Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница8/19
Дата конвертации03.11.2012
Размер2.2 Mb.
ТипЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Бақылау сұрағы: 1. Қандай көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұраларын білесіңдер?

2.Әдеби жазба ескерткіштерді атап, олардың ерекшеліктерін ата. (Орхон, Енисей жазбалары «Қорқыт ата» кітабы, «Оғыз наме»)

З.Түркі тілдес тайпа халықтарының наным-сенімдері қандай болған?

4. Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері жөнінде не білесіңдер?
Әдебиет Н-3,5,8,11, Қ-10,11,13,14

8-9. Тақырыбы: Х-ХІІ ғасырдағы ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті.

Мақсаты: түркі тілдес тайпалардың мәдениетімен танысу, ғұламалардың шығармашылығын анықтау және ноғайлы дәуіріндегі жыр қиссалардың шығу тарихы мен тақырыптарымен танысу

Жоспар

1. Көне түркі тайпаларының мәдени өміріндегі ақуал.

2. Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар.

3. Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар.

1.VIII ғасырдағы арабтардың Солтүстік Африканы, Испанияны жаулап алуы, Таяу Шығыс пен Орта Азияға, Қазақстанға баса көктеп енуі бұл жерлердегі халықтардың саяси, рухани, мәдени өмірін үлкен өзгерістерге ұшыратты. Соның бірі осы жаулап, күшпен басып алған елдердің халқын арабтандыруға бағытталған шаралардың іске асырылуы болды. Соған байланысты бұрыннан бар, ертеден келе жатқан мәдени ғимараттар, мектептер, медреселер, тарихи ескерткіштер қиратылып, жергілікті тілде сөйлеуге, оқуға, кітап шығаруға тиым салынды. Мемлекеттік ресми тіл араб тілі болып жарияланып, осы тілде оқытатын мектептер ашылды. Араб тілінде кітап шығару жолға қойылды. Сонымен бірге арабтың классикалық ғылымын байытатын, даңқын дүние жүзіне жаюға үлес қосқан Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан оқымыстылар да аз болған жоқ.Орыс ғалымы Ю. Рушко өз еңбектерін араб тілінде жазған көптеген астрономдар мен математиктердің Хорасан, Трансоксания,Бактрия, Ферғана сияқты жерлерден екенін айтады. Бағдад қаласында Таяу Шығыс пен Орта Азиядан шыққан көптеген әдебиетшілер мен оқымыстылардың болғанын В. В. Бартольд да атап көрсеткен. Бағдатта арабтар басып алған елдерден жиналған үш жүзден астам ғалымдардың Грек, Рим, Үнді тілдеріндегі кітаптарды араб тіліне аударып, олардан төл туындылар жасауы арабтардың ғылымы мен мәдениетін жаңа сатыға көтерді, олардың мазмұнын байытып, ғылыми дәрежесін биіктетті.

Орта Азия мен қазақ жерінің араб Халифатына қарауы бір жағынан арабтардың мәдениеті мен ғылымын дамытуға әсерін тигізсе, екінші жағынан жергілікті халықтардың мәдениетінің дамуына да игі ықпал жасады. Араб тілінде оқыту, араб тіліндегі әдебиеттің тарауы, ислам дінінің өркендеуі Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың мәдени өрісін кеңітті. Бұл жерлерде жалпы білім беретін мектептердің, кітапханалардың көбеюі халықтың білім дәрежесін көтеруге көмектесті. Кітапханалар әдетте мешіт, медреселер жанында болды. Медреселер ол кезде діни оқу орны болуымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты. Олардың қабырғасында ғылымның оқытылуына кейінірек тиым салынды да, мұның өзі мәдени өсіп өркендеуге кері әсерін тигізді. Біз сөз етіп отырған тұста, яғни X ғасырда, медреселердің Орта Азияда, Хорасан, Маве-реннахрда, Бұхарада пайда болып соның үлгісімен тек XI ғасырда ғана арабтың Бағдад сияқты басты қалаларында бой көтеруі Орта Азия мен Қазақстан жерін жайлаған халыктардың мәдени дәрежесінің арабтардан біршама жоғарырақ болғанын байқатты.Айта кету керек, VIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінің біріне бірі бағынбайтын, тәуелсіз ұсақ хандықтарға бөлінуі арабтардың оларды көп қарсылықсыз басып алуына мүмкіндік жасады. Бұл басқыншылық жорықтар барысында осы хандықтардың кейбіреулері арабтардың тегеурініне шыдай алмай жойылып кетті. Кейбіреулері Ислам дінін қабылдап, діндерінін елдігінен айрылмады. Сөйтіп, Қазакстанның оңтүстігінде өзінің дербес елдігін сақтап қалған Қарахан қағанаты солардың бірі болды. Қазақ халқының мәдениетін қалыптастыруға елеулі еңбек сіңіріп із қалдырған, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бойын құтты қоныс еткен бұл иеліктің Білге құл Қадірхан, Әбділкәрім, Сатұқ Қарахан, Мұхаммед Насыр, Сүлеймен Жүсіп, Ыбрахим Арыстан, қылыш Арыстан сияқты қағанаттың қабырғасын қалаған, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен, дербес, егеменді елдігіне, мәртебелі мемлекеттігіне жол салып, атақ даңқы бүгінгі ұрпаққа жетіп жатқан айтулы ерлері, ақылы асқан данышпан даналары елдің бірлігін нығайтуға, мәдениетін, рухани қазынасы мен дінін дамытуға қамқоршы болды. Бұл елден X ғасырдың басында Ислам дінін бірінші болып қабылдаған қара-ханидтер әулетінің ру басы Сатук болды. Оның ұлы Бограхан харун-б-Муса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Сөйтіп жаңа дін көшпелілер арасында, Қарахан иелігімен қанаттас жатқан қыпшақтар арасында да кеңінен тарай бастады. Бұл аймақтарда, әсіресе қалалы жерлерде, бұрыңғы шіркеулер құлатылып олардың орнына мешіттер, алқалық ғибадат үйлері бой көтерді. Мөселен Жетісудағы Тараз, Мерке шаһарларындағы шіркеулердің орнына мешіттердің салынуы сол тұста іске асты. Осы өңірдегі Баласағұн қаласында Х-ХІ ғасырлардың бірінде бой көтерді деп саналатын, кезінде елдің назарын өзіне тартып тұрған еңселі де ерекше сөнді мешіттің мұнарасы осы уақытқа дейін сақталған. Сонымен қатар бұл тұста Қазақстан қалаларында мешіт, ғибадат орындарымен бірге қала жұртшылығының көпшіліктің жуынуына арналған моншалар салына бастайды. Басқа да араб үлгісіндегі ғимараттар, сәнді құрылыстар бой көтерді. Сол кезде салынған қарахан қағанатынан қалған Қарахан, Айша бибі, Бабажа қатын, Аяққамыр, Алашахан, Сырлытам сияқты күні бүгінге күмбірлеп тұрған күмбездер, басқа да құрылыстар қағанатта сәулет өнерінің, медениеттің қаншалықты күшті дамығанын байқатады. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабажа қатын мен Айша бибі күмбездерінен күні бүгінге дейін оларды көріп тамашалап жүрген адамдар арылмайды. ХІ-ХVІ ғасырға жататын бұл құрылыстардың жұрнақтарында сақталған өсімдік бедерлерімен ою-өрнектері, әшекейлері өздерінің нәзіктігі, сәнділігімен көз тартады. Сырдарияның төменгі ағысындағы бұдан 800 жыл бұрын салынған Сырлытам күмбезі күйдіріліп оймышталған, Сарысаз тақталармен безе-ндірілген Қасбеті сақталған. Соның өзі де бабаларымыздың эстетикалық талғамының каншалықты биік болғанын аңғартқандай.

Х-ХІІ ғасырлардағы Ордакент (қашғар), Тараз, Үзген, Баласағун, Мерке, Құлан сияқты қалаларда зергерлік және саз балшықтан ыдыс-аяқ, сәндік бұйымдар құю сияқты қолөнерінің қатты дамығанын көреміз. Жылтыр сыр жалатылып, ою тәрізді араб өріптеріне ұқсас әшекейлермен безендірілген қыштан жасалған қазба зерттеу жұмыстарының барысында табылған ыдыстар өздерінің әсемдігімен көздің жауын алады. Олардың кейбіреулеріне діни мазмұндағы алуан түрлі оң тілектер мен өсиеттер жазылған. Мұндай жазулар солардағы мыстан, қоладан жасалған бұйымдардың да сыртқы бетінен кездеседі. Бұл ыдыстарды, сондай-ақ, бұл жерлердегі сәулет өнерінің туындыларын көріп тұрғанда оларды әшекейлеп безендіруге, сәндеуге тигізген басқа елдердің, өсіресе шығыс елдерінің өнер-өрнегінің, өнер жетістігінің ықпалы мен өсерін де байқайсыз.

Әлемнің, дүниенің шартарабының байланысы, қарым-қатынасы барған сайын күшейіп келе жаткан орта ғасырдың бастапқы кезінің де өзінде-ақ елдерге әлемдегі төрт патшалық жөніндегі ортақ пікір кеңінен тарады. Бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән қайталанбайтын ерекшеліктері бар деп есептелді. Осыған орай олар жұртшылык санасында оңтүстікте піл патшасы (үнді елі) батыста - бағалы, құнды заттар патшалығы (Иран, Византия), Солтүстікте -арғымақтар патшалығының иелігі (түрік, қағанаттары), Шығыста-адамдар патшалығының империясы (Қытай) болып бөлінді. Осы патшалықтардың арасында тығыз қарым-қатынас, алыс-беріс, бірінің жетістігін екіншісінің игеруі сияқты игі істер кеңінен өрістеді. Оның өрістеуіне батыс пен шығысты, шығыс пен батысты жалғастырып сауда-саттық мәдени байланысты өркендетуге арқау болған Жібек жолы мықты ықпал жасады. Шығыстан батысқа Қытайдың Жібек тауарларын тасымалдау үшін ашылған бұл жолмен батысқа ағылған саудагерлер батыстан алтын, алмаз, аң терісі, қару-жарақ, жылқы алып кайтты. Осы жолдың нақ ортасындағы Қазақстан қалалары шығыс пен батыстың байланыс аясына кеңінен тартылды. «Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан» деген еңбегінде К. Байпақов пен А. Нұржанов атап көрсеткендей Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа тоғысқан Қазақстан қалаларында біріне бірі мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған мәдениет жасай алды»

Шынында, қалалар халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін қалыптастыруға, өнерін өркендетуге үлкен үлес қосты. Жоғарыда біз үзінді келтірген кітапта орта ғасырдағы Қазақстанда ірі мәдени ошақтардың бірі Испиджаб қаласы болғаны айтылады. Ол бірсыпыра деректерде Сайрам деген атпен белгілі. Ол X ғ. мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстаннын оңтүстігінде жатқан Сыр бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран, Янгикент, Жетісудың Тараз, Құлан, Мерке, Суяб шаһарларын қапсыра қамтыған, қарауында ұстаған Испиджаб округі ретінде де танылған. Испиджаб басқа жерлерге ақ мата, кару-жарақ, семсер, мыс, темір сияқты нәрселерді шығарып тұрды. Сонымен бірге құл ретінде әртүрлі түрік тайпаларынан қолға түскен тұтқындарды сатумен әйгілі болды.

Иран, Түрік тілдерінде сөйлейтін, сондай-ақ, әртүрлі дінді ұстанған қала тұрғындарының елеулі бөлігі қолөнершілікпен айналысты. Олардың арасында ұсташылық, зергерлік, емшілік, тоқымашылық, былғарышылық, қыш көзе, әйнек жасау сияқты кәсіп иелері аз болған жоқ.

Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қалалардың ірісі-Отырар болған. Ол туралы тарихта мол мағлұмат сақталған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы ірі қалалар Сайрам, Түркістан өңіріндегі Яссы, Сырдария бойындағы Сауран, Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген оғыздардың Жент, Янгікент, Қора, қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһарлары қазақ мәдениетінің қалыптасуына, өсіп-өрбуіне, дамуына күш-қуат берген, арқау болған қалалар.Бұл қалалар әртүрлі жағдайда қирап, құлап, құрып, жойылып кетті. Бірақ олар кейінгі ұрпаққа мәңгілік мәдени мұра, өшпес өнер туындыларын, салт-дөстүр, жол-жоралғысын қалдырды. Осы қалалардан аты айдай өлемге мәлім болған ғұлама ғалымдар, ақын жыршылар, өнер адамдары көп шықты.

2 Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасырда өмір сүрген аттары Шығыс пен Батысқа, бүкіл әлемге кеңінен таныс болған, өздерінің ғылымға қосқан үлесімен дүниежүзілік дамудың барысына елеулі ықпалын тигізген ғұлама ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп-Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Иассауидың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетудің жөні бар. Әл-Фараби Мухаммед ибн Мұхаммед уз лаг Тарахни Әбу Насыр Әл-Фараби - 870-950 жж.) дүниежүзілік білім мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі тарихындағы екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, жан-жақты білімдар ғалым, өнер зерттеуші, ақын болған кісі. Сыр бойындағы Отырар қаласында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауданы) туып, Дамшық шаһарында қайтыс болған.Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде, Иракта, Мысырда, Шамда оқып білім алған. Философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең білім алған.Ол ғылымның осы арналарының бірде-бірін назарынан тыс қалдырмай оларды дамытуға, елеулі үлес қосты. Ол ғылымның осы салаларынан 160-қа тарта трактаттар жазып онда құнды пікірлер айтты.Оның өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеу оның туғанына 1100 жылдығын атап өтуге байланысты мақсатты сипат алды. Казақстан ұлттық ғылым академиясы бұл мәселемен дәйекті шұғылданды, соның нәтижесінде республикамызда оның еңбектері 7 том болып жарық көрді. Бұл үшін Мөскеу, Ташкент қалаларындағы,бақытты, бай, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты деп түйеді. Жан-жақты білімі бар, өділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді дейді. Ол сонымен бірге тірліктің тетігі еңбек, білім, адалдық пен тазалық екенін айтты. Ақындықтың мәні туралы трактат». Данышпандықтың інжу-маржаны»,(«Ғылымдардың шығуы» т.б. еңбектерінде ол қоғам дамуының, адам болмысының мәселелері жөнінде философиялық тұрғыдан терең пікірлер айтты. Жүздеген еңбек жазып халқының рухани, мәдени қазынасына үздік үлес косқан Әл-Фараби халқының қайталанбас ұлдарының бірі болды.

Осы Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фарабидің шәкірті болған Әбу Насыр Исмаил бин-Хаммад Әл-ЖауҺари да Отырар маңындағы Жауһара деп аталатын елді мекенде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап Басрада, Шамда, Бағдадта, Харасанда, Дамғанда болып терең білім алып зерделі зерттеуші, айтулы ақын өнер иесі болып қалыптасады. Ол «Ас-Сихах» (»Ақикат», «дұрыс», «заңды») деп аталатын араб тілінің табиғатын танытатын теңдесі жоқ тамаша еңбегін жазып ұрпаққа ұлағатты туынды қалдырады. Орта ғасырдағы Тұран өлкесінен шыққан Әбу-Бәкір ән-Наршаһи (899-960 жж.) «Бұхара тарихы» деп аталатын бағалы мұрасы арқылы тарихта атын қалдырған. Казақ тарихына тікелей қатысты еңбек ретінде кезінде Абай оқып пайдаланған бұл шығармада ол Бұхара, Түркістан, Қорасанда болып өткен тарихи оқиғаларды, әлеуметтік өзгерістерді баяндау арқылы кейінгі ұрпаққа алыстағы ақиқат шындықтың мол деректерін өсиет еткен. Бұл аталған ойшыл-оқымыстылардан шоқтығы биігірек болмаса кем емес, қазақ жерінің мақтанышы, ғылым мен мәдениет өлеміндегі шоқ жұлдыздардың бірі Жүсіп Хас Хаджи Баласағұни (1021-1075 жж.) қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның елеулі бөлігін қамтып жатқан Қараханидтер мемлекетінің екі рет астанасы болған Баласағүн (Құз Орда) қаласында дүниеге келіп, сол қалада өмір сүрді.XIX ғасырдың басынан мәлім болған «Құдатғу біліктің» Қаир, Вена, Наманған қалаларында сақталған нұсқаларының 1942-1943 жылдарда Стамбулда үш кітап болып басылып шығуы әлемдегі мәдени өмірдің аса маңызды оқиғасы болды. 73 тараудан 6407 беттен, 12814 өлең жолдарынан тұратын бұл мұра 1971 жылы Ташкент қаласында жарық көрді. Бұл еңбек қазақ оқушыларына ана тілінде әлі толық жетіп болған жоқ. Бірақ соның өзінде де Баласағұнды білмейтін, оның накыл сөздерін айтпайтын қазақ аз. Мөселен оның аузынан шықан мына мақал-мәтелдерді кім білмейді: «Сөздің көркі мақал», «Ауру қалса да әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» немесе «Маңайлама ар-ұяттан безгенге, мыңдап алғыс инабатты сезгенге», «Ізгі атымен ер алғысқа бөленеді», «Құр атақ қуған ер өзінің түбіне жетеді», «Сен дүние-малға сұқтанасың, саған өлім сұқтанады», «Сақтана біл сараңдықтан өспейтін, Жомарт ердің аты қалар өшпейтін», «Дүниеге жаям десең атыңды, жолаушыға қызмет қыл татымды».

Қазақ жерінде дүниеге келіп, халқымыздың мәдениетін дамытуда, дәстүрі мен салт-санасын қалыптастыруға үлкен үлесі бар ұлылардың бірі Махмұд Қашқари. Оның әкесі Хусайын мен бабасы Мұхаммед ХІ ғасырдағы Жетісу өлкесінің ірі мәдени орталықтарының бірі Барсаған қаласында (Ыстықкөлдің шығыс-солтүстігінде) туып өскен. Түркі халықтарының белгілі қаласы Қашғарға көшіп келіп, Махмұдтың бүкіл саналы өмірі сонда өткен.Ол 1029-1038 жылдар аралығында дүниеге келген деп есептеледі. Оның атақ-даңқын шығарған «Түркі тілдерінің лұғаты» (»Диуану луғат-ат-түрк») деп аталатын еңбегі. Ол араб тілінде жазылған. Оған кіріспестен бұрын Махмұд Қашқари түріктің елі мен кең даласын тегіс аралап, түркі тілдеріне қатысты мол материал жинаған. Ол өз еңбегінде қыргыз, қыпшақ, оғыз, түхси, ягма, чыгыл, ығырақ, ярук тілдерін «таза түркі тілдері» деп атап, оларға ортақ, бәріне бірдей түсінікті, ұғынықты сөздерді алып, олардың мәні мен маңызын, сөздік қасиеттерін тексерген, талдаған. Жалпы теңдесі жоқ тамаша бұл туындымен танысқан адам қазақ жеріндегі құнарлы да қымбат әдеби мұраларға бай, онда өмір кешкен ата-бабалардың мәдени дәрежесінің биікте, парасатты болғанына даусыз дәлел тапқандай болады.

Х-ХІІ ғасырлардағы қазақ топырағындағы ғұламаларды сөз еткенде XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген, өз заманының ереулі ақыны, өнегелі білімпаз, оқымысты Ахмет Йүгінеки (толық аты-жөні: Әдиб Ахмет ибн Йүгінеки) туралы айтпасқа болмайды. Жасынан зағип болып мүгедектіктің михнатын тартқан ол Түркістан қаласына жақын жердегі Жүгінек деген жерде дүниеге келген. Сол жерде оның асқан ақындығымен аты шыққан. Онан қалған мұралардың ішінде төрбие, білім, абзал адамгершілік, кіршіксіз кісілік талаптары туралы әңгіме, ақыл-кеңестер бар. «Ақиқат сиы» деп аталатын шығармасы жұртқа кеңінен тараған. Кітаптың бүгінге жеткен үш түрлі нұсқасы бар. Солардың бірі - Ыстамбұлда Топ-қапы сарайында сақтаулы қолжазбадан қазақ тіліне аударылған баламасы (аударған Б.Сағындықов).Ол 1991 жылы «Ежелгі қазақ әдебиеті» деген кітап арқылы қазақ оқырмандарының назарына ілікті. Онда Ахмет Йүгінеки қандай қасиеттерімен құнды, бұлды болатынына көңіл бөліп, алдымен адам үшін қажетті нәрсенің білім екенін айтады. «Бақыт жолын білімнен ізде, білімді кісі бағалы динар, білімсіз құны жоқ қара бақыр, білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты», - деп өз замандастарын білім алуға, ғылымды игеруге үндейді. Оның әдептілік пен ибалылық туралы айтқандары да адамгершіліктің өнеге өлшемдерімен ұштасып жатыр. Әдептіліктің бір шарты тілді тыю, орынсыз сөйлемеу екенін айта келіп, «Тісің сынбасын десең тіліңе ие бол, оқ жарасы жазылады, тіл жарасы жазылмайды», - дейді. Оның жомарттық, қайырымдылық, қаталдық пен қайырымсыздық, сараңдық, тойымсыздық пен дүниеқоңыздық туралы, ашу мен алаңғасарлық, сабыр мен салауаттылық жөнінде айтқандары, достықты дәріптеуі «Мың дос аз, бір дұшпан көп» деуі адам боламын деген кісінің қандай қасиеттерге ие болуға тиіс екенінен хабар береді. Түркістан өңірінде Иугінеки жалғыз болмаған. Оның замандасы Хакім ата деген атпен белгілі Ахмет Иассауидің шәкірті «Бақырғани кітабы» (Ақырзаман кітабы) деген жазба мұрасын қалдырған, XII ғасырдың басында өмір сүрген Сүлеймен Бақырғани да түркі тектес халықтардын, оның ішінде бүгінгі қазақ халқы мәдениетінің негізін қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірген. Адамгершілік асыл қасиеттерін қандастарының бойына орнықтыру үшін аянбай атсалысқан. Бақырғани адам бойындағы жамандықты, жігерсіздікті, маскүнемдікті өлтіре мінеп шенеген. Ол малына көңілі өскен мақтаншақты «Малыңа көңілің өсіп дүниеге симаушы едің, қара жерге қайтіп сиясың»,-деп, тәубаға келтіреді. «Қанша пікір етсең де, өлімге жоқ еш ылаж, барша туар өлім үшін өлімге жоқ еш ылаж», - деп туа білген өле білуі керек, тірлікті қастерлеп адамгершіліктің ақ жолынан ауыспауы керек деген ғибрат боларлық шындықты айтады.

Х-ХІІ ғасырдағы ежелгі қазақ жерінен шыққан ғұламалар кейін шыққан қазақ халқының мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүріне, жол-жоралғысына негіз қалады. Олардың бәрі де адамгершіліктің асыл қасиеттерін орнықтырушы болды.

Хорезмде 1187 жылы дүниеге келіп, 86 жыл өмір сүріп, артына ғылыми мол мұра қалдырған Шайқы баба Сығанақи туралы Дербісәлиевтің зерттеуінде көптеген деректер келтірілген. Сондай-ақ ежелгі қазақ жерінен шыққан орта ғасырлық ғұламалар Мұхаммад Әл-Женди, Сирадж Баршкенти, молда Ахмет Әл-Женди сияқты оқымыстылардың болуы бүгінгі қазақ мәдениетінің тақыр жерде пайда болмағанын, анық атамдар заманынан келе жатқан сарқылмас мол қайнары болғанын көрсетеді. Бұл оқымыстылардың шығармалары парсы, араб, түрік тілдерінде жазылған. Оларды қазақтың қазіргі қолданып жүрген тіліне аударып, жұртшылық игілігіне айналдыру кезектегі келелі істердің бірі.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница