Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат




Скачать 40.26 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Дата конвертации20.02.2013
Размер40.26 Kb.
ТипДокументы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚПАРАТ 

1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшылығымен облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.

2006 жылдың 3 тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы тексеріліп, тексеру қорытындысы бойынша акті жазылып тексерілген басқарма бастығына жіберілді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауы бойынша Глубокое ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде тексеру жүргізілді.

Тілдік ахуалды зерттеу, практикалық көмек көрсету және іс жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіруге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатымен Зырян, Бородулиха, Ұлан, Абай аудандары мен Риддер, Өскемен, Курчатов қалаларында кеңестер өткізілді.

2006 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ана тілі» газетіне берген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты сұхбатын талдау мақсатында облыстық халықтар достығы үйінде облыстық департаменттер, басқармалар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» №127 Жарлығын орындау және облыстың мемлекеттік органдарындағы іс-жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілу жағдайын талдау, Шығыс қазақстан облысының әкімдігінің 2006 жылдың 26 маусымындағы «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстың қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесі туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы №188 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» №665 қаулысын орындау мақсатында 2006 жылдың 22 тамызында облыс әкімдігімен бірлесе отырып «Мемлекеттік органдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру мәселелері» тақырыбыменоблыстық кеңес өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілді енгізу мәселелері, оны шешу жолдары мен әдістемелік көмек көрсету болды. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілді енгізуге жауапты мамандарға әдістемелік құрал ретінде «Қысқаша анықтамалық» баспадан шығарылды.

Қазақстан халықтарының тілдерін оқытуға және дамытуға барлық жағдайлар жасалған. 16 ұлт тілдерін оқытатын жексенбілік «Возрождение» мектебінде жаңа оқу жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Ана тілін сақтау және насихаттау саласында елеулі жетістіктерге жеткен еврей, белорус, армян, шешен, украин, поляк, татар сыныптарының жұмыстары жоғары бағаланып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2006 жылдың 24 тамызында басқа ұлт өкілді мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білуден «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбымен облыстық байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан 9 үміткердің 7 орыс, 1 шешен және 1 украин ұлтының өкілі болды.

Қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативті аясын кеңейту мақсатымен аудармашылар арасында «Үздік аудармашы» тақырыбында облыстық байқау өткізілді. Аталған шара аудармашылардың іс жүргізудегі кәсіптік деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Байқауға облыстық департаменттер мен басқармалардан 18 аудармашы қатысты.

Жастардың шығармашылық әлеуетін арттырумен қатар, Қазақстан мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларына қызығушылығын арттыру мақсатында 2006 жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласында IX облыстық дәстүрлі Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді.

«Тіл – достықтың кепілі» айдарымен Шығыс Қазақстан аймағында тұратын барлық ұлттар арасындағы келісімділікті, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді сақтауға бағытталған тіл айлығы өткізілді. Қазақстан халықтарының Тілдері күні қарсаңына өткен айлық аясына Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының басшылығымен «Тіл мен діл» журналы баспадан шықты.

2006 жылдың 16 – 17 қыркүйегінде облыс орталығы Өскемен қаласында Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбымен салтанатты жиындар өткізілді.

Салтанатты жиында тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі жұмыстар атқарғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының мақтау грамотасымен, алғыс хаттарымен Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Л.А.Беляева, Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Ә.Сүлейменов, Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Т.Дәуітов және орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін басқа ұлт өкілді мұғалімдер марапатталды.

Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған көпшілік іс-шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында өткізілді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын сатылы түрде облыстың мемлекеттік органдарындағы тілдік ахуалды анықтауға арналған әлеуметтік зерттеу жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілетін әлеуметтік зерттеудің бірінші сатысы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ұлты қазақ мемлекеттік қызметшілерді қамтып өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 18 «Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» бабының орындалуында да біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша электронды бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан телебағдарламалардың көлемі тіл заңдылығына сәйкес.

«Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде "Ана тілің – арың бұл”, “Біздің тілі...” атты беттер басылып шығарылды, “Калкен-ТВ” телеарнасында “Темірқазық” атты бағдарламасы жарық көрді.

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Тілдерді дамыту мен...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты» атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты»
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Көкпекті ауданының №2 медициналық бірлестігі» кмқК 2012 жылғы ii-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Көкпекті ауданының №2 медициналық бірлестігі» кмқК 2012 жылғы iii-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы М. Мұхамеджановтың «Облыстың мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тілді енгізу мен дамытудың жағдайы мен шаралары туралы»
Метті мәслихат депутаттары, сіздерге мемлекеттілігіміздің іргетасы болып табылатын мемлекеттік тіл – қазақ тілінің облыстағы даму...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconСолтүстік қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Тілашарды Солтүстік Қазақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әзірлеп, басып шығарды. Со
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат icon18 орта мектебінде 2011-2012 оқу жылы бойынша «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы ақпарат
Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес №18 орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы «Тілдерді...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат iconБекітемін шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.Әубәкіров
«Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан Республикасының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қантардағы Қазақстан Республикасы Президенті...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница