Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 326.86 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница7/7
Дата конвертации20.02.2013
Размер326.86 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

Ескерту:* зарарсыздандыру 0,5% жуу құралын қосу арқылы да іске асырылады.

Күйдіргі кезінде «Хлормисепт-Р» затының

ерітінділерімен дезинфекциялау тәртібі

8 кесте

Зарарсыздандыру объектісі


Белсенді хлор бойынша ерітінді концен-

трациясы, %

Зарарсыздан-дыру уақыты,

мин.

Зарарсыздандыру әдісі

Коррозиялы-мықты металдардан, шыныдан, пластмассадан, резеңкеден жасалған медициналық мақсаттағы құралдар

3,0

120

Батыру

Науқастарды күтуге арналған құралдар

3,0

120

Батыру немесе суландыру

Тамақ қалдығы жоқ ыдыстар


1,5

120

Батыру

Тамақ қалдығы бар ыдыстар


3,0

120

Батыру

Микробиологиялық зертханалардағы зертханалық ыдыстар, (пробиркалар, тамшуырлар, заттық шынылар), резеңке грушалар, шлангілер және т.б.

3,0

120

Батыру
Шығындымен ластанған ішкиім

3,0

120

Матыру

Медициналық қалдықтар

3,0

120

Батыру

Бөлмелердегі үстіңгі беттер, қатты жиһаз, санитарлық көлік*

3,0

2,0

60

120

Батыру

2,0

1,5

60

120

Суландыру

Органикалық түрде ластанған бөлмелердегі үстіңгі беттер, қатты жиһаз, санитарлық көлік*

3,0

120

Суландыру

Санитарлық-техникалық жабдықтар*

3,0

120

Суландыру

Жинау жұмыстарына арналған инвентарь

3,0

120

Матыру

Ескерту:* зарарсыздандыру 0,5% жуу құралын қосу арқылы да іске асырылады.

5. Сақтық шаралары
27. Хлорбелсенді заттарға айтарлықтай жоғары сезімділігі бар тұлғаларға затпен жұмыс жасауға тыйым салынады.

28. Заттың белсенді хлор бойынша 0,3% жұмыс ерітіндісін әзірлеу барысында жеке қорғаныс құралдарын қолданудың қажеті жоқ. Құрамында 0,1%-дан артық емес белсенді хлоры бар зат ерітіндісімен сүрту және батыру әдісімен жұмыс жасау барысында тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданбауға болады. Құрамында 0,2-0,3% белсенді хлоры бар гранула түріндегі зат немесе ерітінділермен жұмыс жасау кезінде, сондай-ақ зат ерітіндісін суландыру әдісімен қолданғанда тыныс алу органдарын «В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типтес әмбебап шаңтұтқышпен, көзді тұмшалы көзілдірікпен қорғау керек.

29. Объектілерді батыру әдісімен дезинфекциялауды қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылықтарда жасау керек.

30. Зат ерітіндісімен жұмыс жасау барысында қолға резеңке қолғап кию керек.

31. Бөлмелердегі үстіңгі беттерді өңдеуді науқас адамдар жоқ болған кезде жасау керек. Өңдеу аяқталғаннан кейін бөлмені 15мин бойы желдету керек. Сүрту әдісін қолдана отырып, құрамында 0,015% белсенді хлоры бар ерітіндімен үстіңгі беттерді дезинфекциялау науқас адамдар болған кезде де іске асырыла береді.

32. Күйдіргі ошақтарындағы дезинфекциялау жұмыстарын (жұмыс ерітінділерін әзірлеуді қоса алғанда) обаға қарсы 1 типті костюмді (оның құрамына жалпы войскалық противогаз болуы тиіс) киіп жасау керек.

33. Өңдеу жұмысын жүргізу барысында міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Шылым шегуге, тамақтануға тыйым салынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін дененің ашық жерлерін (бет, қол) сумен сабындап жуу керек.

6. Кездейсоқ уланғанда алғашқы көмек беру шаралары
33. Сақтық шаралары сақталмағанда тыныс алу органдарының (тамақ құрғақтығы, жыбырлауы, жөтел), көздің (жас ағу, көздің ашуы) сілемейлі қабығының және тері жабынының (гиперемия, ісіңкілігі) тітіркенуі мүмкін.

34. Жіті улану белгілері байқалғанда затпен жұмыс жасауды тоқтату керек, зардап шеккен адамды дереу таза ауаға немесе басқа бөлмеге шығару керек, ал бөлмені желдету керек. Жылы су, ас содасы қосылған сүт (1 стақан сүтке 1 шәй қасық сода) ішкізу керек, содан кейін 2%-дық сулы-содалы ерітіндімен (1 стақан суға 1 шәй қасық ас содасы) ингаляция жасау қажет. Қажет болған жағдайда дәрігерге барған жөн.

35. Зат теріге кездейсоқ тиген кезде затты сумен сабындап шайып кетіру керек.

36. Зат көзге тиіп кеткенде дереу! көзді 10-15 минут бойы сумен жуып, натрий сульфацилінің 30% ерітіндісін тамызу керек және шұғыл түрде дәрігерге бару қажет.
7. «Хлормисепт» затының сапасын бақылаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері

37. Бақылауға алынған көрсеткіштер мен нормалар

Таблетка түріндегі «Хлормисепт-Р» дезинфекциялайтын заты келесі сапа көрсеткіштері бойынша бақыланады: сыртқы пішіні, түсі, иісі, 1 таблетканың орташа массасы, белсенді хлордың жойылуы мен массалық үлесі.

Гранула түріндегі зат сыртқы пішіні, түсі, иісі және белсенді хлордың массалық үлесін анықтау арқылы бақыланады.

9 кестеде бақыланатын сапа көрсеткіштері мен нормалар келтірілген.
«Хлормисепт-Р» затының сапа көрсеткіштері мен нормалары
9 кесте





Бақыланатын параметрлері

Таблеткаларға арналған нормативтер

Гранулаларға арналған

нормативтер


1.

Сыртқы пішіні

Дөңгелек пішінді таблетка

Еркін төгілетін және бір-біріне жабыспайтын майда гранулалар

2.

Түсі

Ақ

Ақ

3.

Иісі

Хлордың ерекше тән иісі

Хлордың ерекше тән иісі

4.

Орташа массасы, г

2,70+0,27




5.

Белсенді хлордың массалық үлесі (суда еріту кезінде), %

58,0+5,0

58,0+5,0


6.

1 таблетканы еріткен кезде шығарылатын белсенді хлордың массалық үлесі (суда еріту кезінде), г


1,5+0,2




37.2. Сыртқы пішіні, түсі мен иісін анықтау

Заттың сыртқы пішіні мен түсі МЕСТ 14618.0-78 бойынша көзбен шолу арқылы анықтайды. Иісін органолептикалық тұрғыда анықтайды.

37.3. Таблеткалардың орташа массасын анықтау.

37.3.1. Өлшеу құралдары.

МЕСТ 24104-2001 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

Гирлер жиынтығы Г-2-210, МЕСТ 7328-82;

37.3.2. Сынақ жүргізу.

Таблеткалардың орташа массасын анықтау үшін 10 таблетканы өлшейді.

Таблеткалардың орташа массасын (М) келесі формула бойынша есептейді:

M = m/n

мұндағы m – өлшенген таблеткалардың қосынды массасы, г;

n – өлшенген таблеткалар саны.

37.4. Таблеткалар мен гранулалардағы белсенді хлордың массалық үлесін анықтау. Таблеткалардағы белсенді хлордың массасын анықтау.

37.4.1. Өлшеу құралдары, реактивтер және материалдар.

Бюретка 5-1-25, МЕСТ 20292-74 бойынша;

Мөлшерлі колбалар 2-100-2, МЕСТ 1770-74 бойынша;

Тегістелген тығыны бар колбалар Кн-1-250-29/32, МЕСТ 25336-82;

Тамшуырлар 4(5)-1-1, 2-1-5, МЕСТ 20292-74;.

Мөлшерлі цилиндрлер 1-25, 1-50, 1-100, МЕСТ 1770-74;

Стақандар, МЕСТ 25336.-82;

Йодты калий, МЕСТ 4232-74, массалық үлесі 10% МЕСТ 4517-87 бойынша әзірленген су ерітіндісі, 2.67п.;

Күкірт қышқылы МЕСТ 4204-77, х.ч., массалық үлесі 10% МЕСТ 4517-87 бойынша әзірленген су ерітіндісі, 2.89п.;

Күкіртқышқылды натрий (натрий тиосульфаты) МЕСТ 27068-84, (Na2S2O35H2O)=0,1моль /дм3 молярлық концентрациялы МЕСТ 25794.2-83 бойынша әзірленген су ерітіндісі, 2.11п.;

Ерімелі крахмал МЕСТ 10163-76, массалық үлесі 1,0% МЕСТ 4517-87 бойынша әзірленген су ерітіндісі;

Дистилденген су МЕСТ 6709-72.

37.4.2. Талдау жүргізу.

Конус тәріздес колбаға 0,0002г дәлдікпен өлшенген 1 таблетканы немесе 2,5-2,7г гранула салады; 40-800см3 су құяды, тығынмен жауып, тұтасымен еріп кеткенге дейін араластырады. Сыйымдылығы 200см3 мөлшерлі колбаға ауыстырып, су құйып белгіге дейін жеткізеді, мұқиятты түрде араластырады – 1 ерітінді.

1 ерітіндінің 5см3 көлемін конус тәріздес сыйымдылығы 250см3 колбаға ауыстырып құяды. Содан кейін 10см3 су, 10см3 йодты калий ерітіндісін және 10см3 күкірт қышқылының ерітіндісін құяды. Колбаны тығынмен мұқиятты жауып, араластырып, 5-15мин қараңғы жерге қояды. Алынған йодты ақшыл сары түске дейін натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді, содан кейін 0,5-1,0см3 крахмал ерітіндісін қосып, тұтасымен түссіз болғанға дейін титрлейді.

6.5.4. Нәтижелерді өңдеу.

Белсенді хлордың (Х) массалық үлесін %-бен келесі формула бойынша есептейді:

V • 0.003545 • 250

Х = -------------------------- • 100

а • m

Белсенді хлордың (М) гр алынған массасын (1 таблетканы суда еріткен кезде) при растворении 1 таблетки в воде) келесі формула бойынша есептейді:

V • 0.003545 • 250

Х = -------------------------- , где

а

V – сынаманы титірлеуге жарамды концентрациясы 0,1 моль/дм3 натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі, см3;

0,003545 – нақты концентрациялы натрий тиосульфаты ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін белсенді хлор массасы, (Na2S2O35H2O)=0,1 моль/дм3;

а – титрлеуге таңдалынып алынған сынама көлемі, см3 (5см3);

m – талданатын сынама массасы, г (таблетка немесе гранула).

Нәтижені формула бойынша екінші ондық белгіге дейін дөңгелектеу дәрежесімен есептейді.

Талдау нәтижесі ретінде үш анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 4,0%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс. Сенімді ықтималдылық Р=0,95 болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы ±8%.
8. Қаптама, тасымалдау және сақтау.

38. Таблеткалардың қаптамасы – салмағы 54г, 135г, 270г, 540 г, 810 г, 1,950 кг, 2,700 кг, 5,400 кг, 10,800кг полиэтилен банкалары; гранулалар қаптамасы – салмағы 50г, 150г, 300г, 500г, 750г, 1кг, 1,5кг, 3кг, 5кг, 10кг полиэтилен банкалары.

39. Затты өндіруші кәсіпорынның тығыз жабылатын қаптамасында құрғақ, қараңғы, салқын, балалардың қолы жетпейтін жерлерде, жуу құралдарынан, тотықтырғыштардан, органикалық материалдардан, азық-түліктен және дәрі-дәрмек препараттарынан бөлек жерде сақтау қажет.

40. Зат кездейсоқ төгіліп қалған жағдайда оны міндетті түрде жинап алу қажет. Зат төгілген жерді сумен жуып жіберу керек, өйткені мұндай жағдайда газ тәріздес хлор бөлінуі ықтимал. Жинау жұмыстары кезінде МЕСТ 1549-69 немесе МЕСТ 6011-690 бойынша комбинезонды, МЕСТ 5375-70 бойынша резеңке етікті және жеке қорғаныс құралдарын қолданған жөн: тыныс алу органдары үшін – «В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типтес әмбебап шаңтұтқыш (МЕСТ 17-269-71), көздер үшін – тұмшалы көзілдірік (МЕСТ 12-4-013-75), қол терісі үшін – резеңке қолғаптар.

41. «Хлормисепт-Р» затын өндірушінің бірегей қаптамасында, көліктің әр түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және зат пен ыдыстың сақталуына кепілдік беретін ережелеріне сәйкес көліктің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

42. Қоршаған ортаны қорғау шаралары: араластырылмаған заттың ағынды, жер бетіндегі немесе жер асты сулары мен кәрізге түсуін болдырмау қажет.





1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница