Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»




Скачать 359.13 Kb.
НазваниеРегламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
страница1/3
Дата конвертации17.02.2013
Размер359.13 Kb.
ТипРегламент
  1   2   3
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 38-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламенті бектілсін (қосымша).

2. Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы осы Регламентпен белгіленген тәртіп пен талаптарды қатаң орындауды қамтамасыз етсін.

3. «Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» аудан әкімінің 2002 жылғы 18 наурыздағы №8-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Регламенттің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Н.Глазинскийге жүктелсін.

Аудан әкімі Т.ЖЕКСЕМБАЕВ

Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы 18 маусым

№247 қаулысына қосымша

Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының

РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелерін айқындайды.

2. Аппарат аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

3. Аппаратты аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Аппарат туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

4. Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік қүқықтық актілерін, сондай-ақ осы Регламентті басшылыққа алады.

Аппарат басшылығын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының басшысына жүктеледі.

2. Жұмысты жоспарлау
5. Аппарат жұмысы ағымдағы жоспарлауға сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы жоспарлау аппарат бөлімшелерінің жылдық, жарты жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларынан және аппараттың жиынтық жоспарларынан тұрады.

6. Аппараттың бөлімдері алдағы жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді, оны алдыңғы жарты жылдықтың соңғы айының 25-ші күнінен кешіктірмей аппарат басшысы бекітеді. Аппарат бөлімдерінің жұмыс жоспарларының көшірмелері аппараттың тиісті айға және жырты жылдыққа арналған жоспарын жинақтау үшін осы мерзімде ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық бөліміне тапсырылады.

Бөлімдер ағымдағы жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын аппарат басшысының атына тапсырып отырады. Бөлімдердегі жоспарлауды жүргізуді басшылар мамандардың біріне жүктейді. Бөлімдердің жұмысын жоспарлау жөніндегі істердің жағдайына бөлім басшылары жауап береді. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының талап етуі бойынша бөлімдердің жоспарларды орындауы жөніндегі ақпарат өзге мерзімдерде, ауызша да, жазбаша түрде де тапсырылуы мүмкін.

2
3. Мәжілістерді, кеңестерді және басқа да іс-шараларды дайындау

және өткізу тәртібі
7. Аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тізбесін аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар бірінші басшыларының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бірінші басшыларының, аппарат бөлімдері меңгерушілерінің ұсыныстары бойынша кезекті жарты жылдық басталғанға дейінгі он бес күннен кешіктірмей ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық бөлімі жарты жылдыққа құрастырады.

Аудан әкімдігі мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі аудан әкімінің өкімімен бекітіледі. Бекітілген тізбе барлық мүдделі мемлекеттік органдарға таратылады.

8. Аудан әкімдігі мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі әкімдік регламентінде айқындалады.

9. Аудан әкімінің қатысуымен ресми іс-шаралар ұйымдастыруды аудан әкімі аппаратының осы іс-шараны өткізуге жауапты бөлімі аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарларының, аппарат басшысының басшылығымен, ауданның мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жүзеге асырады.

10. Аудан әкімдігі, аудан әкімінің аппараты өткізетін кеңестер, мәжілістер жэне басқа да іс-шаралар ашық болып табылады жэне мемлекеттік жэне орыс тілдерінде өткізіледі.

11. Аудан әкімдігі, аудан әкімі аппараты өткізетін кеңестер, мәжілістер және басқа да іс-шаралар аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының бастамасы бойынша жабық деп жариялануы мүмкін.

12. Аудандық деңгейдегі кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да іс-шараларды аудан әкімі не болмаса ол болмаған кезде аудан әкімінің міндетін атқарушы адам өткізеді. Жекелеген жағдайларда, салалық мәселелерді қарастырған кезде міндеттерді бөлуге сәйкес тиісті салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларының басшылығымен аудандық іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

13. Кеңестердің, мәжілістердің ұзақтығы 45-60 минуттан аспауы тиіс. Мәселелерді одан әрі талқылау қажет болған жағдайда тікелей орындаушылар мен мүдделі адамдардың қатысуымен тар шеңберде өткізілуі мүмкін.

14. Аудандық іс-шаралардың өткізілуіне жауапты аппарат бөлімдері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей қатысушылардың ұсынылып отырған тізімін айқындайды, ол аппарат басшысымен келісуге жатады.

Бекітілген қатысушылар тізімі полиция күзетінің кезекші қызметкеріне аппарат ғимаратына кіре берісте беріледі.

3
15. Шақырылғандардың қатысуын аппараттың тиісті бөлімі қамтамасыз етеді.

16. Мәселелерді талқылауға қатысатын шақырылушылар материалдарды өткізілуге дейінгі бес күнтізбелік күннен кешіктірмей іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөліміне тапсырады (электрондық және қағаз жүзінде). Іс-шаралар аудан әкімінің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін жағдайда материалдар іс-шара өткізілетін күні тапсырылуы мүмкін.

17. Қатысушылардың материалдарын тиісті бөлім жинайды және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей аппарат басшысына береді.

18. Материалдар уақытында тапсырылмаған, сондай-ақ толық көлемде тапсырылмаған және сапасыз әзірленген жағдайда аудандық іс-шараларға қатысушылар, осы іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөлімі аппарат басшысының (не болмаса оның міндетін атқарушы адамның) қол қоюымен аудан әкімі атына ақпарат дайындайды. Бұл жағдайда аталған мәселені неғұрлым кейінгі күнге көшірумен күн тәртібінен алу туралы мәселе шешілуі мүмкін. Материалдарды уақытында тапсырмағаны, сондай-ақ сапасыз тапсырғаны үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарлары жауап береді.

19. Аудандық іс-шараларды өткізу бойынша жиынтық материалдар құрамына мыналар енгізілуі тиіс:

1) күн тәртібі;

2) шақырылғандар тізімі;

3) қаралып отырған мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттық (талдау) материалдары;

4) төрағалық етуші сөзінің тезистері;

5. хаттамалық шешімнің жобасы сәйкес келетін бөліммен толықтай түзетіледі.

20. Хаттама жобасының, әр мәселе бойынша анықтамалардың, ақпараттық (талдау) материалдарының тақырыптары бірдей және мәселелердің мәнін жан-жақты көрсетуі тиіс. Анықтамалар мен ақпараттық (талдау) материалдардың көлемі үлгі баспа мәтінінің үш бетінен аспауы тиіс.

21. Іс-шараларда сөз сөйлеу (баяндама) кезінде бейнеақпарат, слайдтық көрсетілімдер көрсету туралы мәселе жеке шешілуі және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей аппарат басшысымен келісілуі тиіс. Мәжәліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейтуді, дыбыс жазуды және микрофондарды, бейнепроекторды, экранды, сусындармен, жазба құралдарымен, тиісті жарықтандырумен және кондиционермен қамтамасыз ету, слайдтарды көрсетуге дайындық жэне т.б.) қаржы-шаруашылық бөлімі кеңсемен бірлесе қамтамасыз етеді.

4
22. Іс-шараның өткізілуіне жауапты аппарат бөлімі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімімен бірлесіп, қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кем дегенде 30 минут қалғанда, ал кеңейтілген мәжілістерде – мәжіліс басталғанға 1 сағат қалғанда басталады.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу әдетте мәжіліс басталғанға 5 минут қалғанда аяқталады. Аудан әкімі аппаратының басшысы аудан әкіміне (не болмаса іс-шарада өзге төрағалық етушіге) және аппарат басшысына шақырылғандардың келуі туралы ақпарат береді.

23. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін кеңестердің, мәжілістердің және аудандық іс-шаралардың хаттамаларын кеңсе жүргізеді. Хаттамада күн тәртібі, қаралатын мәселелер, күн тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасаушылар және талқылауға қатысатын адамдар, сөзалымдардың негізгі мазмұны, ескертулер мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Ілеспе аудармаға (мемлекеттік және орыс тілдері) кеңсе жауапты болып табылады.

24. Хаттама кеңес, мәжіліс немесе басқа да аудандық іс-шаралар өткізілген күннен бастап үш күн ішінде ресімделеді.

25. Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша кеңестердің, мәжілістердің және аудандық іс-шаралардың аудиожазбасы жүргізілуі, кейіннен толық жазылуы және басылуы мүмкін.

26. Ірі іс-шаралар өткізілетін кезде кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да аудандық іс-шараларды өткізу бойынша жоспар жасалып, онда жоспардың әр тармағы бойынша жауапты орындаушылар мен есептілік нысаны көрсетіледі.

27. Хаттамалар көшірмелері хаттамалық тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғаларға жіберіледі. Аудан әкімінің қатысуымен өткен аудандық іс-шаралар хаттамаларында жазылған тапсырмаларды аудан әкімі аппаратының кеңсесі бақылауға алады.

4. Аппаратта іс жүргізуді үйымдастыру, электрондық құжатайналым
28. Аудан әкімі аппаратына келіп түсетін хат-хабарларды аудан әкімі аппаратының кеңсесі қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды қабылдау-беруді аудан әкімі аппаратының кеңсесінің бас маманы 9 сағаттан 15 сағатқа дейін жүргізеді. Басқа қалалық адресаттар қолма-қол жіберген қүжаттарды қабылдау бүкіл жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Аппарат қызметкерлеріне кеңседе тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

29. Конверттерді ашар алдында аудан әкімі аппаратының кеңсесінің бас маманы олардың жіберілуінің және ресімделуінің дұрыстығын,

5
орамының бүтіндігін (мөр болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезінде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері қүжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады, бұл ретте актінің бір данасы аудан әкімі аппаратының кеңсесінде қалады, екіншісі қүжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арнаулы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер аудан әкімі аппаратының кеңсесінде ашуға жатады.

30. Факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар аппаратқа қабылдауға жатпайды.

Аудан әкімі аппаратының кеңсесі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдауы аппарат басшысының нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

31. Кіріс хат-хабарын тіркеуді күжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі қүжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны мен қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен аудан әкімі аппаратының кеңсесі жүзеге асырады.
Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат жэне қоғамдық келісім министрлігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне (бұдан әрі - Үлгі ереже) сәйкес ресімделуі тиіс.

Ауылдық округтердің әкімдерінің, аудандық бөлімдердің бастықтарының тиісті мәселелер бойынша хаттары жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларыньщ атына жолданады.

32. Аудан әкімі аппаратының кеңсесінде алдын ала белгі қойылғаннан кейін құжаттар электрондық түрде және қағаз нұсқасында аудан әкіміне беріледі. Бүдан әрі тиісті қарар бойынша электрондық түрде оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі.
6
Қаралған құжаттардыалғаннан кейін, басшылықтың қарарын орындаушы алады. Қарарда көрсетілуі тиіс:

орындаушылар (ұйымдардың атау септігіндегі атауы, лауазымды тұлғалардың барыс септігіндегі тегі мен аты-жөні);

іс-қимылдың айқын және жан-жақты мазмұны немесе құжатты орындау тәртібі мен сипаты;

орындау мерзімі (қажет болған кезде);

басшының қолы толық жазылуымен (атының бірінші әрпі мен тегі);

датасы (күні, айы, жылы);

құжаттың нөмірі;

төменгі жақта, сызықтың астында - қарардың қай құжатқа қатысы, сондай-ақ осы құжаттың датасы мен нөмірі.

33. Аудан әкімі аудан әкімдігінің бөлімшелеріне, төмен тұрған әкімдерге, өзге мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аппарат бөлімшелеріне, барлығына бірдей, тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

Аудан әкімінің орынбасарлары аудан әкімдігі бөлімшелеріне және ауылдық округтердің әкімдеріне жетекшілік ететін мәселелері бойынша

тапсырмалар береді және қарарлар жазады. Аппарат бөлімшелерінің қатысуы қажет болған жағдайда аудан әкімінің орынбасарлары аппарат басшысына тиісті қайта тапсыру жібереді.
Аппарат басшысы құжаттарды орындаушылар кұрамына аппараттың қандай да болмасын бөлімшесін енгізу қажеттілігін өз бетімен анықтайды. Аппарат басшысы өзі жетекшілік ететін мәселелерге сәйкес тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

34. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жиынтықтың және қүжатты орындаудың кімде қалатыны міндетті түрде көрсетіледі. Егер мүндай белгі болмаса, жиынтық және құжатты орындау деректері бірінші болып керсетілген орындаушыда қалады. Бүкіл тапсырманың уақытында орындалуына қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей жауап береді.

Құжатты орындағаннан кейін бөлімнің тиісті қызметкері оны бақылаудан алу туралы белгі қою үшін аудан әкімі аппаратының кеңсесіне береді.

Құжатты бір бөлімшеден екіншісіне беру тек аудан әкімі аппаратының кеңсесі арқылы қол қоюмен жүргізіледі.

35. Аппарат бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, оның әрі қарай өтуін белгілейді, өз құзыреті шегінде қойылған мәселелерді шешеді, құжатайналымын қысқарту шараларын қабылдайды.

36. Құжат дайындау кезінде мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазуда Үлгі ережелерді, осы
7
Регламентті, сондай-ақ өзге де актілерді басшылыққа ала отырып, бірізділікті сақтаған жөн.

Шығыс хаттары әдетте екі данада әзірленеді және қол қойылады, екінші данасында осы құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мен басшысының визалары виза қою датасын көрсетумен болуы тиіс. Құжат мәтіні А4 жэне А5 форматындағы бланкіде Times 14 қарпімен бір жоларалық интервал арқылы басылады. Жекелеген жағдайларда қаріп мөлшері мен жоларалық интервал басқадай болуы мүмкін.

Қызметтік құжаттар қысқа, түсінікті және белгіленген үлгідегі бланктерде басылуы тиіс. Аппарат ішінде хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды.

37. Құжатты лауазымды адамға жіберген кезде адресаттың атауы атау септігінде, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде жазылады.

Құжатта төрттен артық мекенжай болмауы тиіс. Құжатты төрттен артық мекенжайга жіберген кезде тарату көрсеткіші жасалады және әр көшірмеде бір ғана мекенжай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпылай белгіленуі мүмкін (мысалы: ауылдық округтердің әкімдеріне).

38. Шығыс хат-хабарларды бас маман белгіленген үлгідегі журналға тіркейді, бұдан әрі аудан әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы оның электрондық нүсқасын ресімдейді. Облыс әкімдігіне жіберілетін хат-хабарлардың барлық беттеріне жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары, аппарат басшысы қол қояды және оларға тек аудан әкімі не болмаса оның міндетін атқарушы адам ғана қол қояды.

39. Дайындалатын құжатқа қысқаша тақырып беріледі (егер мәтінде 10-нан артық жол болса). Хат сұрауға жауап ретінде жіберілетін барлық

жағдайлардаосы сұраудың нөмірі мен датасы көрсетіледі. Құжатқа қосымшалар әдетте мәтінінен кейін парақ пен дана саны көрсетілумен санамалануы тиіс.

Шығыс құжатта толық немесе қысқартылған түрде (мысалы: 2009 жылғы 20 наурыз немесе 20.03.09 ж.) келтірілген датасы (күн, ай, жыл) және тіркеу нөмірі болуы тиіс. Датаны қысқартып жазу анықтамаларға, баянжазбаларға және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттарға қол қойылғаннан кейін беріледі.

Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі әдетте қүжаттың төменгі сол жағына, не болмаса қүжаттың соңғы парағының артқы жағына орналасады (мысалы: орын. Ж.Ж.Бопаев, тел. 9-10-36).

40. Телеграфтық, телефакстық хат жазысу тек шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабарлармен бірдей жүргізіледі.

Хат-хабарларды облыстық әкімдікке және өзге де облыстық атқарушы органдарға факсимильдік байланыспен жіберу аппарат басшысының, немесе оның міндетін атқарушы адамның рүқсатымен жүргізіледі. Аудан әкімдігі

8
мен әкімі .актілерінің ксерокөшірмесін жасауды аудан әкімі аппараты кеңсесі аппарат басшысының, не болмаса оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен жүргізеді.

Телефон-факс, электрондық пошта арқылы жіберілетін құжаттар адресатқа қосымша пошта немесе фельдъегерлік байланыспен жолданады.

41. Жеделхаттар екі данада басылады, оған орындаушы виза қояды және
аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы қол қояды, қол қойылғаннан кейін жеделхат жолдау үшін аудан әкімі аппараты кеңсесіне немесе жеделхатты дайындаған аппарат бөліміне жіберіледі. Мәтіні бірдей жеделхатты бірнеше адресатқа жіберу қажеттілігі болған кезде орындаушы оны адресаттар санына сәйкес көбейтеді. Мұндай жеделхаттарда әр данада тек бір жіберу пункті оның мекенжай деректерімен бірге көрсетіледі.

Адресаттарды жалпылай белгілеуге (мысалы: ауылдық округтері әкімдеріне) жол беріледі, бұл жерде жеделхатқа аппарат басшысы куәландырған тарату көрсеткіші қоса беріледі. Жоғарыда аталған талаптар бұзыла отырып ресімделген жеделхаттарды аудан әкімі аппараты кеңсесі жіберуге қабылдамайды.

Жеделхаттарды арнайы байланыс органдары арқылы жіберу тәртібі арнайы нүсқаулықтарда белгіленеді. Шығыс құжаттарын аудан әкімі аппараты кеңсесінің мамандары жіберуге дайындайды. Жіберуге дайындалған құжаттарды, олардың адресаттардың саны бойынша көшірмелерін және аппарат бөлімшесінің басшысы бекіткен тарату көрсеткіштерін (төрттен артық адресатқа таратқан кезде) мамандар хат-хабарды жіберу үшін аудан әкімі аппараты кеңсесіне береді.

42. Аудан әкімі аппараты кеңсесін айналып өтіп
қүжаттарды жіберуге тыйым салынады. Аудан әкімі аппараты кеңсесімен шығыс құжаттарды жіберер алдында олардың ресімделуінің дүрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзеу үшін қайтарылады.

Жіберуге тапсырылған кұжатта дұрыс көрсетілмеген мекенжай бойынша құжаттарды таратуға орындаушы жауап береді. Құжаттарды факсимильді байланыспен жіберген кезде орындаушы адресаттың факсимильді байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі, түпнүсқасын аудан әкімі аппараты кеңсесіне тапсыруы тиіс.
  1   2   3

Похожие:

Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconРегламентін бекіту туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру Қағидасын бекiту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасы қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconРегламентін бекіту туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджеттік Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница