Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі




Скачать 39.13 Kb.
НазваниеҚарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі
Дата конвертации09.07.2014
Размер39.13 Kb.
ТипДокументы
Қарғалы селолық округінің әкімі

Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің

округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық

дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі.
Өз жұмыстарымызды біздер жыл бойына қала әкімінің тапсырмалары мен жоспарларын басшылыққа ала отырып, маңызды мақсаттарға қарап құрамыз.

Бұған облыс және қаланың атқарушы билігінің қолданып жатқан белсенді шаралары септігін тигізіп жатыр.

Округтің жалпы халық саны – 21 000 адамды құрайды, 4437 аула бар.

Округтің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Біздің округ әкімшілігімен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттарды түсіндіру бойынша ақпаратты-насихаттау тобының үйлестірілген жұмыстары жүргізіледі.

Ақпаратты-насихаттау тобы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша, жыл бойына халықпен 15 кездесу өткізді. «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының басшылығымен жастар және ардагерлер арасында әртүрлі шаралар өткізілді. Жыл сайын «Нұр-Отан» партиясының құрамы біздің округтің жастарымен толығып келеді.

Біздің округ халқы, сонымен қатар мекемелер мен ұйымдар, толығымен жылумен, жарықпен, газбен жабдықталған, байланыс жүйесіне қосылған. Бұдан басқа, демалыс күндеріндегі округ мамандарының кестесі құрылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын қысқы кезеңге дайындау мақсатында, көпқабатты үйлерге тексеріс жүргізілді.

Коммуналдық қарызды өндіруге көмек көрсету бойынша жыл сайын «Транэнерго» АҚ бережақ абоненттері арасында жұмыстар жүргізіледі. Қарызы бар тұрғындар әкімдікке шақыртылып, олармен түсіндіру жұмыстары атқарылады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қарызданушылар арқылы 1 млн.астам теңгеге қарыз өтелді.

Ең өзекті мәселе – бұл сапалы ауыз суымен толық жабдықталмау, Қарғалы селосының «Автоқалашық» ауданы мен бұрынғы «Қарғалы» совхозы аймағында ауыз су мәселесі мардымсыз күйде болса, Мағаджан орман шаруашылығы ауылында мүлдем жоқ.

Жыл бойына кәсіпкерлік салаға 51 адам жұмысқа орналастырылса, 4 адам «Жұмыспен қамту орталығының» мамандықтар жәрмеңкесі негізінде жұмысқа тұрды. 11 адам еңбек биржасының жолдауы негізінде, еңбек рыногындағы қажетті мамандықтар бойынша, мамандандырылған қайта даярлаудан өтті. Село әкімшілігінде 2010 жылға 29 адам жастар іс тәжірибесінен өтті.

Халықтың жұмыспен қамтылуы мен аз қамтылған отбасылардың күнкөрісін жақсарту мақсатында, округте ауыл тұрғындарына қолдау көрсету формасы белсенді іске асырылады, бұл дегеніміз – шағын несиелеу мен жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға әлеуметтік көмек көрсетулер.

Мемлекет тарапынан көп балалы аналарға үлкен көңіл бөлінеді. Осы жылы біздің округте 218 құжат рәсімделіп, дайындалды.

Көп жылдар қатарынан Қарғалы селолық округінде «Ардагерлер кеңесі» жұмыс жасайды. Біздің ардагерлердің қоғамдық-саяси позициядағы белсенділігі ҚР Президентінің саясаты мен оның қойған міндеттерін орындауда халық пен өскелең ұрпаққа түсіндіру мен санасына жеткізуде үлкен ықпал етеді.

Ағымдағы жылы округ бойынша 6 шағын кәсіпкерлік нысаны ашылып, соған сәйкес 70 жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Округтің дамуының негізгі көрсеткіші болып салық салу базасы мен салық жинау үрдісі есептеледі. Есепті кезеңде жер және мүлік салығы және де көлік салығын жинау да 100 пайызға орындалды.

Округте 17 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жасап келеді. Оның 8-і өсімдік өсірумен, 9-ы мал шаруашылығымен айналысады. Облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде, бізбен 70 тн. көкөніс пен 15 тн. жуық ет сатуға ұсынылды.

Ақтөбе қаласы Әкімінің шешімімен қосалқы шаруашылығы бар 5 отбасыға 70 орам шөп пен 30 отбасыға бір тоннадан жем тегін бөлінді. 1000 орамнан астам шөп ауыл тұрғындарына жеңілдік бағамен сатылды.

Округ бойынша қазақ және орыс тілінде білім беретін 4 орта мектеп пен 1 бастауыш мектеп, балалар музыка мектебі, Есет батыр атындағы облыстық әскери-полиция мектеп-интернаты, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Біздің округ мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылған, ақпаратты-коммуникативті технологиялар кеңінен қолданылады. Компьютерлендіру бойынша білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы орындалып жатыр. Барлық мектептер жылу және ауыз суымен жабдықталған.

Біздің оқушылар «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-акциясын өткізуде белсенділік танытты.

Қарғалы селолық округінің ең басты шешімін таппай келе жатқан сұрағы – мекетепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігі болып қала береді. Жалғыз №27 «Айгөлек» бала бақшасы 140 балаға есептелген, бірақ қазірде онда 300 бала тәрбиеленіп жатыр. Бала-бақша құрылысын салу мәселесі үнемі қала Әкімінің бақылауда болып, қаржыландырудың бөлінуіне байланысты шешілетін болады.

Ересектер мен өскелең ұрпақтың белсенді қатысуымен шаралар ұйымдастыру, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді жоғарғы деңгейінде мерекелеу жақсы дәстүрге айналған.

Округ аумағындағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау Заречный қалалық полиция бөлімшесімен жүзеге асырылады. Учаске инспекторларының күшімен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстар атқарылып, аула бойынша санитарлық тазалықты қадағалау және абаттандыру бойынша халықпен кездесулер өткізілді.

Абаттандыру мен сәулет – бұл дегеніміз халыққа жасалған жағдай, жабдықталғандық, сондықтан бұл сұрақ біздің жұмыстағы басты ұстаным болып, бақылауда тұрады.

Ағымдағы жыл бойына ауылдың санитарлық тазалығы халық, мекеме-ұйымдар және қоғамдық-ақылы жұмысшылардың ықпалымен сақталды.

Өзімізге белгілі округте шешімін таппай отырған мәселелер де бар. Олар біздің бақылауымызда. Қалалық бюджеттің қаржыландыруына байланысты шешімін табады деп сенемін.
Қарғалы селолық

округінің әкімі М.Қазкеев

Похожие:

Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округінің әкімі С. Некібаевтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Корнеевка селолық округінің әкімі Ж. Сейпиловтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconТелжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Олар атқарушы органдардың емтиханы болып табылады. Тәуелсіздіктің 19 жыл бойы Елбасымыздың халық үшін жасалып жатқан, яғни бүгінгі...
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconКөктерек селолық округінің әкімі – Смайылов Орынбай Жанбыршыұлы: Көктерек селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
Жолының-Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды. Түбегейлі саяси өзгерістер, ауқымды...
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі icon2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер!
Облыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconКеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!
Себебі,кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы...
Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconАлқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconОблыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қр даму стратегиясын бұдан әрі іске асыру жөніндегі міндеттері туралы» есебінің тезистері

Қарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі iconАқтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы: Ақтүйесай селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
Бұл-атқарушы биліктің жауапкершілігін арттырып, есеп беруіне мүмкіндік тудыратын халықпен ашық сұхбат
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница