Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау




Скачать 339.61 Kb.
НазваниеЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
страница1/4
Дата конвертации20.02.2013
Размер339.61 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы « » ________

№____ бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 101 Жарлығымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы 2005 жылғы 23 маусымдағы келісімге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 1128 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен ішкі әскерлері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы 2007 жылғы 25 мамырдағы келісімге сәйкес әзірленді және Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына (бұдан әрі – әскери оқу орындары) оқуға жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыруды іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға кандидаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.

2. Әскери оқу орындарына:

1) оқуға түсетін жылы он жетіге толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған әскери қызмет өткермеген, Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер оқуға түсетін жылы жасы жиырма төртке дейін;

3) келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жасы жиырма беске толғанға дейін;

4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған қолданыстағы халықаралық келісімшарттар мен келісімдер негізінде шетел мемлекеттерінің азаматтары қабылданады.

3. Әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери оқу орнына және шетел мемлекеттерінің оқу орындарына қабылдау жоспарына (одан әрі – қабылдау жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қабылдау жоспарын Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті жыл сайын 30 қаңтарға дейін әзірлейді.

5. Қабылдау жоспарын әзірлеу кезінде кандидаттардың саны 1 оқу орнына кемінде 3 кандидат есебінен айқындалады.

6. Қабылдау жоспарынан үзінді Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлеріне оқуға түсетін жылдың 15 ақпанына дейін жеткізіледі.

7. Құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлері қабылдау жоспарын алысымен, мынадай жұмыстарды жүргізеді:

1) әскери бөлімдердегі, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, оқу-орындарындағы жастарды әскери кәсіптік бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады;

2) кандидаттарға әскери оқу орындарына оқуға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар жеткізеді;

3) оқуға түсетін жылдың 15 мамырына дейін әскери оқу орындарына кандидаттарды алдын ала іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

4) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасындағы кандидаттармен кешенді тестілеуге дайындықты ұйымдастырады.

8. Үгіт шараларына қатысу үшін әскери оқу орындарының өкілдері оқу орындарының тұрмыс-тіршілігі туралы материалдарды бере отырып, әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
2. Әскери оқу орындарына тіркеуге арналған құжаттарды ұсыну
9. Әскери оқу орындарына оқуға ниет білдірген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер оқуға түсетін жылдың 1 наурызына дейін әскери бөлім командирінің атына әскери атағын, тегін, атын және әкесінің атын, атқаратын лауазымын, туған жылын, білім деңгейін көрсете отырып, команда бойынша баянат жазады және
5-қосымшада көрсетілген тізбе бойынша құжаттарды ұсынады.

Баянатта сондай-ақ әскери қызметшінің оқығысы келетін әскери оқу орнының және мамандығының атауы көрсетіледі.

10. Әскери қызметте тұрмаған және әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты орны бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери бөлім командирінің (бастық) атына тиісті өтініш, сондай-ақ осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша құжаттарды тапсырады.

11. Әскери бөлімдердің командирлері әскери оқу орындарына түсуге кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге жолдама береді.

12. Оқуға түсетін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі. Арнайы тексеру материалына:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес әскери оқу орнына оқуға түсу туралы қорытынды;

2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жедел есеп бойынша арнайы тексеру жүргізу жоспары;

3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кандидатқа сотталғаны, сыбайлас жемқорлық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы белгісі бар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне сұрау;

4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ресімделетін адамның туыстарының сотталғандары, сыбайлас жемқорлық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары туралы облыстық Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасына талапхат;

5) учаскелік инспектордан және көршілерінен пікірлер кіреді.

Осы құжаттар абитуриенттің оқу ісіне тігіледі.

13. Оқу ісінің, арнайы тексеру материалдары және медициналық куәландыру картасы құжат тігілетін папкаға тігіледі және оқуға түсетін жылдың 1 маусымына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орнына жіберіледі.

14. Іріктеуден өту үшін кандидаттардың әскери оқу орындарына келу уақыты және орны туралы әскери оқу орнының комиссиясы оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін кандидаттарға Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери бөлімдері арқылы хабарлайды.

15. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер белгіленген мерзімде іріктеуден өту үшін әскери оқу орнына іссапарға жіберіледі.

16. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери оқу орнына түсу үшін оқу демалысы ұсынылады.

17. Әскери оқу орнына келген барлық кандидаттар тегін тұру орнымен және әскери үлестің белгіленген нормасы бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Әскери оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру
18. Оқуға қабылдауды ұйымдастыруды әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

19. Қабылдау комиссиясының функциясы, жұмыс істеу мерзімі мен құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының жыл сайынғы бұйрығымен айқындалады.

20. Қабылдау комиссиясының төрағасы болып әскери оқу орнының бастығы тағайындалады.

21. Қабылдау комиссиясы төрағасының шешімімен комиссия құрамынан дауыс беру құқығы жоқ жауапты хатшы тағайындалады.

22. Абитуриенттерді іріктеуді және қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру үшін әскери оқу орны бастығының бұйрықтарымен:

1) штаттан тыс уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия;

2) абитуриенттердің дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия;

3) апелляциялық комиссия;

4) техникалық топ құрылады.

Штаттан тыс уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 6407 болып тіркелген) сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша оқуға түсуге жарамдылығын анықтау мақсатында абитуриенттерге соңғы медициналық куәландыруды жүргізу үшін дәрігер-мамандардың қатысуымен ІІМ әскери оқу орнының медициналық бөлімі бастығының төрағалығымен құрылады.

Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия абитуриенттерді дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына әскери оқу орнының дене шынықтыру даярлығы және тактикалық-арнайы даярлық кафедраларының қызметкерлері кіреді.

Аппеляциялық комиссия абитуриенттерді дене шынықтыру көрсеткіштері мен тестілеу бойынша іріктеу қорытындысы бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.

Техникалық топ абитуриенттердің жеке және оқу істерін қабылдау және өңдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.

23. Басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарына оқуға қабылдау үшін олардың ұсынымдарына сәйкес салалық және арнайы пәндер бойынша емтихандар қабылдау үшін пәндік кіші комиссиялар құрылады.

24. Пәндік емтихан қабылдау кіші комиссияларының құрамы әскери оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан құрылады.

25. Қабылдау комиссияларында (кіші комиссияларда) оқуға кандидаттардың білімі тексерілетін жалпы білім беретін пәндер жөніндегі мамандар болмаған жағдайда пәндік емтихан қабылдау кіші комиссиясының мүшелері ретінде жоғары және орта азаматтық оқу орындарының оқытушыларын заңда белгіленген тәртіппен тартуға рұқсат етілді.

26. Кандидаттарды әскери оқу орнына қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:

- бірінші кезеңде – әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы кадрларды даярлаудың аумақтық қағидатын ескере отырып, медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктей отырып, абитуриенттер контигентін қалыптастырады;

- екінші кезеңде – абитуриенттерді бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша жүргізілген кешендік тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың балдарына сәйкес іріктеу;

үшінші кезеңде – әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары дене бітімі, медициналық, психофизиологиялық іріктеу нәтижелері, ҰБТ және кешендік тестілеу нәтижелері бойынша курсанттар қатарына тіркеуді жүргізеді.

27. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, қабылдау комиссиясының қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шешімдері, емтихандар мен консультациялар кестесі, дұрыс жауаптардың кодтары, кешендік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ басқа да қажетті ақпараттар абитуриенттерге уақтылы жеткізу үшін ақпараттық тақтаға орналастырылады.
4. Абитуриенттерді дене бітімі бойынша іріктеу тәртібі
28. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 412 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер) бойынша осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес абитуриенттерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіледі және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелері бағаланады.

29. «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» деген спорттық біліктіліктері бар және әскери оқу орнының қабылдау комиссиясына растаушы құжаттарды ұсынған абитуриенттер дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуден босатылады.

30. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерде абитуриенттердің мынадай жаттығу түрлерін орындауын көздейді:

100 метрге жүгіру;

3000 метрге жүгіру (кросс);

биік белтемірге тартылу.

31. Спорт жаттығуларын орындау шарттары:

3000 және 100 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолымен немес беткі жабыны әртүрлі тегіс алаңда жоғары стартпен орындалады.

Белтемірге тартылу асылып тұрып, жоғарғы жағынан ұстап, (иегі белтемір деңгейінен жоғары), қозғалмаған қалыптан қолын бүкпей асылып тұрып (үзілісі 1-2 сек.) аяғын қосып жұлқынбай және сермемей орындалады.

32. Дене шынықтыру бойынша нормативтердің мазмұны және спорт жаттығуларын орындау шарттары абитуриенттерге дене шынықтыру даярлығы бойынша іріктеу өткізілерден 24 сағат бұрын жеткізіледі.

33. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруды бастар алдында дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері олармен нұсқаулық жүргізуі тиіс, оның барысында оларды жаттығуларды орындау ережелерімен және қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.

34. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге қосылған спорт жаттығуларының әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде кемінде екі жаттығуды орындауға жол беріледі, бұл ретте, ереже бойынша, кросс (3000 метрге жүгіру) басқа жаттығулардан бөлек келесі күні орындалады.

35. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындау үшін белтемірге тартылу және 100 метрге жүгіру бойынша бір уақытта кемінде 3 абитуриент жіберіледі. 3000 метрге жүгіруге бір уақытта кемінде 10 адам қатысады.

36. Әрбір спорт жаттығуын тапсыру нәтижелерін дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері жеке ведомосқа белгілейді, оның нысаны мен толтыру ережесі әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және абитуриенттерге қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгілегеннен кейін оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

37. Дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген түрлерін тапсыру бойынша ведомостардағы деректер негізінде дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы жасалады, ол әскери оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.

Жиынтық хаттамада қандай да бір абитуриенттің дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақты тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы қорытынды болуы тиіс және бір сағаттың ішінде осы мәліметтер абитуриенттерге жеткізіледі және арнайы бөлінген орында ілінеді.

38. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынықтың нәтижесімен келіспейтін абитуриент апелляцияға арыз бере алады.

Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтардың нәтижелеріне байланысты мәселелерді қарауға арналған апелляциялық комиссия құрамы әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.

39. Апелляцияға арызды абитуриенттің жеке өзі апелляциялық комиссияға дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағатқа дейін тапсырады және апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арызданушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

40. Арызды қарау нәтижелері бойынша абитуриентке оның қалауы бойынша дене шынықтыру жаттығуларының біреуін қайта тапсыру құқығы берілуі мүмкін.

41. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия құрамы дауысының көпшілігімен қабылданады. Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы және комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апеллияциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша арызданған абитуриентке апеллияциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.
5. Кешендік тестілеуді өткізу
42. Абитуриенттерді кешендік тестілеу тестілеуді өткізу пункттері базасында (базалық жоғары оқу орындарында) өткізіледі.

43. Кешендік тестілеу:

1) өткен жылдары жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарын бітірушілер;

2) техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейін) білім беру ұйымдарын бітірушілер;

3) ҰБТ тапсыруға қатыспаған жалпы білім беру мектептерін бітірушілер, шетелде мектеп оқушыларының халықаралық алмасу желісі бойынша оқығандар;

4) республикалық музыкалық мектеп-интернаттарын бітірушілер;

5) шетел оқу орындарын бітірген адамдар үшін жүргізіледі.

44. Әскери оқу орнына түсетін абитуриенттер кешендік тестілеуді қазақ және орыс тілдерінде орта білім бағдарламасы көлемінде тапсырады.

Салалық пән «физика» болып табылады. Басқа мемлекеттердің әскери оқу орындары үшін салалық пән мамандыққа сәйкес анықталады.

45. Кешендік тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді, медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша қайта іріктеу жүргізілмейді.
  1   2   3   4

Похожие:

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары Жалпы ережелер
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау icon«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница