2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды




Скачать 51.79 Kb.
Название2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Дата конвертации20.02.2013
Размер51.79 Kb.
ТипДокументы



2010 жылғы сәуір – маусым және

қазан -желтоқсан айларында азаматтарды

мерзімді әскери қызметке шақыруды

ұйымдастыру және өткізу туралы

«Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына сәйкес 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақтылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:

1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;

2) шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз етудің және 2010 жылғы көктемгі және күзгi мерзімдерде әскери қызметке шақырылуға жататын 1983-1992 жылдары туылған барлық азаматтардың шақыру пунктіне  ұйымшылдықпен келуінің қажетті шараларын қабылдасын.

2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы (бұдан әрі - комиссия)  мына құрамда құрылсын:


Тоқманбетов

Сұлтан Әбуұлы  

Маңғыстау облысының Қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша) 


Хайрушев

Қажымұрат Сейілханұлы


Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары


комиссия мүшелері


Мусақанов

Талғат Шаймарданұлы 



Маңғыстау облысының Ішкi iстер департаментi бастығының  бірінші орынбасары   (келiсiм бойынша)



Мамушев

Марат Шақайұлы


Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының көмекші-дәрігері-облыстық медициналық комиссияның  дәрігер-төрағасы (келісім бойынша)


Таңжарықова

Сәлима Таяубайқызы     

облыстық-диагностикалық – кеңес беру емханасының медбикесі – хатшы


3. 2010 жылғы сәуірдің 1-нен маусымның 30-на дейiн және қазанның 1-нен желтоқсанның 31-не дейін Маңғыстау облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң шақыру учаскесiнде шақыру комиссиясының мәжiлiсi және әскерге шақырылғандарды дәрiгерлiк куәландыру жүргiзiлсiн.

4. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы (С.Р. Мусинов):

1) облыстық жинақтау пунктінің медициналық бөліміне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрігерлер мен медбикелердің жеткілікті санын бөлсін;

2) әскерге  шақырылушылардың флюорографиядан өтуін, талдама тапсыруын, қан топтарын анықтау және адамның қорғаныш иммундік тапшылығы қоздырғышын міндетті тексерілуін қамтамасыз етсін;

3) жүйке және жан күйзелісі аурулары, туберкулез, басыр, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімі мен ауру тарихының жазбасы, шақырылушының денсаулық жай-күйін сипаттайтын дәрігерлік тексеру мен диспансерлік бақылаудың мәліметтерін Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне уақтылы табыс етсін;

4) комиссия жолдаған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін облыстық, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінде ауруларға арналған төсек санын жеткілікті бөлсін;

5) комиссияның маман-дәрігерлерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;

6) әскерге шақырушыларды комиссиядан өтуі кезінде қажетті егуді жүргізсін;

7) әскерге шақырылу кезеңінде 1983-1992 жылдары туған шақырылғандарды облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияның жолдамасы бойынша емдеу мекемелеріне стационарлық емдеуге қабылдауды қамтамасыз етсін;

8) қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық бөлімдерге, Ақтау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына стационарлық емдеудегі әскерге шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы заң талабына сай мерзім ішінде хабарласын.

5. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, меншік нысандарына қарамастан мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясынан өтуге қажетті мезгілге жұмыстан (оқудан) босату, әскерге шақырылушыларды іссапардан, еңбек демалысынан кері шақыртып алу және әскери-есеп үстелдері бастықтарының немесе кадр бөлімі өкілінің басшылығымен олардың уақытылы келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6. Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне (келiсiм бойынша):

1) оларға қатысты алдын-ала анықтау немесе тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар туралы қажетті мәліметтерді уақтылы табыс ету;

2) әскерге шақырылушылар мен оларды шығарып салушылар арасында тәртіпті қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, сондай-ақ Ақтау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, аудандық және қалалық бөлімдердің өтінімдері бойынша облыстық жинақтау пунктіне және аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің, басқарманың шақыру  учаскелеріне, Маңғышлақ станциясының темір жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларды алып жүретін автобустарға полиция қызметкерлері мен жол полициясының автокөліктерін жеткілікті бөлу ұсынылсын.

7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директорына (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 1983-1992 жылдары туған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылушылардың тізімін Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне уақтылы табыс ету ұсынылсын.

8. Батыс-Қазақстан темір жолы Маңғышлақ станциясы вокзалының бастығына (келiсiм бойынша) әскерге шақырылушыларды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктіне және облыс орталығынан кері қарай тасымалдау үшін тиісті өтінімдер бойынша орындарды уақтылы брондауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

9. Облыстың туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Арман» облыстық жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, әскерге шақыру кезеңінде әскерге шақырылушы жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.

10. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы әскерге шақыруға байланысты жоғарыда көрсетілген іс-шараларды, шақырылушыларды әскери бөлімшелерге жөнелтуді қаржыландыруды жүзеге асырсын.

11. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы (келiсiм бойынша), облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінің редакциялары әскерге шақыру шаралары мен әскер қатарының жастармен толығуы барысын жазып көрсететін болсын.

12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Боқановқа жүктелсiн.

13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі               Қ. Көшербаев



Похожие:

2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды icon2012 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №274 Жарлығына сәйкес 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconШақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды icon2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі №779 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды icon2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді
Жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды icon2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconАудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconЛисаков қ. №526 2008 жылғы 8 сәуір
Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымын-да және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы...
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №78 қаулысы
Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі жобасының қаулысы
Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница