Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды




НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды
страница1/3
Дата конвертации18.02.2013
Размер0.52 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 378.147.88 Қолжазба құқығында




АРАПОВА КУЛМИРА МАМЫРОВНА


Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және бiлiм тарихы,

этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты

дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008




Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының

докторы, доцент Шалғынбаева Қ.Қ.


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор Рысбаева А.К.

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент Көшімбетова С.А.
Жетекші ұйым: М. Х. Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университеті


Диссертация 2008 ж. 10 қыркүйек сағат 12-00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін біру жөніндегі Д.14.05.01 диссертациялық кенестін мәжілісінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық данғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3- қабат.

Автореферат 2008 жылы «_23___»__маусым________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы педагогика

ғылымының докторы Көшербаева Ә.Н.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан - 2030» және «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы» және білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің алдына нәтижеге бағытталған білім моделін жасауды қамтамасыз ету және оны халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды. Демек, жастарды еңбектің қай саласында болмасын, әсіресе, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын құзырлы маман болуға даярлау қажеттігін негізге алып отыр.

Ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыдан келіп, студенттердің өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесін оқу іс-әрекетінде арнайы ұйымдастыру – оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман заман талабына сай теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығымен қатар, өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.

Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңіне баянды етіп, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, кредиттік оқыту жағдайында жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға берілетін білім мен іс-әрекет тәсілдерін, бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін өздігінен күнделікті оқу процесінде бағыт-бағдар алып отырғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары бойынша зерттеу барысында біз аталған проблемаға қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулерде, ғылыми әдебиеттер мен басылымдарда біраз тәжірибе жинақталғанын байқадық.

Мәселен, ХХ ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық, педагогикалық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер – Д.В. Эльконин, В.В. Давыдов, Н.А.Менчинская, С.Л.Рубенштейн, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, П.М. Якобсон және т.б. оқу теориясында жаңа проблема көтерді.

Өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне отандық және шет елдік психология және педагогика ғылымдарының өкілдерінің көптеген еңбектері де арналған (Кларин М.В., Выготский Л.С., Ястребова Е.Б., Коротяев Б.И., Поташник М.М., Маркова А.К., Л.Г.Вяткин., Леонтьев А.Н., Лемберг Р.Г., Бабанский Ю.К., Вергасов В.М., Намазбаева Ж.И., Савин Г.А., Вербицский А.А., Берукштене Ф.В., Нильсон О.А., Скаткин М.Н., Шамова Т.И., Кочетов А.И., Якиманская И.С., Платонова Н.М., Половникова Н.А., Кулагина Г.И., Лозовая В.И., Зимняя И.И., Долженков О.В., Ковалев А.Г., Китайгородская Г.А., Матюшкин А.М., Кузьмина Н.В., Бочкина Н.В., Әлімқұлова Р.А., Қожамқұлова Б.Е., Садықова Р.Ш., Наумченко И.Л., Поппер К. және т.б.).

Мысалы, кейбір авторлар өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (М.И.Низамов т.б.), үшіншілері - өзіндік жұмыстың мақсаты арқылы сипаттайды (В.Б. Бондаревский, Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытудың әдіс-тәсілі ретінде немесе оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде немесе студенттердің өздігінен білім алуға дайындығының негізі ретінде сипатталады. Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, диалектикалық сипатын көрсетеді. Авторлар студенттердің өзіндік жұмысы ерекшелігін ашуға, оның ішкі және сыртқы қырларын анықтауға тырысқан.

В.П. Беспалько «өзіндік жұмыс» ұғымын адамның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауын айтады.

Г.П. Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс – алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы оқытушының қатысуымен орындалатын танымдық әрекет.

П.И. Пидкасистый өзіндік жұмысты студенттің танымды ізденімпаздығын арттыратын құрал ретінде қарастырады.

В.Б. Бондаревский пікірінше, өзіндік жұмыс – болашақ маманның шығармашылық өзіндік ойлауын, ғылыми қызығушылығын және арнайы білім білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіреді.

Н.Д.Никандров өзіндік жұмысты оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, бірақ студенттің өз бетімен тапсырманы орындауын айтады. Екі түрлі ұғымды көрсетеді: өзіндік жұмыс және өздігінен білім алу. Өздігінен білім алу – ешкімнің қатынасынсыз студенттің өзіндік жұмыс істеуі деп есептейді.

М.К. Гарунов студенттің өзіндік жұмысының сипаттамасын береді: іс-әрекет мақсатының көрсетілуі, іс-әрекет нысанының анықталуы, іс-әрекет түрінің таңдап алынуы.

Р.А. Низамовтың пікірінше, өзіндік жұмыс – студенттердің дәрісханалық сабақта және одан тыс уақыттарда жеке, топ болып істейтін танымдық әрекет түрі.

Өзіндік жұмыс тақырыбында жазылған еңбектерге шолу жасай отырып, оның негізгі мағынасының теориялық тұғыда әртүрлі бағытта талқыланатынын байқадық. Бір зерттеушілер «өзіндік жұмысты» студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруының белгілі бір педагогикалық тәсілі ретінде қарастырады (С.И.Архангельский).

Кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты студенттердің интеллектуалдық, жігерлілік және кәсіптік сапаларын дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқылатын материалдардың мазмұны және керекті көлемін игерудегі оқытудың жеке-жеке түрлері ретінде қарастырады.

Б.П.Есипов: «Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады» дейді. Мұндай теориялық- әдіснамалық маңызы бар анықтаманы көптеген зерттеушілер жоғары оқу орындарындағы өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру негізіне алған.

Республикамыздағы ғылымның әр саласындағы ғалымдар оқушылар мен студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтқан (Құдайқұлов М.Ә., Сабыров Т.С., Абылқасымова А.Е., Жампеисова К.К., Асанов Н.А., Бейсенбаева А.А., Ахметов Н.К., Хайруллин Г.Т., Караев Ж.А., Саипов А.А., Жусупова К.А., Гурбанова А.А., Омарова Р.С., Демеуов А.Ш., Әлметова Ә.С., Смаилов С.С. және т.б.).

Алайда, бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне бағытталған талпыныстары кредиттік оқыту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, оқу процессін жетілдіру, әсіресе жаңа жүйенің талаптарына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауда дербестігі мен ізденімпаздығын, шығармашылығы мен оқу белсенділігін дамытатын оқыту шараларын іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.

Зерттеу проблемасы аясында жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасаған талдау, қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының толықтай кредиттік оқыту жүйесіне көшу кезінде бұл мәселенің ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы; кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын жеке пәндер бойынша орындауды тиімді ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік құралдарының қажеттілігі; оқу процессінде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындау деңгейі мен қазіргі кредиттік оқыту жүйесінің талаптары арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын «Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысанасы: жоғары оқу орындарында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарынын ұйымдастырудың педагогикалық жүйесі.

Зерттеу пәні: кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру үрдісі.

Зерттеудің мақсаты: кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының ұйымдастырылуын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі педагогикалық шарттарын анықтау мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы: жоғары оқу орындарында студенттердің өздігінен

орындайтын жұмыстарын орындау тиімділігі артады егерде: кредиттік оқыту жағдайының талаптарына сай студенттерге саналы түрде педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлерін, орындау әдіс-тәсілдерін теориялық, тәжірибелік тұрғыдан меңгерту қамтамасыздандырылса; оқу іс-әрекетінде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары қоғам мен ғылым интеграциясы негізінде ұйымдастырылса. Онда жеке пәнді оқытуда студенттердің білімі мен біліктілігін арттыруға, өздігінен орындайтын жұмыстарды орындаудағы дербестігі мен шығармашылығын, ізденімпаздығын дамытуға болады. Өйткені ол бүгінгі күнгі құзырлы маман даярлау талабынан туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

• студенттердің оқу процессіндегі өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудағы теориялық тұрғыдан зерттелу деңгейін айқындау;

• кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің белсенділік, шығармашылық, дербестік әрекеттерін дамытуға бағытталған өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі мен шарттарын анықтау;

• кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға даярлығының болжамдық моделін құру;

• кредиттік оқытужағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың нақты әдістемесін жасап, тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Жетекші идея. Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру оқу процесін жетілдіру құралы болуымен қатар, болашақ мамандардың қазіргі заман талабына сай құзырлы жеке тұлғаны қалыптастырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Философияның танымдық ілімі мен жеке тұлғаның даму теориясы; танымның диалектикалық теориясы; тұлғалық-бағдар теориясы; іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар; оқу процесін басқару мен ұйымдастыру теориясы.

Зерттеудің көздері. Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999; 2007), Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», заңдар, қаулылар, т.б.), бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, тұжырымдамалар, озат іс-тәжірибелер, автордың жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; кредиттік оқыту жағдайында жоғары оқу орындарында оқыту процесін бақылау; сауалнамалар жүргізу; озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау; пікірталас, әңгіме жүргізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

• студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері айқындалып, «өздігінен орындайтын жұмыс» ұғымның мәні мен мазмұны анықталды;

• кредиттік оқыту жағдайында студенттердің шығармашылық, белсенділік, әрекеттерін дамытуға бағытталған өздігінен орындайтын жұмыстырының педагогикалық жүйесі мен шарттары анықталды;

• кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарды орындауға даярлығының болжамдық моделі жасалынып, сапаның көрсеткіштері мен өлшемдері, қалыптасу деңгейлері анықталды;

• кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі мен «Портфолиосы» даярланып, тиімділігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңызы:

• кредиттік оқыту жағдайына сай СӨОЖ-ның педагогикалық жүйесі түзілді;

• студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі даярланып, «Портфолиосы» жасалды;

• зерттеу проблемасына байланысты «Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі» атты арнайы курс бағдарламасы әзірленді, орыс және қазақ тілдерінде курстық және дипломдық жұмыстарды жазу жөнінде әдістемелік құрал даярланды.

Зерттеу нәтижелері бойынша алынған теориялық талдауларды, кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары туралы тұжырымдарды, әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды, жоғары және арнайы орта білім беру оқу орындарындағы мамандарды даярлауда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіру мекемелерінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

• «студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары» ұғымының мәні, кредиттік оқыту жағдайындағы мазмұндық сипаты;

• кредиттік оқыту жағдайындағы студентердің өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі, көрсеткіштері, өлшемдері, қалыптасу деңгейлері;

• кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі мен «Портфолиосының» мазмұны және нәтижелері.

Зерттеудің кезеңдері: зерттеу негізінен 3 кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2003-2004 жылдар) зерттеу проблемасы теориялық тұрғыда қарастырылып, материалдар жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалып, СӨОЖ-ын ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұғырлары сараланды. Білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар сараланып негізге алынды

Екінші кезеңде (2005-2006 жылдар) оқу жоспарлары, бағдарламалар, әдістемелік әдебиеттер талданып, студенттердің өздігінен орындайтын

жұмыстарының педагогикалық жүйесі түзіліп, ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалды. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны негізделіп, эксперимент жұмыстары жүргізілді.

Үшінші кезең (2006-2008 жылдар) зерттеу нәтижелерін, эксперимент жұмысын түйіндеуді, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми тұрғыда негізделген тұжырымдары мен қағидаларын белгілеуді, зерттеуді қорытындылауды, еңбекті әдеби жағынан көркемдеуді қамтиды.
  1   2   3

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қазақ және шетел музыка тарихы кафедрасында орындалды
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды
Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2007 Диссертациялық жұмыс: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы
Жұмыс Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасында орындалды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница