Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница2/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

«Қазақстан мәдениетінің тарихы» курсының жұмыс бағдарламасы.




Лекциялардың тақырыптық жоспары.
Тақырып № 1. Кіріспе.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәннің объектісі. Пәннің оқу-білімдік және ғылыми мақсаты мен міндеттері.Басқа пәндермен байланысы және негізгі әдебиеттерге сипаттама беру. Тарих, әдебиет, этнография т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Оқулықтар және оқу әдебиеті. Арнайы ғылыми зерттеулер. Хрестоматия. Құжаттар жинағы. Деректер.
Тақырып №2-3. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті.

Тас дәуірі. Алғашқы қауымдық құрылыс.Алғашқы еңбек құралдары. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы қоныстары.

Қола дәуірі. Алғашқы қауымдық құрылысқа сипаттама. Андронов мәдениеті. Қола дәуірі. Кісі жерлеу рәсімі. Көшпелі мал шаруашылығы. Қоныстарға сипаттама. Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Тұрмыс тіршілігі. Алғашқы адамдардың қандай мәдени ошақтар мен ескерткіштер.
Тақырып №4-5. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті.

Сақтар, Ғұндар. Сенім –нанымдары. «Аң стилі». Сақтар туралы деректер. Салт-дәстүрлері, тілі. Шаруашылық түрлері.Үйсіндер мен Қаңлылар. Территориясы. Шаруашылығы. Мәдениеті. Жазуы. Діні.
Тақырып № 6-7. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары. Ү-Х ғғ. Түркі қағанаттары. Алғашқы феодалдық мемлекеттер. Көне ескерткіштер. Сәулет өнерінің мұралары. Суяб, Тараз қалаларының құрылысы. «Мүсін-тастар».

Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы). Ескерткіштердің зерттелуі және сақталуы. Мазмұны.

Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері. Шамандық. «Қорқыт-ата» дастаны. Салт-сана, ырым, жол-жоралғы, дәстүрлер. Мал пірлері. Бақсы, балгерлер ырымы.

Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері. Тұрмыста қолданылатын заттар. Киім. Баспана. Қоныс мекендеріндегі құрылыс.
Тақырып № 8-9. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті.

Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал. Арабтардың шапқыншылығы. Ислам дінінің таралуы. Х-ХІІ ғғ. қалалар. Ұлы Жібек жолы. Шаруашылық түрлері.

Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи ғылым салаларына қосқан үлесі.

Ад-Дин Әбу-л Мадж Мұхаммед – көрнекті ақын, оқымысты. Иағқуб әл-Женди әдебиетші. Хусан ад-Дин әл-Баршынлығи.

Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар. Ноғай ұлысы. Дастандар. Батырлар жыры. «Қобыланды», «Шора», «Едіге», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Көкше» т.б. Ғашықтық жырлар. «Мұңлық-Зарлық » қиссасы.
Тақырып № 10-11. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.

Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті. Шыңғыс хан империясы. Тілі және діні. Қалалар – сауда және мәдениет орталығы. Тұрмыс тіршілігі. Ортағасырлық архитектуралық мұралар. Жыраулар шығармашылығы.

Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары. Тілі. Әдеби мұралар. Хорезми «Махаббат наме». «Хұсырау-шырын». Саиф Сарайдың «Түрік тіліндегі Гүлстан». Дүрбек ақын «Жүсіп-Зылиха». Әбілғазы «Түріктер шежіресі». Бабыр «Бабырнама». Жыраулар шығармашылығы.

Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері. Музыкалық мәдениет. Фольклорлық аспаптар. Күй. Кетбұға «Ақсақ құлан» т.б. күйлердің шығу тарихы.

Тақырып № 12-13. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті.

Қазақ хандығының құрылуы-ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі. Қазақ хандығының құрылуы. Қалалар – сауда және мәдени орталығы. Ұлттық мәдениетінің қалыптасуы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». «Тарихи Рашиди». «Шыңғыснаме». Ауыз әдебиеті.

Қазақ тілі мен жазба және ауыз әдебиеті. Батырлар жыры. Ғашықтық дастандар. Жыраулар шығармашылығы. Шешендер мен билер шығармашылығы. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» жырлары.Лирикалық-эпостық жырлар.

Жыраулар мен шешендік өнері.Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді т.б. Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар.

Ғылым мен білімнің дамуы. Қазақ халқының ғылыми даналығы. Аспан әлемі. Ғылыми даналығы. Қазақтың күнтізбесі.
Тақырып № 14-15.ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті.

ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнеленуі.Жоңғар шапқыншылығы.Қазақ-жоңғарсоғысы.«Елім-ай»әні.Батырлар.Жыраулар шығармашылығы.

Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері.Күйшілердің шығармашылығы. «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы» т.б.күйлер. Домбырашылардың шығармашылығы.

ХІХ ғ 2-ші жарт мен ХХғ бас қазақтың ақын–жыраулары.Ақын-жыраулардың шығармашылығы, тақырыбы. «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батырдың» толғауы. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы.

Қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуі. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі. П.К.Кириллов , Н.Ф.Рычков «Қырғыз-қайсақ жеріне сапары кезіндегі күнделігі». П.М.Рычков. «Орынбор қаласының сипаттамасы», «Орынбор тарихы». А.П.Левшин «қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы». В.В.Радлов. Жер аударылған демократияшыл көзқарастағы зиялылыар. А.С.Пушкин. «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу».

.
Тақырып № 16. Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастар

Мұралық құқығы.Әке мұрасы және мұрагерлік құқы.Әке мұрасы мен мұрагерлік ғұрпы.

Туысқандық қатынастар. Туыстық қарым-қатынастар. Туыстық жүйе. Ат тергеу әдеті.

Бала туу және тәрбиелеу.Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Шілдехана. Отын беру. Қырқынан шығару.Бесік той.Тұсау кесу. Атқа мінгізу. Он бесінде отау иесі. Тәрбие басы-тал бесік. Қазақ бесігінің сыртқы құрылысы, жасалу тәсілі және басқа жабдықтары. Бесік жыры

Тақырып № 17-18. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.

Ислам діні қалай пайда болды? Ислам діні. Арабтардың шапқыншылығы.

Мекке-мұсылмандардың қасиетті қаласы. Мұхаммед пайғамбар. Құран кітабы. Омар ибн әл-Хаттаб. Қажылық.

Ислам діні Қазақстан мен Орта Азияға қалай тарады. Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы. Діни оқу орындары.

Қазақтың ұлы зиялылары-Шоқан, Ыбырай, Абай.Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы. Пікірлері мен көзқарастары. Имандылық жөніндегі көзқарастары.

Тақырып № 19-20. ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. Қазақ ауыз әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының және басқалардың творчествосы. Ақындардың творчествосындағы азаттық және әлеуметтік тақырыптары. “Зар заман” әдеби ағымы. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Жамбыл шығармашылдығының басталуы.

Халық ағарту ісінің жағдайы. Қазақ жастары Ресей оқу орындарында. Ы. Алтынсарин-педагог, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен қызметі. Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.


Тақырып № 21-22. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ бас Қазақстан мәдениеті.

  1. Халық ағарту ісі және Қазақстандағы ғылыми зерттеу. Білім берудің бағыттары.Бастауыш мектептердің ашылуы.Училищелердің ашылуы.

  2. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылымдар. «Түркістан уалаяты» газеті, «Дала уалаяты». Жарияланған материалдардың мазмұны.Қазақтың жазба әдебиеті.Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,М.Дулатов шығармалары.


Тақырып № 23-24. ХХ ғ 20-30 ж Қазақстан мәдениеті.

1.Тоталитарлық жүйенің творчестволық шығармашылыққа қатал идеялық қысымы.Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау және жазалау шаралары.Өнер қайраткерлерінің тағдыры.

2.Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің қалыптасуы.Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары.Еңбекшілерді саяси жәнемәдени жағынан ағарту ісі. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі.Мектеп, жоғары оқу орындарының жағдайы.

3.Қазақстанда ғылымның және ғылыми орталықтардың құрылуы. Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.Ғылым академиясының құрылуы.Қоғамдық ғылымдардың дамуы.Кеңес әдебиетінің дамуы.Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі өзгерістер.Кәсіби бейнелеу өнері.Кино өнерінің дамуы.
Тақырып № 25-26. ХХғ 50-60 жж Қазақстан мәдениетінің дамуы.

1.Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерістер.Білім беру ісі.Мектептер мен жоғары оқу орындарының жағдайы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы.Мәдени-ағарту мекемелерінң қызметі.

2.Кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуы. «Тартыссыздық теориясы».Әдеби шығармалар.
Тақырып № 27-28. жж. Егемен Қазақстанның мәдениеті.

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Республика президентін сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. . Материалдық өндірістің күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу шаралары. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелер. Инфляцияның салдарлары. Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың тіршілік мәдениеті деңгейінің төмендеуінің салдары.

3.1991-2007 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай.

4.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXI ғ. басы.) Сыртқы саясаттағы Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәдени байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және мәдени қатынастар жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.

Тақырып № 29-30. Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметі

1.Бұқаралық ақпарат құралдары.Ақпарат құралдырының қызметі.Мәдениет саласын дамыту бағдарламасы.Полиграфиялық баспалардың тарихи-мәдени мұралары.Кітапханалар қоры.

2. Мәдени-ағарту орындарының қызметі. «Мәдени мұра» бағдарламасы.Тарихи мәні бар қолжазбалар.Мұрағаттардағы тарихи дерек қорларының сақталуы.Әлемдік әдебиеттің ең үздік үлгілері.Кітапханалардың қызметі.Халық өнерінің дамуы.


Семинар сабақтарының жоспары

Тақырып № 1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті.

1.Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

2.Сақ, ғұн тайпалық одақтар мәдениеті.

Бақылау сұрақтары:

  1. Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама беру.

  2. Сақ, ғұн тайпалық одақтар мәдениетін талдап, ерекшеліктерін атау.


Тақырып № 2-3. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардығы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары

2.Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы)

3.Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері

4.Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері

Бақылау сұрақтары:

1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұраларын талдау.

2.Деректермен жұмыс жасау.

3. Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері қандай?
Тақырып №4. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті

1.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал.

2.Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар.

3.Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар.

Бақылау сұрақтары:

1.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі жағдайды сипаттау.

2. Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламаларды ата.

3. Қандай ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссаларды білесің
Тақырып № 5. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.

1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті.

2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері.

Бақылау сұрақтары:

1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениетін сипаттау.

2. Қандай Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын білесің, атау қажет.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениеттің жетістіктері мен қандай күйлер болған.
Тақырып № 6. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті.

1.Қазақ хандығының құрылуы - ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.

2.Қазақ тілі мен жазба әдебиеті.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұлттық мәдениетіміз қалай қалыптасты.

  2. Қазақ тілі мен жазба әдебиетіні қалай дамыды, қандай шығармалар пайда болды?


Тақырып № 7. ХV-ХVІІ ғғ ауыз әдебиетінің дамуы.

1.Қазақтың ауыз әдебиеті

2.Жыраулар мен шешендік өнері.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазақтың ауыз әдебиеті қалай дамыды?

2.Қандай жырауларды білесіңдер және шешендік өнер қалай дамыды?
Тақырып № 8-9. Ғылым мен білімнің дамуы.

1.Қазақ халқының әдет-ғұрыптары.

2.Қазақ халқының ғылыми даналығы.

3.Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

4.Ұрпақ - тіршілік жалғасының түп қазығы.

Бақылау сұрақтары:

1.Қандай қазақ халқының әдет-ғұрыптарын білесіңдер.

2.Қазақ халқының материалдық мәдениетін сипаттау.

3.Ұрпақ - тіршілік жалғасының түп қазығы , осындай тәрбиенің мәнін ашу.
Тақырып № 10-11. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.

1.Ислам діні қалай пайда болды?

2.Мекке-мұсылмандардың қасиетті қаласы

3.Ислам діні Қазақстан мен Орта Азияға қалай тарады

4.Қазақтың ұлы зиялылары-Шоқан, ыбырай, Абай.Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ислам діні қалай және қашан пайда болды.

2.Ислам діні Қазақстанға қалай тарады?

3. Қазақтың ұлы зиялыларының дінге байланысты пікірлері қандай?
Тақырып № 12–13. ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті.

1.ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнеленуі.

2.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері.

3.ХІХ ғ 2-ші жарт мен ХХғ бас қазақтың ақын –жыраулары.

4.Қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуі

Бақылау сұрақтары:

1.ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалар ауыз әдебиетінде қалай бейнеленді .

2.Музыкалық мәдениет қалай дамыды?

3.Ақын-жырауларды ата.

4.Қазақ халқы және оның мәдениет тарихы қалай зерттелді?

Тақырып №14-15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуы және ұлттық мәдениеттердің жаңғыру мәселесі.

  1. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетіндегі жетістіктер

2. материалдық және рухани құндылықтардың дамуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетіндегі жетістіктерді атаңдар.

2.Материалдық және рухани құндылықтар қалай дамыды?


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі :

1.Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – А., 1996.

2.Назарбаев Н. Тарих толқынында А,1999

3.А.Күзембайұлы. Е.Абиль. Истроия Казахстана. Санкт-Петербург. 2004.

4.Е.Әбіл. История государства и права Республики Казахстан.

5.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.

6.Марғұлан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: 1966.

7. Маркова А.Н. Культурология. - Москва, 2001.

8. Межуев В.М. Мәдениет және тарих. – М., 1997.

9.Ә.Хасенов. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуы. – а., 1987.

10.Казахи. Историко-этнографическое исследование. – А., 1995.

11.Хасенов Ә. Қазақстанның ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениеті, Алматы,1987.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница