Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс




НазваниеОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Дата конвертации18.02.2013
Размер76.2 Kb.
ТипДокументы



Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Патологиялық физиология кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын

жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Гипертермияны үлгілеу.
Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІ
Құрастырушы: аға оқытушы Өмірбаева Е.Қ.

Қарағанды 2011

Кафедра мәжілісінде талқылап

және бекітілген.

№ ____ хаттама ___ ________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.


  • Тақырыбы: Гипертермияны үлгілеу.

  • Мақсаты: Организм үшін гипертермияның маңызын бағалау.Гипертермия кезінде жылу реттеудің қайта құрылу механизімін және гипертермияның патологиялық қорғану-бейімделушілік қабілетін анықтау.

  • Оқыту мақсаты :

    1. Гомойотермді организмнің пойкилотермді организмнен айыру ерекшеліктерін түсіндіру;

    2. Салқын тиу және жылу соғудың туындауын және даму механизмдерінің жалпы заңдылықтарымен танысу;

    3. Гипертермия ағымының сатыларын игеру;

    4. Ерте жастағы және нәрестелік кезеңдегі балалардағы салқын тиу және жылу соғудың маңыздылығын игеру, олардағы жылу реттеу механизімінің және шектелген сыртқы ортада қалыпты жылу алмасудың сақталу мүмкіндігінің жеткіліксіздігін ескеру;

    5. Гипертермияға анықтама беру және оның ауру организм үшін маңызы;

    6. Гипертермияның этиологиясын түсіндіру;пирогенді заттар және олардың химиялық табиғаты,түзілу көзі,пирогендердің түрлері;

    7. Гипертермияның патогенезін талқылау;

    8. Гипертермия ағымының кезеңдеріне анықтама беру;

    9. Температуралық қисық түрлерін түсіндіру;

    10. Қызбаның гипертермиядан айырмашылықтарын игеру;

    11. Гипертермияның даму үрдісін талқылау,сандық заңдылықтардың сапалыққа өту көріністері,себеп-салдарлық байланыс;

    12. Гипертермияның этиологиясын және патогенезін оқуда отандық ғалымдардың ( П.Н. Веселкина) қосқан үлесін атау.




  • Өткізу түрі : үй тапсырмасының орындалуы бойынша консультация,тақырыпты меңгеру, жоспарда бекітілгендей тәжірибелік сабақты орындау түрінде.



  • Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Гипертермия дегеніміз не?

2.Организмнің дене температурасы неге байланысты?

3.Жылу өндірілу деңгейі неге байланысты?

4. Қандай мүшелермен ұлпаларда жылу өндірілу жүзеге асады?

5. Организмнен сыртқы ортаға жылу бөлу қалай жүзеге асады?

6. Егер сыртқы орта температурасы (ауалы)дене беткейінің температурасына тең болса

жылудың адам денесі арқылы бөлінуі мүмкін бе?

7. Қандай физиологиялық үрдістер және механизмдер дене арқылы берілетін жылудың

мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді, егер жылу бөлу физикалық заңдылықтарға бағынса?

8. Гипертермияның клиникалық көрінісі?

9. Жылу реттеу дегеніміз не?

10. Дене температурасының ұсталуы қалай жүзеге асады?


  • Таратылатын материалдар: тақырып бойынша таблица және кесте,тест сұрақтарының, жағдайлық есептердің жиынтығы.


Әдебиеттер:

негізгі:

  1. Патофизиология: учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., 2008. – 469с.

  2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., О.И. Уразовой –М: ГЭОТАР.2 т.- 2009– 640 с.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006.- 712с.


Қосымша:


  1. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с

  2. Патофизиология. Основные понятия Под ред. А. В. Ефремова. М: ГЭОТАР.- 2008.-256 с.

  3. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф. М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 1.- 731

  4. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.- 245

  6. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005




  • Бақылау:

1. Сұрақтар:

  1. Гипертермия дегеніміз не?

  2. Гипертермиялық синдром дегеніміз не?

  3. Қызбаның гипертермиядан айырмашылығы қандай?

  4. Гипертермияның этиологиясы қандай?

  5. Гипертермияның патогенезі қандай?

  6. Гипертермияның клиникалық көрінісі?

  7. Гипертермия кезінде жылу реттеу толық жүзеге асады ма?

  8. Гипертермия кезінде температураның өзгеру механизімін сипаттаңыз?

  9. Гипертермия кезінде жекелеген мүшелер мен жүйелердің қызметі қалай өзгереді?

10. Қандай жағдайларда гипертермия дамыйды?
2. Тестік тапсырмалар:
1. Қызба гипертепмиямен салыстырғанда сипатталады:

А. жылу реттеу механизімінің бұзылысымен

Б. дене температурасының жоғары деңгейде ұсталып тұрылуымен жылу реттеудің қайта құрылуы

В. пирогенді заттардың әсерінен жылу реттеу орталығыныңм тежелуі

Г. жылу бөлу механизімінің жеткіліксіздігі кезінде жылудың енжар тежелуі

Д. сыртқы орта жоғары температурасының организмге әсері
2. Гиперпиретикалық қызба деп дене температурасының жоғарлауын айтады:

А. 37-38º С

Б. 38-39º С

В. 39-41º С

Г. 41º С –дан жоғары

Д. 39º С-дан жоғары
3. Гипертермия» бұл

А.тотықсыздану және фосфорилдеу үрдісінің байланысы

Б. зат алмасу үрдісі

В. типтік патологиялық үрдіс

Г. Тыныс алудың тежелу үрдісі
4. Гипертермияның клиникалық көрінісіне жатады:

А. тері қабаттарының бозаруы

Б. қарашықтың тарылуы

В. тер бөлудің күшеюі

Г. ұлпа барьерінің өткізгіштігінің жоғарлауы

Д.тыныс алудың жиілеуі
5. Гипертермия бейімделушілік маңызға йе емес:

А. пневмонияда

Б. тұмауда

В. бас миының шайқалуында

Г. бөртпе сүзегінде

Д. туберкулезде
6. Эндогенді пирогендер түзіледі :

А. эритроциттерде

Б. тромбоциттерде

В. лейкоциттерде

Г. гепатоциттерде

Д. паренхиматозды жасушаларда
7. Гиперемияның бейімделу қабілеті көрінеді:

А. антибиотиктерге микробтардың төзімділігінің жоғарлауы

Б. барлық организмге микробтардың таралуының қиындауы

В. зат алмасудың тежелуі

Г. антидене синтезінің күшеюі

Д. интерферон түзілуінің төмендеуі
8. Гипертермияның жағымсыз жақтары көрінеді:

А. фагоцитоздың тежелуі

Б. айқын тахикардия кезінде жүрек жұмысының зорығуы

В. бауырдың антитоксикалық қызметінің төмендеуі

Г. антидене синтезінің тежелуі

Д. зат алмасу қарқынының төмендеуі
9. Гипертермия – бұл:

А. ауру

Б. симптом

В. синдром

Г. типтік патологиялық реакция

Д. патологиялық жағдай
10. Дене қызуы жоғарғы деңгейде көтірілген, таңертеңгі және кешкі температуралардың айырмашылығы 1ºС-тан аспайтын қызбалық температуралық қисық қалай аталады?

А. тұрақты

Б. босаңситын

В. ұстамалы

Г. келбетсіз

Д. қалжырататын
3. Жағдайлық есептер:
1. Сыртқы орта температурасы +30 С болатын жердегі қоянға пирогенал енгізді , екі сағаттан соң қоянның температурасы 39,50 С.-ге жетті.Егер ауа температурасы +200 С болатын жерге қоянды ауыстырса дене температурасы өзгереді ме??

2. Көп мөлшерде алкоголь қабылдаған адам ұзақ уақыт бойы ауа температурасы -250 С болатын аязда қалып қойды.Жедел жәрдем машинасымен зардап шегуші ауруханаға гипотермия белгілерімен әкелінді.Алкогольдің әсеріне байланысты қандай жағдай гипотермияның дамуына ықпал етті?.

3. Хирургиялық бөлімге бас миының шайқалуымен науқас түсті.Ауруханаға келгеннен кейін 30 минут өткен соң қалтырау,дене қызуы- 38,20 С-ге дейін жоғарлауы байқалды.Бұл температуралық реакцияның организм үшін маңызын қалай бағалауға болады?

4. Суық жаңбырлы түні ұзақ серуенде болғаннан кейін, адамда жеңіл мұрыннан су ағу, дене температурасы- 37,40 С. жоғарлауы байқалды. Бұл жағдайда дене қызуын басатын дәрі-дәрмектер қолданудың қажеттілігі бар ма?

5. Экспериментте екі қоянда дене температурасының 390 С – ге дейін жоғарлауы алынды.

Бірінші қоянға гемолитикалық стрептокок культурасын енгізді.Екіншісіне - динитрофенол (жылу өндіруді бірден жоғарлататын зат). Қай қоянда шынайы гипертермия дамыды?

Похожие:

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау статистикалық көрсеткіштерді есептеу. Деректерді графика түрінде кескіндеу
ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚАУ
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: антибластомдық резистенттіліктің анқытамасын, түрлерін және механизмдерін студенттердің игеруі
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Ежелгі Грекия және Ежелгі Римде медицинаның дамуы»
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Организмге төменгі атмосфералық қысымның әсерінің патогенетикалық механизмінің қазіргі таңдағы көзқарастары жайлы студенттердің...
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Гипокинезияның және химиялық факторлардың (ауыр металл тұздары) организмге ауру туындатушы әсері
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Механикалық әсерлердің (созылу, соғылу, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы) организмге ауру туындатушы әсері
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: шоктық жағдайлардың және команың себептерін,түрлерін және жалпы өзгерістерін игеру
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница