«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару




Скачать 459.1 Kb.
Название«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
страница1/3
Дата конвертации22.02.2013
Размер459.1 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы

«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ»

ПӘНІ БОЙЫНША СӨЖ (СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ

Мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

ҚАРАҒАНДЫ – 2010

СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынысты 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу жоспарлары мен пәннің КЭУК – МИ-85- 05.01.-2007 оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде э.ғ.к., профессор Шумеков З.Ш. құраған

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының Оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылған

ОӘС Хаттама №10 10 маусым 2010 ж.

«Экономикалық теория және ХЭ»

кафедра меңгерушіс Жетпісбаева М.Қ.

Офис: Қарағанды экономикалық университеті, экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы, кабинет № 266

Тел: 44-16-34, ішкі 143

СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе СӨЖО процесіне қойындар.

СӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.

Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

«Мемлекеттік басқару теориясы» курсының ерекшелігі СӨЖ – дің кең формалар жиынын ашады. Атап айтсақ, мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- магистірлік рефераттарды, баяндамаларды өзара рецензиялау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- күрделі есептерді шығару;

- статистика мәліметтерін талдау;

- кәсіпорын іс - әрекетін модельдеу;

- топтық жобаға қатысу;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау;

Олардын кейбіреулерінің мазмұны:

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Глоссарий –мүмкін болса шет тіліне аударып,қазақ және орыс тіліндегі термендер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарий қүру макроэкономиканың түсініктік аппараттық білімнің қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды өңдеуге ықпал етеді.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Дәріс конспектілерін талдау, өткен материалды өңдеу бағдарламалық материалды игерге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты – пратикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалану дағдылары мен ептіліктеріне ие болу.

Мақсаттар ағашын құру – ол үшін тыңдаушыларға мәселені таңдап, мақсаттарды деңгейлер бойынша белгілеу, барлық деңгейдегі тапсырмаларды анықтау, кәсіпорынның ұйымдық құрылымдарының орнын анықтап, жұмыс сапасын өлшеуіштер мен тапсырма формасын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.

Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.

Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:

  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;

  • дәріс конспектісі болу;

  • курс бағдарламасы болу;

  • ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, есептер).

Жұмыс жасау әдісі:

  • дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;

  • тақырыппен жұмыс оқулықтарда кеотірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.

Коллоквиумдарға дайындалу. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.

Бақылау жұмыстарына дайындалу. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • магистранттардың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ магистранттарының дайындығын айқындау;

  • үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

  • теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;

  • оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.

Егер магистрант алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу қажет.

Тапсырманы орындау тәртібі:

  • өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

  • егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

  • алынған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.

  1   2   3

Похожие:

«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconReu 4306 «аймақТЫҚ экономика және басқару» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Силлабусты құрады: 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу жоспары және пәннің кэук-ми-85-04. 01-2007...
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconЖ., Колдасова Л. С. «Макроэкономика» пәні бойынша СӨЖ және обсөЖ сабағын жүргізуге арналған
«Қаржы», 050508 «Бухгалтерлік есеп», 050506 «Экономика», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050507 «Менеджмент», 050511-...
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconҚазтұтынуодағЫ
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы...
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған «Аймақтық экономика және басқару»
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару icon«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Бағдарлама «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына арналған Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай жасалды....
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconМемлекеттік органның атауы Бос лауазымның атауы мен санаты
Мал дәрігерлік, зоотехникалық, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мамандықтар бойынша
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару icon«бекітемін» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2006-2007 оқу жылына 6N0510 «Мемлекеттік...
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару icon«адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша
«Адамзат ресурстарын басқару» пәнінің типтік бағдарламасы және 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу бағдарламасы...
«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару iconМамандықтың шифрі мен атауы: 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» Элективті пәндер

«мемлекеттік басқару теориясы» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару icon«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница