Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница6/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениетіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Сақ тайпалық одақтар мәдениеті

2.Үйсін, қаңлы мемлекеті мәдениеті

Негізгі ұғымдар: сақ, үйсін, қаңлы тайпалары.

Сабақтың әдісі:ауызша баяндау.
1.Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады.қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.

Біздің заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда парсы елінде патшалық құрған Кирдің ажалы да сақтардан болыпты. Сақ әулетін басып алмақшы болып жорыққа шыққан Кирдің әскерлеріне Кармандыкпен қарсы тұрып, оларды қанды майданда қырғынға ұшыратқан сақтар Кирдің өзін қолға түсірген. Оны тұтқындаған сақ әулетіне кіретін массагет тайпасының жасақтары екен. Грек тарихшысы Геродаттың айтуында «массагеттердің» әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!»- деп тұлыпты дарияға лақтырған.

Бұдан сабақ жасамай, сақтарды бағындыру ниетінен бас тартпаған Парсы патшасы Дария біздің заманымызға дейінгі 918 жылы ауыр қолмен сақтардың жеріне баса-көктеп кіргенде, бұл да сақтардың тегеурінді қарсылығынан қатты жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста ержүрек сақтардың талайы тапқырлығы, ерлігімен көзге түсіп, есімдерін мәңгі өшпейтін даңққа бөлеген. Солардың бірі Ширақ деген сақ жігітінің ерлігін грек тарихшысы Полишен былай суреттейді: Ол... «Өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып өзін сақ бастықтарынан қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы басқыншылары судан, шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға «мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгеніңді істей беріңдер», - деп басын құрбандыққа тігіп келгенін паш етеді.

Әлемнің көп елдерін бағындырып жеңімпаз қолбасшы атанған Александр Македонскийдің әскерлері де сақтардан ауыр жеңіліске ұшырап, қолбасшысының өзі жазылмайтын жарақат алған. Ширақтың ерлігін естіп, сақтардың батырлығы мен батылдылығынан сескенген ол әскерін кері әкетуге асыққан.

Сақтардың ұзақ жылдар дамып қалыптасқан биік мәдениеті болған.Жазуы қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген руй жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі.Осы жазумен жазылып қалған көптеген деректер қазба жұмыстарының барысында мол табылған. Сақтардың жалпы адамзаттық мәдениеттің асыл нұсқасы деп бағаланып жүрген даналық өрнектерінен (скифский зверинный стиль) бүгінгіге жеткен мұра көп. Олар Алтайдағы Пазырық қорғанынан, Алматы түбіндегі Есік қорғанынан табылған.

1969-1970 жылдарда Алматы қаласына таяу жердегі Есік өзенінің сол жақ бетіндегі Есік обасын қазған археологтар ертедегі Жетісу өңірін жайлаған сақтардың экономикалық өмірі, өнері мен мәдениетінен деректі мағлүмат беретін мол мүраға кездесті. Жалпы жұртқа «алтын адам» деген атпен белгілі болған бұл мұра басын батысқа беріп шалқасынан жатқызылып жерленген 17-18 жастағы сақ жауынгерінің бойынан табылды. Оның басына кигізілген шошақ төбелі биіктігі 60-70 см. тымақ барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, кұстың бейнесімен өрнектелген екі жүзден аса таза алтын әшекеймен безендірілген. Бас киімнің маңдай жағынан алтыннан жасалған қос аттың мүсінін және ұзынша екі жапырақты көруге болады. Мойнына таққан бұрама алтын алқаның ұшынан жолбарыстың басы көрініп тұр. Жас жігіттің жүқа тоқылған ішкөйлегі, оның сыртынан киген қызыл былғары бешпеті бар екен. Бешпет үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Беліне кесек алтынмен безендірілген қайыс белбеу буынған жас жігіттің оң жағына ұзын темір семсер, сол жағына алтынмен апталған әдемі қанжар асылыпты. Осы қабірден шыққан отыздаған ыдыстардың арасындағы күміс тереннің сыртына 26 әріптен тұратын екі жол жазу жазылған. Мазмұны анықталып әзірге оқыла қоймаған. «Есік жазуы» деп аталып кеткен бұл жазулар Қазақстан тұрғындарының бұдан екі, екі жарым мың жылдар бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін айғақтайды.

Жалпы сақтар өздері тұтынған қару-жарақ, ыдыс-аяқ тағы басқа нәрселеріне әртүрлі малдар мен аңдардың, қошқарлардың, текенің, аттың, түйенің, қодастың, арыстанның, аюдың суреттерін салып әшекейлеуді ұнатқан.Тіпті қанжардың сабын, ошақтың бұтын, айылбасты тағы басқа нәрселерді белгілі бір хайуанаттарға ұқсатып жасаған. Көшпелі сақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттері бар күмістен, темірден жасалған ыдыс-аяқ, тарақ қаруларды археологтар сақтардың жерленген жерінен де тапқан. Өлген адамның жанына бұлармен бірге марқұмның көзі тірісінде мініп жүрген аты да көмілген. Қабірдің үстіне топырақтан оба жасалып ол таспен қоршалатын болған. Сақтардың діні тәңірлік дін. Олар Көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды тіршілік мұраты деп білген. Сақтардың қалыптасқан наным сенімі биік мәдениеті болған. Олардын мәдени-рухани ықпалының ізін Казақстанмен қатарлас жатқан Иран, Ауған, Пәкістан, Үнді елдерінен күні бүгінге дейін көруге болады.

Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады.қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.

Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты. Қарсыласына қатал, досқа адал сақтар қастасқан жауының қанын ішпей тынбаған. Шайқастарда жеңілген жауының жан терісінен шылбыр, бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс жасап, жыл сайын өткізілетін мереке-мейрамдарда осындай ортақ ыдыстан ұрыстарда ерлігімен көзге түскен батырлар жұрт алдында ішімдік ішу бақытына ие болған.

2.Ежелгі қазақ жерінің кезінде орасан зор жер аумағын қоныс мекен еткен, біздің жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырда бой көтеріп, біздің жыл санауымыздың 216 жылына дейін өмір сүрген ғұн ұлысы 24 тайпадан тұрған. Бұл тайпалардың басын біріктіріп бір орталыққа қаратқан, ғұн ұлысының шаңырағын көтерген әйгілі Мөде батыр. Оның тұсында елдің шығысында Лиаухы өзенінен батыста Памир тауына дейінгі солтүстік Байкал көлінен оңтүстікке, ұлы Қорғанға дейінгі ұланғайыр өңірге үстемдік жүргізген ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сонымен бірге олар өте жауынгер халық болған. Олардың тегеуріні Шығыста Қытайдың елін, жерін қорғау үшін ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен. Батыста Рим империясының құлауына да себепші болған ғұндар еді. Олардың тізесі батқан қытайлар ғұндар туралы өз шежіре тарихында мол деректер қалдырған.

Ғұндар ұлысы ұзақ тарихи жолдан өткен. Оған қараған тайпалардың ежелгі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы, аландармен араласып кеткені, арғын, қыпшақ сияқты рулардың ғұндардан тарағаны туралы нақты деректерге сүйенген болжамдар көп. Бұл жөнінде Қазақ совет энциклопедиясының І томында «Ғылыми жағынан ерекше көзге түсетін жай - арғын тайпасының елдік аты (этнонимі) ежелгі заманда жасаған Ғұн елінің атын еске түсіреді. Сол елдің аты арғын тайпасының атында сақталды деуге болады... Қыпшақ елінің ұраны - «ойбас» немесе «ойырбас», ол ғұндардың атақты батырының аты. Бұл көптеген ғалымдардың қыпшақтар ғұннан тараған деуіне дәлелдің бірі болуы тиіс» - делінген .

Ғұндардың қазақтың арғы тегі екенін айғақтайтын далелдер олардың моласынан шыққан жүннен істелген бұйымдардың, ою-кестелердің, өрнектердің олардың құрылымы жағынан қазак арасында. кең тараған ою-өрнектермен ұқсастығынан да табылған демек, үйсін, қаңлы аландардың, арғын, қыпшақтардың мәдениеті сақ, ғұн тайпалары мәдениетінің заңды жалғасы деуге әбден болады. Негізінен түркі тілінде сөйлеген ғұндар

дың діні тәңірелік дін, жазуы түркі жазуы болған.

Ғұндардан тараған тайпалардың қазақ халқының тарихи-мәдени болмысын, бет-бейнесін қалыптастыруға зор үлес қосқанын айту керек.

Солардың бірі үйсіндер туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымыздан бұрынғы екінші ғасырда белгілі болған. Жетісу жерін Шу, Талас, Іле өзендерін Қаратаудың шығыс бетін қоныс еткен үйсіндердің қолөнер кәсібі, темір, ағаш өңдеу, үй кәсіпшілігі өрмек тоқымашылығы қатты дамыған. Олар қоладан, темірден, қару-жарақ, еңбек, өндіріс құрал-саймандарын, таға, қазан жасай білген. Әшекейлі ою-өрнектер-мен безендіріліп алтын, күмістен жүзік, білезік, сырға, алқа, түйреуіштер істеген, тері илеп одан киім-кешек тігіп, өрмекпен жүн мата тоқыған. Үйсіннің қазба мұралары бұл тайпа мәдениетінің үш кезеңнен өткенін айғақтайды. Бұлардың алғашқы кезеңі біздің заманымыздан бұрынғы 3-1 ғасырлар болса, орта кезеңі -біздің заманымыздың 1-3 ғасырлары, соңғы кезеңі 3-5 ғасырлары болды. Бұл айтылған кезеңдердің алғашқысында қыш құмыра ыдыстар қолмен жасалған, әрі шағын, қарапайым болған. Орта кезеңдегілері қолмен істелген арнаулы дөңгелек арқылы айналдырып өңделген және ірірек, бүйірлі іші тереңірек болып келген. Соңғы кезеңдегілері ар-наулы дөңгелек арқылы сапалы істелген. Ол ыдыстар жақсы күйдірілген саз балшықтан жасалып, сырты әралуан өрнектермен әшекейленген.

Үйсіндер жайлаған жердегі обалардан табылған сәндік бұйымдарға көшпелі тұрмысты, аңшылықты, үйсіндердің наным-сенімдерін бейнелейтін суреттер, арыстан, жолбарыс, қабылан, құлжа, тауешкі, бұғы, бөкен бейнелері салынған. Ерттеулі атты ұстап тұрған адамдардың мүсіні қойылған шамдалдар, түйелі көш,

әр алуан құс бейнелерімен нақышталған әйелдердің сәндік бұйымдары үйсіннің өнері мен мәдениетінің әжептәуір дамығанын дәлелдейді.Қазақтың халық болып қалыптасуына өзекті ұйтқы болған қаңлылардың да үйсіндермен деңгейлес мәдениеті болды.Қаңлылардың ресми жазба заңдары болган Олар ата-ананың аруағын қатты сыйлаған. Жыл сайын маусым айында ата-бабаларды еске алу рәсімін өткізіп тұрған. Музыка мәдениеті күшті дамыған қаңлылардың қос шекті, бес шекті музыка аспаптары, даңдабыл, сыбызғы, сырнайлары болған. Қаңлылардың жазу мәдениеті болған. Рухани деңгейі биік салт-дәстүрі қалыптасқан қаңлылар біздің жыл санауымызға дейінгі 1-2 ғасырларда 200 мың үйі, 600 мың жаны, 120 мың әскері бар ірі мемлекеттердің бірі болған. Қаңлы елі мен шектесіп жатқан алаңдар да мәдениеті дамыған, шаруасы шалқыған ел екен. Арал теңізінің маңын қоныс еткен алаң елінің ауа райы жылы, жері құнарлы, шөбі шүйгін, малға, егіске қолайлы, жеміс-жидегі жеткілікті болыпты. Бұл жердегі алаңдар алшын, алаша, алаш сияқты Кіші жүз руларын өрбіткен үлкен тайпа болған деседі. Жалпы қазақ халқының негізін қүрайтын сақ, ғұн тайпаларының одағы, оған кіретін ру, ұлыстар қазақ мәдениетінің қайнар бастауында тұрған.

Бақылау сұрақтары:

1.Ғұндардың мәдениетін сипаттау.

2.Үйсіндердің мәдениетіндегі ерекшеліктерді ата.

Әдебиет Н -3,5,8,11, Қ-10,11,12

6-7. Тақырыбы: Ежелгі қазақ жеріндегі V-X ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Мақсаты: Түрік қағанатының құрылу тарихын еске түсіріп, олардың және алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуын сипаттап, мәдениетіне тоқталу.

Жоспары:

1. Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары

2.Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары «Қорқыт ата» кітабы, «Оғыз наме»)

З.Түркі тілдес тайпа халықтарының наным-сенімдері

4. Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері
1. Қарахан қағанатының астанасы сән-сәулеті, ғылым-білімдегі табыстары мен аты шыккан Баласағұн қаласы. Қазак жерінде бұл сияқты қалалар аз болмаған. Еуропа мен Азияны, Батысы пен Шығысты байланыстырып жатқан отырықшы ел мен көшпелілер қарым-қатынасына өзек болған қалалардың арасында ұлы жібек жолының бойында жатқан Суяб, Тараз қалалары құрылысы, сәулет өнерінің өзгешелігімен көзге түскен. Осындай мәдени орталықтардың бірі Отырар туралы жиналған көп мағлүматтар бар. Ол ертеректе Тарбан деген атпен белгілі болған. Арабтар осы дәуірге келіп орныққаннан кейін оны Фараб деп атаған. Отырар туралы Француз деректемелері де аз емес. «Шығыс халықтары туралы негізгі мағлүматтардың әмбебап сөздігі» немесе «Шығыс кітапханасы» деп аталатын Бартолоэ Д. Эрбело 1697 жылы бастырып шығарған кітапта бұл қала емес, жерінде нулы орманы, өңделген жер учаскелері бар бүтіндей бір ел, оның ені мен ұзыны жүріп кеткенде күншілік уақыт алатындай кең деп көрсетілген. Зөулім үйлері, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған ғимараттары бар бұл қалада ең бай кітапхана болған.Осы қала туралы Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде - руналық жазбаларда да деректер кездеседі. Тараз, Суяб, Отырар, Сығанақ, Испиджаб, Қаялық сияқты қалалар Византия, Иран, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістандағы елдермен сауда жасауда, мәдени байланысты өрістетуде үлкен роль атқарды. Мәселен, Батыстан келе жатқан керуендер Испиджабқа тоқтап, Созақ, Құмкент, Баба-ата сияқты қалаларға соғып, Орталық Казақстанның ұланғайыр далаларындағы көшпелі елдерге бет алатын болған. Керуен жолындағы қалаларда сауда-саттықпен бірге қолөнершілік, сәулет өнері кеңінен дамыды. Қолөнердің осы уақытқа жеткен, қазба зерттеу барысында табылған үлгілері ол кезде темірден, тастан, алтын, күмістен әшекейлеп жасаған сәндік бұйымдар, тұтынатын заттар болғанын дәлелдейді. Сонымен бірге осы аймақтардың тұрғындары ұрттаған, қолданған аспаптар, құралдар, әбзалдар олардың иелерінің мәдени дәрежесінің, өмір тәжірибесінің осал болмағанын байқатады. Оларға сәулет өнерінің жұрнақтары тастан қашалған, тастан істелген үлгілерді қоссақ көз алдымызда белгілі дәреже, биік дамыған мәдениеті бар бүтіндей бір өсемдік әлемі пайда болады. Әсіресе, соңғы жылдарда табылған тастан істелген үлгілердің өздерінің қайталанбайтын ерекшеліктерімен көз тартатынын айтуымыз керек.

Түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болған көшпелі және жартылай көшпелі қаңлы, қарлұқ, шігел, тұқси, яғма, оғыз, қимақ, қыпшақ сияқты евроназия құрылығын еркін жайлаған тайпаларда өздерінің өмір сүрген, мекен еткен, қоныс қылған жерлерінде тастан жасалатын өрнектелген белгілер қалдыру әдеті болған. Еуропалықтар кумандар деп, орыстар половцылар деп атаған осы тайпалардан қалған ескерткіш тастар ресейдегі қара топырақты аймақтың ұшы - қиырсыз далаларынан да кездеседі. 80-інші жылдарда Ворошиловград Мұражайында ашық аспанастына қоршалғаналаңдағы көрмеге осындай 58 тас мүсін қойылған. Әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын үлгіде жасалған осы туындылардың арасында сәбиін көтерген ананың тастан қашалған мүсіні бар екен. Осындай мүсінді 1860-жылдарда ішкі Ордадағы нарын құмынан орыс жағрапия қоғамының мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов тапқан. Қазір Санкт-Петербургтегі эрмитажда жұрттың тамашалауына қойылған бұл мүсін тас жөнінде «ішкі ордадан табылған тас қатын» деген атпен ол «Пчела» журналына мақала жарияланған.

Түрік тілдес халыктар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның өнерлік сипатына айрықша мән берген. Соны айғақтайтын Оңтүстік-Сібір, Орталық және Орта Азия жерлерінде балбалтас, сағанатас, мүсін-тас, қүұлпы-тас ескерткіштері жиі ұшырасады. Олардың атауы сыртқы түріне, қашалып жасалған формаларына қарай пайда болған. Бұғыны көз алдына әкелетіндіктен осындай ескерткіштер бұғытас деп аталса, бағана сияқты биік тас діңгекбағана тас, жай тастан қашалып қойылған белгі сияқты болып келсе оны балбал тас деген. Соңғыларын ежелгі қыпшақтар «білбіл» деп атаған, адам бейнеленген тасты «мүсін тастар» деп атайды. Олардың арасында әйелді бейнелейтіндері көп кездеседі. Қазақстан, Алтай, Монғолия даласында «қызтас», «келіншектас», «кемпіртас» деп аталатын, сондай-ақ атаусыз жай әйелді бейнелейтін тастар да жиі ұшырайды. Құлпытасты, мүсінтасты көне түрік заманында елдің көсегесін көгерткен көсембасшыға, белгілі батырға, жүйріктігімен аты шыққан жыраулар мен шешендер зиратына қоятын болған. Мүсін тастардың үлгісі әр дәуірде әртүрлі болған. Олардың жасалуын өздерінің үлгілеріне, ерекшеліктеріне қарап Әлкей Марғүлан үш кезеңге бөлген. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-І ғасырлармен біздің заманымыздағы V ғасырлар аралығында қойылған тастан жасалған ескерткіштер мейлінше биік келеді де олардың ұшар басына әйелдің немесе ер адамнын бас пішіні бейнеленеді. Екінші кезеңдегі, яғни, V-VІ ғасырлардағы тас мүсіндер бұрынғыдай биік емес орта мөлшерде, адамның сыртқы тұрқын ғана елестететіндей етіп қашалған. Ал VI-VIII ғасырлардағы соңғы кезеңде тастан жасалған мүсіндерден адамның бет-бейнесін, көзін, мұрнын, мұртын, құлағын, әйел болса сырғасын, моншағын айқын аңғаруға болады. Олардың арасында қару-жарақ асынған жасақтардың бейнесі де кездеседі.

Ашық далаларда, жота төбелерде жерден кісі бойы тіпті одан да биік көтеріліп тігінен тізбектеліп түрған балбал тастар да кездеседі. Олар Қазақстанда Жасыбай келінің маңынан жиі ұшырасады. Осындай тастардың күмбез көтеру үшін, мазарлар, минареттер,мұнарлар салуға пайдалануы, құрылыс материалдарының барған сайын күрделеніп, бұрын саз балшық, қамыс, шиден салынып келген үй-жайлардың енді күйдірілген кірпіштен салынуы, олардың қабырғаларының, биік босағаларының неше түрлі ою-өрнек нақыштармен безендірілуі V-Х ғасырлардагы Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі өмір сүрген қағанаттарда аз болмаған. Көне түрік заманында желісі тартылған мәдени үлгілердің дамуы, тың тәжірибелердің жемісімен толығуы осы қағанаттар тұсында да іске асқан. Желдей ескен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан адамзат көшінің тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп өткен алыстағы арғы тегімізді құрайтын адамдардан қалған ондай мәдени мұраларды археологтарымыздың қазба жұмыстарының барысында көп тауып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде.

Енисей бойында Минуиск қаласының маңында екі мәрте болып қазба жұмыстарын жүргізген фин археологиялық қоғамының экспедициялары да өздеріне түсініксіз таңбамен толтырылған тастан жасалған ескерткіштер кездескені туралы хабарлар жариялайды. Ондағы таңбаларда Ядринцев экспедициясы тапқан тастағы қашалған жазуға ұқсас еді. Рунь (жұмбақ) жазудың сырын ашуға көптеген ғалымдар ынтызарлық білдіреді. Қалмақ немесе монғол жазуы, кент жазуы, скиф славян жазуы деп жорамал айтып сәуегейлік жасаушылар да аз болмаған. Бірақ ол жазулардың ғылыми жолмен сырын ашып, оқып беру керектігін, мұның әлемдік маңызы бар жаңалық болатынын ғылыми көпшілік жақсы түсінді.

Осындай жаңалықты бір мезгілде ашқан, 1898 жылы жұмбақ жазулардың сырын анықтаған, олардың таңбаларының бүгінгі белгілі бір нақты әріптерге сай келетінін және бұлардың көне түрік тілінде жазылғанын ғылыми жолмен ешбір күмәнсіз дәлелдеп берген екі адам болды. Оның бірі - Данияда түратын скандинавия, фин жазбасының тарихымен шұғылданып жүрген белгілі ғалым Вильгельм Томпсен, ал екіншісі орыс ғалымы шығыстанушы, академик В. В. Радлов болды. Соңғысы Ядринцев назар аударып айрықша мән берген екі үлкен сағана тастағы жазуларды түгелдей оқып, орыс, неміс тілдеріне аударып, әлемдік ғылыми жұртшылығының игілігіне айналдырды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница