасан зор күш-жігер жұмсады. Бұл қалалармен қарым-қатынас жасауға көшпелі халықтар мүдделі болды. Өйткені, олар өнеркәсіптік тауарларды, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалалардан алатын. Сөйтіп, XVI ғасырдың бас кезінде Сыр бойындағы көптеген қалалар қазақ хандығына қарады.

Қазақ хандығының орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ болып келсе, ол кейін Түркістанға ауысып, ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда екі жүз жыл бойы елдің астанасы Түркістан қаласы болды. Осындағы Ақ сарай хан сарайы қызметін атқарып, елдің аса маңызды мәселелері сонда шешілді. 1523 жылы Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Мамыш, Тайыр, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым сияқты Қасымның туыстары бір-екі жылдан отырып шықты. Бірақ олар хандықтың саяси-әлеуметтік өмірінде елеулі із қалдырған жоқ.

І532 жылы қазақ хандығының тағына Ақназар отырды.1542 жыл бойы елге билік жүргізген ол түркі тектес ру-тайпалардың басын қосып ноғай ордасын, қырғыз ағайындарды қол астына алды. Орта Азиядағы елдермен достық қарым-қатынас орнатып, біртектес халықтардың аралас-құралас, тату-тәтті өмір сүруіне қол жеткізді. 1645 жылы ол қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәңгір отырды.

Ел билігі енді Тәуке ханға тиді. Көсемдіктің қыры мен сырын жастай үйренген ол елдің береке-бірлігіне тірек болатын шараларды іске асыруға белсене кірісті. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын жақсарту, қазақ хандығының мәртебесін көтеру жолындағы оның жаңашылдық әрекеттері жемісті де келісті болды.

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы осы айтылған хандардың тұсында казақтың шаруашылығы, экономикасы, өмір сүру дағдылары ғана емес сонымен бірге оның рухани кескін-келбеті, жұрт таныған мөдениеті қалыптасты. Қасым хан тұсында «Қасым салған қасқа жол» деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік - заң үрдістері, елдік жөн-жоралғылары, салт-дөстүрі бір ізге түсті. «Есім салған ескі жол» деген атпен бүгінгі ұрпаққа жеткен жөн-жоралғы, тәртіп-талғам, киіз-туырлықтар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін мал-мүлікке, іс-әрекетке байланысты дау-шарлардың шешімдері жетілдірілді. «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқының мәдени-рухани салт-дәстүр калыптарының төл-тумалығын одан әрі шыңдай түсуге қызмет етті. Тәуке ханға кеңесші, ақылшы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қарадан шыққан қасиетті билер демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға елеулі еңбек сіңірді. Осы тұста сөз өнерінің қадір-қасиеті артты. Халық сөз өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті бағалайтын болды. Халық арасынан небір жезтаңдай жыраулар шықты. Өнерпаздық өріс алды. Сөйтіп, қазақ халқының мөдениеті, рухани тірлігі өзіндік сипаты келбетімен тұлғалана түсті.

2 .Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін, оқиғаларын, халқының басынан өткен жағдайларын көркемсөздің әртүрлі жанрында баяндап бере білген. Оның маңызды салаларының бірі -батырлар жыры. Қазақтан шыққан қорқу, сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты дастандар халқымызда өте көп жөне олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті болып келеді. Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар өлеңінде бар. Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келіп үнемі жолы болып отырды. Хазірет ұлы Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады. Қазақ батырларындағы негізгі мақсат: алдымен ұлтшыл болу, одан әрі діншіл болу - дейді».

Мүқаң атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып, шеңбер бұзған еңселі ерлердің басты қасиеті еліне жеріне деген сүйіспеншілік, отаншылдық. Бұл қасиеттер Едіге, Алпамыс, Ертарғын, Кобыланды, Қамбар, Ер Қосай, Төрехан, Ер Сайын, Телағыс,Шора сияқты ежелгі қазақ даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен батырлардың бәріне тән.

Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі - ғашықтық дастандары. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты лирикалық ғашықтық жырлар, әйел бейнесін жырлайтын, әйел болғанда Құртқа, Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қарашаш секілді бірі ақылымен, бірі көркімен, енді бірі өжеттік ерлігімен ел есінде өшпес із қалдырған әйелдерді жыр ететін дастандар казақ жерінде толып жатыр. Сондай-ақ қазақ арасына шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық батырлық сипаттағы өңгіме, өлең, поэма, дастан, қиссалар, мәселен «Сал-сал», «Заркұм», «Сейтбаттал», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт» сияқты шығармалардың қазак хиссалары деген атпен әйгілі болғган «Бақтиярдың кырық бұтағы», «Тотынама», «Қырық уәзір» т.б. секілді бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылдығымен, ақындығының жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз кездеспейтінін айту керек.

Халық өмірінің әртүрлі жақтарын - қоғам болмы-сын, халықтың арман-аңсарын, талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері, киял-ғажайып ертегілер, түрмыс-тіршілікке, хаюанаттарға байла-нысты ертегілер, күлдіргі өңгімелер болып бөлінеді. Олардың кейбіреулері төңірі, мүсылман діндерінің наным-сенімдерімен үштасып солардың тікелей өсерімен өмірге келген. Дазақ арасына көп тараған «Қүламерген», «Алтын сақа», «Қарамерген», «Аламан мен Жоламан», «Тазша» т.б. ертегілерде олардың бас-ты түлға-кейіпкерлері ақылды, өнегелі, үлгілі, күші бойына симайтын балуан, аса сезімтал, алыстан білетін көреген көсем, сөзге тапқыр шешен болып келеді. Өдетте хайуанаттар туралы ертегілерде уй малдары, жылқы, түйе, қой, ешкі - адамның айнымас адал досы, ал қасқыр, жолбарыс, аю, түлкі, жылан-адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі.

Ертегілердің Аяз би, Жиренше, Алдар көсе сияқты жағымды кейіпкерлері қайырымсыз қатал хандарды, дүниеқоңыз байларды, өділетсіз билерді өлтіре мінеп шенейді.

Әйелдердің ақылдылығын, тапқырлығын, еріне, жүбайына адалдығын дөріптейтін, олардың елдің, халықтың сүйеніші, сүйініші болғанын көрсететін ертегілер де бар. Сонымен бірге ертегілердің балалар мен жасөспірімдерге арналған үлгілері де халкымызда көп кездеседі. «Қаңбак шал», «Мыстан кемпір», «Ал-тынсақа", «Бозінген», «Өлгенқазан», «Алтын сандық», «Қырық өтірік», «Алтын балта» т.б. ертегілер жасөспірімдердің ой-өрісін кеңітіп, акыл санасын түсінігін үштайтын ғажайып туындылар. Ауыз өдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір саласы түрмыс-салт жырлары. Оның өзі бірнеше арнадан түрады. Олар қара өлең, қайым өлең, туған ел туралы өлең, төрт түлік мал туралы өлең, ата өлең, тойбастар, бесік жыры, жар-жар, бета-шар, қоштасу, сыңсыма, жоқтау, жарапазан, бөдік бақсы сарыны, шариғат өлең болып жіктеледі. Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын, тарихын зерттеп, олардың калай пайда болғаны, қан-дай жағдайда, қалай айтылатыны жөнінде терең де толымды пікірлер айтқан/ Солардың бірі көрнекті мөдениет қайраткері Ақселеу Сейдімбеков казақтың қара өлеңі туралы «Мың бір маржан» атты кітап шығарып, онда бүл жанрды ғылыми түрғыдан терең зерделеген. «Қара өлең, - дейді ол - езінің айтып түрғанындай, мейлінше бүқарашыл, көптің енері. Қотан шетіндегі қойшы да қүрық сүйреткен жылқышы да, бойжеткен қыз бен түбіт мүртты бозба ла да, өмірдің ащы-түщысын көрген көне көз қартпен ақ шашты ана да, қысқасы көшпелі қоғамдағы өлеуметтік топтар-дың қай-қайсысы да өзі басына лайық арман-аңсарын, шер-шеменін бір ауыз қара өлеңмен өнге қосып айта беретін болған. Қара өлең айту - бап та талғамайды, айрықша әнші күйшілікті де қажет етпейді. Оңаша жүріп шер тарқатуға да, алқалы топтың ортасында өзіңді таныстыруға да, ойын-тойда астарлы сезімге дәнекер болуға да қара өлең оңқай асықтай оңтайлы жанр». Бұл сипаттамаға бірдеме қосу қиын. Тек қана бір екі ауыз қара әлеңді келтірсек артық болмас.Ойласам емір деген шолақ екен, Адамдар бір біріне қонақ екен Жайнаған қызғалдақтай қызық өмір Қар жаумай, қазан үрмай солады екен -деп келеді қазақтың қара өлеңі. Ал қайым өлең -қыз бен жігіттің бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады. Бұлардың қай түрі де той, ду-ман, салтанатты жиын, отырыстарда айтылады. Осын-дай күні бүрын, алдын ала дайындалып өлең шығару машығын жетілдірген қыз бозбала «шай өлең, «жер-су өлеңі», «ет өлең», «қоштасу өлеңі» т.б. суырьга са-лып айта беретін болған.

Халықтың ауыз өдебиетінің қойнауынан шыққан мөдениетке қатысты айтыс жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшаңдық, ұшқырлық, ұтымдылық, шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады. Мұндай айтыстар жас сөби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың бөрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған.

Ауыз әдебиетінің абыройын тасытып атын аспанға шығарған ақын жыршылар XV-XVII ғасырларда аз болмаған. Солардың ішінен суырылып шыққан Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа жырауларды атауға болады.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница