Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Скачать 234.42 Kb.
НазваниеАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница1/3
Дата конвертации03.11.2012
Размер234.42 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 тамыз № 368-372 (26766); "Казахстанская правда" от 13.08.2011 г., № 258-259 (26679-26680); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 36, 430-құжат

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджетi кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын; ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрлерi 133 және 135-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 136-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      мынадай мазмұндағы 136-1 жолмен толықтырылсын:
      «136-1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып, (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      2-бағанда:
      реттiк нөмiрi 139-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»;
      реттiк нөмiрi 142-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жолдың 6-бағанындағы «Облыстық және» деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 29 сәуiрдегi
№ 464 қаулысымен   
бекiтiлген       

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк аттестаттау» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректерi осы стандартына 1-қосымшада көрсетiлген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрi - ЖАО) ұсынылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 10-1-бабының  3) тармақшасыжәне «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1061 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi — стандарт) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген ЖАО интернет-ресурсында, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету орнында iлiнген стендтерде орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мал өсiмiн молайту және асыл тұқымдық құндылығын, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) анықтау жөнiнде қызметтер көрсету мәртебесiн беру туралы аттестат (бұдан әрi - Аттестат) (қағаз тасымалдағышта) не мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) айдан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызмет орнында көрсетiлетiн өтiнiш берушiнiң өтiнiш берген күнiнен (тiркеу жүргiзгенде, талон алғанда, өтiнiш берген кезден және әрi қарай) алғанға дейiнгi күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет орнында көрсетiлетiн өтiнiш берушiнiң өтiнiш берген күнiнен (тiркеу жүргiзгенде, талон алғанда, өтiнiш берген кезден және әрi қарай) тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). ЖАО-ның ғимараты физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларға қойылатын талаптар:
      асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы, дистрибьютерлiк орталық субъектiсi мәртебесiн алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң нотариалды расталған көшiрмелерi немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi, не салыстырып тексеруге ұсыну кезiнде көшiрмелерi мен түпнұсқасы;
      3) мынадай талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
      асыл тұқымды мал зауыты немесе асыл тұқымды мал шаруашылығы; мәртебесiн беру үшiн:
      асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтары мамандарының-қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзiрлеген малдардың сынақтан өткiзiлген немесе жасалып жатқан тұқымдарымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының болуы;
      мал өнiмдiлiгiнiң сан және сапа көрсеткiштерiнiң тиiстi тұқымдарға: арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келуi;
      мыналарды:
      асыл тұқымды малдың сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кросстарын 1 күтiп-бағу мен пайдалануды (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);
      асыл тұқымды төлдiң сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық  және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);
      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;
      мыналарды:
      1) асыл тұқымды өнiм (материалын) өндiру мен өсiру технологиясына сәйкес асыл тұқымды малды теңдестiре азықтандыруды;
      2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша нысаналы бағалау жүргiзудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз ететiн жемшөп базасының болуы;
      5 (бес) жыл бойы белгiленген нысандар бойынша асыл тұқымды малдың, асыл тұқымды өнiмнiң (материалды) шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және сапасын растайтын үздiксiз есеп жүргiзу;
      жыл сайын сатылатын асыл тұқымды төлге мiндеттi түрде сертификаттау жүргiзу (сәйкестiк сертификатының (асыл тұқымдық куәлiгiнiң) болуы), сондай-ақ сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң аурулардан салауатты екендiгi туралы ветеринариялық сертификаттың болуы;
      тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;
      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша малдардың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;
      асыл тұқымды малдарды күтiп-бағуға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау;
      шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұстау;
      белгiленген тәртiппен асыл тұқымды малдарға сәйкестендiру жүргiзу және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеу.
      Мал тұқымын асылдандыру орталығы мәртебесiн беру үшiн:
      малдың өсiрiлетiн тұқымдары бойынша асыл тұқымды мал зауыттарының селекциялық-асыл тұқымды жұмыс жоспарының мақсаттары мен мiндеттерiне сай келетiн жұмыс жоспарының болуы;
      енелерiнiң өнiмдiлiгi тұқым стандартынан кемiнде 50% асатын өсiрiлетiн тұқымдардың өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың қажеттi санының болуы;
      мыналарды:
      асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу мен пайдалануды;
      тұқым сапасы бойынша бағаланған және жақсартушы деп танылған тұқымдық бұқалардың мейлiнше салқындатылған ұрығын алуды, жинақтауды, ұзақ уақыт сақтауды және пайдалануды;
      эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;
      асыл тұқымды бұқаларға арналған нормаларға сәйкес келетiн азықтандыру деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жемшөп базасының болуы;
      ұрық пен эмбриондар алу, жинақтау, сақтау есебiнiң болуы;
      тұқымдық бұқаларға өз өнiмдiлiгi мен ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзу;
      жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнiмге (материалға) мiндеттi сертификаттау жүргiзу;
      тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;
      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша малдардың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;
      асыл тұқымды малдарды күтiп-бағуға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау;
      шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұстау;
      белгiленген тәртiппен асыл тұқымды малдарға сәйкестендiру жүргiзу және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеу.
      Дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру үшiн:
      асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарларына сәйкес келетiн жұмыс жоспарының болуы;
      жақсартушы деп танылған тұқымдық бұқалардың ұрығын және эмбриондарын сақтау мен сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;
      тұқымдық бұқалардың ұрықтары мен эмбриондарының түсуiн, сақталуын және сатылуын есепке алу;
      тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;
      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша аумақтың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы.
      Малды өз төлiнен өсiретiн және малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтайтын субъект мәртебесiн алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн немесе салыстырып тексеру үшiн көшiрмесiмен бiрге түпнұсқасын;
      3) мынадай талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
      малды өз төлiнен өсiру бойынша қызмет көрсетуге:
      заңды тұлға үшiн қажеттi жұмыс көлемiн орындауды қамтамасыз ететiн, тиiстi бiлiмi бар мамандардың болуы;
      жеке тұлға үшiн өтiнiш берушiнiң тиiстi бiлiмiнiң болуы;
      малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нұсқаулықтар мен нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес тұқымдық бұқалардың ұрықтары мен эмбриондарын сапалы түрде алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы.
      ЖАО-ның ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды төрағасы құжаттарды асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен ғылым мен бiлiм саласындағы орталық атқарушы органның бiрлескен бұйрығымен құрылған Комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қарауына жiбередi.
      12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiш бланкiсiн осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша ЖАО бередi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша ЖАО-ға тапсырады.
      14. ЖАО-да тұтынушыға тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтама берiледi, онда ЖАО-ның мөртаңбаны және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күтiп қамтылады.
      15. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының жеке өзi немесе оның өкiлi келген кезде ұсынылады.
      16. Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тартуға мыналар негiз болып табылады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну;
      2) Комиссияның емес терiс қорытындысы 3) тармақшаның талабына сәйкес келмегенде.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн ЖАО-ның лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбүйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.
  1   2   3

Похожие:

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница