Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница3/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қосымша:

1. Абай Құнанбаев «Таңдамалы шығармалар жинағы» 1-2 том, - Алматы,1972ж.

2.А.Сейдімбек. Күй-шежіре. – А., 1997.

3.А.Жұбанов. Заман бұлбұлдары. – А., 1967.

4.А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. – А., 1958.

5.Ы.Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» - Алматы,1991ж.

6.Ғабдуллин Б. «Шоқан, Ыбырай, Абай дін туралы» - Алматы,1988ж.

7.Құдайбердіұлы Ш. «Мұсылманшылық шарты» - Алматы,1993ж.

8.Мұстафина Р. «Мұсылман және қазақтардың әдет-ғұрпы» - Алматы,1993ж.

9.С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына. – А., 2001.

10.Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» - Алматы, 1962ж.

11.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы,1993ж.

12.Маданов Х., Мусин Ч. «Ұлы дала тарихы» - Алматы,1994ж.

13.Сыздықов Қ. «Ақын-жыраулар», - Алматы,1974ж.

14.Х.Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері». – А., 1987.

15.М.Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті, - А., 1974.

16.Салғораұлы Қ. «Қазақтың қилы тарихы» Алматы, 1992 ж.

17.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы:Ғылым,1973,288бет

18.Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. А. «Қайнар» 2005.

19.Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. А. «Жеті Жарғы» 1996.

20.Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ мәдениетінің тарихы

(Syllabus)

Мамандығы: 050114, Тарих;

Қостанай , 2009
1. Оқытушы бойынша мәліметтер
Лектор: Анасова Айнаш Бектұрсынқызы
Байланыс телефоны: 55-72-70
Кабинеті 207, «Қазақстан тарихы» кафедрасы.

2. Пән бойынша мәліметтер
Курс атауы: «Қазақ мәдениетінің тарихы»
Кредит саны: 3

Сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

І. Алғы сөз

«Қазақ мәдениетінің тарихы» курсы Қазақстан Республикасындағы қазақ мәдениеті дамуының тарихын ашады. Оның негізіне алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі заманғы кезеңге дейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасу кезеңдері жөнінде нақты деректер береді.

Бұл курс Қазақстан тарихымен тығыз байланыста. Берілген оқу курсы алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәдениет тарихын қамтиды.

«Қазақстан мәдениетінің тарихы» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар тарихы жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайталау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірдердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-саналық қасиеттерімен ерекшеленетін «мәдениет» атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазақстан мәдениетінің тарихы — жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін құрайды. Қазақстан мәдениетінің тарихы — мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжрибесін адам санасында қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда, мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады. Қазақстан мәдениетінің тарихы заман ағысына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі. Демек, Қазақстан мәдениетінің тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты оқушылардың адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Курстың мақсаттары мен міндеттері

Халық даналығының мерей-мақтанышы-мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар.Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.

Мұндай қажеттілік пен талап ата-бабалары ғасырлар бойы арман етіп аңсаған елінің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет құрып, өз алдына отау тігіп жатқан қазақ халқының тағдырындағы өзгерістерден туындап отыр.

Бүгінгі таңда әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысанасы-адам және оның тұрмысы, еңбегі, отбасы, рухани дамуы, өмір салты болып табылады. Қазіргі таңда төл мәдениетімізді дамыту қоғамда кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік проблемалардың бірі. Сондықтан жастарға осы пән – мәдениет туралы білім берудің және тәлім - тәрбие берудің негізгі бір жолы. Ол студенттерді эстетикалық, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді:

- адамзат баласының мәдени өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

-әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы зандылықтарын айқындау;

-қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру, өзекті ғаламдық мәселелермен олардың болашағын болжау.

- Студенттерді пәннің теориялық негіздерімен таныстыру.

- Халықтың озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау,одан ғибрат алуға үндеу, тозық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру.

- Мәдениеттің дамуы туралы толық мәліметтер беру.

- Студенттерді өз туған жерін,елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, өз отбасын сыйлауға, сүюге тәрбиелеу.
Пререквизиттері. Бұл пәнді оқыту үшін жалпы білім беретін және гуманитарлық пәндерді оқыған кезде алған білімдер негізінде қажет.
Постреквизиттері. « Қазақ мәдениетінің тарихы» курсын оқыту кейін жоғары мектепке қажетті гуманитарлық, дүниетанымдық және арнайы пәндерді табысты игеруіне мүмкіндік ашады.Әсіресе, бұл пәнді басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, қазіргі таңда қазақ мәдениетінің даму кезеңдерімен танысып, білім алып шығады.

Лекциялардың тақырыптық жоспары.
Тақырып № 1. Кіріспе.

Мақсаты: Пәннің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру, оқулықтар мен деректерге сипаттама беру.

Жоспары:

1.Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәннің объектісі. Пәннің оқу-білімдік және ғылыми мақсаты мен міндеттері.

2.Басқа пәндермен байланысы және негізгі әдебиеттерге сипаттама беру.

Тарих, әдебиет, этнография т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Оқулықтар және оқу әдебиеті. Арнайы ғылыми зерттеулер. Хрестоматия. Құжаттар жинағы. Деректер.

Әдебиет Н-5,7,8

Қ-12,16,20
Тақырып №2-3. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті.

Мақсаты: Андронов, Беғазы-Дәндібай, мәдениеттеріне сипаттама беру.

Жоспар:

1.Тас дәуірі. Алғашқы қауымдық құрылыс.Алғашқы еңбек құралдары. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы қоныстары.

2.Қола дәуірі. Алғашқы қауымдық құрылысқа сипаттама. Андронов мәдениеті. Қола дәуірі. Кісі жерлеу рәсімі. Көшпелі мал шаруашылығы. Қоныстарға сипаттама. Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Тұрмыс тіршілігі. Алғашқы адамдардың қандай мәдени ошақтар мен ескерткіштер.

Әдебиет:Н-3,4,6,8, Қ-5,9,10
Тақырып №4-5. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті.

Мақсаты: Сақтар, ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылар мәдениетіне сипаттама беру, деректерді талдау.

Жоспар:

  1. Сақтар, Ғұндар. Сенім –нанымдары. «Аң стилі». Сақтар туралы деректер. Салт-дәстүрлері, тілі. Шаруашылық түрлері.

2. Үйсіндер мен Қаңлылар. Территориясы. Шаруашылығы. Мәдениеті. Жазуы. Діні.

Әдебиет Н -3,5,8,11, Қ-10,11,12
Тақырып № 6-7. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Мақсаты: Түрік қағанатының құрылу тарихын еске түсіріп, олардың және алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуын сипаттап, мәдениетіне тоқталу.

Жоспары:

1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары. Ү-Х ғғ. Түркі қағанаттары. Алғашқы феодалдық мемлекеттер. Көне ескерткіштер. Сәулет өнерінің мұралары. Суяб, Тараз қалаларының құрылысы. «Мүсін-тастар».

2.Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы). Ескерткіштердің зерттелуі және сақталуы. Мазмұны.

3.Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері. Шамандық. «Қорқыт-ата» дастаны. Салт-сана, ырым, жол-жоралғы, дәстүрлер. Мал пірлері. Бақсы, балгерлер ырымы.

4.Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері. Тұрмыста қолданылатын заттар. Киім. Баспана. Қоныс мекендеріндегі құрылыс.
Әдебиет Н-3,5,8,11, Қ-10,11,13,14
Тақырып № 8-9. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті. (2 сағ)

Мақсаты: Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениетін талдап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал. Арабтардың шапқыншылығы. Ислам дінінің таралуы. Х-ХІІ ғғ. қалалар. Ұлы Жібек жолы. Шаруашылық түрлері.

2.Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи ғылым салаларына қосқан үлесі.

Ад-Дин Әбу-л Мадж Мұхаммед – көрнекті ақын, оқымысты. Иағқуб әл-Женди әдебиетші. Хусан ад-Дин әл-Баршынлығи.

3.Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар. Ноғай ұлысы. Дастандар. Батырлар жыры. «Қобыланды», «Шора», «Едіге», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Көкше» т.б. Ғашықтық жырлар. «Мұңлық-Зарлық » қиссасы.

Әдебиет Н-3,5,8,9,11, Қ-1,4,6,8
Тақырып № 10-11. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.

Мақсаты: ХІІІ-ХV ғ.ғ. ежелгі қазақ жеріндегі ұлыстардың құрылу тарихын еске түсіре отырып, тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті. Шыңғыс хан империясы. Тілі және діні. Қалалар – сауда және мәдениет орталығы. Тұрмыс тіршілігі. Ортағасырлық архитектуралық мұралар. Жыраулар шығармашылығы.

2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары. Тілі. Әдеби мұралар. Хорезми «Махаббат наме». «Хұсырау-шырын». Саиф Сарайдың «Түрік тіліндегі Гүлстан». Дүрбек ақын «Жүсіп-Зылиха». Әбілғазы «Түріктер шежіресі». Бабыр «Бабырнама». Жыраулар шығармашылығы.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері. Музыкалық мәдениет. Фольклорлық аспаптар. Күй. Кетбұға «Ақсақ құлан» т.б. күйлердің шығу тарихы.

Әдебиет Н-5,10, Қ-17,18
Тақырып № 12-13. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті.

Мақсаты: XV-XVII ғғ. Қазақ хандығын құрылу тарихын еске түсіріп, қазақ халқының мәдениетіне талдау жасап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Қазақ хандығының құрылуы-ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі. Қазақ хандығының құрылуы. Қалалар – сауда және мәдени орталығы. Ұлттық мәдениетінің қалыптасуы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». «Тарихи Рашиди». «Шыңғыснаме». Ауыз әдебиеті.

2.Қазақ тілі мен жазба және ауыз әдебиеті. Батырлар жыры. Ғашықтық дастандар. Жыраулар шығармашылығы. Шешендер мен билер шығармашылығы. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» жырлары.Лирикалық-эпостық жырлар.

Жыраулар мен шешендік өнері.Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді т.б. Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар.

3.Ғылым мен білімнің дамуы. Қазақ халқының ғылыми даналығы. Аспан әлемі. Ғылыми даналығы. Қазақтың күнтізбесі.

Әдебиет Н-3,5,8, Қ-5,6,7,8,


.
Тақырып № 14-15.ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті.

Мақсаты:Жыраулар шығармашылығын талдау, қазақтың музыкалық мәдениетіне талдау жасау , қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуіне тоқталу.

Жоспары:

1.ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнеленуі.Жоңғар шапқыншылығы.Қазақ-жоңғарсоғысы.«Елім-ай»әні.Батырлар.Жыраулар шығармашылығы.

2.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері.Күйшілердің шығармашылығы. «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы» т.б.күйлер. Домбырашылардың шығармашылығы.

3.ХІХ ғ 2-ші жарт мен ХХғ бас қазақтың ақын–жыраулары.Ақын-жыраулардың шығармашылығы, тақырыбы. «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батырдың» толғауы. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы.

4.Қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуі. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі. П.К.Кириллов , Н.Ф.Рычков «Қырғыз-қайсақ жеріне сапары кезіндегі күнделігі». П.М.Рычков. «Орынбор қаласының сипаттамасы», «Орынбор тарихы». А.П.Левшин «қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы». В.В.Радлов. Жер аударылған демократияшыл көзқарастағы зиялылыар. А.С.Пушкин. «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу».

Әдебиет Н-3,4,6,8, Қ-1,6,9,12,19
Тақырып № 16. Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастар.

Мақсаты: Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастарды сипаттау,бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін көрсету.

Жоспар:

1.Мұралық құқығы.Әке мұрасы және мұрагерлік құқы.Әке мұрасы мен мұрагерлік ғұрпы.

2.Туысқандық қатынастар. Туыстық қарым-қатынастар. Туыстық жүйе. Ат тергеу әдеті.

3. Бала туу және тәрбиелеу.Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Шілдехана. Отын беру. Қырқынан шығару.Бесік той.Тұсау кесу. Атқа мінгізу. Он бесінде отау иесі. Тәрбие басы-тал бесік. Қазақ бесігінің сыртқы құрылысы, жасалу тәсілі және басқа жабдықтары. Бесік жыры

Әдебиет: Н-3,5,8; Қ-3,9,12,14,16
Тақырып № 17-18. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.

Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Ислам дінінің пайда болуы.

3.Ислам дінінің Қазақстан мен Орта Азияға таралуы. Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы. Діни оқу орындары.

4.Қазақтың ұлы зиялылары-Шоқан, Ыбырай, Абай.Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы. Пікірлері мен көзқарастары. Имандылық жөніндегі көзқарастары.

Әдебиет: Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15



Тақырып № 19-20.ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін көрсету, халық ағарту ісінің жағдайын сипаттау.

Жоспары:

1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. Қазақ ауыз әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының және басқалардың творчествосы. Ақындардың творчествосындағы азаттық және әлеуметтік тақырыптары. “Зар заман” әдеби ағымы. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Жамбыл шығармашылдығының басталуы.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы. Қазақ жастары Ресей оқу орындарында. Ы. Алтынсарин-педагог, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен қызметі. Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.



Әдебиет : Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
Тақырып № 21-22. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ бас Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: Алғашқы мерзімдік басылымдармен таныстыру, этномәдени экспансияның мәнін ашып көрсету, тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясатын ашып көрсету.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница