«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Название«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/5
Дата конвертации18.02.2013
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5



Өскемен қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «___»_______

№____ қаулысымен

бекітілген

«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


  1. Миссия және көзқарас




  1. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларының даму қарқынын талдау




  1. Стратегиялық бағыты, мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және қорытындылар көрсеткіштері

  2. функционалдық мүмкіндіктерді дамыту




  1. Ведомствоаралық өзара іс-әрекет




  1. Тәуекелдіктерді басқару




  1. Бюджеттік бағдарламалар



  1. Миссия және көзқарас


Миссия: Өскемен қаласында кәсіпкерліктің, сауданың және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестік өнімдер түрлерін өндіру үшін жағдайлар жасау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, санитарлық-эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету, өндіріс көлемдерінің өсу жағдайларында Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту.
Көзқарас: Өңір экономикасының өндірістік әлеуетін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, әлемдік сапа стандартына өту және жоғарғы технологиялық өндіріс енгізу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қазіргі заманға сай инфрақұрылымдарды дамыту және жергілікті өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  1. Ағымдағы жағдайларды, қызметтің даму қарқынын талдау




    1. . Кәсіпкерлікті дамыту


Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер, оң даму үрдістер туралы куәландырады. Өскемен қаласында 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 6760 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, соның ішінде 4292 кәсіпорын – іс-әрекетте, 2806 кәсіпорын белсенді.

Шағын бизнес кәсіпорындарымен 2009 жылы шығарылған өнімдердің (тауарлар, қызметтер) көлемі 63,3 мың теңгені құрады немесе 2007 жылғы деңгейден 28,4 % артық.

2009 жылы Өскемен қаласында шағын бизнес саласында айналысатындардың саны 58,3 мың адам, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,9 есе артық. Салық түсімдерінің көлемі 17,8 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылғы деңгейден 6,6 % артық.

Белсенді кәсіпорындардың көпшілігі саудаға, автомобиль, жеке пайдалану құралдары мен тұрмыстық заттарды жөндеуге мамандандырылды. Жылжымайтын мүліктер, жалға алу операцияларымен, тұтынушыларға қызмет көрсетумен 15,3 %, құрылыспен – 14,7 %, өнеркәсіп іс-әрекетімен – 7,9 % белсенді кәсіпорындар айналысқан болатын, соның ішінде көпшілік мөлшері қайта өңдеу өнеркәсібіне (өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы санының 96,4 %) тиді.

Өскемен қаласында 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 6927 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлға) тіркелді, бұл 2010 жылғы сәйкес кезеңдегі деректерден 2,4 % артық. Тіркелген кәсіпорындардың ішінде 61,1 % кәсіпорындар іс-әрекетте болып табылады, яғни экономикалық қызметті іске асырды немесе әлеуетті іске асыра алды, олардың 68,3 % белсенділер қатарына жатады.

Өскемен қаласы бойынша заңды тұлға – белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының үлес салмағы облыстық деңгейдің 57,8 % құрайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында едәуір үлесін (47,0%) әртүрлі сауда түрлерімен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғалар мен кәсіпорындар құрайды, өйткені шағын кәсіпкерлік саласы барынша серпінді дамиды, негізгі жұмыспен қамту көлемін және салық түсімін қамтамасыз етеді, көп ақшалай капитал салуды қажет етпейді және бір уақытта ақша қаражатының жылдам айналымын іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан экономика секторының нақты басымды саласы, соның ішінде инновациялық қызмет, тағы басқа материалдық өндіріс қызметінің түрлері қала кәсіпорындарының жалпы мөлшерінің біраз үлесін алады.

Қызмет түріне байланысты шағын бизнес кәсіпорындарын бөлу 2010 жылдың қорытындысы бойынша келесідегідей болды:

өнеркәсіп өндірісі – 8,3 %,

сауда – 47,0 %,

құрылыс – 14,8 %,

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 7,2 %.

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың болуы мүмкін көздері екінші деңгейлі банктер немесе жеңілдік кредит бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін серіктес банктер болып табылады.

2009 жылы «Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру аясында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредиттеу» бағдарламасы бойынша екіншідеңгейлі банктердің жедел мәліметтері бойынша 3 млрд. теңге (143 жоба) игерілді, бұл облыс бойынша жалпы игерілген көлемнің 37,1% құрайды.

Жедел ақпарат бойынша 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры Бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында екінші деңгейлі банктер арқылы 142 шағын және орта бизнес субъектілері 4,1 млрд. теңге жалпы сомасында қаржыландырылды.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы негізгі мәселелер:

1) кәсіпкерлік іс-әрекеті үшін әкімшілік кедергілердің болуы;

2) несиелік ресурстарға шектеулі қолжетімділік.

2.2. Сауданы дамыту
Өскемен қаласы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 118,8 млрд. теңгені құрады, соның ішінде ресми тіркелген сауда кәсіпорындарының тұтыну тауарларын сату 58,1 млрд. теңге, сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлермен – 38,5 млрд. теңге, базарда сатушылармен – 22,1 млрд. теңге.

Қаланың толайым кәсіпорындарымен қаңтар-желтоқсанда 298,9 млрд. теңге сомасында тауарлар сатылды. Сонымен қатар сыйақы беру немесе шарттасу негізіндегі көтерме тауар айналымы (комиссиялық агенттер арқылы) 2009 жылға 918,7 млн теңгені құрады.

2009 жылғы бөлшек тауар айналымының негізгі көлемі жеке меншік субъектілеріне есептеледі, оның 45 % жеке тұлғалардың тауар айналымы құрайды.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы сауда қызметінің көлемі 4,0 млрд. теңгені құрады, оның көпшілік бөлігі қоғамдық тамақтану қызметіне тиді.

Өскемен қаласы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 146,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде ресми тіркелген сауда кәсіпорындарының тұтыну тауарларын сату 72,7 млрд. теңге, сауда нысандары бар жеке тұлғалармен – 49,8 млрд. теңге, базарда сатушылармен – 24,0 млрд. теңге.

2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме кәсіпорындармен 330,5 млрд.теңге сомасында тауарлар сатылды.

Сыйақы беру немесе шарттасу негізіндегі көтерме тауар айналымы (комиссиялық агенттер арқылы) 2010 жылы 122,7 млн. теңгені құрады.

2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қатысты бөлшек тауар айналымы көлемінің қолданыстағы бағасы 23,1 % өсті, салыстырмалы бағасы 15,5 % төмендеді. Кәсіпорындардың тауар айналымындағы салыстырмалы бағасы 17,3 %, жеке тұлғалардың тауар айналымы 13,8 % артты.

Өскемен қаласының жеке тұлғалары мен кәсіпорындарының үлесіне облыстың бөлшек тауар айналымының 51,9 % тиді.

Өскемен қаласында 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 22 сауда базарлары және шағын базарлар жұмыс істейді.. Қала базарларындағы сауда орындарының жалпы саны 3197 бірлікті құрайды.

Ішкі сауда саласындағы мәселелер:

сауда қызметін реттеу саласында заңнамалық қамтамасыз етудің әлсіздігі (тауарға заңнамамен белгіленген сауда үстемесінің жоқтығы).

2.3. Индустриялық-инновациялық даму
Өскемен қаласында 98 ірі және 324 орта өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді.

2009 жылы Өскемен қаласында нақты шығарылған өнімдердің көлемі 221,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 98,2 % құрайды.

Қаланың көп салалы индустриалдық кешені базалық салалар болып табылады.

– металлургиялық өнеркәсіп өндірісі;

– машина жасау;

– электр энергиясын, жылу, газ, су өндіру және бөлу;

Жалпы өндіріс көлемінің 88,1 % алатын қайта өңдеу өнеркәсібінде, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өнімдердің көлемі 97,4 % құрайды.

Барлық өнеркәсіп өндірісінің 0,3 % құрайтын кен өнеркәсібінде 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өнімдердің нақты көлем индексі 27,9 % артты.

Металлургиялық және металл өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 92,2 % құрады. Өңделмеген алтын өндірісі 36,4 %, өңделмеген мырыш 0,7 %, өңделмеген кадмия 3,4 % өсті.

Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 2009 жылы 347,4 млн. теңге сомасында өнімдер өндірілді. Нақты көлем индексі 47,9 % құрады. Ағаш өңдеу және ағаш өнімдерінің өндірісінде 2008 жылғы өндіріс көлемі 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,3 % төмендеді.

Машина жасауда өндіріс көлемінің индексі 85,0 % құрайды. Тау-кен өнеркәсібі үшін машина өндірісі 33,3 % өсті.

Химиялық өнеркәсіпте өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 4,5 % артты.

Негізгі капитал инвестициясы 67,8 млрд. теңгені құрайды. Инвестицияның негізгі бөлігі (63,7 %) қайта өңдеу өнеркәсібіне бағытталған болатын.

Өскемен қаласы бойынша 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 303,42 млрд. теңгені құрайды. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне қарағанда өнеркәсіптік өнімнің жеке көлем индексі 136,8 % құрайды.

2010 жылы өнеркәсіптік өнімдердің көлемі тау-кен, қайта өңдеу өнеркәсібінде, тоқыма өнімдері өндірісінде және металлургиялық өнеркәсіпте артты.

2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция 65149,1 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы сәйкес кезеңнен 13,4 % кем. Инвестицияның басым бөлігі 63,7 % – құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, 31,2 % – машина, жабдықтар, құрал-саймандар мен аспаптар сатып алу, 5,1 % – басқа күрделі шығындар бойынша жұмыстарға бағытталды.

Шикізаттық бағыттылықтан ауытқуға ықпал етуші, экономика саласын диверсификациялау жолымен елді тұрақты дамытуға жеткізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) жүзеге асырылуда. Стратегия аясында 2008 жылы қалада 114,75 млрд. теңге жалпы құнымен 4 серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі басымдықтарын орындау аясында Үдемелі индустриалдық-инновациялық Мемлекеттік Бағдарлама (ҮИИДМБ) әзірленді. Өскемен қаласында 2010 жылы ҮИИД бағдарламасы аясында 267,69 млрд. теңге жалпы құнымен 4 инвестициялық жоба

Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мәселелер.

1) қайта өңдеу секторы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

2) негізгі қорлардың тозуы және ескі технологиялардың пайдаланылуы;

3) айналым қаражатының жетіспеушілігі және төмен пайыздық ставкамен ұзақ мерзімдік несие алуға қол жетімсіздігі;

4) отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі.

2.4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Өскемен қаласында ауылшаруашылығы саласы Меновной ауылдық округінде ауылшаруашылығына тағайындалған жерлерде орналасқан 58 шаруа қожалығымен және 7 заңды тұлға - ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен сипатталады. Оның ішінде 2010 жылы 22 қожа шаруашылығының және 2 кәсіпорынның егістігі болды, 9 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен және 18 ауылшаруашылығы өнімдерінің аралас өндірісімен айналысты.

Қаланың ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өндірісінің жалпы көлемінде басым үлес салмағын тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығы алатындығы болып табылады. Осылайша олардың үлесіне сүт өндірісінде – 85,6 %, ет – 71,3 %, жұмыртқа – 97,5 %, картоп – 96,0 %, жалпы бақша дақылдарының – 93,7 % тиеді.

Динамикада агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерін талдау АӨК дамуының нақты жылжуы, тек 2010 жылы байқалғандығын көрсетеді. Ауылшаруашылығының дамуын спаттайтын барлық индикаторлардың өсу қарқыны байқалды.

2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша Өскемен қаласы бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Мал басының саны: ірі қара мал – 5497 басты (өткен жылғы сәйкес кезеңге 124,4 %), шошқалар – 9067 басты (112,1 %), қой мен ешкі – 5868 бас (94,6 %), жылқылар – 740 басты (87,7 %) және үй құстарының барлық түрінен 13039 басты (88 %) құрады. Осы мал басының азаюы 2010-2011 жылдардағы қатты қыстың және 2011 жылғы көктем кезеңіндегі апаттың салдары болып табылады. Қаңтар-желтоқсанда тірі салмақта – 2454,8 тонна (өткен жылғы сәйкес кезеңге 107,9 %) мал мен құс союға сатылды, 6626,1 тонна (101,5 %) – сүт сауылды, 1970 мың дана (100,4 %) жұмыртқа алынды. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал мен құстың өнімділігі келесі деңгейге жетті: бір сиырдың орташа сауылған сүті – 2551 кг бір сиырға (өткен жылғы сәйкес кезеңге 106,0 %), бір тауықтан шығатын жұмыртқа – 115 дана (105,0 %).
Бірақ аталған саланың дамуында бірқатар тежеуші факторлар бар: ауылшаруашылығы малдарының барлық басының 75 % астамы жеке үй ауласында тұр; асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен қалуда және 5-8 құрайды; нашар технологиялардың ұсталуы және жануарлардың азықтану, өндірістің ескі технологиясы және өнімдерді қайта өңдеу, мал шаруашылығының механикаландырылған және автоматтандырылғанүрдістерінің төмен деңгейі; орташа және ірі тауарлы өндіріспен мамандандырылған өндірістің жеткіліксіз дамуы; бордақылау базасының әлсіздігі, толық мерзімді құрама жемдердің жетіспеушілігі, оның салдарынан мал мен құстың төмен өнімділігі; ауылшаруашылығы малдарын ұстаудың зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі.

Егістік алқаптарының артуы байқалады. 2010 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 8,06 мың. га, соның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар – 2,33 мың.га, күнбағыс – 1,65 мың га, картоп – 1,56 мың га, көкөніс – 0,58 мың га, көп жылдық шөптер – 1,56 мың га құрады.

Үй іргесіндегі және саяжай телімдерінде қала тұрғындарымен 1550 га картоп және 571,6 га көкөніс пен бақша дақылдары отырғызылды.

Шаруашылықтардың барлық санаттарымен 2010 жылы:

Өсімдік шаруашылығы өнімдері (өңдеуден кейінгі салмағы) – 2,3 мың тонна барлық түрдегі астық, 1,1 мың тонна күнбағыстың майлы тұқымы, 28,5 мың тонна картоп және 17,3 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары. 2010 жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылуы 3538,1 млн. теңгені, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша – 2330,4 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша – 1207,7 млн. теңгені құрады. Жеке индекс көлемі 101,9 % құрады.

Қазіргі уақытта қалада ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 120-дан астам кәсіпорын және мини-цехтар жұмыс істейді, соның ішінде 6 – ұн-жарма өнімдерін өндіру бойынша, 24 – нан зауыттары мен наубайханалар, 17 – ұн және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша, 9-ы – өсімдік майын өндіру бойынша, 24-і – шұжық өнімдері және жартылай дайындалған ет өнімдерін өндіру бойынша, 5 – балықты қайта өңдейтін, 1 – консерві өнімдерін өндіру бойынша, 2 – сүтті қайта өңдеу бойынша, 6 – спирт, алкоголі аз сусындар және басқасын өндіру бойынша. Сондай-ақ бүгінгі күні қалада жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындар жоқ.

Салада шығарылатын өнімдердің сапасы жақсаруда, кәсіпорындардың халықаралық сандартқа өтуі жүзеге асырылуда. Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және халықаралық стандартқа өту бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі уақытта ИСО және ХАССП сапаның менеджмент жүйесін саланың 7 кәсіпорны енгізді, 18 кәсіпорын стандарттың халықаралық сапасын енгізуге өндірісін әзірлеу және дайындау сатысында.

Кәсіпорындармен қолданыстағы өндірісін қайта құру және жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда. Шығарылатын өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС 300 млн. теңге құнымен түрік жабдығын орнатумен қолда бар өндіріске жаңарту жүргізілді.

«Май» АҚ-да 478 млн. теңгеден астам сомада өсімдік майын терең тазалау және негізгі өндіріс цехын қайта құру аяқталды.

«Сүт өндірісі, оны қайта өңдеу және бөлуде тік-интегралды құрылым құру бойынша Өскемен қаласы сүт зауытын қайта құру» серпінді жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде сүт зауытын техникалық қайта жарақтандыру іске асырылатын болады.

Ауылшаруашылығы құрылымдарында машина-трактор паркін жаңарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 125,5 млн. теңге сомасында ауылшаруашылығы техникаларының негізгі түрлерінен 19 бірлік сатып алынды.

Ауылшаруашылығы техникаларының паркі нормативтік есептік жылдық жүктемеге сәйкес келеді, бірақ 85,0 % дейін тозады. Осыған байланысты машина трактор паркін барынша өнімді және жоғары технологиялық машиналарға жаңарту қажет. Жаңа ауылшаруашылығы техникаларын жеткізуді «КазАгроФинанс» АҚ лизингтік компаниясы жүзеге асырады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мәселелер

1) қайта өңдеу өнеркәсібі қуаттылығының толық жүктелмеуі;

2) қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі;

3) Жабдықтар мен ауылшаруашылығы техникаларының физикалық және моральдық тозуы;

4) тұқымды малдардың төмен үлесі;

5) құрамажем базасының жетіспеушілігі;

6) ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға төмен қолжетімділігі және негізгі және айналым құралдарының жетіспеушілігі.
  1   2   3   4   5

Похожие:

«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің миссиясы мен пайымдау
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) ветеринария, аграрлы азық-тлік...
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм
Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің миссиясы және көрінісі 3
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconЖарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс шаралар «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2010 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Курчатов қаласы
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс – шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»
Не бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), экономика саласында қала ауқымында мемлекеттік биліктің құзыреті...
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconМемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Комсомол селосы 02 наурыз 2011 жыл Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм-і ветеринарлық препараттарды...
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«келісілді» Облыс ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Қасенов
Успен ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconШҚО «Тарбағатай аудандық Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм қызметкерлері туралы ақпарат

«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница