Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница11/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

3.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бір ізге түсіп келе жатқан кезде қазақтардың бірін-бірі көргенде үш мәрте құшақ айқастырып, төс түйістіріп, мал-жанның амандығын, денсаулықтың жайын сұрасуы, хал-жайды білісуі адамгершілік дәстүрдің ажырамас салты болып қалыптасқан. Кіші адамның жасы үлкен кісіге сәлем беріп, ізет көрсетуі, егде адамның «аманбысың» айтып, кішіге қамқоршы болуы қасиетті рәсім болған.

Әдетте, қариялар, үш байлығыңды еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте: еліңді сыйламасаң көмусіз қаласың, жеріңді сыйламасаң кебінсіз қаласың, тіліңді сыйламасаң қадірсіз боласың. Атаның ұлы болғанша халқыңның құлы бол. Тегіңді біл, бірақ руға бөлінбе, рушылдық індет, еліңді сүй - ол саған міндет деп жастарға тілек айтып, отбасының бақыт берекесі мол болсын деп бата берген.

Казақ жерінде қарияның сөзі қасиетті есептелді. Ру, ауыл, ел болып өткізген той-томалақ жиындарда сөз алдымен жасы үлкен кісіге тиді. Келелі кеңестерде кесімді сөзді солар айтты. Қариялар ел-жұрттың қамқоршысы саналды. Олар халықты жат әдеттен, жаман дерттен сақтандырып әрқашан ауыл, елдің ақылшысы болды.

Қазақ халқының меймандостығы, қонақ жайлылығы әлемге әйгілі болып кеткен айнымас асыл қасиеті, үйге келген мейманды жылы шыраймен құшақ жайып қарсы алып, құрмет көрсетіп риза етіп шығарып салу қазақ үшін қымбатты парыз, абыройлы іс, жалтартпайтын міндет болған. Бұл салт Алаша ханнан қалған өсиет деген аңыз бар. Казақта «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз «Алаш» болғанда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» - деген сөз бар. Алаша хан дүние салар алдында өзінің жинаған мал-мүлкін үш ұлына бөлудің орнына төртке бөліпті дейді. Оның бірін Ұлы жүздің атасы Үйсінге, екіншісі Орта жүздің ноқта ағасы Арғынға, үшіншісін кіші жүздің Алшынына беріп, төртіншісін қонақасыға деп бөліске салмай қалдырыпты. «Конақ шығыны бөлінбеген енші» деген сөз содан қалған. «Көшпелі тұрмыс-тіршілікте бір-бірінің үйлеріне түсіп, ішіп-жегеніне ақы-пұл сұрамай, біріңді-бірің қадірмен адамдарындай қошаметтеп отырыңдар» - депті Алашахан. Содан бастап қазақ қонақты қүт санаған. Батаны «Дастарханың мол болсын, үйіңнен қонақ үзілмесін» - деп бата беретін болған.

Казақтың қауымдасып, көп болып жиналып, аяғынан тік тұрып істейтін қызметінің бірі - өлім-жітімді атқару, өлген кісіні жерлеу. Кісі өлімі отбасы үшін ғана емес, ауыл-аймаққа, бүкіл төңірекке үлкен қасірет, ортақ қайғы.

Бұл қайғыны бөлісу оны қайтыс болған, қазаға ұшыраған отбасына естіртуден басталады. Бұл үлкен білгірлікті, шешендікті, шеберлікті керек етеді. Сондықтан бұндай іске көпті көрген, сөзге шешен, тілге жүйрік беделді елағасы болып қалған ақсақал адамдар жүреді.

Қазақта той көп. Ол сәбидің өмірге келуінен басталады. Күллі ауыл болып жиналып, баланың дүниеге келуіне орай өткізілетін шілдехана, сәбиге ат беріп, бесікке бөлеу жорасы - бесік тойы, ер баланы беске келгенде атқа мінгізу, онан кейін сүндетке отырғызу тойы сияқты салтанатты рәсімдер өткізіледі. Бұл тойларға аяқ жететін жердің адамдары тойға шашу, балаға тарту әкеліп жатады. Бала атқа мінгенде жиналған жұрт күміс айшықты жүген, айыл-өмілдірік, шыбыртқы-қамшы, өрнектелген ер-тұрман сыйлаған. Ертедегі көшпелі өмір тұрмысында ер азаматқа аттан гөрі ер-тұрман табу өлдеқайда қиын болған. Қазақтар мүны жасөспірім атқа мінген алғашқы сәттен бастап ескерген.Қыз ұзату, келін түсіру - киіз туырлықты қазақтың қара шаңырағындағы сөн-салтанаты, қуаныш-қызығы мол тойлардың бірі. Бұл тойдан көп бұрын отау тігіп отбасы болуға жарап қалған жасөспірім жігітке жарды ата-анасы іздеген. «Қатын алма, қайын ал», «Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, қатыны жақсы болса мың бақыт» деп олар ержеткен баласына қалыңдықты өздері іздегенде оны дәулетті, өмір көрген тәрбиелі жанұясынан таңдауға тырысқан.

Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалылтасуының негізін түсіндір.

2. Қазақ тілі мен жазба мәдениетіне сипаттам беру, ауыз әдебиеті, жырауларды ата.

3. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері қандай болған?

Әдебиет. Н-3,5,8, Қ-5,6,7,8,
16. Тақырыбы: Қазіргі отбасы және некелік қатынастар

Мақсаты:Қазіргі отбасы және некелік қатынастарды сипаттап, олардың ерекшеліктерін көрсету.

Жоспар:

1.Отбасы түрлері, отбасылық қарым-қатынас.

2.Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар.

1. Қазіргі қазақ отбасын этнографиялық тұрғыда зерттеуді тақырыптың
міндет-мақсатына байланысты ауылдық жерлерде жүргізді.

Ақмола айтқанда, Ақмола облысының Ерейментау ауданында тұратын Орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руына жататын ауыл жұртшылығы Шымкент облысының Сарыағаш ауданында тұратын Ұлы жүздің қаңлы, шапырашты және дулат тайпаларынан жататын ауыл жұртшылығы және тағы басқалар жан-жақты зертелінді.

Қазақ әйелдері тек тағдырының ғана қожасы болумен шектелмей, қоғамдық өмірге, саясатқа, мемлекет ісіне, ғылым және мәдениет майданына белсене араласып, еркектермен бірдей қоғамның тең құқылы азаматына айналды. Қазіргі ауылдық жерлерде қазақ отбасының дені екі ұрпақтан, яғни әке-шеше және үйленбеген балалардан тұрады. Үйленген кенже баласын бөлек шығармай, бірге тұратын отбасылар да бар. Бұл арада айта кететін қазіргі заманның бір ерекшелігі - әке- шешелері кейде кенже балаларын бөліп жіберіп, үйленген үлкен ұлдарының бірімен не оның балаларынмен бірге тұратындығы.

Қазіргі жағдайда келін мен ата-ене, қайын жұртының арасында қатынас өзгеше жағдайда қалыптасып отыр. Бұрынғыдай қайын ата, қайын ағаларынан жасырыну сияқты жағдайлар қазір жоқ.

2. Отбасы жэне неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы
неке құру үшін қажетті жағдай - екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18
жасқа толуы болып есептеледі.

Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс істеу, ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу, ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасын құру арқылы ұштастыруға келеседі.

Қазіргі қазақ отбасында, халықтың материалдық және рухани мәдениетінде жарты ғасыр ішінде маңызды өзгерістер болды. Еліміздегі жаңа құбылыстың барысында әйел мен еркектің еріктілігі мен тең құқылығына негізделген моногамиялық отбасы қалыптасты. Мұндай жаңа отбасының мақсаты -отбасы бірлігін сақтай отырып, балаларды тәрбиелеу және өз қоғамына адал еңбек етіп, азаматтық борышын ақтау болып отыр. Неке құру үшін жастардың еріктілігі, өз тағдырын өзі шешіп, сүйеспеншілік сезімі негізінде жар таңдауға шын мәнісінде бостандық, ерлі-зайыптылардың тең құқылығы іске асырылды.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі отбасы және некелік қатынастарды сипаттау.

2. Некелесу түрлері қандай?

3.Этикалық құндылықтар және отбасылық нормаларға не жатады?

Әдебиет

1.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы:Ғылым,1973.

2.Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. А. «Қайнар» 2005.

3.С.Кенжеахметұлы. Туыстық атаулар сыры. А. «Ана тілі» 2003.

4.Б. Нысанбекова Халықаралық жеке құқық. А. 2006.

5.Сборник номативно-правовых актов. Мать и дитя; права,льготы, пособия. А. Жеті Жарғы.
17-18 . Тақырыбы: Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға таралуы.

Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру

Жоспары:

1. Ислам дінінің пайда болуы.

2. Ислам діні Қазақстан мен Орта Азияға

қалай тарады?

3. Қазақтың ұлы зиялылары - Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы.

1.Ежелгі түріктер, түркі тектес халықтар Көк пен Жерден кейінгі әрбір жанұяны, отбасын, бала-шағаны, тірлік болмысын қорғап қолпаштайтын құдіретті күш-Ұмай ана деп есептеген. Қасиетті Ұмай ана туралы аңыз өңгімелер қазақтың жыр, қисса ертегілерінде де кездеседі. Ежелгі түріктер басқа халықтар сияқты дүниеде ешнәрсе жоғалмайды, ештеме өшіп кетпейді, тек болмысының түрін өзгертеді. Кең даланы, орман тоғай, тау-тастарды үрей кезіп жүреді, жын-шайтан, албасты, перілер адамның оңаша кезін, шаршап- шалдығып, жан дүниесі күйзелген сәттерін аңдиды.
Сол тұстарда адамды талдырып, оны жанынан, рухынан ажырату үшін әрекет жасайды деп есептеген. Олар бұл сияқты күштерден қорғану үшін тасаттық беріп қайыр-садақа үлестіріп жүруді әдетке айналдырған. Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран халықтарының дін танымы: әлем бірімен бірі келіспейтін, бітіспейтін, біріне бірі қарсы екі күштен түрады, оның бірі - қайырымдылық, ізгілік, екіншісі -зұлымдық, жауыздық, бірі жан жадырататын сөулелі, нұрлы дүние, екіншісі – қайырымсыз қараңғылықтың зілі басқан жаныңды жабырқататын, еңсеңді езетін қапас дүние патшалығы. Бұл екі дүние
aрасында толассыз, тоқтаусыз мөңгі майдан, үздіксіз күрес жүріп жатады, бұл күрес адамдарды қарама қарсы екі шепте ұстайды, - деп есептеген.

Қоғам дамуы барған сайын күрделіленіп, адамдар арасында әлеуметтік жіктеліс күшейіп, таптар, тап-тық мүдделер пайда болған тұста бұған дейін өмірде орын алып келген әртүрлі наным, сенім жоралғылары бір ізге түсіріліп, бір жүйеге келтіріле бастады. Осыдан келіп әртүрлі діндер шықты. Бұл діндердің өзі бірнеше тармаққа бөлінді. Табиғаттан тыс тұрған әлемнің құдіретті билеушісі бар деген түсінік негізінде қалыптасқан діндер адамдарғаі жаппай өз ықпалын жүргізетін дәрежеге жетті.Әлемнің әміршісі, билеушісі, құдіретті күштер болады деген тұжырыммен өз сенімін орнықтырушы діндер политеистік дін деген атаумен белгілі. Бұл күштерді біреу деп есептейтін дінді монотеистік дін дейміз. Соңғысына жататын ежелгі Мысырда, Вавилонда, Грецияда өмірге келіп пайда болған діндердің сеніміндегілер табиғаттан тыс тұрған құдіретті күшті алла тағала деп есептеді. Парсы тілінде ол құдай, арабша - алла, түрікше «тәңірі». Ал қазақтар ауырса аллалап, қысылса құдай-ай деп, тілек қылса тәңірім деп, бір мағынадағы атаулардың бәрін де атап үйренген.

Дүниежүзіндегі ең ерте пайда болған дін – будда діні. Біздің жыл санауымыздан бұрын VI ғасырда Үндістанда шыққан бұл дін Хинаяна, Махаяна, Ламаизм болып бөлінеді. Олар Үндістан, Тибет, Монғолия, Тайланд, Жапония, Камбоджо, Лаос, Непал, Цейлон, Въетнам т.б. елдерге кең тараған. Бұрынғы Кеңес Одағына қарап келген буряттар мен қалмақтар да осы дінді ұстанады. Христиан діні біздің жыл санауымыздағы бірінші ғасырда пайда болып, кеңінен тарады. Кіші Азияда өмірге келген бұл дін Еуропаға, кейінірек Америка елдеріне жайылды. Ол католиктер, протестанттар, православие болып үш шіркеуге, үш салаға бөлінеді. Православие шіркеуіне орыс, беларус, украин, болғар тағы сол сиякты славян халықтары кіреді.

Біздің жыл санауымыздың VII ғасырында өмірге келген, қазір дүниежүзіндегі халықтардың 800 миллионнан астамын мұсылман ретінде табындыратын ислам діні христианнан кейінгі екінші әлемдік дін болып табылады. Ислам діні шииттер, суниттер, исмаилиттер болып бөлінеді. Мұсылмандардың 90 пайызға жуығы суниттер. Олар Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері болған төрт Халифке Әли (Ғали), Әубәкір, Омар, Османға сиынады. Ал сол халифтердің соңғы екеуін шииттер мойындамайды. Әлемдегі ислам діні қауымдастыры бар 120 елдің отыз бесінде осы дінге табынушы халықтар, мұсылмандар сол елдердегі халықтың 80 пайызын ұстайды. Азия мен Африка құрлығының 28 мемлекетінде ислам діні мемлекеттік немесе ресми дін болып есептеледі. Олардың арасын-да Египет, Кувеит, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Пәкістан, Ауғанстан т.б. бар.Кейбір елдерде Ислам партиялары құрылған, олар саясатқа ықпал жүргізеді.

Ислам діні қайда, қашан, қалай пайда болды? Бұл туралы не білеміз?

Бұл дінді ерте дүниеден Орта ғасырлық даму жолына түскен Араб елдеріндегі коғамдық процестердің заңды жалғасы ретінде өмірге келді деуге болады. Таза діндік тұрғыда оның қалыптасуы одан бұрын өмір сүріп келе жатқан христиан, иудей, зороастризм діндерінің, сондай-ақ араб елдері тұрғындарының діни сана-сезімі дамуының зор ықпалы болды. Араб халқы Азия құрылығының оңтүстік-батысын мекен етеді. Олар Еуропаша - Арабия, түркі және парсы тілдерінде Арабстан деп аталатын жерді ерте заманнан бері мекендеп келе жатқан, табиғаттың ыстық аптабына шыныққан халық. Оның қоныс.етіп отырған жері - тақыр, суы тапшы, шөл, шөлейт болып келеді.Онда егін егудің, мал өсірудің мехнаты күшті. Қырық жылда бір рет жауған қар - екі-үш күн ғана жатып еріп кетеді. Тұрмыс-тіршілігі осы шөлге бейімделген арабтардың көпшілігін бәдәуи деп атайды. Олар сиыр, түйе, ешкі сияқты түліктерді, сондай-ақ жылқы да өсірген.

Араб елдерінде ислам діні пайда болғанға дейін бұл жерлерде иудаизм, христиан діндері кең тараған болатын. Қайшылығы күшті, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың, әртүрлі тарихи этникалық сюжеттердің жиынтығы болып келген бұл діндердің догмалық кітаптарындағы аңыз әңгімелерді, әртүрлі тұжырымдарды Мұхаммед өз идеяларын насихаттау үшін кеңінен пайдаланды. Иудей, христиан діндерінің ислам діні жүргізіп жатқан «тазалау» қызметін қолдауы ислам дінін дәріптеушілердің кебеюіне, оның арабтық ерекшелігінің күшеюіне әсерін тигізді. Сөйтіп, көп ұзамай мұсылмандықтың қағидалары мен жоралғылары қалыптасып, исламның басқа діндерден артықшылығы жөніндегі ой-пікір өріс алды.

Арабияда сыртқы жауларға қарсы күрес араб елдерінің саяси, экономикалық, этникалық, мәдени бірігуіне, топтасуына жол ашты. Осы күрестің барысында Мұхаммед ислам дінінің онан әрі дамуына, беделінің өсуіне сонымен бірге жаңа үммә-халифат атты саяси бірлік қозғалысын құрып дамытуға қол жеткізді.

Ислам дінінің және мұсылмандардың тұңғыш қауымдастығының негізін қалаушы Мұхаммед біздін жыл санауымыздың 570 жылғы 20 сәуірде таң сәріде Мекке қаласында дүниеге келді. Оның құрметті аты араб тілінде Мұхаммед Ахмет Имін ал Әбіл Әбілхасым.

Мұхаммед дүниеге келмес бұрын әкесі, бес жасқа келгенде анасы қайтыс болады да, оны атасы Әбділ-Мүталип тәрбиесіне алады. Сегіз жасқа келгенде бабасы да қайтыс болып, оның өсиеті бойынша Мұхаммедті тәрбиелеу міндеті Мұхаммедтің әкесі Абдолланың інісі Әбу-Төліпке жүктеледі.

Мұхаммед 25 жасқа толып кемеліне келген жігіт болған тұста Меккеге аса бай, ауқатты жесір әйел Хадиша оны өзінің сауда-саттық жұмысын басқаруға шақырады. Ол Мұхаммедтің әріректен қосылатын туысы, төртінші атасы Әбді-Мөнөптің немересі Хобейлиттің қызы болатын. Бұрын екі рет түрмыста болып, отасқан адамдарының екеуі де қайтыс болған жесір еді. Мұхаммедтің сауда істеріндегі табыстарын, оның дін жөніндегі көзқарастарын ұнатқан Хадиша 595 жылы оған тұрмысқа шығады. Осы некеден ол екі ұл, төрт қыз көрді. Ұлдары ерте қайтыс болып, Рухия, Күлсім, Зейнеп, Фатима атты қыздары өседі.

Мұхаммедтің жыл сайын Меккеден онша қашық емес Хир тауларының үңгірлеріне жаяу барып, оңаша күн кешіп, сонда түнеп жүретін әдеті болды. Осындай саяхат кезінде ұзақ ойларға беріліп, жаяу жүріп шаршап келіп, сол үңгірлердің бірінде ұйықтап кеткен Мұхаммедке алла тағала аян беріп түсіне енеді. Бұл 610 жылы Рамадан айы болатын. Мұхаммед бірнеше күн өзінің көргендеріне сене алмай жүреді. Осындай қалың ойға беріліп, бірде үйінің жанында гүлзар бағында шапанына оранып ұйықтап кеткенде, оған алла тағала екінші рет аян беріп, алланың айтқанын адамдарға жеткізіп, атын шығаруға тиісті елшісі екенін айтқанда Мұхаммед оған шын көңілмен ден қойып сенеді. Осыдан бастап алла тағаланың ақиқатын адамдар арасында, арабтар арасында ашық насихаттауға белсене кіріседі.

Мүхаммед жөне онын серіктері ислам дінін насихаттауға кіріскен алғашқы күннен бастап әлемнің жаратушысы алла тағала екеніне сенуге шақырған.

Мұсылманшылықтың екінші сенім негізі, екінші шарты - Мұхаммедтің тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген өкілі, елшісі, пайғамбары екеніне сену, соны мойындау болған. Ислам дінін насихаттау, уағыздау осы екі сенімді таратудан басталған.

632 жылы наурыз айында Мұхаммед өз өмірінде соңғы рет Меккеде болды.

Мұхаммед өмірінің соңғы жылдарында исламның билігін Арабияның солтүстігіне тарату жөнінде өз серіктерінің алдына келелі міндет койды. Осы мақсатта Сирияны басып алу үшін әскери экспедиция жабдықталып жатқан кезде аз күн ауырып Мұхаммед 632 жылы шілденің 8 жұлдызында дүние салды. Мұның өзі мүсылман әлемі үшін орыны толмас қаза болды. Мұхаммедке арнап дұға оқу, оның өсиеттері, сөздері жазылған дүғалықтар, бойтұмарлар тағып жүру әдетке айналды. Әлемнің барлық түкпірлерінде Мұхаммедтің аты мен мұсылман дінін таратудағы еңбегі аңызға айналды. Оның өмірін зерттегендер көп болды, мыңдаған кітаптар жазылды. Оларда Мұхаммед туралы әртүрлі кереғар пікірлер, пайымдаулар, жорамалдар да аз болған жоқ. Бірақ солардан шығатын бір ғана қорытынды бар еді. Ол мыңдаған жылдардан бері талай ұрпақтардың, талай халықтардың наным-сеніміне айналған ислам дінінің негізін қалаған мұсылман жұртының санасына алла тағаланың, тәңірінің, қүдайдың елшісі ретінде орныққан Мұхаммед пайғамбардың кемеңгер, данышпан адам, ірі тұлға болғандығы жөніндегі түсінік, таным болатын.

Мұхаммед Мәдинаға жерленді. Оның жатқан жері мұсылмандардың қасиетті орындарының бірі. Мұсылмандар Мүхаммедті 63 жасында өлген дейді. Шынында ол 61 жасында дүниеден өткен. Хиджраның 63 жылы нақты 61 жылға сәйкес келеді.

Құран кітабы туралы да бірауыз айта кетелік. Ол мұсылмандардың қасиетті, шарапатты кітабы болып табылады. Сондықтан мұсылмандар оны: кітабу-л-лөһи-алланың кітабы, китөб ғазиз - құдіретті кітап.

Кеңес үкіметі жылдарында Ислам діні туралы қазақ тілінде көптеген кітаптар шықты. Олардың басым көпшілігі атеистік тұрғыда жазылған еңбектер болды. Бұл басылымдар ислам дінін сынау, оның зиянды жақтарын әшкерелеу тұрғысынан жазылды және оны жамандауда бірінен-бірі асып түсуге тырысқаны байқалып тұрды. Сонымен бірге бұл арада Ислам дінінің шығуына, таралуына байланысты оларда көптеген тарихи шындықтың да жазылғанын айту керек.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница